НҰРБЕКОВА АҚМАРАЛ
МОЛДАҒАЛИҚЫЗЫ
Химия пәнінің мұғалімі
ШҚО Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ЖЕРГІЛІКТІ МАТЕРИАЛДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫЛАРҒА
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
ТӘЖІРИБЕСІ
Адамның тіршілігі мен қызметі
қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста өтеді.
Осы қарым-қатынастар әсерінен үнемі
қарама-қайшылықтар туындайды. Шаруашылық, инженерлік қызмет және
әлеуметтік қалыптасқан коғам тарихи
қалыптасқан табиғи ортаның тепе-теңдігін
бұзады. Экологиялық мәселелер қазіргі заманда
әрбір адамның, әлеуметтік топтың, адамзаттың
көңілін алаңдатып отырған күрделі жағдай.
Бұл мәселелерді шешу ғылыми техниканың даму
дәрежесіне ғана емес адамзаттың табиғи ортаны
қорғау жауапкершілігіне байланысты.
Қазіргі таңда жаппай үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік
деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие
беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылдануда.
Осыған орай елімізде көптеген педагог-ғалымдардың
еңбектері жарық көріп, өз нәтижелерін беруде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1997 жылы 15
шілдеде қабалданған «Қоршаған ортаны қорғау
туралы заңында» еліміздің экологиялық жағдайын
жақсартудың біраз шараларын айта отырып, бұл заңда
экологиялық білім мен тәрбие беруге баса назар аударылған.
Экологиялық білім мен тәрбие беру
күрделі процесс. Сондықтан оны
оқушының санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген
көзқарасына қарай отырып, қоршаған табиғи
ортаның өзімен қоғам үшін қажеттіліктерін
сезіндіре отырып беру керек.
Экологиялық білім мен
тәрбие беру мақсаты – жеке адам бойына
табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық
әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып, адам –
қоғам – табиғат
арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру
және дамыту. Экологиялық білім беру әрқашан жеке адам
тәрбиесі мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудан
бастап, көпшілікке экологиялық білім беру деңгейіне
көтеріледі.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің міндеттері – оқыту процесінде білім беру, тәрбиелеу, дамыту.
Жалпы білім беретін орта
мектептердің оқушыларына экологиялық
білім мен тәрбие берудің деңгейін арттыруда жергілікті
материалдарды пайдалану ерекше рөл атқарады. Жергілікті материалдарды пайдаланғанда
жас жеткіншектердің ақыл-ойының және экологиялық,
эстетикалық, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің
маңызы арта түсетіне толығымен анықталды.
Ал
енді өзімнің жеке іс-тәжірибеме келетін болсам, осы
мәселелерге байланысты №5 жалпы орта білім беру мектебінде
оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында
келесідей іс-шараларды атқардым және жалғастыру
үстіндемін:
2009-2010
оқу жылында 5«В» класында
валеология курсын;
2010-2011
оқу жылында 6«В» класында
«Экология – өмір туралы ғылым» тақырыбында курс,
аталған класс оқушыларымен экологиялық тәрбие беру
мақсатында «Қазақстан – туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем!?» деген тақырыпта
суреттер жарысын;
2011-2012
оқу жылында 7«В» класында «Адам
денсаулығы және қоршаған орта» тақырыбында
курстар өткіздім.
Сонымен
қатар, үстіміздегі
оқу жылында 8 «В» класында «Табиғатты қорғау
баршаның ісі», «Таза су – денсаулық кепілі», «Адам және
табиғат» тақырыптарында класс сағаттарын өткіздім.
8
класта «Су» тақырыбын өткен кезде класс оқушылары 2
топқа бөлініп, «Су – тіршілік көзі» және «Су
қорын ысырапсыз пайдалану және қорғау»
тақырыптарында өздік жұмыстар орындалды.
Туған
жерге деген, жергілікті тұрғын аймаққа деген
сүйіспеншілікті арттыру мақсатында, мектеп оқушылары
қалалық сенбіліктерге қатысты, «Жасыл ел» бағдарламасы
бойынша мектеп аймағын көгалдандырып, жеміс ағаштарын
отырғызды.
Аягөз
қаласының ауыз су мәселесі бойынша атқарған
ауқымды істерімнің бірі 11
сынып оқушысы Парасатова Талшынға жетекшілік ете отырып, 2010-2011
оқу жылы бастап, 2011-2012 оқу жылы аяқтаған «Аягөз қаласының жер асты
суларындағы мырыш» тақырыбындағы ғылыми жобамыз.
Ғылыми жаңалығы:
Бұған
дейін Аягөз қаласының жер асты суларындағы
мырыштың жалпы мөлшері мен таралуы зерттелмегендігі. Зерттеу
нәтижесінде мырыш мөлшері ШРК-дан төмен екенділігі және
микроэлемент ретінде тапшылығы анықталды.
Практикалық мәні:
1.Алынған
мәліметтердің бланкісін құрастыру, яғни
мониторингті келешекте тиімді қолдану үшін. Мырыштың тірі
ағзаларға тигізетін әсері және мөлшерінің
нормаға сәйкес келуі, сәйкес болмаса ағзады
ауытқулардың туындауы.
2.
Жұмыстың нәтижелері тірі ағзалар арасында әр
түрлі ауытқуларды болжауға мүмкіндік береді.
3.
Құрастырылған карта – схеманы зерттелген территорияның
гидрогеохимиялық мониторингінде қолданбалы мәні бар.
Зерттеу объектілері мен
әдістері
Зерттеулер
дала және құрғақ-дала ендік табиғи
зоналарында орналасқан
Аягөз қаласының территориясында жүргізілген.
Зерттеу объектілері:
Аягөз қаласынан жер асты скважиналарынан алынған табиғи
жер асты сулары, 1-сурет.
1-
Геолог
ауданы, тереңдігі – 56 м скважина;
2-
7
квартал, тереңдігі – 9-10 м құдық;
3-
«Оңтүстік»
су-кәріздік шаруашылығы, тереңдігі 13-14 м скважина;
Жер асты суларының сынамалары 2010 жылдың
көктем-жаз айларында алынған.
Барлығы анализге 3 нысаннан 6 жер асты су сынамалары
алынды.
Зерттеу нысаны ретінде ауыр металдардың арасынан мырыш
таңдалды.Бұл элементтің алыну себебі келесі
жағдайларға байланысты:
1.Тірі ағзалар үшін оның
физиологиялық маңыздылығы (ауыз су ретінде жер асты
суларының пайдаланылуы).
Мырыштың 95% жасушада кездеседі. Ол негізінен
теріде, шашта және сүйек
ұлпаларында болады. Биологиялық жүйелердің
бәрінде мырыш екі валентті күйінде сақталады. Мырыш 300-дей
ферменттің құрамыннан табылған. Оның басқа
элементтерден ерекшелігі де сол, басқа бірде-бір элемент осынша көп
ферменттің құрамына кірмейді және әртүрлі
физиологиялық қызметтерді атқармайды. Мырыш
көміртегінің алмасуына қатысатын инсулин гармонының
құрамына кіреді. Мырыш шаштың, тырнақтың
өсуіне қатысады. Жыныстық
жетілудің дұрыс жүруіне, қан түзілу
процесінде, жаралардың тез жазылуында
маңызы зор. Мырыш иіс сезу және
дәм сезу рецепторларының функциясына қатысады, иммундық
жүйені нығайтады. Мырыштың жетіспеуі ағзадағы
физиологиялық бұзылуларды туғызады. Ер адамдарда мырыш
тапшылығынан белсіздік ауруы пайда болады. Тамақ қорында
мырыш жеткілікті болмаған жағдайда балалар мен
жасөспірімдердің бойының өсуі нашарлайды. Мырыш
қанның құрамына ене отырып, эритроциттердің
және басқа да қан элементтерінің түзілуіне
қатысады. Қанның құрамында мырыш темірден кейінгі
екінші орында тұрады.
Ағзаның
дұрыс қызметі үшін адамға күніне 15 мг мырыш
мөлшері қажет. Ғалымдардың айтуы бойынша
дәрігерлер көптеген аурулардың (анемия, асқазан жарасы,
тері аурулары, күйіктер т.б.) емдеуін ең алдымен
құрамында мырышы бар препараттарды жазып беруден бастауы керек,
себебі мырыш басқа элементтердің күшін арттырады.
Мырыштың ағзадағы жетіспеушілігі ең алдымен оның
судағы және тамақтағы мөлшерінің
жетіспеуінен болады. Ағзадағы мырыштың деңгейінің
тез төмендеп кетуі оның ағзадағы қорының
төмендігімен түсіндіріледі. Ересек адам ағзасында 1,5-2 г мырыш
болады, бұл темірмен салыстырғанда екі есе төмен. Мырыш
қанның құрамындағы алкоголь мен кофеинді
шығаруға қатысатын болғандақтан, ол екеуін тұтынатын адамдарда мырыш
дефициті артады. Мырыштың жетіспеуімен келесі неврологиялық
және жүйке – психикалық ауытқулар: эпилепсия,
шизофрения, күйзеліс, ашуланшақтық, ойлау және
қабылдаудың төмендеуі т.б. байлынысты.
Аягөз
қаласының адамдардарынан
мырыш жетіспеушілігінен туындауы мүмкін келесі ауытқуларды
байқауға болады: тырнақтың сынғыштығы,
тырнақтың беткі қабатында ақ дақтардың
пайда болуы, шаштың түсуі, терінің түсінің нашарлауы, безеудің шығуы,
терідегі ақтаңдақтардың пайда болуы.
Мырыш өсімдіктерде көмірсу және
ақуыз айналымына қатысады, тұқымнын
ұрықтаныуы және өсуіне,
фотосинтез процесіне әсерін тигізеді. Өсімдіктер мен жануарлар
ағзаларындағы тотығу процестерінің айтарлықтай
рөлі бар. Мырыш
тапшылығының алдын-алу мақсатында мырыш мөлшері мол
тағамдарды және арнайы мырышпен байытылған препараттарды
пайдаланған дұрыс. Әсіресе егде жастағы
адамдардың сүйегіндегі мырыш мөлшері өте төмен
мөлшерде болады.
Су сынамаларындағы
мырышты зерттеу Л.В.Лурьенің табиғи суларды анықтаудың
унифицирленген әдісі бойынша Семей мемлекеттік педагогикалық
институтының ғылыми-зерттеу зертханасында жіргізілген. Судағы
мырыш ионын дитизон ерітіндісі арқылы бөліп алуға болады.
Дитизон мен мырыш қосылысы қызыл түс береді,
түстің қоюлығы мырыш концентрациясына пропорционал
келеді. Мырыш дитизонымен сандық анализге рН 4 - 7 аралығында
түседі. Өңдеуден
өткізілген пробада 0,005 – 0,030 мг мырышты анықтауға болады.
Нәтижелер
мен оларды талдау.
Біздің
зерттеулеріміздің көрсеткіштері бойынша жер асты суларындағы
мырыш мөлшері 0,148-0,514 мг/л аралығында ауытқиды.
Бекітілген ШРК-дан (ШРК = 1мг/л ГОСТ. 3.01.067.97.) 3,2 есе төмен.
Мырыштың жалпы мөлшерінің өзгеріске ұшырау
коэффициенті 41٪ тең болып табылды, яғни өзгеріске
қатты ұшырамайды (1 – кесте):
1-кесте. Жер асты суларындағы мырыштың
және химиялық элементтердің мөлшері
|
№ |
ауданы |
n |
Zn |
құрғақ қалдық |
аниондар |
катиондар |
||||
|
SO42- |
Cl- |
HCO3 - |
Ca2+ |
Na+ + K+ |
Mg2+ |
|||||
|
1 2 3 4 5 6 |
Геолог ауданы (көктем) Геолог ауданы (жаз) 7 кв. (коктем) 7 кв. (жаз) «Оңтүстік» СКШ (көктем) «Оңтүстік» СКШ (жаз) |
1 4 2 5 3 6 |
0,260 0,148 0,514 0,306 0,232 0,214 |
987 1087 1048 1090 905 1099 |
298 239 278 271 289 265 |
177 151 199 179 176 173 |
317 368 183 366 171 360 |
46 100 100 104 96 102 |
180 172 190 183 189 113 |
31 48 49 41 43 48 |
Осы кесте бойынша
байқайтынымыз көктем айларныда жер асты суларындағы мырыш
мөлшері көбейеді де, жаз айларында азайып отырады, бұл жайды
келесімен түсіндіруге болады:
1.
Көктем
айларындағы қардың еруі, жауын-шашын мөлшерінің
мол болуы, яғни мырыштың су арқылы миграцияға
ұшырауы, беттік сулар мен жер асты суларының өзара байлынысы.
2.
Соған
қарамастан, жаз айларында жер асты суларындағы мырыш мөлшері
күрт төмендейді, яғни мырыш жер асты суларында сақталып
қалмайды (бұл жағдайды мырыштың жер асты суларында
басқа да элементтермен байланысымен түсіндіреміз);
3.
Осы
кестеден мырыш пен басқа да химиялық қосылыстар
арасындағы келесі коррелляцииондық анализді жүргіздік.
Коррелляциондық байланыс бойынша мырыш SO42-, Cl- , Na+ + K+ арасында оң нақты коррелляциондық байланыс,
құрғақ қалдық, Ca2+ арасында
теріс коррелляциондық байланыс анықтадық.
Коррелляциондық байланыс байланыс дегеніміз –
кез-келген элементтердің бір-біріне тәуелділігі арқылы
өзгеріске ұшырауы.
4.
HCO3-,
Mg2+ арасында ешқандай байланыс байқалмайды.
Құрғақ қалдық, Ca2+
мен мырыш арасындағы байлыныстың теріс
болатынын аңғара отырып, Аягөз қаласының жер асты
сулары құрамы жағынан тұздақ, кермекті болып
келетінін ескерсек мырыш мөлшерінің жер асты суларындаға
тұрақсыздығын да түсіндіруге болады.
(Дәрігерлердің айтуынша кальций препараттарын пайдаланған
адамдардың ағзасынан мырыштың 50 % жойылады)
Қорытынды
және ғылыми практикалық ұсыныстар: 1)ШҚО жер асты
суларындағы мырыш мөлшері ШРК-дан көп есе төмен
болғандықтан, осы өңірлерде кездесетін жер асты сулары
ауыз судың көзі ретінде қолданылуы кезінде мырыштың
микроэлемент ретінде тапшылығы туындауы мүмкін, сондықтан
аудандық және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық
станциямен ауыз суды зерттеу барысында оның неорганикалық
құрамына мән берілсе; 2) Аягөз
қаласының адамдардарынан
мырыш тапшылығынан туындауы мүмкін ауруларды зерттеуге және
алдын алуға көңіл бөлінсе, әсіресе,
аудандық аурухана дәрігерлерінің тарапынан.
Қорытынды: Елдің бай болуы,
құт-берекесінің молдығы табиғатпен тікелей
байланысты. Табиғатты аялау, оған үнемі
қамқорлық жасау әрбір азаматтың адамгершілік
борышы және парасатты парызы. Сондықтан қоғамымызды
құруымызға қарай азаматтарымыздың өз
өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды
табиғи қоршаған ортаның
таза болуы үшін күш салуы керек.
«Ел боламын десең,
бесігінді түзе» деген нақыл сөз текке айтылмаса керек.
Әрбір адам баласына мөлдір аспан, тұнық су, жұпар
ауа мен басар жердің қадірін бесіктен бастап бойына сіңіру
қажет. Сондықтан мектеп қабырғасында үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие берудің мыңызының
зор екенін айтпаса да түсінікті. Адам мен табиғат арасында
үнемі тепе-теңдік болуы шарт.
Осы тепе-теңдік
сәл ауытқығанның өзінде адам мен
қоршаған ортаның арасында үлкен
қарама-қайшылықтар туындайды. Осындай маңызды
мәселені оқушылардың санасына толықтай сіңіріп,
әрбір істеген істеріне жауапкершілікпен қарауға баулу жолында
аянбай еңбек ете отырып, Тәуелсіз Қазақстанның –
2030 жылы орта Азия барысына айналуына өзіндік қолтаңбамды
қалдыруға тырысамын.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Бірімжанов
Б.А.,Нұрахметов
Н.Н. Химия
әлемінде.– Алматы,
1973 - 188-194 б.
2.
Добровольский
В.В. География микроэлементов: Глобальное рассеяние. - М.: Мысль, 1983. – 272С.
3.
Перельман
А.И. Геохимия ландшафта. -Москва, 1961.-С.361-366.
4.
Сифр
М. В безднах земли. М.: Прогресс, 1982.-236с.
5.
Соколова
Е.М., Вовченко Г.Д., Грузей Л.С. Общая химия. -М.:Изд-во Моск. У-та,
1980.-С.472-478.