Батырбеков А.Н. ветерианриялық санитария кафедарсының аға
оқытушысы, мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты
Нұрышова С. С. Ветеринариялық санитария мамандығының 5 курс студенті
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Әулиекөл
ауданы базарында сатылатын қой етінің
ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
Қой
еті халқымыздың жиі қолданылатын негізгі ет өнімі болып
табылады. Әрине, еттің сапасы мал қоңдылығына,
сою өңдеу барысында ветеринариялық санитариялық
талаптардың қатаң сақталуына байланысты.
Еттің
дәмділігі, басқа өнімдермен үйлесімдігі,
кулинариялық өндеуге бейімділігі, негізінде, ет тек қана
біздің халқымыз емес дүние жүзі
халықтарының барлығында да, адам рационның негізін
құрайды. [1]
Республикамызда
халықты азық түлікпен қамтамасыз етуде
қойдың маңызы өте зор, себебі ол етке
қажеттіліктің 50% өтейді, сонымен қатар қой
жүні, терісі жеңіл өнеркәсіптің
қажеттілігінің негізін қалайды. Қой еті
халқымыздың ерте заманнан келе жатқан негізгі тағамы.
Ал ет адам организімнің қалыпты жұмыс атқаруына
қажетті ақзаттың малдың, көмірсудың,
витаминдерін, минералды заттардың негізгі көзі. [2]
Әрине, кейде
ет арқылы адамға әр түрлі ауру да жұғуы
мүмкін. Сондықтан мал дәрігері тағамдық
өнімдерді өндіруде сатуға қатаң бақылау
жүргізу қажет. [3]
Республикамызда
халықты тағамдық өнімдерімен қамтамасыз
етудің бір көзі, базар болып табылады. Соңғы кезде
тағамдық өнімдерді базарда сату күрт көтереді.
Азық түліктің адамға зиянсыздығын
базардағы мал дәрігерлік, санитарлық сараптау
дәрігерлері қадағалайды.
Осыған орай,
аталмыш мәселе бойынша
Әулиекөл ауданы базарында сатылатын қой етінің
ветеринариялық-санитариялық сараптамасымен танысу мақсаты
қойылды.
Өзіндік зерттеулер
Зерттеулер Әулиекөл ауданы базары жағдайында және А.Байтурсынов
атындағы ҚМУ-нің «Ветеринариялық санитария»
кафедрасында 2011-2012 ж
жүргізілді.
Әулиекөл
базарына әкелінетін қой еті
Әулиекөл ауданының (Новонеженка, Новоселовка, Тимофеевка
және Диевка) ауылдарынан аптасына 1-рет әкелінеді. Зерттелетін объект
болып Әулиекөл ауданының әр ауылдарынан келген 5
қой ұшалары болды.
Базарға
түскен еттің құжаттары тексерілеп, кейін сынама алынды.
Сойыс алаңынан келген қой ұшасын және ішкі органдарын
ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды.
Зерттеу нәтижелері 1-2 кестеде көрсетілген.
Дегенмен, 1 – кесте
мәліметтері көрсетіп отырғандай, Диев, Новонежин,Темофеев
және Әулиекөл ауылдарынан келген қой еттері
ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болды, ал
Новоселов елді мекенінен түскен қой еті органолептикалық
көрсеткіштер бойынша ветеринариялық-санитариялық
талаптарға сәйкес келмеді. 2 – кесте нәтижелері бойынша рН
көрсеткіштері 6,5-7,3 аралығында болды, Аммиакты Несслер
реакциясымен сынамаларды анықтағанда Новоселов ауылынан келген қой етінің несслер саны 1,6
болды.
Зерттеу нәтижелерін
түйіндей келе, Әулиекөл ауданы базарына сатылуға
түсетін қой еті негізінен ветеринариялық-санитариялық
талаптарға жауап береді, ал сай келмейтін қой ұшалары
сатылуға рұқсат етілмейді.
Кесте 1- Қой
етінің органолептикалық көрсеткіштері
|
Ауылдар |
Ұшаның
тұсі мен көрінісі |
Кесілген
бұлшық еттері |
Консистенциясы |
Иісі |
Майдың
жағдайы |
Буын ме сіңірдің жағдайы |
|
Диев |
Ақшыл- қызыл тұсті,кішкене кебулер
бар |
Қызыл түсті,аздап дымқылдау,фильтр
қағазында ізі қалмады |
Бұлшық еттері майысқақ,
тығыз,саусақпен басқан кезде ойық пайда болып,тез
жазылады. |
Спецификалық, балауса етке тән |
Майы сары түсті, консистенциясы тығыз,
езген кезде ұсақталады |
Сіңірі
майысқақ,тығыз,буындарының үсті
жұмсақ,жылтыр |
|
Новонежин |
Ақшыл- қызыл тұсті,кішкене кебулер
бар |
Қызыл түсті,аздап дымқылдау,фильтр
қағазында ізі қалмады |
Бұлшық еттері майысқақ,
тығыз,саусақпен басқан кезде ойық пайда болып,тез
жазылады. |
Спецификалық, балауса етке тән |
Майы сары түсті,
Консистенциясы тығыз,езген кезде ұсақталады |
Сіңірі
майысқақ,тығыз,буындарының үсті
жұмсақ,жылтыр |
|
Новоселов |
Қоңыр - қызыл тұсті,кішкене
дымқыл |
Қоңыр қызыл түсті, фильтр
қағазында ізі қалды |
Бұлшық еттері қатты,саусақпен
басқан кездеойық пайда болып жазылмайды |
Иісі жағымсыз |
Майы ақшыл сары,езген кезде
ұсақталмайды |
Сіңірі қатты, буындарының үсті
қатты, жылтыр емес |
|
Темофеев |
Ақшыл- қызыл тұсті,кішкене кебулер
бар |
Қызыл түсті,аздап дымқылдау,фильтр
қағазында ізі қалмады |
Бұлшық еттері майысқақ,
тығыз,саусақпен басқан кезде ойық пайда болып,тез
жазылады. |
Спецификалық, балауса етке тән |
Майы сары түсті, консистенциясы тығыз,езген
кезде ұсақталады |
Сіңірі
майысқақ,тығыз,буындарының үсті
жұмсақ,жылтыр |
|
Әулиекөл |
Ақшыл- қызыл тұсті,кішкене кебулер
бар |
Қызыл түсті,аздап дымқылдау,фильтр
қағазында ізі қалмады |
Бұлшық еттері майысқақ,
тығыз,саусақпен басқан кезде ойық пайда болып,тез
жазылады. |
Спецификалық, балауса етке тән |
Майы сары түсті, консистенциясы тығыз,езген
кезде ұсақталады |
Сіңірі
майысқақ,тығыз,буындарының үсті
жұмсақ,жылтыр |
Кесте 2 - Қой
етінің зертханалық көрсеткіштері
|
№ |
Ауылдар |
Қайнату сынамасы |
Бактериоскоптау |
рН анықтау |
Периоксидазаны
анықтау |
Аммиакты несслер
реакциясымен анықтау |
|
Ішкі/сыртқы |
||||||
|
1 |
Диев |
Сорпасы мөлдір,беткі жағында май жылтырлары
бар, спецификалық өзіне тән жағымды иісі бар, ет
жақсы тарамдалады. |
Бұлшық еттің жоғарғы
жағында микроптар жоқ, преппарат нашар боялған,шыны
үстінде жайылған бұлшық ет ұлпалар
байқалмайды. |
6,5 |
Экстракты көк
түске боялды |
Сарғыш түске боялды Балауса еттің несслер саны 1,0 |
|
2 |
Новонежн |
Сорпасы мөлдір,беткіі жағында май
жылтырлары бар, спецификалық өзіне тән жағымды иісі
бар, ет жақсы тарамдалады. |
Бұлшық еттің жоғарғы
жағында микроптар жоқ, преппарат нашар боялған,шыны
үстінде жайылған бұлшық ет ұлпалар
байқалмайды. |
6,7 |
Экстракты көк
түске боялды |
Сарғыш түске боялды Балауса еттің
несслер саны 1,0 |
|
3 |
Новоселов |
Сорпасы лас, беткі жағында май аз,сорпасы мен
етінің иісі жағымсыз |
Беткі жағында 123,ал тереңгі жағында
30 ға жуық микроорганизмдер байқылды.Преппарат жақсы
боялған,шыны үстінде бұлшық ет ұлпалары
жақсы жайылған |
7,3 |
Экстракты көк
түске боялып кейін қоңыр түске айналды |
Тұнба түсіп,қызғылт сары
түске боялды Бұзылған еттің несслер саны 1,6 |
|
4 |
Темофеев |
Сорпасы мөлдір,беткі жағында май жылтырлары
бар, спецификалық өзіне тән жағымды иісі бар, ет
жақсы тарамдалады. |
Бұлшық еттің жоғарғы
жағында микроптар жоқ, преппарат нашар боялған,шыны
үстінде жайылған ұлпалар байқалмайды. |
6,8 |
Экстракты көк
түске боялды |
Сарғыш түске боялды Балауса еттің
несслер саны 1,0 |
|
5 |
Әулиекөл |
Сорпасы мөлдір, беткі жағында май
жылтырлары бар, спецификалық өзіне тән жағымды иісі
бар, ет жақсы тарамдалады. |
Бұлшық еттің жоғарғы
жағында микроптар жоқ, преппарат нашар боялған,шыны
үстінде жайылған ұлпалар байқалмайды. |
6,8 |
Экстракты көк
түске боялды |
Сарғыш түске боялды Балауса еттің
несслер саны 1,0 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Телеуғали Т.М., Қырықбайұлы С.
Мал дәрігерлік санитарлық сараптау және мал шаруашылығы
өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері.
2. Жанұсақов Н. Қой
аурулары. Алматы 1997.
3. Кожабеков З.К., ж.б. Мал аурулары. Алматы 1989.
4.Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф.
Ветсанэкспертиза с основами
технологии и стандартизации продуктов
животноводства. М. 1991.