ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

 

Есенжолова Санимай Абдирахимовна

Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің ағылшын тілі пәні оқытушысы

Сөйлеу – оқытудың мақсаты. Сөйлеу - өте көп аспектілі және күрделі құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Оқытушыға ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша жүзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу – бұл қызмет, адам қызметінің бір түрі. Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі – пікір айту пайда болады.

Сөйлеу – қарым-қатынас құралы. Қарым - қатынас ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда сөздік қызметтің түрлері ретінде адам қарым-қатынастың екі құралын, сөйлеу мен тыңдап-түсінуді, екінші жағдайда жазу мен оқи білуді меңгеруі қажет. Сондықтан, сөйлеу – сөздік қызметтің түрі ретінде қарым-қатынастың құралдарының бірі болып табылады.

Әдістемеде сөйлеу түрлерін «монологиялық» және «диалогиялық» сөйлеу деп те атайды.Оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және оның шетел тілін мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Бұл мәселені шешу үшін педагогтар оқыту процесінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану қажет.

Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнін ағылшын тілінде жүргізу бірнеше қиындықтар туғызады. Әсіресе оқытушы мен студенттің сөйлесу қарым –қатынасы бір жақты болса. Студенттер көбінесе үнсіз қалады. Яғни:

-  студент өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды таба алмайды;

-  оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылады;

-  өз білімінің дәрежесі төмен екендігін көрсеткісі келмейді.

Бұл жағдайда студентті сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орнату қажет.

Студенттерге шетел тілін оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негіздерін тірек – сызбалар арқылы түсіндіру  тиімді және білім беру стандартының талаптарына сай теориялық сабақтарда тек оқытушы ғана емес студенттерде жұмыс жасау талабы орындалады. Мысалы:

 

Content of Foreign Language Teaching

 

1) Psychological component, i.e. habits and skills which ensure the use of the target language as a means of communication in oral (hearing, speaking) and written (reading, writing) forms

2)  Linguistic component, i.e. language and linguistic material which should be assimilated to be used in language skills

3)  Methodological component, i.e. the techniques which pupils should acquire to learn the foreign language in a most effective way

 

Осы сызба арқылы шетел тілін оқыту әдістемесі мазмұнының компоненттерінің түсіндірмелерін аудару арқылы тақырыптың негізгі мазмұнын студенттер меңгере алады. Сонымен қатар сөздік жұмыс жасау арқылы сөз қорларын байытып, тақырыптың сұрағына ағылшын тілінде жауап беруге әр кезде дайын болады. Қысқаша тірек сызбаларды студенттер оңай есте сақтайды.

Машықтану сабақтарда студенттерге төменгідегідей тірек- сызбалар өз ойларын жинақтап, қойылған сұрақтарға жауап беруге, және де жауап беруші студент жаңылысса басқа студенттерге оның қателерін жөндеуге көмек береді:

Осындай тапсырмалар арқылы студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру мәселесі шешіледі және диалогтық  қарым- қатынас жасауға мүмкіндік беріледі.  Сонымен қатар студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру үшін түрлі топтық  немесе жұптық тапсырмалар беріп,  әрбір студентке жеке рольдер мен міндеттер атқаруды талап етіп, бірігіп жұмыс жасату бойынша білім деңгейлері төмен студенттер үлгерімі жоғары студенттермен кеңесіп жұмыс жасауына жағдай жасалады. Ондай болса студенттердің пәнге деген қызығушылығы, бәсекелестік сезімі негізінде студенттердің білуге құштарлықтары артады.

Қорыта келе студентердің коммуникативті және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында түрлі әдістер арқылы білім беру тиімділігін айтқан жөн. Әр сабақты түрлендіріп өткізу студенттердің білім деңгейін көтереді, қажетті білім алуға, біліктерді қалыптастыруға жағдай жасалынады.

 

Резюме

В данной статье рассмотрены формирование языковой, речевой и коммуникативной компетентности в обучении иностранного языка.    

 

Summary

In this article are considered formation of language, speech and communicative competence of training of a foreign language.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. АмандықоваГ.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», Астана -2007

2. Бабинская П.К., Леонтьева Т.П., Андреасян И.М., Будько А.Ф., Чепик И.В. «Практический курс методики преподавания иностранных языков», Минск-2003

3. G.V.Rogova “Methods of teaching English”, Moscow – 1983

4.Шолпанбай С.К. «Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі», журнал «Мектептегі шет тілі» № 2-2008