ҚазҰАУ
«Құқық» кафедрасының меңгерушісі
з.ғ.к., Даркенбаев А.И.
«Заңтану» мамандығы,
2-курс магистранты
Абугалиева С.С.
Ауаны ластау
қылмысының субъектісі
Қылмыс
субъектісі болып, қылмыстық құқық бойынша,
қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті
жасаған және сол үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартылуға қабілетті тұлға саналады. Бұл
қабілеттілік екі жағдайда бұзылады:
1. Егер тұлға белгілі бір
жасқа жетпесе (Жалпы ереже бойынша 16 жас, бірақ ҚР-ның
ҚК-ң 15-бабы 2-тармақта белгіленген тізім бойынша, кейбір
қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі
тұлға 14 жасқа толғанда жазаға тартылуы
мүмкін. Бір де бір экологиялық қылмыс бұл тізімге енген
жоқ, сондықтан атмосфераны ластауға байланысты қылмыстық
жауапкершілікке қылмыс жасаған уақытта 16 жасқа
толған тұлға тартылуы мүмкін.
2. Сот тұлғаны есі
дұрыс емес деп таныса, ол үшін екі критерийдің бар болуы
керек – медициналық (созылмалы психикалық немесе уақытша
психикалық ауытқушылықты, кемақылдық пен басқа
да психиканың ауру жағдайының бар болуын болжайды) және
заңды (іс - жүзінде мінез -
құлқын тану және
өз әрекетінің
қоғамдық қауіптілігін және оны
басқаруға мүмкіндігінің жоқтығын болжайтын)
бар болуы шарт.
Қылмыс субъектісін сипаттағанда оның жауаптылығын
анықтау және оған жаза тағайындау үшін
қылмыскердің жеке басының белгілері маңызды рөл
атқарады. “Қылмыс субъектісі” мен “қылмыскердің жеке
басы” бір біріне жақын болғанымен, бірдей емес ұғымдар.
Негізінен, “қылмыскердің жеке басы” ұғымы криминология
ғылымының еншісінде, ал “қылмыс субъектісі”
қылмыстық құқық ғылымында зерттеледі.
Қылмыскердің жеке басы дегеніміз-қылмыскерді жалпы адам
ретінде сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің,
байланыстардың жеке қатынастардың жиынтығы. Оған
адамның әлеуметтік байланыстары (саяси, еңбек,
тұрмыстық, отбасылық, т.б.); оның өнегелік –саяси
қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы);
оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері
(интеллектілік, еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, т.б.);
оның демографиялық және жаратылыс ерекшеліктері (жынысы,
жасы, денсаулық жағдайы); оның өмірбаяны мен
өмірлік тәжірибесі, білімі, қоғам алдында
сіңірген еңбегі және т.б. қасиеттер кіреді. Бұдан
ойға түйетініміз, “қылмыс субъектісі” ұғымы
“қылмыскердің жеке басы” ұғымынан тар аспектіде
қарастырылады, соңғысының ұғымы-кең
[1,77б.]
ҚР-ның ҚК
15-бабында регламенттелгендей қылмыс субъектісі тек жеке
тұлға болуы мүмкін. ҚР Жоғарғы сотының 2004
жылы маусымның 18 жұлдызында қабылданған № 1 нормативтік
қаулысында: «Кез келген жеке тұлға, оның ішінде
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, соларға
теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жауапты мемлекеттік қызмет
атқаратын адамдар мен мемлекеттік емес, коммерциялық немесе
коммерциялық емес ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын
адамдар экологиялық қылмыстар субъектілері болуы мүмкін деп
көзделген». Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда,
еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы
үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым,
кәсіпорын емес сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі
түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан
адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса,
жауаптылыққа тартылады. 1968 жылы жарық көрген М.Д.
Шаргородский мен Н.А. Беляевтің қылмыстық
құқық оқулығында былай делінген:
“Заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа
тартқан жағдайда қылмыстық жазаның
мақсаттары түзеу және жаңадан қылмыс істеуден
алдын алу сияқты өзінің алдына қойған
мақсатына жетпейді”. Алайда,
теориялық жағынан, қылмыстық
құқықта
заңды тұлғаның жауапкершілік мәселесі дау-дамайлы болып табылады.
Экологиялық қылмыстар
үшін қолданылатын
қылмыстық–құқықтық санкциялар
экологиялық зиянды өндіріс қызметінің барлық
жұмысшыларына (тек қана нақты жеке
тұлғаларға емес) экономикалық пайдасыз болуы керек.
Одан басқа, лауазымды тұлғаларға айыппұл санкциялары
бұзылған экологиялық балансты орнына келтіруге ықпал
ете алмайды, себебі өндірілетін сомалар өте аз. Заңды тұлғаларға
салынатын айыппұлдар осы функцияларды орындауы мүмкін болар еді. “Айыппұл” санкциясын
әкімшілік құқық шеңберінде шешу жиі
ұсынылады: алайда, ҚР мамандандырылған прокуратурасының жүйесіндегі
табиғатты қорғау прокурорлары әкімшілік
құқық бұзушылық іс жүзіндегі
сараптама айыппұл сомасы соңғы айда жұмысшылардың
жалақы соммасын жоғарылатпағанын көрсетті.
Көптеген жағдайларда 200- ден 500 теңге айлық есептік
көрсеткішке дейінгі сома туралы айтылады, бұл табиғатқа
келтірілген зиянның орнын толтыру туралы айтуға мүмкіндік
бермейді. Егер әкімшілік және азаматтық құқықта
заңды тұлғалардың жауапкершілігі дәйекті болса,
оны неге қылмыстық құқыққа
қолданбасқа? Экологиялық қылмыс жасағаны
үшін қылмыстық процесте заңдылық деңгейі
әкімшілік және азаматтыққа қарағанда
жоғары. Мұндай жағдайда экологиялық қылмыстан
жәбірленушінің құқығын басқа сот формасына
қарағанда көбірек сенімді қорғалады. Сонымен
қатар, қылмыс мәселесі жөніндегі Еуропалық
кеңес еуропалық мемлекеттердің заң шығарушыларына
заңды тұлғаларды экологиялық қылмыс үшін
қылмыстық жауапкершіліктің субъектісі деп тануды
ұсынғанын ескеру қажет. Бұл ұсыныс бірнеше
елдердің заңдарында іске асырылған (мысалы, Ұлыбритания
, Франция және басқалар). Нью-Йорк штатының (АҚШ)
қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыс үшін корпорациялардың (басқа да
заңды тұлғалардың) қылмыстық
жауапкершілігін қарастырады. Заңды тұлғалардың қылмыстық
жауапкершілігі бұрын да тәжірибеден өткенін еске сала кету
қажет мысалы, фашистік қылмыскерлерді айыптау бойынша Нюрнберг
процесі кезінде Халықаралық Трибунал тек жеке
тұлғаларды ғана емес, бүкіл партияларды, тіпті, елді
қылмыскер деп жариялады. Бостандығынан айыру түріндегі Чернобыль
трагедиясының бірнеше нақты кінәлілерді жазалау
табиғатты қорғау деп айтуға болмайды. Заңды
тұлғаларды экологиялық қылмыстың субъектісі
ретінде анықтаудың пайдалылығы жөнінде айтуға
мүмкіндік беретін тағы бір жағдай бар.
Нарықтық
қатынастарға көшу, меншік нысанының
көбеюі, кәсіпкерліктің дамуы қылмыстық
жауаптылық нысанының жандандыруын талап етеді. Жекелеген ғалым-заңгерлер және тәжірибелік
қызметкерлер заңды тұлғаларды қылмыстық
жауаптылыққа тарту қажеттілігі туралы қорытындыға келеді.
Бұл
мәселені қарастыра келе біз «заңды тұлға
қылмыстың субъектісі болып табылада ма?» деген
сұраққа жауап іздейміз. Қай жауаптылықты алып
қарасақ та барлығында тұлғаның
жауаптылығы басым. Сонымен қатар Кеңес Одағының
ғалым-заңгерлерінің көпшілігі «қылмыстың
субъектісі тек қана жеке тұлға танылады»,-дейді.
Осыны
құптаған ғалым Н.И. Загородников «қылмыстық
жауаптылық әрқашан нақты тұлғамен байланысты, ол
басқа адамдарға, ата-анаға, қамқоршыға,
ерлі-зайыптыларға және қоғамдық
ұйымдарға, заңды тұлғаларға
берілмейді»,-дейді [2,16б.]. Сонымен қатар С.Г.
Келина және В.Н. Кудрявцев былай деп жазады: «қылмыс – ол
қауым немесе ұжыммен жасалатын емес, нақты
тұлғамен – индивидпен жасалатын әрекет
(әрекетсіздік). Тұлға тек өзінің жеке
әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) келтірген зияны шегінде
ғана қылмыстық жауап береді. Қылмыс үшін жаза
жекелік сипатқа ие, яғни қылмыс жасаған
тұлға ғана таралады [3, 100б.].
Жалпы
құқық елдерінде, яғни Ұлыбритания,
АҚШ, т.б. мемлекеттерде заңды тұлға «artificial person»
деп аталады. Оны сөзбе сөз аударса «жасанды тұлға»
немесе «person at low» -
«заң бойынша тұлға».
Сондықтан олар тек азаматтық айналымда ғана
жауаптылыққа тартылады, дейді. Қылмыстық жаза бұл
жерде жұмыс атқармайды. Сондықтан
заңды тұлғаларға қатысты, жазаның
құрамдас бөлігі болып табылатын жеке
тұлғаның негізгі игіліктерін шектеу немесе айыру сияқты
репрессивті қызметі жүзеге асырылмайды (өмір, ар, ұят,
бостандық). Бұл контекст бойынша заңды тұлғаларда
репутация бар, оны қылмыстық жаза ретінде алып қоюға
немесе шектеуге болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің жобасын дайындау кезінде 18-тарауда былай делінді:
«Заңды тұлға қылмыстық заңда
көрсетілген мынандай қылмыстар үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылады:
· Белгілі бір
қызметті жүзеге асыруға тыйым салынған, заңда
тікелей бекітілген міндетті орындамау немесе тиісінше орындамау;
· Жарияланған
мақсатына немесе құрылтай құжатына
сәйкессіз қызметті жүзеге асыру.
Құқық
қолданушылық тәжірибесін талдай
келе, құқық
қорғау органдары қызметкерлері осы заңды
тұлғаның кінәсін дәлелдеуде, әрекеттігін
(әрекетсіздігін) саралауда немесе іс қозғауда бірқатар
қиыншылықтарға кездеседі. Бұл әрине
қоғамдық қауіпті әрекеттердің жаңа
түріне байланысты. Мұндай әрекеттердің
(әрекетсіздіктердің) белгілері қолданыстағы
заңдарда толығымен ашылмаған. Нәтижесінде осындай
көптеген әрекеттер жазасыз қалып, «көлеңкелі
капиталдың» өсуіне, заң күшінің төмендеуіне
әкеледі.
Қазіргі
кезде мемлекеттік лауазымды тұлғалармен қылмыстылық
қатыгезденіп, ұйымдастырылып, қаруланып және сыбайлас
жемқорлыққа ұштасып жатыр.
Қоғамға қауіпті әрекеттердің көптеген
жаңа нысандары шығып, қолданыстағы заң нормаларын
айналып өтіп жатыр. Бұған себеп тек қана
құқық идеологиясындағы, саясаттағы,
экономикадағы дағдарыс емес, құқық
қорғау органдарының әлсіреуі,
заң нормаларының ескіруі. Әрекет
етіп отырған қылмыстық заңнама әдеттегі
қылмыстарға бағытталған, яғни осы қылмыстар
үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстық
құқықтың кейбір теоретиктері заңды
тұлғаны қылмыстың субъектісі ретінде ҚК-ке
кіргізуге түбегейлі қарсы. Олардың пікірі бойынша заңды
тұлғаға кінә концепциясы мен жазаның
мақсаттары қолданылмайды.
ҚР ҚК
жобасының бірі ретінде заңды тұлғаларға келесідей
жазалар түрін бекіткен:
· Қосымша жаза
ретінде - белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу
және мүлкін тәркілеу болуы мүмкін;
· Негізгі жаза
ретінде айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу,
заңды тұлғаны жою (ликвидация).
Заңды
тұлғаларға ағылшын
заңнамасы бойынша зиян келтіргені үшін және заңмен
бекітілген міндеттері мен билігін теріс пайдаланғаны үшін,
әрекетсіздік көрсеткені үшін айыппұл жазаларын
қолданған [4,36б.].
Заңды
күшіне енген ҚР азаматтық кодексінің 1-тарауы, 35-бабы,
3-бөлігінде заңды тұлғаның түсінігі
берілген. Онда, заңды тұлға-меншік шаруашылық
жүргізу және жедел басқару құқығында
оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес
жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер немесе жауапкер бола алатын
ұйым. Олар коммерциялық және коммерциялық емес
болып екіге бөлінеді. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік
қоғамдар, өндірістік кооперативтер, кәсіпорындар – олар
коммерциялық ұйымдар болып табылса, діни бірлестіктер,
кәсіптік одақтар, мекемелер, қоғамдық
қорлар – олар коммерциялық емес ұйымдарға жатады.
Заңды
тұлғаларды қылмыстық
жауаптылыққа тарту сұрағы социалистік
бағыттағы мемлекеттерде де болды. Бірінші болып Қытайда пайда
болды. ҚДР-да «Заңды тұлға қылмыс субъектісі
болып табылу мүмкін бе?» деген сұрағы көп уақыт
бойы шешімін таппады. Қытай қылмыстық
құқығының әдеттік теориясы жағынан
заңды тұлғаларды қылмыстың субъектісі ретінде
танылу мүмкіндігін бұрыс деп тапты. Бұл көзқарас
тек теорияда ғана айтылмай, 1974 жылы ҚДР ҚК-нде де
орын тапты. Тек 1988 жылы 2-қаңтарда
ҚДР-ның ВСНП сыбайлас жемқорлықпен күрес,
контрабанда туралы қаулыларымен социалистік елдердің
құқық шығармашылық тәжірибесінде
бірінші рет заңды тұлға экономикалық қылмыстары
үшін қылмыстық жауаптылықты бекітті. Қытайда
ұжымның қылмыстық жауаптылығы екі нысанда
жүргізілді: тікелей кінәлі тұлғаға кәдімгі
жауаптылық (бас бостандығынан айыру), ал барлық
ұжымға ақшалай айыппұл ретіндегі жауаптылық
көзделген [5,23б.].
Жалпы
айтқанда, заңды тұлғалардың
қылмыстық жауаптылығын бекіту туралы заңнаманың
дамуындағы тенденциялар халықаралық форумдарда орын алды.
1953 жылы Римде өткен қылмыстық
құқық бойынша халықаралық 6-Конгресте
заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа
тарту және оларға қарсы жазалау шараларын қолдану
мүмкіндігі туралы айтылған. Ал 1985 жылы қылмыстылықты
алдын алу бойнша БҰҰ 7-Конгресінде заңды
тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы
ережені ұлттық заңнамаға енгізу қажеттілігі
туралы тілектер айтылды.
Ұлттық
заңнамаға заңды тұлғаның
қылмыстық жауаптылығы туралы ережені енгізу – бұл
заңнамалық техникалық ғана емес, сонымен қатар
құқық теориясының да мәселесі. Заңды
тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын
заңнамалық рәсімдеуде олармен жасалатын қылмыстың
ерекшелігін еске алу керек. Заңды тұлғаны қылмыстық
жауаптылыққа тарту үшін жалпы негіз заңда бекітілген
қылмысты жасау болып табылады. Қылмыстық заңда
заңды тұлға қандай жағдайда, қандай
қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылатыны жөнінде
жазылуы керек. Осы тұста Әділет Министрлігінде тыңдалып,
пысықталған “Экономикалық қылмыстар, сыбайлас
жемқорлық қылмыстары және экологиялық
қылмыстарды жасағаны үшін заңды тұлғаларды
қылмыстық жауапкершілікке’’ тарту туралы заңның жобасы
жария талқылаудан өтіп, логикалық тұжырымға
келмеді. Аталған заң жобасының “тағдыры’’ белгісіз,
дегенмен қоғам қайта оралып, беделді ғалымдардың
белсенді қатысуымен шешілетіндігіне күмәніміз жоқ.
Бұл
ұсынысты, әзірше, біздің
әкімшілік құқық жүзеге асырады.
Қарастырып
отырған заң нормасының бұзылуы, әкімшілік,
азаматтық және мүліктік жауапкершілікке тарту істеріне талдау
жүргізу барысында көбіне, заңды тұлғалардың
құқыққа қайшы әрі қоғамға
қауіпті әрекеттерінің немесе әрекетсіздіктерінің
нысанында жүзеге асады. Жеке тұлғалар мен арнайы субъектілер
атмосфераны ластағаны үшін жауапкершілікке тартылуға
міндетті, ал заңды тұлғаларды қылмыстық
жауапкершілікке тарту еліміздің қылмыстық заңдарында
көзделмегендіктен, бұл көкейкесті проблемаға
мемлекеттік органдар қайта оралып, әділетті де негізді шешімін
тапса, көптеген мәселелер айқындалар еді деп есептейміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
1
Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық
құқық. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы – Алматы,
2003 – 253б.
2
Загородников Н.И. Принципы
уголовного права. // Советское государство и право. 1966, № 5.
3
Келина С.Г., Кудрявцев В.Н. Принципы советского
уголовного права. М., 1988г.
4
Криминология: Учебник/Под ред. проф. Н.Ф.Кузнецовой,
проф. Г.М.Миньковского.- М., Издательство БЕК, 1998.-566с.
5
Имамов Э.З. УП КНР. М. 1940. Юридическая жизнь в
Китае.М., 1940.