И.Абдураимова

 

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі, Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру бөлімінің оқытушысы, Түркістан, Қазақстан

 

Л.Ф.МАГНИЦКИЙ ЖƏНЕ ОНЫҢ «АРИФМЕТИКАСЫ»

.

 «Арифметика» сөзі – грекше arithmos (арифмус) сан деген мағынаны білдіреді. Бұл  ғылым  сандардың  əдістерін  əртүрлі  ережемен  пайдалануды,  қосу, aзайту,  көбейту  мен  бөлу  арқылы  есептер  шығарды  үйретеді.  Арифметика аттарды санау, жер ауданын өлшеу, пайданы бөлу, уақыт мезгілін санау керек болған кезде пайда болған.

Арифметика біртіндеп ұзақ уақыт бойы дамыған, ол Ежелгі Шығыс, Вавилон, Қытай, Үнді, Египет елдерінде шыққан.

Ежелгі Шығыс елдерінде жиналған білім Ежелгі Греция ғалымдарымен дамытылып, жалғастырылған, көп ғалымдар арифметикамен көне дүниеде–ақ айналысқан. Олар Анаксагор мен Зенон, Евклид пен Архимед, Эротосфен мен Диофант. Пифагордың аты жарық жұлдыздай жарқырайды. Пифагоршылар сандар алдында бас иген, санда дүние гармониясы бар деп санаған. Ежелгі Грецияда арифметиканың зор мəнге ие болғаны жөнінде Прометейдің ертегі аңызынан жоруға болады, оның аты адамдардың мəдениеті келуімен байланысты: аты аңызға айналған, «құдайдың отын алып кетіп, адамдарға əкелген» – алып титан Прометей, сандарды ойлап шығарды. Орта ғасырдағы арифметиканың дамуы Үнді, Орта Азия, араб елдерімен тығыз байланысты болды. Үнді халықтарынан бізге өзіміз қолданып жүрген «цифрлар», нолъ мен орынды санау жүйесі келді, Ұлықбектің Самарқант обсерваториясында жұмыс жасаған аль–Кашидан (ХV ғ.) ондық бөлшектер келді. Грецияда «логистика» деп аталатын тəжірибелік арифметикадан теоретикалық арифметика бөліне бастайды, олардың құрамында есептерді қалай шығару ережелері ғана емес, ережені логикалық дəлелдеу де бар. VІІ–ХV ғғ. арифметиканың дамуына ислам елдерінің ғалымдары: аль–Хорезми, Омар Хайям, аль–Караджи, Насиреддин ат Туси, аль–Каши өздерінің жұмыстарын араб тілінде жазып, үлкен үлес қосты.

Арифметиканың  объектісі    сан.  XVIII  ғасырдың  басында  I  Петрдің  указы  бойынша  Москвада математикалық-навигациялық  мектеп  ашылып,  ол  флот  үшін  кадрлар дайындауға  тиісті  болған.  Ол  мектеп  оқытушыларының  арасындағы  беделді жалғыз орыс оқытушысы Леонтий Филиппович Магницкий  (1669 –  1739)  еді. Леонтий Филиппович Магницкий  қарапайым  халық  ортасынан  шыққан  жəне өзінің  қажырлы  еңбегінің  арқасында  сол  кездегі  математика  ғылымының шыңына шыққан адам еді [1].

Л.Ф.Магницкийге навигациялық мектепте математиканы оқып үйренуге арналған кұралды жасау жүктелген еді.

Магницкийдің «Арифметика, яғни есептеу ғылымы» деген кітабы 1703ж. славян тілінде басылып шықты. Ол кезде бұл кітап математика энциклопедиясы болып  табылған  еді.  Онда  арифметика,  алгебра  негіздері  баяндалып, геометриядан,  тригонометриядан,  теңіздік  астрономия  мен  навигациядан мəліметтер берілген жəне қажетті кестелер мен есептер берілген.

Л.Ф. Магницкий «Арифметикасындағы «Санау»»

Л.Ф. Магницкий «Арифметикасындағы» көбейту кестесі

 

«Арифметиканың»

бастапқы беті

«Арифметиканың»

бірінші беті

 

Біздің көз алдымыздағы суреттер орыс тілінде басылып шыққан  бірінші  математика оқулығының, яғни  Магницкийдің кең тараған «Арифметикасының»  титул жəне  бірінші  беттері.  Бұл  кітап  1703 ж басылып шыққан. Міне автордың жазған сөздері: «Арифметика немесе санамалық дегеніміз адал да ақпейіл, баршаға оңай түсінікті, аса пайдалы, аса мақтаулы өнер...». Бұл жерде  «өнер»  сөзі  «шеберлік»  мағынасында  қолданылған.  Грек  авторлары «арифметике техне», яғни «сан өнері»  («арифмос»  - сан, «техне»  - өнер) деген сөз тіркесін қолданған [2].

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Көбесов А. Математика тарихы: Оқу құралы.-Алматы, «Қазақ университеті», 1993. -240 б.

2.     Нұр Г.Қ. Математика  тарихын  оқыту    білімді  ізгілендіру  тəсілі  (оқу  құралы)  – Ақтау, «Ш. Есенов атындағы КМТжИУ» редакциялық баспа бөлімі, 2009 – 59б.