П.ғ.к., доцент Айтбаева А.Б., «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
мамандығының магистранты Жетпісова А.Е., Қазақ
Ұлттық университетінің жалпы және этникалық
педагогика кафедрасы, Алматы, Қазақстан
Суицидтік
мінез-құлық пайда болуы
Европалық
өркениетте суицид мәселесі діни, заңды және моральды-этикалық
сипатта болды - соңғы таңдау, еркіндік және
өзін-өзі тану мәселелері. ХІХ ғасырда суицид феномені
әр түлі ғылымдар өкілдерінің назарын аударды
(әлеуметтану, этнография, психология, психиатрия және т.б.); ХХ
ғасырда «суицдология» термині айналымға келді, ол өзі зерттеу
пәні бар жеке дара пәнді білдірді. Қазіргі таңда да
мәселенің шешімін табу үшін біршама ғылымдар сырттай
кеңесетінін айта кету керек.
Алдымен
ескеретініміз, қазіргі суцидиологиялық еңбектер саны
нақты сипатта және өз аймақтық
ұстанымдарға негізделген, сонымен қатар суицидтік
мінез-құлықтың көптеген сандық
сипаттамалары белгілі-бір географиялық аймақтарда зерттелген [1].
Көп кездесетіні демографиялық, әлеуметтанушылық,
психиатриялық және әлеуметтік-психологиялық
сипаттамалар. Зерттеу тікелей ақпараттық,
сауалнамалық-статистикалық сипатта жүреді. Онда
суициденттердің жынысы, жасы және этникалық ерекшелігі
ажыратылады [2]. Демографиялық сипаттамасында әлеуметтану
аймағына қарайтын топ категориясы жатады, яғни кіріс
деңгейі, мәртебесі және динамикасы [3], кәсіби
біліктілігі, көші-қон [4]. Сипаттамалардың
статистикалық өзара байланысы анықталады; мысалы, батыс
елдерінде ерлерге қарағанда әйел адамдар суицидтік
әрекетке жиі барады, дамымаған мемлекеттерде ондай қатынас
жоқ [5], немесе жергілікті тұрғындар мен мигранттардың
суицидтік әрекеті салыстырылады [6]. Сонымен қатар олардың
сауаттылығы, мемелекеттік режимдергі тоталитаризм және
әлеуметтік интеграция деңгейі талқыланады [7] – бұл
дюркгеймдік әлеуметтік тұжырымдамасына сай. Мәдениеттік
көрсеткіштер аймақтың экономикалық даму факторларын
талдаумен толықтырылады (индустриялды және ауыл шаруашылық
жұмысшылар, т.б.).
Суицидологиялық
еңбектердің ерекше бір тобы микроәлеуметке арналған [8].
Оның пайда болуына суицидтің «айқай мен көмек»
ретіндегі тұжырымдамасы әсер етті [9], ол қазіргі кезде
эмпирикалық дәлелдің жоқтығынан өз
күшін жоғалтқан [10]. Отбасының рөлін
талқылайтын еңбектерде негізгі мәселе ретінде отбасының
құлдырауы, жасөспірімдердің отбасы кесірінен
өзіне қол жұмсауы, ата-анасынан ерте айрылу
қойылған. Индивидтің өткен өміріндегі
суицидогендік әсері бар жағдайлар да қарастырылады.
Психоаналитикалық бағыт суицидтік
мінез-құлықтың агрессиямен, қаталдықпен,
жауыздықпен байланысын зерттеуді жалғасытыруда. Түсіну мен
рефлексияның, ойлау құрылымының, таным
үдерісінің ерекше қасиеттері зерттелуде. Мысалы,
семантикалық дифферциал көмегімен суицидентке тән
ойлаудың дихатомиялық құндылықтық бөлінуі
табылған.
Көптеген
авторлар суицидті мінез-құлықпен байланысты кешенді
психологиялық қалыптасуды зерттейді: кінәлілік сезімі,
қорғансыздық, намысына тию және т.б.
Интрапсихикалық көрсеткіштердің ішінде түрлі
психикалық аурулар мен психопатологиялық белгілер талданады.
Кеңінен зерттелетіндер депрсессиялар, шизофрения, ішкілікке салыну
және таксомания. Суициденттердің арасынан дені сау адамдардың
да пайыздық көрсеткіші көрсетіледі (10%—30%) [11].
Бірқатар
жұмыстарда өзін-өзі өлтіруге тәуелділіктің
гендік түбірі, биохимиялық және физиологиялық
факторлар, климат пен жыл мезгілі қарастырылады. Әсіресе
өзін-өзі өлтірудің түрлі әдістері
зерттелуде. Сонымен қатар, суицидтің әлеуметтік және
психологиялық салдары зерттелуде.
Мақалаларды
шолу барысында теориялық түсінігі жоқ көптеген
мәліметтердің жинақталғанын көреміз. Біздің
пікірімізше, мұның себебі суицидологияның әуел
бастан-ақ қолданбалы нәтижеге бағытталғанында
және тәжірибелік әрекет ретінде дамуында; оның
теориялық базасын құру мәселесі кейінге шегеріліп отырған.
Өзін-өзі өлтірудің жалпы теориясын 1897 жылы Э.
Дюркгейм ұсынған, ол тәжірибелік суицидологиялық
қызметтің қалыптасуынан бұрын, бұл саладағы
терең зерттеулерден алдын болды. Э. Дюркгейм тұжырымдамасы тек
әлеуметтік факторларды ескеріп, оны өз уақытының
деңгейінде талданған, ал бұл түрлі бағытта
жүретін суицидологиялық жұмыстарға негіз бола алмады.
Басқа да жалпылама теориялардың болмауы суицидологияның
теориялық негізін жоғалтуға алып келе жатты. Бұл
жағдай өзін-өзі өлтіру себебінің
психологиялық аспектілерінің күш алуына негіз болды.
Психологтар үшін бұл қалыпты жағдай, ол ХХ
ғасырдағы психология ғылымы тарихында өз дамуын
жалғастырды. Әсіресе бұл әлеуметтік психология
саласымен тығыз байланысты [12]. Теориялық құрылым ретінде факторлық
тұғыр басымдық танытуда, бұл қазіргі шет ел
психологиясында да кеңінен тараған.
Суицидтке психологиялық
талдау жасау келесі шаблон бойынша жүреді. Сандық өлшеуге
болатын сипаттамалар (агрессия, депрессия, ойлау ерекшеліктері және т.б.)
және психологиядан тыс мәліметтер (жынысы, ұлты, лауазымы
және т.б.) таңдалады. Ары қарай жоғарыда
көрсетілген сипаттамалар бойынша суицидтің мүмкіндігі
қарастырылады және олардың аражігі ажыратылады.
Нәтижесінде сыртқы және ішкі жағдайлардың
бірігуінен суицидтің мүмкіндік деңгейі көрсетілетін
кесте пайда болады. Бұл бейне жаңа факторлармен үздіксіз
толықтырылып отырады.
Суицидтік
мінез-құлық генезисін қарастырғанда
тұлғаның бейімделу үдерісін атамасқа болмайды. Дезадаптация
мәселесі оның ішінде танымдық, қайта
құрушылық,
құндылықтық-бағдарлық және
коммуникативтік әрекеттерге қарағанда адам
іс-әрекетінің басты бағыты болып табылады.
Бұл
сипаттамалардың барлығы өзара байланысқан, олар бір
динамикалық жүйе құрады, оның нәтижесі
бейімделудің белгілі бір деңгейін ұстап тұру. Зерттеу
көрсеткендей, барлық суициденттердің бойында объективті
және субъективті әлеуметтік-психологиялық дезадаптация
байқалады. Дезадаптация адамның әлеуметтік ортадағы
мінез-құлқының өзгеруінен көрінеді,
әлеуметтік қызметтерді орындау қабілетінің
төмендігі немесе мінез-құлқының
ауытқушылығы. Ал оның субъективті бейнесі түрлі
психоэмоционалдық ауытқумен сипатталады: теріс сипатталған
уайымшылдықтан клиникалық психопатологиялық белгілерге дейін.
Осылайша, әлеуметтік-психологиялық дезадаптация ауру
түсінігіне тең емес, ол
ауытқу және ауытқу емес түрінде көрініс
береді. Патологиялық емес
дезадаптацияға мысал ретінде дұрыс әлеуметтенбеумен
байланысты, өмір сүру қалпының тез өзгеруімен
байланысты туындаған субъектінің уайымдары мен мінезіндегі
кемістіктерді айтуға болады. Құрылымы мен механизмі тұрғысынан
ауытқудан және ауытқусыз дезадаптацияның
айырмашылығы бар.
Суицидке алып
келетін әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның екі
түрінде де екі фаза айқындалады: предиспозициялық және
суицидтік. Бірінші фаза суицидке тән емес; екіншісінде суицидтік
тенденция туындап, ары қарай ол жүзеге асырылады. Түрлі
клиникалық үлгілерде суицидке жақын адамдардың
көпшілігі бұл үдеріске келмес бұрын тез бейімделгіш
болып келген, тек белгілі бір ортада оның қарқыны азая
түскен, сол себепті тұлғада суицидтік белгілер пайда бола
бастаған.
Бірінші
фазаның суицидтік фазаға өтуінің шешуші
маңызға ие бұл кикілжің, бұл суицидтік
тенденцияның пайда болуына қажетті және бейімделу
үдерісінің бұзылуында күшейе түседі.
Кикілжіңді екіге бөліп қарастырсақ:
интрапсихикалық кикілжің қарама-қайшы
бағытталған тенденциялардың соқтығысынан
туындайды; бұл әсіресе микросоциумда болып жатады. Көптеген
кикілжіңдер түрлерінің ішінен біздің
мақсатымызға сай кикілжіңінің келесідей қырларын
бөліп қарастырайық: сыртқы немесе ішкі кикілжің;
кикілжіңді туындатқан қарама-қайшы
бағытталған тенденциялар, сонымен қатар
кикілжіңнің шиеленісуі; кикілжің аймағының
маңыздылығы. Суицидке жақыны іштей кикілжің болуы.
Тұлға бойында аталған кикілжіңдер
жинақталғанда бұл мәселенің шешімі біреу
ғана деп есептеледі, бұл – суицид. (1-сызба).
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Фазалары
![]()
![]()

Екінші
фаза: Суицидтік тенденция туындап, ары қарай ол жүзеге

1-сызба. Суицидтік
мінез-құлық генезисі
Суицидтік
мінез-құлық детерминантының арақатынасы
теориялық тұрғыда талқыланбағанымен
тәжірибеде суицид детерминантының үш факторлар тобы
анықталған: тұлғалық, орталық және
ауытқушылық. Көптеген эмпирикалық еңбектерде
бұл факторлар бір-біріне жақын қарастырылады.
Жоғарыда
айтылғандай дезадаптация және кикілжің ауытқу және
ауытқусыз бола алады. Суицидтік акт тек қана клиникалық
феномен болып табылмайды, оның мінез-құлықтық
әсері де бар. Суицидті ауру деп санайтындар әсіресе психиаторлар.
Шынында да суциденттердің арасында белгілі-бір пайызы жүйкесі
жұқарған, есі ауысқандар. Осы контингент
психиаторлардың көзіне ілінген, сондықтан суицидтің
ауру ретіндегі негізі қалыптасқан. Елімізде аранйы
суицидологиялық қызмет орталығы болмағанымен
психиатрлардың тіркеуінде тұрған аурулардың 30 пайызы
осындай әрекетке барады. Дегенмен, дені сау деп есептелетін
адамдардың арасында да өзін-өзі өлтіру әрекеті
кездесіп жатады, олармен алдын-алу жұмыстарын жүргізу тиімдірек
болып саналатынын шет елдердегі суицидологиялық орталықтардың
тәжірибесі көрсетіп отыр.
Клиникалық-психологиялық
талдауды қолдану мотивация, құндылықтық
бағдар, тұлғаның бағдарлануы секілді
психологиялық категориялармен де жұмыс жасауға
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті қолдана отырып
суицидтік көріністің типологиясын құрастыруға
болады, ол психикалық үдерістерді құрылымға
келтіретін мотивация түсінігіне негізделген. Көптеген
жағдайларда суицидтің мақсаты мен әрекет түрткісі
сәйкес келмейді. Осылайша, әрекеттік тұғырда суицид
нақты әдістермен жүзеге асырылған әрекет болып
табылады; оның мақсатынан түрткісіне өту
сызығында суицидтік тұлғалық мәні жатыр.
Психолог Э. Шнейдман суициденттердің
келесідей сипаттамаларын айтты:
·
Шыдамсыз жан ауруы;
·
Қоғамнан шеттетілгенді сезіну;
·
Сенімсіздік пен шарасыздық;
·
Барлық мәселенің шешімі тек өлім деген ой.
Суицидтік
мінез-құлыққа өмірін тоқтату туралы
ойлардың психологиялық актілерінің кез келген
көрсеткішін айтамыз. Суицидтік әрекеттің сыртқы
көрінісі оған талпыну немесе жүзеге асыру болса, жасырын
формасы бұл суицидтік ойлар, эмоциялар және өзін-өзі
құрту тенденциялары. Суицидті аутоагрессиялық
мінез-құлыққа жатқызады, ол өзінің
денесіне немесе ақыл-ойына кез келген зардап шеккізу, яғни
дәл сол уақытта өзіне қол жұмсау емес өзін
қинай отырып жоя бастауды айтады.
Жас ерекшелігі
суицидтік мінез-құлық ерекшелігіне әсер етеді. Мысалы,
өтпелі кезеңдер, жасөспірімдік кезең немес
кәріліктің басталуы және т.б. Суицидтік
мінез-құлық балалық шақта тұлғалық-жағдаяттық
әсерде болады, яғни өлуге құштарлық емес,
жазаланудан немесе жағымсыз жағдайдан қашумен байланысты.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей 13 жасқа дейінгі балаларда
суицид сирек кездеседі, 14-15 жастан бастап оның белсенділігі күрт
өседі, жоғары көрсеткіш 16-19 жас шамасында.
А.Г.
Амбрумованың зерттеуіндегі суицидтік мінез-құлықты
балалар мен жас өспірімдер арасындағы ең жасы 7 жаста
болған. Көп пайызы қыз балалар. Қыз балалар улану жолын
таңдаса, ұл балалар тамырын кесу мен асылып өлуді
қолданған. Өлім тұжырымдамасын жас балалар түсіне
бермейді, тек қиялында ғана тірілер мен өлілер деген
ұғымды қолданады.
Балалар
мұндай мінез-құлықтың түрткісін
түсіндіргенде болмашы нәрсеге ұқсайды. Балалар
үшін сенімсіздік, өз әрекетін сынау,
көңіл-күйінің жоқтығы, импульсивтілік,
жарқын сезім мен уайым суицидке алып келеді. Өзін-өзі
өлтіруге ашу мен қорқыныш, өзін немесе
басқаларды жазалау үшін
барады.
Сонымен
қатар, суицид белгілеріне балалар үшін: әлсіздік,
ұйқының бұзылуы, тәбеттің қашуы,
салмақтың азаюы, түрлі арыздар, оқуға деген
талпыныстың болмауы, өзін шамадан тыс сынға алу, агрессивтілік
тән. Ал жасөспірімдерге жариялық суицид тән,
олардың үлкен пайызы мұны көмекке шақыру ретінде
қолданады.
Ересек
адамдардағы суицидтік мінез-құлық белгілері:
Қорыта
айтарымыз, суицидтік мінез-құлықтың сипаттамасы
өте күрделі және оны бір теорияға немесе
тұжырымдамаға сүйеніп анықтау, талдау мүмкін емес.
Талдауды кешенді түрде жүргізу маңызды болып табылады. Жеке
тұлғамен жұмыс жасау барысында суицидтің басқа да
қырларын ескерген жөн, мысалы,
құқықтық, тарихи, мәдениеттанушылық,
медициналық және этикалық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Holding T. A., Buglass D., Duffy T. G., Kreitman N. Parasuicide in Einbourgh. A
seven-year review in 1968—74. — Brit. J. Psychiat., 1977, 130, p. 534—543.
2.
Амбрумова А. Г. Индивидуально-психологические
аспекты суицидального поведения. — Сб. трудов НИИ психиатрии МЗ РСФСР, 1978, т.
82, с. 44—58.
3.
Rushing W. A. Alcoholism and suicide rates
by status set and occupation. — Quart. J. Stud. Alcohol., 1968, 29, p. 399—412.
4.
Breed W. Suicide, migration and
race. A study of cases in New Orleans. — J. Sociol. Issuses, 1966, 22 (1), p.
30—43.
5.
Weissman M., Klerman L. Sex differences and
epidemiology of depression. —Arch. Gen. Psychiat., 1977, 34, No. 1, p. 98—111.
6.
Burke A. W. Socio-cultural
determinants of attempted suicide among West Indians in Birmingam: Ethic origin
and immigrants. — J. Psychiat., 1976, 129, p. 261—266.
7.
Stack S. Durkheim's theory of
fatalistic suicide: A cross-national approach. — J. Soc. Psychol., 1979, 107,
p. 161—168.
8.
Hettem J. The precipitating role
of discordant interpersonal relationships in suicidal behavior. — Dissertation
Abstracts, 1964. 25 (2), p. 1334—1336.
9.
Farberow N., Shneidman E. (eds). The cry for help.
N, Y., 1965.
10.
Beck А. Т., Kovacs М., Weissman A. Hopelessness and
suicidal behavior: An overview.—The J. Amer. Med. Ass., 1975, v. 234, No 11, p.
1146—1149.
11.
Temoche A., Pugh Т., McMahon B. Suicide rate among
current and former menial institute patients. — J. Nerv. Ment. Dis., 1964. 138,
p. 124—130.
12.
Андреева Г. М., Петровская
Л. А., Богомолова П. Н. Современная социальная психология на Западе. — М., 1978. —
270 с.