581.4.1. 412

 

Біркөлік шатқалы дендрофлорасының қазіргі таңдағы экологиялық жағдайы

 

Резюме

 

Бұл мақалада Біркөлік шатқалы дендрофлорасының экологиялық жағдайына сипаттама берілген.

            В статье дается характерисика на экологическое состояние дендрофлоры ущ. Бургулюк.

 

Ауелова Ж.К; Абдикаримова Г, Куандыкова Э, Ташимбетова А.Г

М. Әуезов атындағы Оңт.Қаз. Мемл. Университеті.

 

            Қазақстанның таулы аймақтары республиканың жер көлемінің 12,4 % ғана қамтыған, флорогенездің  орталығы болып табылады. Сонымен қатар таулы экологиялық жүйелер өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігінің максимальды концентрациясы жиналумен де ерекшеленеді. (Байтулин, 2006) (1) 27 бет

            Біркөлік шатқалы Қаржантау жотасының құрамдас бөлігі бола тұра өзінің түр құрамы бойынша біршама ерекшеленеді. Шатқал дендрофлорасының табиғи қауіпті катаклизмдерге топырақтың эрозияға ұшырауы мен су балансын сақтауды, көшкіннен қорғауда маңызы зор. Орман ағаштары атмосфералық ауаны шаң- тозаң мен көмір қышқыл газымен және т.б заттардан тазартып, ауа құрамында оттегіні көбейту арқылы табиғаттағы газ алмасу процесіне үлкен ықпал жасайды. Бұл дендрофлоранының санитарлық- гигиеналық қасиеті болып табылады.

            Таулардың табиғи ресурстарын тиімсіз, ысыраппен, ал кей жағдайларда жыртқыштықпен, тойымсыздықпен пайдалану нәтижесінде бірқатар тау өңірлердің (биологиялық ) фитобиотасы жұтаңданып, ресурстық потенциалының төмендеуіне әкеліп соғады. Жыл өткен сайын тау өңірлерінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау өзекті мәселеге айналуда. Сондықтан да, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблясы 2002 жылы Халықаралық тау жылы деп шешім қабылдаған болатын.

            Таулар республика үшін аса маңызға ие. Бірақта еліміздің даму стратегиясында тау мәселесіне қажетті көңіл бөлінбеген. (2) 10 бет (Байтулин 2006)

            Таулы экологиялық жүйелер флора мен фаунаның биологиялық алуан түрлілігін сақтау мен қалпына келтіруде, оның ішінде тау алды жазықтықтарының экожүйесінің бұзылуынан сақтауда өзіндік табиғи қойма ретінде кепілдік қызметін атқарады.

             Қазақстан территориясының бар- жоғы 3.8% - ормандар үлесіне тиеді. Сондықтан да тау ормандарының биологиялық көп түрлілігін сақтау мен парықты пайдалану экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағынан өте маңызды.

            Таулар- минералдық заттардың негізгі қоры- онда еліміздің негізгі су қорлары, негізінен таза ауыз суы қалыптасады. Бүгінгі күні Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда таулы экожүйелердің бұзылуы өзекті мәселеге айналып барады. Ал, ол өзкезегінде су көздерінің ластануына алып келеді. (3) Сихымбаев Ә.Е, т.б

            Қаржантау жотасы дендрофлорасының тіршілік формалары «Жоғары кәсіби мамандар даярлаудың өзекті мәселелері.»  Шымкент, 2009. 140 бет 

 

БІРКӨЛІК ШАТҚАЛЫНДАҒЫ АҒАШ-БҰТА ӨСІМДІКТЕРІНІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ

3.1 Біркөлік дендрофлорасының түр құрамы

 

 Дендрофлора - өткен тарихи кезеңдердегі экологиялық ортаның әрқилы факторларымен байланысты белгілерді жинақтаған сезімтал индикатор [75]. Сондықтан да  дендрофлораға талдау жасау белгілі бір қызығушылық тудыратындығы шындық.

Дендрофлораның өзіндік ерекшелігі мен түр құрамының байлығы экологиялық жағдайдың әртүрлілігімен, вертикаль аймақтықпен, ландшафттың белдеулігімен, күрделі рельефпен және топырақ астындағы литологиялық құрамының әралуандығымен түсіндіріледі  [76].

 Сонымен,  Қаржантау жотасының құрамдас бөлігі болып табылатын Біркөлік шатқалының белгіленген шекарасында 21 тұқымдастың 42 туысына жататын 91 жоғары сатыдағы ағаш-бұта түрі тіркелді.   Шатқал дендрофлорасының негізін құрайтын жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер түрлері 1-кестеде белгіленді. Мұндай арақатынас   Иран-Тұран облысының аридті құрғақ аудандарына, оның ішінде Ауған-Түркістан провинциясының құрғақ – шөлейттік таулы жерлерінің флораларына тән [17].

1кесте -  Біркөлік шатқалы дендрофлорасының негізгі систематикалық топтарының арақатынасы

 

 

Таксондар

Тұқымдастар

Туыстар саны

Түрлер саны

Жалпы    түрлер санының % мөлшері

 

 

 

 

 

1 div. Pinophyta

  1

    1

3

 3,29

2 div. Gnetophyta

  1

    1

2

 2,19

        3 div. Magnoliophyta

19

40

       86

94,50

   class Magnoliopsida

19

40

       86

94,50

             Барлығы

21

42

       91

   100

 

Флораның негізгі көрсеткіштерінің бірі - туыстардың түрге қанықтылығы немесе туыстық коэффициент. 

Біркөлік шатқалы дендрофлорасының негізгі ерекшеліктерінің бірі - түр құрамының  басым бөлігі (94, 50%) Magnoliopsida класс өкілдері болып келеді. Ағаш-бұталы өсімдік түрлері адыр және тау белдеулерінде аз түрмен кездеседі [88]. (Crataegus pontica, C.turkestanica, Acer semenovii, Malus sieversii, Sorbus persica, Amygdalus spinosissima, Cerasus mahaleb т.б.) Тасты баурайларда тіпті жартас саңылауларында Celtis caucasica-ның жекелеген даналарын кездестіруге болады.          

      Орта Азияның ксерофильді флорасының генезисі мен құрамы жөнінде С.А.Невскийдің [77], П.Н.Овчинниковтің [29], П.К.Закировтың [78], Ф.У.Хасановтың [79], Р.В.Камелиннің [17], Д.К.Курбановтың [27] және т.б. ғалымдардың құнды пікірлерін ескере отырып, талдау жасадық.

2-кестеден байқағанымыздай, ірі тұқымдастар қатарына мыналар жатады: Rosaceae (21 түр - 23,07%), Salicaceae (13 түр-14,28%), Lamiaceae (13 түр - 14,28%), Fabaceae (8 түр - 8,79%), Polygonaceae  (7 түр - 7,69%).          Біркөлік шатқалының ағаш-бұталы өсімдіктері негізінен мезоксерофильдік және  ксерофильдік қасиет көрсетуіне  қарамастан, оларға жалпы таулы Орта Азия флорасының белгілері тән болып келеді.       

      Зерттеліп отырған территорияда түрлер санының 68,11% - осы аталған 5 тұқымдастың үлесіне тиеді. Түрлер саны жағынан 8 тұқымдас басымдылық көрсетеді (3 кесте).

3 кесте - Біркөлік шатқалы дендрофлорасының ірі тұқымдастарындағы туыстар мен түрлердің саны

 

Тұқымдастар

Туыстардың саны

Түрлердің саны

Жалпы түр санынан % мөлшері

 

 

 

 

 1. Rosaceae 

10

21

23,07

 2. Lamiaceae

 4

13

14,28

 3. Salіcaceae

 2

13

14,28

 4. Fabaceae

 6

  8

  8,79

 5. Polygonaceae

 2

  7

  7,69

 6. Asteraceae

 3

  4

  4,39

 7. Caryophyllaceae

 1

  4

  4,39

 8. Berberidaceae

 1

  4

  4,39

 

Жалпы, тексеріліп отырған территорияда 5 тұқымдас 7-ден 21-түрге дейін, 3 тұқымдас 4 түрден, 13 тұқымдас 1-ден 3 түрге дейін біріктіретіндігі анықталды.

Түрлер санының аздығына қарамастан Біркөлік шатқалы дендрофлорасының флористикалық спектрі Батыс Тянь-Шань тау жүйесіне сәйкес келеді (4 кесте).

4 кесте - Біркөлік шатқалы дендрофлорасының  ең ірі туыстары

 

Туыстар

Түрлердің саны

Жалпы түрлер санымен % мөлшері

  1. Salіx

             9

       9,89

  2. Rosa

             7

       7,69

  3. Atraphaxis

             6

       6,59

  4. Scutellaria

             5

       5,49

  5. Populus 

             4

       4,39

  6. Berberis 

             4

       4,39

  7. Crataegus 

             4

       4,39

  8. Lonicera

             4

       4,39

  9. Thymus

             4

       4,39