Есбол
Ғалымқазы Шәріпұлы, индекс 110000
г.Костанай ул. 5 Апреля 104/10
А.Байтурсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің
философия кафедрасының
аға
оқытушысы Есбол Ғ.Ш
А.Байтұрсынұлы – ұлттық рухтың
диқаншысы.
Ойы биік адамдар ... тек соңына дейін
адамгершіл болу
үшін өмірін қия алады(Кон-фу-цзы)
Тарих
үдерісінің керуені адамзат баласың жаңа дүниеге,
саналуан құбылмалы жағдаяттарға толы ХХІ ғасыр
әлеміне де алып келді. Бәрімізді тығырыққа
тіреді. Бүгінгі дағдарысқа, қоғам
дамуындағы кейбір кемшіліктерге қарамастан бұл жаңа
уақыт керуеніне “Үмітсіз шайтан” дегендей біз өзгеше бір
асқақ мұраттар орындалатын сеніммен қараймыз.
Қазақ елінің тәуелсіздігіне қол жеткіздік.
Жоғалған рухани құндылықтарымызды түгендеп,
өзіміздің ата-бабадан қалған мұраларды
жандандырдық. Олардың биік армандарын жүзеге асыруға
мүмкіндік алдық. Кешегі қоғамдық ойдын
таптық күресті-жалпы адамзаттық игілікке,
Одақты-республикаға, жалпылауды
орталықтандыруды-ұлттық болмысқа қарсы
қойған кезеңде әкімшілік-төрешілдік
жүйенің шылауынан шыға алмай, оның
нұсқау-бұйрықтарын ғылым “тіліне түсірумен
ғана айналысып келгендігінің айғағы емес пе?”.
Маркеттік ағымның “коммунизм идеясынан” басқанын бәріне
кінәмшілдікпен,бұрыс деп қарайтын пиғылдан түбегейлі
арылған жағдайда ғана қоғамдық сананын
дамуына нақтылы ықпал ете алатымызды бүгінгі замана
ағымы көрсетіп отыр. Ғылымдағы жетістіктер адамды
байқап отырғанымыздай “орындаушы тетіктен”- парасатты жасапаз
күшке айналатының, әлеуметтік әділдікке ұмтылып
отырған казіргі қоғамның қайта
құрушы, түлетуші тұлғасы бола алатынын
куәсі болып отырыныз.
Қоғабай
Сәрсекеевтің 2005 жылы баспада жарық көрген “Үш
Арыс” роман-эссесін ақылғой заңгер академик Салық
Зиманов жоғары бағалайды. Ол өткенімізді білмей, болашағымызды
болжай алмаймыз деген салиқалы ойды тудыратын:
“...тәуелсіздігіміздің негізі-түгенделу десек,
маңайымызға толайым жіті қарауымыз керек”[1]...(Абдуллин
Әмірхан. Қостанай Таңы. 24 ақпан 2006 ж, 6 бет) деп,
ойын түйіндейді. Тарих пен қазіргі заманды өзара
сабақтастырып, салыстыра отырып, ешбіріне бергісіз атадан
қалған рухани мәдениетімізді қызғыштай
қорғап, уағыздап, оны болашақ
ұрпақтың-сана сезіміне сіңіру керек деген ғибрат
нақылды байқауға болады. Қазақтың біртума аяулы азаматтарының бірі,
қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков
“Уақыт керуені’ атты туындысында: “Біз қазақ
халқының бүгінгі тынысын, жетістіктерін дәл
бағалап, оның дәрістерін адам санасындағы
қасаңдық пен тұңмойындықты жоюға
бағдарлай аламыз. Тек осы тұрғыдан қарағанда
ғана халықтың ежелгі және күні кешегі өткен
жолына тиянақты баға бере отырып, оның тарихи
мәңгүрттік секілді қатерлі кеселден айығуына жол
ашар едік. Олай етпеген жағдайда тарихтағы “ақтандықтардың”
қай-қайсысы болса да жеткеншек ұрпаққа
имандылық және отаншылдық тәрбие беру ісіне керсінше
ықпал етуі ықтимал”[2](Жәнібеков Ө. Уақыт
керуені.- Алматы: Жазушы, 1992.-13 бет),-деп, алаштың арысы
А.Байтұрсынұлының мына өлең шумақтарына тоқталады.
-Қалтылдақ
қайық мініп ескесі жоқ,
Теңізде жүрміз
қалқып, кешпесі жоқ
Жел соқса, құйын
қуса жылжи бере,
Болған соң табан тірер
ештеме жоқ.[3] (А.Б 191 бет)
Өзекен Ахаңның ел басына
зобалаң күн туған сол кезде-ақ сезгенің
отаршылдық қарсы күресуге бел буғаның атап
өтеді.
Қазақ халқы талай
сындарлы кезеңді басынан өткізді. Ертеден сонау Алтайдан
Жайыққа дейін созылып жатқан кеңістікте парасатты
жасампаздық қаракеттерінің, озғы өмір сүру
салт-дәстүрімен заманына сай қоғамын жетілдіре отырып,
көршілерімен терезесі тең көркейген ел құра
білді. Ғасырдан ғасырға тарихымызда әр уақытта
ұрпақтар сабақтастығы жалғасып отырды. Қай
қоғамнын болмасын жетекші рөл атқаратын рухани
қозғаушы күші дана-ағартушыларды замана тарих сахнасына
әкелген болатын. ХІХ ғасырдын орта шенінде
отаршылдықтың саясаттың бұғауына іліккен
қазақ жерінде ақылман саясаткер-ағартушы Ахмет
Байтұрсынұлы:
-
Көсем боп тура жолға бастап кетсін,
Қалмасын
кейінгілер соңына еріп.
Бай болса, малын
қыйсын жұрты үшін,
Айамай керегіне
тұрсын беріп.
Ықпасын!
Бүгежектеп, тұрсын берік.[3]
-деп,
Ахаң зиялы және көпшілік қауым мен дүйім
жұртты келе жатқан кесапатқа қарсы
тұруға,отан алдындағы парыздыөтеуге, елдің
тәуелсіздігі үшін бір тудың астына бірігуге шақырады.
Ахмет Байтұрсынұлындай алып
тұлғаларымыздың халқымыздың еркіндігі, мемлекеттің
тәуелсіздігі үшін күрескен, соның жолында өзін
құрбандыққа шалған ұлттық рухтың диқаншысы еді. Кешегі
өткен тарихнама мен бүгінгі заманды өзара сабақтастыра,
салыстыра отырып қана, біз қазақ жұртының
қазіргі тынысын, жетістіктерін дұрыс бағалап болашағымызды
болжай аламыз. Жас ұрпаққа имандылық пен
отаншылдық рухты бойына терең сіңіреміз.
Қолданысқа ие
болған әдебиеттер:
1. Абдуллин Әмірхан. Қостанай Таңы. 24 ақпан 2006 ж, 6
бет
2. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені.- Алматы: Жазушы, 1992.-13 бет
3. БайтұрсынұлыА. Зарыққанда қылған бата.5
том.-Алматы, 2006-191 бет