ТАРИХЫМЫЗДАҒЫ XIX- XX ҒАСЫРДАҒЫ   АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛЫРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Жұман Саят Әлдібайұлы т.ғ.к.

Қазақстан Алматы

 XIX ғасырдың өне бойында қазақ даласын шарпыған азаттық қозғалыстары қазақ халқының көзі ашық азаматтарына зор ықпалын тигізбей қоя алмады. Қазақ халқының азаттық ой-пікірінің даму тарихында алғашқы заңгерлердің бірі Бақытжан Қаратаев (1860-1934) ерекше орын алады. Орынбор гимназиясын, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген Б.Қаратаевтың қоғамдық көзқарасының қалыптасуына сол кездегі ел өмірі эсер етті. Оның мектеп пен гимназияда оқып жүрген жылдарында патша әкімдері өмірге енгізген, қазақ түрмысына қолайсыз тиген әкімшілік реформаларға қарсы халық толқулары өте көп болды. Мемлекеттік Думаға сайланар алдында «Орал» газетінің бетінде 1907 жылы 7 ақпанда жарияланған « Орыс халқына ашық хат» мақаласында Б.Қаратаевтың қоғамдық-саяси бағдарламасы ашып көрсетіледі. «Орыс халқы бізге дүшпан емес, біздің онымен ортақ дүшпанымыз бар, ол-патшалық самодержавие ... біз былай ойлаймыз: ең алдымен Ресейдің өз ішінде жеке адамдарға, кабинетке, монастырларға бөлінген жерлер-жерсіз шаруаларға берілуі керек, ал күллі ел бойынша жер біткен халық меншігі ретінде танылуы тиіс. Бүл үшін елдің барша жоғарғы өкіметі халықтың өз қолына өтсін. Самодержавие қүламайынша-жер мәселесі оң шешілмейді, сондықтанда біз жер үшін күресті Ресейдің барлық халқымен бірлесіп жүргізу ниетіндеміз [1,178-179-б.]. Жалпы Б.Қаратаевтың екі ғасыр аралығында азаттық ойдың дамуына қосқан үлесі мол. Қазақ зиялыларының алғашқы топтасуы жалпы Ресейде қалыптаса бастаған әр түрлі саяси партиялардың самодержавиеге қарсы күрес жолындағы бағдарламаларымен танысу әсерінен және өз халқын отарлық бүғаудан қүтқарудың жолы тек саяси күресте жатыр деп тануынан еді.Қазақ зиялыларының алғашқы баспа бетін көрген ой-пікірлері Қоянды жәрменкесінде жазылып 14500 адамның қолы қойылып, Петербургке жіберілген Қарқаралы петициясы еді.Алғашқы баспасөз бетін 1905 жылдың 4 қазанында «Сын Отечества» басылымының 173 санында көрген бүл петиция қазақ халқының саяси-элеуметтік өміріндегі үлкен оқиға болды [2]. Қазақ қоғамындағы саяси ой-пікірдің қалыптасып, дамуында алғашқы қазақ тіліндегі газеттер-«Түркістан уалияты» (1870-1882) және «Дала уалияты» (1888-1902) ерекше роль атқарады.

Олардың беттерінде қазақ ауылының өмірі, мәдениеті мен әдеби дамуы жайлы материалдар жарияланғанмен, азаттық ой-пікірге патшалық цензура қатаң тосқауыл қойды. Дегенмен, 1870 жылдардағы Маңғыстау көтерілісі туралы хабарлар басылды. Бұл сол кез үшін үлкен ілгерілеу еді. XX ғасырдың басындағы ерекше тарихи жаңалық, ол қоғамның азаттық ой-пікірінің дамуында зиялы қауымның бірден-бір идеялық серігі болған «Айқап» журналы (1911-1915) және «Қазақ» газеті (1913-1918) дүниеге келді.  Осы басылымдардың беттерінде ауыл өмірі, азаттық қозғалысы, үлттық саяси ой-сана туралы ең алдыңғы қатарлы мақалалар мен зиялы қауымның пікірлері жүйелі түрде беріліп отырды. Қазақстан тарихы тарихнамасында алғашқы ұлттық басылымдар туралы әртүрлі ой-пікірлер қалыптасқан. Белгілі зерттеуші К.Бисенбиев оларға «буржуазиялық прогрессивті» бағытта деп бага берсе, ал С.Зиманов «қазақ интеллегенциясы патшалық идеология шеңберінде болды, олар үлттық азаматтылық, отаршылдыққа қарсы идеологияға жете алмады» деп баға берді. Әрине автордың былайша бағалауына кезіндегі партиялық басшылық пен үлкен ағаның ықпалы болғаны анық. Әйтпесе, кім өзінің қайнарынан бас тартар еді. Оны уақыт пен тәуелсіздік айқын дәлелдеген жоқ па? Осы кезендегі елдегі экономикалық ойдың дамуын зерттеуші Д.Қабдиев қазақ басылымдарының алдыңғы қатарлы шаруашылықты жүргізу идеясын, шаруалардың арасындағы қоғамдық ой-пікірлерді қалыптастырудағы қызметіне жоғарғы баға берді. Өлкедегі марксистік ойдың дамуын зерттеуші С.Бисенбаев, өз еңбегінде жалпы баспасөздің қазақ еңбекшілерінің қоғамдық ой-өрісінің өсіп, дамуына тигізген ықпалы күшті болды деп көрсетті [3]. Баспасөз материалдарының, соның ішінде қазақ тілінде шыққан алғашқы газеттер мен ұлттық бейресми басылымдардың қазақстан тарихын жазудағы деректік мәні туралы Қ.Атабаевтың монографиялық зерттеулері жарық көрді [4].Зерттеуші Л.Нұрғалиева баспасөз деректерін Қазақстан тарихы ақтандақтарын зерттеудегі, халықтың тарихи санасын қалыптастырудағы тарихнамасына, маңызына ерекше мән берді [5].

Сырым, Исатай, Жанқожа, Есет, Кенесарылар көтерген ұлт-азаттық күресті терең зерттеген зиялылар XX ғасыр басындағы елдегі жағдайды терең таразылап жаңа заманда тәуелсіздікке бірлік пен білім арқылы жетуді ойлады. Сол тарихи кезеңде қоғам терең дағдарыстан өркениеті жолға шығу үшін тарихи тәжірибе көрсетіп бергендей, большевиктер ұсынған жолдан алаштық интеллигенция ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Өйткені, қазақ зиялылары ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп, өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз жеріне өзі ие болуына мүмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің осылайша шешілуі қазақ қоғамы үшін сол даму сатысындағы барлық маңызды мәселелерді түгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні түсінікті. Бірақ, шынайы ұлттық мемлекеттің орнауы ғана ол үшш өркениетті дамудың алғы шарты болатын.

Кеңестік тарихнама алаштық интеллигенцияның тарихи роліне байланысты мұндай түжырымға барғысы келмеді. Өйткені, мұндай тұжырымдама тоталитарлық жүйе идеологтары жасаған «қазақ қоғамының ішінде оны ортағасырлық мешеулік пен дағдарыстан прогресс жолына алып шыға алатын әлеуметтік күш болған емес, бұл тарихи миссия орыс пролетариаты мен болыпевиктер партиясы үлесіне тиді» деген тұжырымға қайшы келетін еді. Қазақ демократиялық интеллигенциясы қазақ еліне өркениетті қоғамдық даму бағдарламасын ұсына отырып, өздері атқарып отырған істің тарихи мәнін жақсы түсінді. Ә.Бөкейханов 1917 жылдың жазында жазған мақаласында «кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шарттар бар», - деп жазды [6, 210-6.].

Бірақ, қазақ елі 1917 жылы олар ұсынған жолға түсе алған жоқ. Ал болыпевиктер партиясы ұсынған даму жолы қазақ елі үшін азабы мол жол болды. Ол үшін қазақ демократиялық интеллигенциясының ешқандай кінәсі жоқ, туған елінің бостандығы үшін күрескен оның өзі де империялық зорлықтың құрбаны болды.  Алашорда өкіметі қазақтың ұлттық мемлекетін қүру жолындағы алғашқы, аса қажетті, өмірдің өзінің сүранысынан туындаған нақты қадам еді. XX ғасырдың басындағы қоғамдық ой-пікірлердің дамуында, жалпы қазақ қоғамының даму тарихында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов есімдері ерекше аталынады. Көп жылдар бойы белгісіз болып келген, қазақтың ақыл-ой кемеңгерлерінің мүралары бүгінде халық қазынасына айналып, олардан азатық күрес ойының, идеологиясының сан-қырлы жауабын алуға болады [7].

XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үші түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар әлсіз күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің отарлау және орыстандыру саясаты терендете түсті. Осындай жағдайда қазақ елінің болашағы үшін қоғамдық күреске жаңа саяси-әлеуметтік күш-үлттық интеллигенция араласа бастайды. Барлық көрінісі жағынан қазақ қоғамы үшін өтпелі кезең болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялылары кімдер еді, олар еліміздің тарихында қандай орын алмақ. Бұл тақырыпты зерттеу қажеттілігі бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының табиғи болмысынан туындайды. Біз Ресей империясына, оның қүрамдас бөлігі Қазақстанға 1917 жылы большевиктер ұсынған даму жолының сәтсіз аяқталғандығының куәсі болып отырмыз. Бүгінде біз осының дұрыс-бұрыстығын анықтауға міндеттіміз. Ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог қазақ зиялыларының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) аса көрнекті қоғам қайраткері еді. А.Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» секілді өлендер жинағын шығарған, халқының арман тілегін, өкініш-күйінішін әдемі сөз нақылына түсіре білген, өзіндік өмір бағыты бар қазақ зиялысы еді. Оның «Қазақ», «Айқап» басылымдарында жарық көрген «Қазақ жерін алу туралы», «Низам», «Қазақ һәм 4-ші дума», «Жауап хат» (Жанша Сейдалин мырзаға), «Шаруа жайынан», «Досмайыл қажыға ашық хат», «Губернатор өзгертілуі», «Земство», «Бас қосу турасында», «Бұл заманның соғысы» атты мақалалары ғасыр басындағы қазақ ақыл-ойының биік шыңы болды.

Ахмет Байтүрсыновпен қанаттас, халықтың қамын жеп баспасөз бетінде жан айқай білдірген Әлихан Бөкейханов (1866-1937) еді. Ә.Бөкейханов туралы жазылған ғылыми еңбектерде, оның қоғамдық ой-пікірі нақтылы талданады [8]. Әсіресе, «Думадағы партиялар», «Үшінші Дума һәм қазақтар», «Петербург хаты» атты мақалаларында және кейін 1916 жылғы үлт-азаттық қозғалыс туралы жазбаларында Әлихан Бөкейханов қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресінің мақсаты дербес мемлекет қүру деп білді. Оның осы бағыттағы ой-пікірлері «Қазақ» газеті бетінде «Петербург хаты» деген айдармен «Қыр баласы» деп қол қойылып үнемі жарияланып түрды. Ә.Бөкейханов өзінің «Алаш үлына» атты мақаласында тәуелсіздік үшін жүргізген халық қозғалыстарына ерекше мән береді [6]. Азаттық ойдың даму тарихында Міржақып Дулатовтың (1885-1935) алатын орны ерекше. Дулатовтың таланты езілген қазақ халқының тарихи аренаға шыққан революциялық азаттық күрестеріне дәлме-дәл келді. М.Дулатов «Біздің мақсатымыз» атты мақаласында елінің жағдайына, Ресей отарлаушы әкімшіліктерінің озбырлықтарын жаны жылап отырып жазады. «Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық. Оның ешқандай правосы жоқтығы ызамен кек туғызады. Халық күйзелісін жан тәнімен сезінген сандаған адам есепсіз қаражат шашып Петербургке жол тартып, министрлердің табанын тоздырды. Бірақ оған қүлақ асқан министр болмады. Ал қазіргі жағдайымызға көз жіберсек, сол мәртебелі министрліктер тағайындаған түрлі чиновниктер, стражниктер, урядниктер солардың пиғылдарын жүзеге асыру үшін қазақ жерінің төріне аттанып жатыр» [9]. М.Дулатовтың алғашқы ірі шығармасы 1909 жылы Уфа қаласынан шыққан «Оян, қазақ» атты кітабы еді. Осы кітапқа кірген өлең-жырлары теңдік, бостандық, еркіндік үшін күреске үндеді. 1914 жылы оның «Азамат» атты кітабы Қазаннан басылып шықты. 1915 жылы Орынбордан «Терме» атты жинағы да жарық көрді. Осы еңбектерінде М.Дулатов халқының бостандық үшін күресін әрқашан ту ретінде көтеріп, бітіспес күреске үндейді. «Қазақ халқы. Қазақ халқының жай-күйі. Кім жеріне жете тексереді, қан жылап жүрген қайғылы халін жүрекпен сезіп кім ескереді. Ақ патшаның отарлау әмірі бүл халықты қара табан етіп жерге қаратып, көрге қаратып жүтатып бітсе, сарайдағыларды алтынға малып, аруағын көтере түсті. Осылардың бәрін көріп, біліп, сезініп өскен мен өзімнің азғантай білімімді осынау қорланған халқыма бағыштап қол үшымды беруді перзенттік парызым деп санадым» [10, 106-107-б]. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі, көрнекті қаламгер Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) азаттық ой-пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған түлға. Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер оның қоғам дамуындағы азаттық шығармаларын жоғары бағалады [11].

Ж.Аймауытов белгілі тарихшы Покровскийдің «Төңкеріс тарихы», «Орыс тарихы» еңбектерін аударып қана қоймай, Абылайхан, Кенесары және қазан төңкерісіне дейінгі ұлт-азаттық қозғалыстар туралы мол деректер жинаған. Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев (1893-1938) ерекше үні бар азамат еді. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер, оның қазан төңкерісіне дейінгі жазылған «Қойлыбайдың қобызы», «Оқ жетпестің қиясында», «Түркістан», «Орал», «Есімде тек таң атсын» шығармаларында азаттық ой-пікірлер бідіреді деп көрсетеді [12].Бұл шығармаларда Ресей отаршылдығы, қазақ хандарының ерен еңбегі, азаттық қозғалыстары, қазақ халқының бостандық идеясы ашып көрсетіледі. Жаңа XX ғасырдың басында халқымыздың тарихын жазуда, әсіресе азаттық күрес тарихын үлттық таным негізінде баяндауда Мүхамеджан Тынышпаевтың (1879-1937) қосқан еңбектері мол. Әсіресе, кеңес дәуірінде қазақстан тарихы туралы жазылған алғашқы еңбектің авторы Чулошниковтің кітабына тарихи ой-пікір білдіреді. Онда қазақ тарихын отаршылдық көзқараста жазылды дей отырып, тарихты жазғанда белгілі тарихи түлғаларға көп мән беруі керек дейді. « Қазақ-қырғыз халқы тарихына материалдар» атты зерттеуінде М.Тынышпаев қазақ руларының, жүздерінің тарихына мән береді. Беріш руы генеологиясында Исатай батырға ерекше тоқталады [13, 62-б].   Қазақ қоғамының дамуында ұлттық сана-сезімнің толысып жетілуінде XX ғасыр басы ерекше есте қалады. Азаттықты ту етіп көтерген алаштың белгілі ұлдары өз күрес теорияларында халқымыздың өткен күрес жолдарының тарихи тәжірибелерін байытып жаңа кезеңге пайдалана білді.  Жалпы, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы қазақ қоғамында азаттық ой-пікірлердің дамуында ерекше кезең болғаны анық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Қойшыбаев Б. Бақытжан Қаратаев. Алматы, 1993. 178-179-б.; Мұхтарова Ғ. Қазақ халқын отарлауға қарсы күресті зерттеудегі Қазақстан тарихшыларының алғашқы үлесі // Поиск. 1995. N5, 42-54-6.

 2 Қазақ. A. 1993, 14-6.; Қойгелдиев М. Оянған сана үні // Ана тілі. 1990. 12 сәуір.

3 Қазастан тарихы. Очерктер. А, 1994. 260-6.; Бекхожин X. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. 47-6.; Бисембиев К. Идейно-политические течения в Казахстане конца XIX и начала XX веков, с. 8-9;

4 Атабаев Қ. Мерзімді басылым Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Док. дисс. автореф. Алматы, 2000; Соныкі. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі. А, 2000; Соныкі. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2003.

5 Нұрғалиева Л. Тарих және баспасөз. А, 2000.

 6 Қойгелдиев М., Ә.Бөкейханов. Шығармалар. А., 1994, 210-б.

7 Байтұрсынов А Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. А, 1989; соныкі: Жан сөзімді кім түсінер? А, 1994; соныкі: Тіл тағылымы. Алматы, 1992; Бөкейханов Ә. Шығармалары. А, 1994; Дулатов М. Шығармалары. А, 1991; Жұмабаев М. Шығармалары. 3 томдық, 1-том. А, 1989.

 8 Домбай Н. Арыстар // Егеменді Қазақстан. 1992. 1 қыркүйек; Қазақ әдебиеті. 1996. 25 маусым; Ана тілі. 1992. 23 сәуір.

9 Дулатов М. Шығармалары. А., 1991. 211 бет.

10 Досжанов Д. Абақты. 106-107-6.

11 Қирабаев С Жүсіпбек Аймауытов. А., 1990; Досжанов Д. Абақты. 44-92-6.; Бес арыс. 376-454-6.

12 Елеукенов Ш. Мағжан Жүмабаев. А., 1990; Келдібаев З.А., Исаханова F.T. Азап пен мазақ // Егеменді Қазақстан. 1996. 26 қаңтар; Бес арыс. 264-376-6;

13 Тынышпаев М. История казахского народа. А., 1993. его же: Материалы к истории киргиз-казахского народа. А., 1990. с.62.