Сөз таптарының адвербиалдануы
Қалдыбаева А.К.
ЮКО, г. Шымкент-2013г.
Түркі тілдері жүйесінде
сөз таптары өз заңдылықтарымен, ерекшеліктерімен түрліше
сипатқа ие. Әрбір сөз табы тек өзіне ғана тән
лексика – семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілерімен
ерекшеленеді.
Сонымен қатар, әрбір
сөз табының қалыптасу, даму жолдары бар. Тілдің дамуы сөз
таптарының түрлі тұлғаларымен толығуының,
лексика –грамматикалық ерекшекліктерінің артуының нәтижесіне
байланысты. Тілдегі сөз таптары единицалары мағыналарының қалыптасуы,
жаңаруы, көнеленуі сол сөз табының ішкі жүйесімен
қатар сыртқы факторлар, яғни, өзге сөз таптарының
ықпалымен де жасалып отырады. Сондықтан сөз таптарының
сөзжасамдық, сөзөзгерімдік, мағына қалыптастырушылық
қасиеттерін санамағанда олардың ішкі және сыртқы
факторларымен байланысты екендігін ескеру де керек. Тілдік жүйеде жаңа
сөз табының пайда болуына өзге сөз таптарының ықпалы
мол. Әрбір сөз табының қалыптасуына тигізетін әсері
де ерекшелігі де әр түрлі-түрлі.
Мысалы, үстеулердің
пайда болу, қалыптасуына өзге сөз таптары түрлі жағдайларда,
түрлі қасиеттерімен әсер еткен. Барлық сөз
таптарының үстеу жасау қабілеті де алуан түрлі болады. Өйткені,
әрбір сөз табының бір-біріне ұқсамайтын
белгілері, өзгешеліктері бар десек те, оларды бірімен-бірін байланыстырып
тұратын ортақтықтар да мол. Даму мен қалыптасуында да үзілмес
байланыс бар. Тілде бір сөз табы ерте пайда болған, бірі кеш пайда
болды, бәрібір олардың арасында қатынас сақталады.
Сондықтан сөз таптарының осындай айырым - белгілері мен ортақ
қасиеттерін сараптай отырып, барлық сөз таптарының
бірін-бірі толықтыруда, қалыптастыруда алатын орындары бар деген тұжырым
жасауға болады.
Адвербиалдану
процесінің негізгі ұйтқысы болып табылатын жекеленген сөз
таптары. Адвербиалдану яғни, өзге сөз таптарының үстеулер
қатарына өтуі басқа тілдік құбылыстар сияқты
белгілі бір заңдылықтар мен тілдік нормаға сүйенеді.
Жоғарыда атап айтқандай,
әрбір сөз таптарының үстеулер қатарына өтуге
бейім единицалары бар. Сол тілдік единицалардың үстеуге айналуына
белгілі мөлшерде грамматикалық формалар ықпал етеді.
Мысалы, мезгілдік және
мекендік мағыналары бар зат есімдер, сапалық сын есімдер, сұрау
және сілтеу есімдіктері, белгісіздік сан есімдер мен көсемшелер.
Адвербиалдану процесіне күрделі, жай және туынды
сөз құрылымдарының барлық түрлеріне қатысады.
Әрбір құрылымның үстеу сөз табын қалыптастыруда
алатын алуан түрлі орындары бар. Арадағы өзгешеліктер мен ұқсастықтарды
саналамаған жағдайдың өзінде бұл құрылымдар
бір-бірімен өте тығыз байланыста дамып отырады. Осындай сөздер
мен тілдік құрымдар адвербиалдық мән-мазмұнға
ие болады да семантикалық мазмұн бірлігі, функционалдық
дистрибуция және ситуативті контекске байланысты – мекендік, мезгілдік, өлшем
бірлігін, қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіру мәнінде
қолданысқа түседі.
Адвербиалдану процесінде
семантикалық факторлардың үстем болуын барлық сөз
таптары негізінде есептей келе мынадай тұжырымдар жасауға болады. Яғни,
белгілі бір сөз таптарының үстеулер қатарына ауысуы
лексика-семантикалық, және синтаксисті -тәсілдер нәтижесінде
жүзеге асады. Әрбір тәсіл тұлға қалыптастыруда
өзіндік ерекшеліктерімен, айырым- белгілерімен оңашаланады. Үстеулердің
қалыптасуында есім сөздер елеулі роль атқарды. Әрбір сөз
табы үстеулерді туындатуда түрліше ерекшеленеді, танылады. Зат
есімдер үстеулер тобына көбінесе екі жағдайда ғана
ауысады. Біріншіден, зат есімдер сөз түрлену жүйесінің
жалғауларымен грамматикалық қарым-қатынасқа түседі.
Белгілі бір септік формаларымен тұрақтанған сөз пысықтауыштық
функциалы сөз топтарын жасайды. Грамматикалық көрсеткіштер әрбір
сөздің бойына сіңісіп, оның құрамдас бөлігіне
айнала бастайды. Сөз төл мағынасынан айырылады, түрлендіруші
форма өзінің бастапқы қасиетінен алшақтап, өлі
формалар қатарына өтеді. Сөз бен форма тұтастай өздеріңің
алғашқы сөз түрлендірушілік қабілетінен айырылып,
нәтижесінде бір ғана сұраққа жауап беретін, бір ғана
сөз табының единицасы болып қалды.
Адвербиалданған зат есімдердің құрамындағы грамматикалық көрсеткіштерді сөз түрлендіруші септік формалары деп есептеуге болмайды. Олар тек тарихи тұрғыдан ғана септік формалары деп аталады.
Мысалы, көне түркі ескерткіштері мәтіндерінде кездесетін, қазіргі түркі тілдерінің барлығында үстеулік тұлға, тек үстеулік мағынаға ие сөз ретінде танылған йоқару-«жоғары», ілгеру - «ілгері», керу - «кері», ташқару - «сыртқа, тысқа» т.б сөз құрылымдарын алсақ.
Ескерткіштер тілінде үстеу
түрінде қолданылған йоқару – «жоғары» сөзі
5-8 ғасырларға дейін қалыптасудан өткен. Мәтінде
аталмыш сөз үстеу ретінде толық мағынаға ие болған,
қызметі жағынан да үстеулік мәнге ие. Сөздің
құрылымдық-семантикалық сипатына келетін болсақ,
мынадай ерекшеліктерін көруге болады: сөздің түбірінен
септік жалғауын бөліп алайық. Түбір йо – йоқ сөзінің
қысқарған түрі. Форма еш өзгеріске түспеген,
ал түбірдің мағынасы, тұлғалық сипаты өзгерген.
Көне түркі деректерін салыстыра зерттеу барысында аталмыш форманың
нақты формасы табылды. Сөз көне жазбалар тілінде йоқ –«қырат,
шоқы» деген мағынада қолданылған. Аталмыш үстеу
жасаушы түбірдің жеке лексикалық единица екендігін толық
көз жеткізу үшін мынадай фактілерді салыстыра қарастырған
дұрыс. Үстеу жасаушы түбір түрік тілінде йоқуш –
«төбе, қырат», азербайжан тілінде йүксәк «биік, қырат»,
йүксәл «көтерілу, жоғарылау» т.б. түрінде
кездеседі.
Біріншіден, бұл қосымшамен (сөз А.Ысқақов
омоним деп түсіндіріп отырған ма, ме, па, пе, ба, бе қосымшалары
туралы болып отыр – С.М.) сырт түрі ұқсас болымсыз етістік қосымшасы
– шын мәнінде омоним ғана, екеуі – екі түрлі тілдік деңгейдің
тұлға көрсеткіштері, болымсыз етістік тұлғасы сөзжасамға
қатысы жоқ, грамматикалық, дәлірек айтсақ,
лексика-грамматикалық сипаттағы тілдік құбылыс, ал екіншіден,
алғашқы екеуінің (автор А.Ысқақов сын есім (қырма
сақал, елірме күлкі т.б) және зат есім тудыратын қосымша
деп танитың – ма, ме, ба, бе, па, пе жұрнақтарын
айтып отыр – С.М.) жағдайы бөлек, бұл қосымша арқылы
жасалған сын есім мәнінде қолданылуы, біздіңше, кейін сөйлеу
процесінде заттық ұғымды сөздің қатыстық
мәнінде адьективтеніп те қолданыла беруінің нәтижесі
болса керек» дейді ол. Демек, ғалым тұжырымын басқаша айтсақ,
аталып отырған зат есім тудырушы ма, ме, ба, бе, па, пе сөзжасам
қосымшаның омонимдік сипаты болымсыз етістік жұрнағына қатысты
болып шығады. С. Исаев тағы басқа осындай бірқатар жұрнақтардың
омонимдік сипатына айқындық енгізе отырып, осы қосымшалар арқылы
жасалған сөздерді грамматикалық сипаты жағынан бірде
есім, бірде етістік болып келіп отыруын, жоғарыда аталған басқа
ғалымдар секілді, қазақ тілі тарихының ерте заманымен
байланыстырады: «...сөйтіп түркі синкретизмнің әсері
негізінде немесе қосымшалар әлі толық қалыптаспаған
іліміздің балаң шағында, яғни ерте заманда қимыл
іс-әрекет пен зат және оның атауы, кейде сыны да бір-бірінен
жеке лексемалар арқылы бөлек-бөлек немесе грамматикалық
тәсілдер арқылы әлі ажырап, сараланбай, сөздің семантикалық
ерекшеліктері мен сөйлеу процесіндегі тұрғысы арқылы
ажыратылып, бір-бірінен орын тұррғысы арқылы ғана
айырмашылығы айқындалып отырған дәуірдің қалдығы,
соның кейінгі жалғасы іспеттес көрінісі болуы мүмкін», −
дейді ғалым. Жоғарыда сөз болған бір буынды синкретті түбір
– негіздер секілді, бұл әрі есім, әрі етістік сыңарлы
туынды сөздердің де сөз табына қатыстылығы тек сөйлеу
барысында басқа сөздермен тіркесуі, сөйлем мүшесі қызметін
атқаруы, қосымша қабылдау ерекшелігіне қарай ғана
анықталады.
Қазақ тілі білімінде қалыптасқан
сөз таптастыру теориясы бойынша сөздерді түрлі топтарға
жіктеу барысында әлі де болса, бірқатар қиыншылықтар,
шешемін таба қоймаған ірілі-ұсақты проблемалар
кездеседі. Соның бірі, сөз таптастырудың синтаксистік
принципін қолдану кезінде әрбір сөз табының сөйлемде
атқаратын қызметімен қатар жүйелі түрде олардың
(белгілі бір сөз табына жататын сөздердің) тіркесу қабілетін
нақты анықтаудың өз дәрежесіне емес екені болса,
келесі бір сөз таптастыруға қатысты шешімін күтіп тұрған
үлкен проблема – сөздердің бір сөз табынан екінші сөз
табына ауысуы процесін зерттеу болып табылады.
Тіл білімінде сөздің
бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы, әдетте ешқандай
сөз тудырушы жұрнақсыз іске ауысуына байланысты түсіндіріледі,
және бұл құбылыстың жеке сөз таптарына қатысына
қарай, яғни сөздің қандай сөз табына ауысқанына
қарай адвербиалдану (сөздердің басқа сөз
таптарынан үстеуге ауысуы), адьективтену (сөздердің басқа
сөз таптарынан сын есімге ауысуы), вербальдану (сөздердің басқа
сөз таптарынан етістікке ауысуы), прономиналдану (сөздердің
басқа сөз таптарынан есімдікке ауысуы), субстантивтену (сөздердің
басқа сөз таптарынан зат есімге өтуі) деп аталады.
Ал жалпы сөздердің
бір сөз табынан екінші сөз табына өту процесін атау үшін
конверсия термині қолданылады.
Лингвистикалық терминдер сөздігінде: «конверсия англ. Conversion. 1. Образование нового слова путем перевода данной основы в другую парадигму словоизменения» − деп анықтама берілген. Бұл тілдік құбылыс қазақ тілі білімінде күні бүгінге дейін арнаулы зерттеу объектісі бола қойған жоқ, сондықтан оның мәні, түрлері, себебі секілді маңызды қырлары жан-жақты ашылып, толық айқындық алған емес.
Қазақ тілі
білімінде конверсия құбылысы тікелей болмаса да ең алғаш
рет С.Аманжоловтың еңбегінде сөз болды: «Сөйлем мүшесі
боларда сөз таптары әуелгі қалпын сақтай алмай, тікелей
ауысып отыратынын да білеміз. Зат есім бірде зат, бірде сын есім болатыны анық
қой. Мысалы: «Темір – зат, «темір жүрек» − сын есім орнында, −
дейді автор. А.Ысқақов та өзінің 1950 жылы «Халық
мұғалімі» журналында жариялаған «Қазақ тіліндегі
сөздерді таптастыру туралы» атты мақаласында бір сөз табына тән
сөздердің контексте уақытша екінші сөз табына ауысуы
туралы айтады. «Тіл – тілдің қайсысында болса да, белгілі бір сөйлемде
қолданылуына қарай, белгілі контексте уақытша субстантивтеніп
те (зат есім қызметін атқарып та), адиективтеніп те (сын есімге
айналып та), адвербиолданып та (үстеудің қызметін атқарып
та) жұмсала беретіні – заңды нәрсе» − дейді ол. Бұл
тұжырымдардан грамматикалық тұрғыдан, яғни сөздің
синтаксистік қызметінің өзгеруі тұрғысынан түсінетіні
көрінеді.
Ал кейінгі қазақ
тіл білімінде сөзжасамның жеке сала ретінде бөліне бастауына
байланысты бір сөздің ешбір жұрнақсыз сөз табына
меншіктілігін ауыстыруы құбылысын сөзжасамдық тұрғыдан
қарау басым бағыт алды. 1989 жылы жарық көрген «Қазіргі
қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты ұжымдық
еңбекте сөз болып отырған құбылыс сөзжасамның
лексика-семантикалық тәсілі ретінде қаралады. Зерттеудің
сөзжасам тәсілдеріне арналған бөлімінде: «Сөзжасамның
аффиксті және сөзтудырым тәсілдерінен басқа да жолдары
бар. Ол сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілдері. Мұндай
жол белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы,
көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарға келуі арқылы
жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбір сөздердің о бастағы
мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз
табының қатарынан танылуға жол береді. Тіл білімінде мұндай
құбылыс прономинализация (сөздердің бір сөз
табынан екіншісіне айналуы) деп аталып жүр» − делінеді. Бұл
жерде ең алдымен аталып көрсетілуге тиіс маңызды түс
бар, аталған еңбекте де, бұрын-соңды жарық көрген
зерттеулерде де сөзжасам сөз таптарымен байланысты сөз болып,
ал нәтижесінде сөздердің бір сөз табынан екінші сөз
табына ауысуына әкелетін бұл процестің лексикалық
сипаты ескеріле бермейді. «Қазақ тілінің сөзжасамы жеке
сала болғанымен, сөзжасамдық құбылыс әр сөз
табымен байланысты, өйткені сөзжасамдық элементтер барлық
сөз табына ортақ болмай, жеке сөз табына қатысты. Сөзжасамдық
элементтер белгілі сөз таптарының мағынасын береді, сондықтан
олар сол сөз табына қатысты ғана сөз жасайды», −
дейді Н.Оралбаева. Алайда сөзжасам процесінің алдымен лексикалық
құбылыс екенін естен шығаруға болмайды, яғни сөзжасам
процесі нәтижесінде алдымен, мейлі, ол синтетикалық тәсіл арқылы,
мейлі аналитикалық тәсіл арқылы, не болмаса
лексика-семантикалық тәсіл арқылы жүзеге ассын, жаңа
лексикалық мағыналы сөз пайда болады. Ал ол сөздің
қай сөз табына жататындығы сол сөздің жаңа
пайда болған лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы,
демек, лексикалық мағынасы негізінде анықталатын жалпы
грамматикалық мағынасына қарай екінші кезекте белгілі болады.
Жаңа пайда болған сөздің кейде сол бұрынғы
сөз табы болып қала беруі де, кейде басқа сөз табына
ауысуы да сондықтан. Мысалы, синтетикалық тәсіл арқылы
жасалған малшы сөзі алдымен жаңа лексикалық мағынаға
ие болады, ал оның сол бұрынғы зат есім шеңберінде қала
беретіндігі сол лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы
екінші кезекте анықталады. Сол сияқты осы тәсілмен жасалған
өткір сөзі де алдымен жаңа лексикалық мағынаға
ие болып, туынды өткір сөзінің түбір өт (етістік)
сөзінен басқа сөз табының меншігі екендігі екінші
кезекте ғана белгілі болады. Сондықтан С.Исаев: «Ең алдымен,
сөзжасам – сөз таптарын жасау емес, сөзжасамның басты
белгісі жаңа мағыналы сөз тудыру», «Сөзжасам белгілі тәсілдер
арқылы жаңа лексикалық туындылар (сөздер) жасайтын
тілдік процесс», − дейді.
Демек, біз айтып отырған,
сөздердің ешбір жұрнақсыз бір сөз табынан екінші
сөз табы қарамағына ауысу құбылысы – жеке тілдік құбылыс
ретінде конверсияны да зерттеу барысында оның лексикалық сипатын
естен шығаруға болмайды. Алайда, бұл тұжырым
конверсиялық құбылысты жеке тілдік құбылыс
ретінде зерттеудің қажеттілігі жоқ деген сөз емес.
Қазақ тіл
біліміндегі сөз таптастыруға қатысты шешімін табуға қатысты
шешемін табуға тиісті жоғарыда аталған проблемалармен қатар
кейбір түсінбеушілік жайлар да кездеседі.
Мысалы, бұрын-соңды
жарық көрген қазақ тілі оқулықтарында, тағы
басқа бірқатар жеке еңбектерде одағай сөз табынан
синтаксистік құрылым ретінде қаратпа, қыстырма сөздермен
бірге оқшау сөздер аясында қаралуы аталмыш сөз табы
туралы, жалпы морфология мен синтаксистің ара қатынасы туралы екіұшты
пікір қалыптасады. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру
теориясының даму барысын зерделеу кезінде бұл жағдайдың
40-жылдардан бастау алатыны анықталды. Г. Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың
1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан «Қазақ
тілінің грамматикасында»: «Сөйлемде сөйлем мүшелерімен
ешбір грамматикалық байланысы жоқ, тек сөйлемдегі ойдың
кімге, неге айтылғанын, айтушының сол ойға көзқарасын,
ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздерді оқшау сөздер
дейміз. Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрлі
болады:
1) қаратпа сөз
;2) қыстырма сөз; 3) одағай сөз.
Қазіргі түркі тілдердегі деректермен салыстыратын болсақ, тілдің дамуы барысында адвербиалданатын тұлғалар мен формалар өсіп отырған. Тілімізде қолданып жүрген бірқатар үстеулер сөздер сонау көне түркі дәуірінде, орта ғасыр жазбаларында үстеу ретінде әбден қалыптасқан, өзге сөз таптарынан іргесін бөліп алған. Ал қайсыбірлері кейінгі жылдары пайда болған. Мысалы, қазақ тілінде кездесетін кешке сөзіне тоқталайық. Аталмыш сөз үстеу ретінде кейінгі жылдары ғана қалыптасып, толық мағынаға ие болған. Құрамы тек тарихи тұрғыдан талданбаса, қазіргі тіл тұлғасынан еш ажыратуға, талдауға келмейді. Аталмыш сөздің құрамын қазіргі қазақ тілі бойынша талдасақ –ке формасы бойынан жалғауға тән қасиет ауытқып кеткен көрсеткіш ретінде танылады. Яғни, сөз құрамындағы жалғауда сөз түрлендіруші қасиет жоғалған, өлі форма түрінде ғана көнеленген септік жалғау десе болады. Бірақ, сөз сөйлем ішінде түрленбейтін қасиетімен үстеулер тобының сұрағына жауап беріп пысықтауыш болғандықтан үстеу деп танылып отыр. Сөз бойында септік жалғауының ешбір белгісі байқалмайды. Өйткені кешке бұл жерде мезгілді, белгілі бір уақыттың мөлшерін білдіріп тұр. Сол сияқты қазіргі тілде кездесетін түрлі септік жалғаулары нәтежесінен жасалатын шалқасынан, түнімен, ретімен, алға т.б. сөздері тұрғысынан да дәл осы процесті айтуға болады. Сөздердің мағыналық бөлшегіндегі осындай қасиеттерін қарастыра отырып, түрік тілін зерттеуші, профессор А.Н. Кононов зат есімдердің үстеулер қатарына өтуін төмендегіше сипаттайды: «Характерным признаком перехода имени существительного в наречие, точно так же, как и в русском языке, является следующее: имя существетельное утрачивает возможность сочетаться с определением» [1, 309]. Аталмыш процесте сөздің лексикалық мағынасы бастапқы мағынасынан алшақтайды. Сөз өзінің нақтылығынан айырылып, жалпылық сипатқа ие бола бастайды. Сөз мағынасының өзгеруі оның семантикалық ерекшелігіне тән болады. Сөз жеке өзі ешбір қатынассыз үстеулер тобына ауыса алмайды. Бұл жерде белгілі бір дәрежеде байланыс бар. Ол байланыс сөздердің тiркесу қабілетіне байланысты. Яғни, сөз өзі тіркесетін сөзбен барлық заңдылықтарды сақтай отырып тіркесе алады. Белгілі бір сөздердің етістікпен тіркесі сол сөз мағынасын сөйлем ішінде ғана өзгертіп, қызмет аясына байланысты уақытша үстеулер қатарына өтуіне мумкіндік береді. Сөз сөйлем ішінде пысықтауыштық мәнге ие болады. Тілде болатын мұндай лексика-семантикалық құбылыс баяу, ұзақ мерзімдік дамудан өтеді. Тілдің ішкі қатпарларында әбден сұрыпталады. Мағыналық жақтан да, функциялық жақтанда толық үстеулер қатарына өтуі үшін тұрақты пысықтауыш ретінде ұзақ мерзім қолданылуы керкен. Аталмыш процес түркі тілінде пассив құбылыс.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Кононов.А.Н. Грамматика современного турецкого языка. - М-Л., 1956. – 309 с.. 2.Сарбалаев Н. Адвербилизация туралы.- Қазақ тілі мен әдебиет. Алматы, 1994. - 35-39 б.3. Гулямов А.Г. К вопросу об адвербиализаций в узбекском языке. Уч. записки ТГПИ.
Айдын Калдыбаева