ПЕДАГОГИКА.Проблемы подготовки специалистов.

                                        Турметов И.Х

Сұлтанов С.Ж., 4-курс студенті

Қ.А.Ясауи ат. халықаралық қазақ-түрік университеті.Түркістан қ.

 

Бастапқы әскери дайындық мамандарын даярлау барысында командирлік дағдыларын қалыптастыру.

Қоғамдағы өзгерістер білімге деген талаптарды өзгертіп, экономиканың даму қажеттілігіне сай болуын талап етеді. Жоғары оқу орындарының күн тәртібінде жаңа, жан-жақты білімді, адамгершілігі жоғары, азаматтық позициясы қалыптасқан, ұлттық сана сезімі бар, ішкі резервтері зор, тәрбиелеу потенциалы жоғары деңгейде дамыған мамандар дайындау көзделіп отыр.  

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамытып, біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз » - деп атап өтті [1].

Жоғары оқу орындарында болашақ БӘД пәнінің оқытушысын дайындауда басты міндеттерінің бірі мамандарға әскери дайындық түрлерінен негізгі базалық білім беріп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметке шақырылатын жастарға әр түрлі әскери-техникалық мамандықтар, әскери қызмет туралы бастапқы түсінік беру болып табылады. Бұл оқу орындарының алдына болашақ мамандарды даярлауда белгілі бір міндеттер жүктеп , әскерге шақырылуына дейінгі жастарды даярлау деңгейін көтеру, әскери істі тереңдете оқып- үйретіп, оларды шынықтыру мен әскери- отансүйгіштік тәрбие беру ісін жақсарту жөніндегі міндеттер қойылған .

Адамның рухани тұрғыдан жетілуі өзін-өзі тәрбиелеуден басталады десек, тәрбиенің адам тарихында алар орнының мол екендігін атап өткен жөн.

         “Рим халқын атақты, күшті қылған кім? – Тәрбие. Ескендірді данышпан қылған кім? – Аристотельдің тәрбиесі. Неміс жұртының ұлтшылдық, бірлікшілдігі неден? – Тәрбиенің қуатынан” Демек, тәрбие мұратының адам өмірінен алар орны қай кезеңде болмасын маңызды  әрі философиялық мағынаға ие болып келгені сөзсіз .Тәрбие белгілі бір ұлттың ұлы байлығы. Сондықтан жастар тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болу қажет [2].

БӘД сабақтарында тәрбиені бір жүйеге келтіру тәртіптік жарғының ережелері мен жоғары оқу орнының регламентін сақтау арқылы жүзеге асады.        Қазақстан Республикасын қорғау бүкіл оның халқының ісі. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері оның егемендігін қорғау құралы. Қазіргі кездегі ұрыста Отанын, өз әскерін, халқын шексіз сүйетін, жоғары моральды-саяси және ұрыс қасиеттерін меңгерген, өз қаруын және әскери техникасын мамандықпен игерген, психологиялық тұрғыдан мықты, жеке құрамның алдында беделді, іскер, білімді командир жеңіске жете алады. 

   Бөлімшенің негізі  офицер болып табылады. Взвод командирі –командирлердің ішінде лауазымы ең төмен офицер. Взвод командирі әскери ұжымда беделді, өз кәсібінің маманы ретінде өнеге көрсете алатын, өз міндетіне беріктігі, өнегелілігі, тәртіптілігі мен ұқыптылығымен өнеге көрсете білуі тиіс. Кез – келген командир жауынгерлердің жалпы және жеке ерекшеліктерін біліп, оларды өз қызметінде ескеруі тиіс.

Командир бағыныстыларды жеке өзі оқытады және тәрбиелейді. Ол  жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде бақылауды жүзеге асыруға, жеке құрамның дене жаттығуын ұдайы жетілдіруге, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану ережелерін, жеке құрамның әскери тәртіпті сақтауын талап етуге міндетті. Атақты командирлер мен генералдардың ішінде взвод командирі болып әскери қызмет еткен офицерлер өте көп.

 Әскери педагогикада алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе деп – командирлердің тәжірибесінің табысты қолданылуының жиынтығы, яғни әдістер жеке құрамды оқытудың құралдары мен түрлері, тәрбиесі, дамуы мен психологиялық дайындығының бірлестігін айтады [3].

Біздің тарихымыз өте бай. Сол тарихта орын алған тұлғалар, батырлар өмірі, саяси қайраткерлер,  қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарда отансүйгіштік қасиетті  тәрбиелеуде  үлгіге айналуы тиіс.

Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік

басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Атақты генерал И. В. Панфилов, көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлы, Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар, взвод командирі Р. Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, Кеңес Одағының Батыры,  армия генералы, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың ерліктері соғыстың тарихы – халық ерлігінің тарихы. Оның шежіресі өшпейтін, өлмейтін, тозбайтын құбылыс [4].

Өз елінің  тарихы үшін, ата-бабаларының жасаған ерліктері үшін үлкен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, дініне, тарихына, діліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.      Жастар өз заманының ең дамыған бөлігі ретінде ертең-ақ қоғамның алға басушы күші болады, олардың ішінен саяси зиялылар қалыптасады, еліміздің және әлемнің келешегі соларға байланысты.

Болашақ бастапқы әскери дайындық мамандарының бойында  командирлік дағдылар мен қасиеттерді сіңіре отырып, негізгі мақсат, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, заңды сауатты, жауапты, өз жұмысын жақсы білетін, бар жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті қызметкер, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, азаматтарды, еліміздің нағыз патриоттарын дайындау.

Таңдап алынған мамандыққа қызығушылық, онымен айналысу, оған берілу, бір бағытта жұмыс істейтін адамдармен қоғамдық пайдалы жұмыс, барлық істе көшбасшы болу осының барлығы студенттің әлеуметтену кезеңі. Барлық елдер өз азаматтары, әсіресе жастар жағы патриот болғанына, сол елдің жетістіктері және мәдениетін мақтан тұтып, ел байлығын көбейтіп, өзінің және өз балаларының болашағын осы елмен байланыстыруына мүдделі.

Осындай адамның еркін әрекеттесетін мінез-құлқын тәрбиелеуде Әл-Фараби:

          «Әдеттенудің арқасында бізді жақсы мінез - құлыққа жеткізетін әрекеттер жақсы әрекеттер болып табылады. Ол адамның жетілуі оның мінез-құлқының жетілуіне сайма-сай келеді» деген  ойы арқылы қазіргі кезде тұлғаның жеке   қасиетін, мінез-құлқын  қалыптастыруда жақсы әрекеттер  қалыптастыру керектігі туралы ой айтады [5].

Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.

Әдебиеттер тізімі.

 

1.     «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 12.2012.

2.     Құттыбаева С.Ж. Қазақстандық патриотизм мен толеранттыққа тәрбиелеу-мұғалімнің басты борышы.  Тарих  Қазақстан мектебінде. - №4. - 2010.

3.     Айтуғанов Ә.Р ; Турметов И.Х; Баетов К.Д. Әскери психология және әскери педагогика.- Кентау: «Еркін и К», 2007.

4.     Ж. Әлиханұлы. Қазақ жауынгері Ұлы Отан оғысы майданында (Тарихи-құжаттық зерттеу). –Алматы: «Өнер», 2010.

5.     Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. –Алматы: «Рауан», 1994.