Махметова С.У.   Ветеринариялық санитария мамандығының 5 курс студенті, Батырбеков А.Н. ветерианариялық санитария кафедарсының аға оқытушысы, в.ғ.к.

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

Әулиекөл ауданы базарында сатылатын сүттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы

 

 Сүт – сүтқоректiлердiң сүт безiнен бөлiнетiн, төлдiң өсiп-өнуiн қамтамасыз ететiн биологиялық сұйықтық.

  Сүт және сүт өнімдерінің тағамдық құндылығы жоғары, себебі олардың құрамында адам ағзасына қажетті барлық заттар, яғни оңтайлы баланстық қатынастағы және жеңіл қорытылатын заттар бар.

           Сүт жеңіл қортылатын болғандықтан дәрігерлер бұл өнімді  барлық дерлік асқазан-ішек ауруларында ұсынады.  Тағам туралы ғылымда сүт және сүт өнімдерін балалар мен ересектердің тағам рационына кіргізу ұсынылған. Сүттің құрамында адам организмі үшін өте қажет, арақатынастары теңгерілген және өте сіңімді заттар– (белок, май,углевод, минералды заттар, дәрумендер, ферменттер, гормондар т.б.)  мол болады. [1]

 Бірақ, ауру малдан алынған немесе әртүрлі ақаулары бар сүт адам ағзасына кері әсер етілуі мүмкін.  Сүт ақауларын туғызатын  факторларға: сауылатын малдың физиологиялық күйі, сүт бездерінің немесе малдың жалпы аурлары, оларды дұрыс азықтандырмау, малды күтіп‑бағу, жайылым жағдайлары мен сапасыз азықтарды қолдану, сондай‑ақ сүтте дәрілік заттардың жиналуы және т.б. [2]

          Сүт және сүт өнімдеріне қойылатын негізгі талап – бұл адам денсаулығына зиян келтіретін барлық факторларды жою болып табылады.  Сүт бағытындағы шаруашылықтың дамуы ветеринария ғылымының алдына өндірілетін өнімнің физико-химиялық және ветеринариялық-санитариялық көрсеткіштерінің, сонымен қатар олардың биологиялық және технологиялық  сапасын жоғарлатуды міндеттейді. Сондықтан да сүт және сүт өнімдері ветеринарлық санитариялық және санитарлық‑эпидемиологиялық қызметкерлердің барлық тексерулерінен өтуі тиіс.[3] Осыған орай, аталмыш мәселе бойынша  Әулиекөл ауданы базарында сатылатын сүттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасымен танысу мақсаты қойылды.  Зерттеулер Әулиекөл ауданы базары жағдайында және А.Байтурсынов атындағы ҚМУ-нің «Ветеринариялық санитария» кафедрасында жүргізілді.

Әулиекөл базарына әкелінетін  сүт және сүт өнімдері Әулиекөл ауданының (Новонеженка, Новоселовка, Тимофеевка және Диевка) ауылдарынан аптасына 3-рет әкелінеді.

Базарға түскен сүттің құжаттары тексерілеп, кейін сынама алынды. Тексерілуге түскен сүтті  сезімдік және биохимиялық әдістері арқылы анықталды.

Биохимиялық зерттеулер В.П. Коряжновтың «Практикум по ВСЭ молока и молочных продуктов», Москва-1981, және С. Қырықбайұлы, Т.М. Телеуғали, т.б. шығарған «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» практикумы (Алматы,2008 ж) ережелеріне сәйкес жүргізілді.[4]

Өзіндік зерттеулер

Зерттеу нәтижелері 1-2 кестеде көрсетілген.

 

1-кесте.  Сүт өндіру гигиенасының микроорганизмдердің өсуіне әсері

Сүтті өндірудің гигиеналық жағдайы

Температура мен сақталу уақытының  қатынасы

40С

80С

100С

150С

15сағ

24 сағ

15сағ

24 сағ

15сағ

24 сағ

15сағ

24 сағ

Таза

1,0

1,1

1,2

2,0

1,3

9,1

13,4

66,3

Лас

1,0

1,5

1,9

4,5

3,8

13,7

31,6

163,2

            Кесте мәлеметіне қарағанда  тек 40С кезінде ғана екі сынамада да 15 сағат бойы микроорганизмдер болған жоқ. Бұл уақыт өткен соң микроорганимздердің өсуі температураға сәйкес  тез дамып бастаған.

            Сондықтан сүттің өндіруден өңдеуге дейінгі барлық этаптарында   бактериальды ластануына аса көңіл аудару керек. Егер сүт өндіру технологиясының негізгі ережелерін  дұрыс сақтағанда 1см3/105 микроб саны бар  сүт  өндіруге болады.

 

2- кесте. Түскен сүтті сезімдік және биохимиялық әдістері арқылы анықталды.

Түсі

Дәмі

Иісі

Қышқыл-

дығы °T

Майлығы %

Тығыз-дығы

1.Новонежен

Ақ

тәттілеу

ащытқы

15

1,8

1,007

2.Новоселов

Ақ-сарғыш

тәттілеу

Өзіне тән

17

3,5

1,029

3. Диев

Ақ-сарғыш

тәттілеу

Өзіне тән

18

3,8

1,030

4. Тимофеев

Ақ-сарғыш

тәттілеу

Өзіне тән

17

4

1,032

 

      «Әулиекөл» базарына күніне әр ауылдарынан әкелінген 40 литрдей сүт сатылады. Сатылуға түскен сүттің сезімдік көрсеткіштері негізінен жоғары. Биохимиялық көрсеткіштері төмендегідей болды: тығыздығы-1,007-1,029, қышқылдылығы – 160Т, майлылығы-3,5%,бөгде қоспалар жоқ. Бұл көрсеткіштер Мемлекеттік стандарт талаптарына сай. Ветеринариялық – санитариялық сараптау нәтижесіне сүйеніп бұл сүттерге шектеусіз сатуға рұқсат берілді.

      Зерттеулер нәтижесі бойынша Новонеженкадан әкелінген сүттің көрсеткіштері жалпы тиалаптарға сай келмеді, яғни түсі ақшыл, иісі ащытқы иіс және майлылығы төмен болды. Бұл сынамадағы сүтке су қосқандығы анықталды, сондықтан да  бұл сүт  сатуға жіберілмеді.

Зерттеу нәтижелерін қорыта келгенде, Әулиекөл базарына сатылуға түсетін сүт және сүт өнімдері негізінен жалпы қойылатын талаптарға сай келеді.

 


Әдебиеттер:


1.  Телеуғалиев Т.М. «Сүт және сүт тағамдарының гигиенасы», Алматы, Қайнар,1971ж.

2. Телеуғали Т.М., Қырықбайұлы С., «Малдәрігерлік-санитариялық сараптау және малшаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері», Алматы,1998 ж.

3. Под.ред. Елемесова К.Е., Шуклина Н.Ф., «ВСЭ стандартизации и сертификация продуктов», II-томах. Алматы, 2003г.

4. Шуклин Н.Ф., Кырыкбайулы С. и др. «Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация»,