Т.Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық
университетінің
«6М050700-Менеджмент» мамандығының
магистранты
Ибраимов Наржан Аманбайұлы
Шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту
жолдары
ҚР Президентінің Қазақстан халқына
арнаған ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты жолдауында Ұлттық экономикамыздың жетекші күші -
кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау деген болатын, осыған
байланысты келесідей негізгі міндеттер койылған:
1.
Шағын және орта бизнесті дамыту
2.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі
«Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»
3.
Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің
өзгеруі [1].
Осы аталғандарды ескере отырып,
шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту қазіргі
кезде объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жетеді.
Өйткені ол мемлекеттің экономикалық жаңаруы мен жетілуіне,
өндіріске, халықтың жұмыспен қамтылуына
және өзге де мәселелерді
шешуге оң әсерін тигізумен бірге, белгіленген экономикалық саясатты
жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Осыған байланысты мемлекеттің кәсіпорындарды
ұйымдастыру мен дамыту және оны жан-жақты қолдауға жағдай жасауы бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мол
мүмкіндіктер ашады. Бұл
мәселе еліміздің экономикалық саясатының
құрамдас бөлігі ретінде барлық даму стратегияларында, мемлекеттік бағдарламаларда
және Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында да қарастырылып, мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр.
Шағын және орта бизнес - экономикалық
дамудың алғышарты. Бұл пікірге әлемнің экономика
сарапшылары қосылары сөзсіз. Нарықтық өтпелі
кезеңнің сатысынан өткен көптеген елдер шағын
бизнес арқылы әлеуметтік-экономикалық ахуалын біршама
түзеп алды. Тіпті, бизнесі пайдаға кенелткен “үлкен жетілікке”
кіретін елдер осы сала арқылы ішкі өнім өсіміне қол
жеткізіп қанай қоймай, дүниежүзіндегі дамушы
елдердің нарығын оп-оңай жаулап алды. Аталмыш елдерде
мемлекеттік қолдауға ие шағын бизнес кәсіпорындары жыл
өткен сайын инвестициялық-инновациялық жобаларды жүзеге
асыруда. Өйткені шағын және орта бизнес - бюджет
кірісін арттыратын стратегиялық тұрғыдан маңызды сала
[2].
Шағын және орта бизнес
субъектілерінің қызметін дамыту ол – кез келген ел экономикасының
негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай,
шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы
нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда,
салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта
тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары
ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері
өмірге енгізіледі, қоғам
тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап
қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта
кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды
сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне
айналуда. Осылайша, шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту
бұдан былай да біздің мемлекетіміздегі басымдықтардың
бірі болып қала бермек. Сондықтан соңғы жылдары
Республикада көп көңіл шағын және орта бизнесті
дамытуға бөлініп отыр, оған қолайлы жағдайлар
жасау арқылы шағын және орта бизнесті несиелендіру,
яғни оған инвестиция құю, оны техникамен
қамсыздандыру және т.б. арқылы жетілдіру шаралары жасалуда. Экономика
жағдайларын жақсартуда шағын және орта
кәсіпорындардың үлкен әлеуеті бар. Осыған
сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың
жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы
тиіс. Экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі өтпелі
экономика кезінде жалпы экономиканы
сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан
шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы
мүмкін. Нарықтық экономика елдерінде, сонымен қатар
біздің мемлекетімізде де кәсіпкерлік кең дамыған және басқа барлық мекемелер
формалары ішінде басым бөлігін құрайды. Соңғы жылдар
ішінде Қазақстанда миллиондаған кәсіпкерлер мен
бизнесмендер пайда болды.
Қазақстандық кәсіпкерлердің негізігі
бөлігін шағын және орта бизнес құрайды.
Кәсіпкерлік - бұл экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану,
сонымен қатар инновациялық негізде шаруашылық
тәуекелділікті ұйымдастыру,
сондай-ақ өз ісінің нәтижесіне жауаптылықпен
қарау, мекемені басқара білу.
Шағын бизнесті қалыптастыру мен
дамытудағы басты мақсат – халықтың
жұмысбастылық мәселелерін шешу, еңбек белсенділігін
арттыру және тұтыну нарығын тауар мен қызметтердің
үлкен ассортиментімен қамтамасыз ету.
Шағын бизнестің нысандық статусын жұмысшылар саны мен табыс жиынтығы
құрайды. Шағын кәсіпкерліктің өзіне тән
ерекшеліктері бар.
Шағын кәсіпкерлікті
тұрақтандыру барысында және Қазақстан
азаматының кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін
қолайлы құқықтық және
экономикалық жағдайлар қарастырылған:
-
жеке,
жанұялық кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын
заңдық тұрғыда қамтамасыз ету және
мемлекеттік органдардың құқықсыз араласуын шектеу;
-
шағын
бизнесті мемлекеттік тіркеуге
оңайлатылған тәртіпті ендіру. Оған тіркеу ақысы
мен мерзімін қысқарту, талап етілген жарғылық
қорының мөлшерін төмендету және т.б.; мемлекеттік
бақылаушы органдардан шағын бизнес субъектілерінен қосымша
ақыны алуын шектеу [3].
Зертеулер
жүргізу барысында байқағанымыз, қазіргі біздің
республиканың шағын бизнес саласы мемлекет тарапынан үлкен
қолдауды қажет етеді. Біздің ойымызша шағын бизнесті
мемлекеттік қолдау келесі бағыттарды қамтуы керек.
ҚР Үкіметінің,
қазақстандық жеке және заңды кәсіпкерлік
тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың,
шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес
құрылымдарының қатысуымен «Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры» құрылды.
Қор қызметі конкурс негізінде
шағын бизнес субъектілеріне несие беруге бағытталған. ҚР Үкіметі ҚР ҰБ-мен
бірлесе отырып, шағын кәсіпкерлер үшін мемлекеттің
қатысуымен мемлекеттік банкте және екінші деңгейлі
банктерде шот ашуын қамтамасыз
ететін шараларды жасауды қолға
алды. Осы уақытта екінші деңгейлі банктердің шағын
бизнес субъектілерін несиемен қамтамасыз ету туралы шараларды тұрақтандыру
жүйесін жасады. Жалпы шағын кәсіпкерлікке ішкі, сыртқы
факторлар әсер етеді (1-сурет) [4].

1-
сурет – Қазіргі жағдайдағы шағын және орта
бизнестің ерекшеліктері
Қазіргі таңда ҚР Қаржы
Министрлігімен бірлесе отырып, келесідей шараларды жүргізу
қолға алынуда:
-
Мемлекеттік
кәсіпорындардағы пайдаланылмайтын нысандар мен аумақтарды
түгендеу; пайдаланылмаған өндірістік алаңдар туралы
ақпараттарды ұсынған кәсіпкерлерге жалға немесе
өндірістік мақсатта пайдалану үшін бір жыл өткеннен
кейін жекеменшікке беру туралы сенімді құжат негізінде беріп
отырады. Егер кәсіпкер 6
айдың ішінде өндірістік жұмыстарды жүргізбесе, онда
нысан қайта алынып, конкурсқа қойылады;
-
шағын бизнес
инкубаторлары және құрылыс нысандарына арналған жер
бөліктері анықталып, 5 жыл
мерзімге дейін несие беру туралы және
сату туралы ай сайын конкурс
жариялайды. Өндірістік қызметтермен айналысатын шағын кәсіпкерлікке жерді пайдалану актісі
ақысыз беріледі;
-
тендер негізінде
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті
ұйымдастыру үшін аяқталмаған құрылыс
нысандарын беруді қамтамасыз етеді.
ҚР шағын бизнесті қолдау мен дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын
жүзеге асыру шеңберінде экономиканы реформалаудың негізгі
механизмдерімен бірге, шағын кәсіпкерлік саласындағы
мемлекеттік саясаттың тығыз байланысы қарастырылған.
Атап айтқанда:
-
нарықтық инфрақұрылымның
қалыптасуы мен дамуы;
-
шағын бизнесті өндірістік және
инновациялық қолдау;
-
шағын бизнесті қорғау мен дамыту
саласындағы нормативті құқықтық актілерді
жетілдіру;
-
шағын бизнес салаларын мамандармен қамтамасыз
ету және мамандарды қайта даярлау;
-
БАҚ арқылы шағын бтзнестің
қызметі туралы кеңніне ақпараттар тарату [5].


2 -
сурет – Қазақстандағы шағын бизнестің ішкі
және сыртқы факторларға жіктелуі
Шағын
бизнестің дамуының маңызды мәселелерінің бірі –
кәсіпкерлерді несие ресурстарымен қамсыздандыру. Яғни
кәсіпкерлік қызметті несиелендіру саласында келесідей шараларды
жүзеге асыру керек.
1.
шағын бизнеске екінші деңгейлі банктер мен
инвестициялық қорларды тарту мен тұрақтандыру
механизмін жетілдіру;
2.
коммуналды жекешелендіру нысандарынан
аймақтық қор қорларын құру;
3.
өзара несие алмасу қоғамы мен несие
серіктестігін құру туралы тұжырымдаманы әзірлеу;
4.
аймақтарда шағын кәсіпкерлікті дамыту
қорының өкілдерін ашу.
Қорыта
айтқанда, шағын және орта бизнестегі мәселелерді
шешудегі мемлекеттік саясат мыналарға негізделуі тиіс:
-
шағын бизнесті
мемлекеттік қолдаудың оңтайлы жүйесін
қалыптастыру;
-
нормативті-құқықтық
базаны күшейту және оның орындалуын қадағалау;
-
шағын
кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құруға
ықпал ету;
-
тауар мен
қызметтер нарығында бәсекені дамыту, іскерлік және инвестициялық
белсенділікті арттыру;
-
кәсіпкерлік
іс-әрекетке әйелдерді, жастарды, зейнеткерлерді тарту жолдарын
қарастыру;
-
қаржы-несиелік,
инвестициялық механизмді белсендіру; кәсіпкерлік
қызметтің қаржыландырудың жаңа формаларын іздестіру;
-
аймақтарда кәсіпкерлік
қызметті дамыту;
-
шағын және
орта кәсіпкерлікті білікті ақпараттық, кәсіби,
консалтингтік қызметтермен қамтамасыз ететін нарықтық
инфрақұрылым элементтерін жетілдіру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы – Астана, 2012 ж.
2.
Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан
Республикасының Заңы.-Егемен Қазақстан, -2006 жыл,
7-ақпан.
3.
Бегежанова,Э.К. Тенденции развития малого и среднего
бизнеса в Республике Казахстан [Текст] / Э.К. Бегежанова (Казаирова, Г.Р.) // Наука:
научно-производственный журнал.- Костанайский инженерно-экономический
университет им. М.Дулатова.- 2012.- №1.- С.67-70.
4. Бердешова, С.. Шағын және орта бизнес
субьектілерін дамытуды салықтық ынталандыру.- Ақтөбе, 2011
5.
Жайтлеуова,А.А.Организационно-экономические
механизмы управления малым бизнесом/ А. А. Жайтлеуова // Наука и образование.-
2011.- № 2.- 170-172.