Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы, индекс 110000 г.Костанай ул. 5 Апреля 104/10

    А.Байтурсынов атындағы Қостанай

 мемлекеттік университетінің

философия кафедрасының

аға оқытушысы Есбол Ғ.Ш

А.Байтұрсынұлы – еркіндік туын көтеруші

                                                Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң,

                                                адал еместерді адалдыққа тартасың (Кон-фу-цзы)

Сонау XIX ғасырдың 60-шы жылдарында Қазақстанды Ресейге қарату аяқталды. Қазақ халықтарын жалпыорыстық өндіріске қосуға, мұнда капиталистік жолмен дами бастаған қалалардың, орыс, украин қоныстары қазақтың шұрайлы және ертеден келе жатқан көрші елдермен сауда саттық жүргізіп келген жерлерді қамтыды. Бұл ахуалдың екі жағын атап өтуге болады. Бір жағынан, қазақ жұрты орыс халқымен жақындасып, отырықшыл елдің өндіріс тәсілмен танысты. Ал екінші жағынан, Ресейдің әкімшіл-әміршілдік , отаршылдық саясатының құрауында қалды. 1867-1868 жылда басталған  реформалар қазақ жерін облыстар-уездерге, уездер-болыстар, болыстар- 120-200 түтіннен тұратын әкімшілдік ауылдарға бөлінген [1] солтүстігінен бастап Орта Азия және Қытай, Моңғолия елдеріне шығатын жол тараптарына бекініс-қалашықтар салынып, сауда жолдарына ие бола бастады. Бұдан былай сарттан көшіп келген орыс т.б ұлттардың қоныстаған жерлері мен бекіністер аймағы ресей патшалығының мемлекет меншігі болып жарияланады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап-ақ қазақтың құнарлы айқаптары тарылды.Оңтүстіктен солтүстікке, солтүстіктен оңтүстікке қарай көшіп-қонуға дағдыланған қауымды асырап отырған мал (интенсивтік) шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін жазғы жайылым тарылды.Осыдан бастап бекіністер салынған қалашықтар мен орыс шаруалары мекендеген алқаптарда ресей шенеуніктері патша жарлығын іске асырумен қатар, Орта Азия мен Қытай елдерімен байланыс жасауға мүмкіндіктер қарастырды. Сот ісі мен жарғыларға да сырттан келген қоныстанушылардың пайдасына шешелітін өзгерістер енгізілді. Сонау XIX ғасырдың орта шенінен басталып, XX ғасырға дейін жалғасын тапқан патшалық отаршыл саясат алаш ағартушы-қайраткері А.Байтұрсынұлын толғандырмай қойған жоқ. Қазақ өзінің ата-тегін  ерекше болмысын, ділін, тілін, төл мәдениетін қалыптастырғанына  тереңге кеткен 3 мың жылдай тарихы бар. Олар шығыстық  ой өріске  (менталитетке) сай ұрпақтар сабақтастығы үнемі сақталып және жалғасын тауып отырғанын А.Байтұрсынұлының тағылым-танымынан-ақ байқауға болады:

-         Тайпалған талай жорға, талай тұлпар,

Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.

Солардан жаным-тәнім ардақты емес

Орынсыз күйзелейін мен несіне?! [2]

     Мұнан А.Байтұрсынұлының боиында азаматтық борышы бар, ер түріктің намысы бар, ұстанаған мақсатынан айнымас, елдің азаттығы үшін күресуге бел буған ерен тұлғаны көріс отырмыз. Қай кезде болмасын әсіресе шығыстағы кешегі де, өткен де өркениетті елдерді, мемлекеттерді құруға, сол қоғамды жетілдіруге әр уақытта ат салысқанда, қозғаушы күші де ағартушы-философтар болған да болады да «тарих-таразы, уақыт-төреші» бүгін де біз соның куәгері болып отырмыз.

А.Байтұрсынұлының «Азаматқа» деген шығармасында:

        - Құдайым халық үшін Сізді берген

          Үміті халықтың зор Сіздей ерден

          Әйтеуір, не қылсаң да өздерің біл

  Халықтың жүрегі бар Сізге сенге. [3]

Ахаңның қазақ жұртының басына түскен ауыртпалықты жеңу үшін азаттық жолында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірге күресейік деп үндеу тастайды.

Ал «Борыштымын» өлеңіңде Ахаң бәрін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан бабалар уағызын, әркім адамдық парызын орындауға міндетті дей келе:

-Ер қазақ халық едің қандай дана

Қайтала ... уақытқа не дүр шара

Сүйесе қиын емес көбелерің

Балаларың сен жағыңа болып пана [4]

-деп аталардың ізгі істерін жалғастыруға шақырады.А.Байтұрсынұлы қазақ ұлтының тәуелсіздікке қол жеткізуі жолында жанкештілік танытып, тарихта  өзінің отаншылдық, қайраткерлік болмысымен танылды. Ел рухын көтеруге  ұланғайыр еңбек сіңірді. Ахан  қазақ руханиятында биіктен орын алады. Сондықтан біз Аханның аумалы-төкпелі заманға тап болған кездегі  істеген ерең еңбегін қазақ тарихында қалған орның ардақтай білуміз керек.

Қолданысқа ие болған әдебиеттер:

1.     Жәнібеков Ө. Уақыт керуені-Алматы: Жазушы 1992-29 бет

2.     Әбдиманұлы Ө. А.Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе.-Алматы «Арда» 2007-128 бет

3.     Байтұрсынов А. Азаматқа. Алматы 2006-186 бет

4.     Байтұрсынов А. Борыштымын. Алматы 2006-187 бет