Б.Қуантқан, э.ғ.к.
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан
ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Дүниежүжілік шаруашылықтағы әрбір мемлекеттің өркениетті даму үшін, негізгі үш мәселе басты болып табылады. Олар мемлекеттің саяси бағыты, экономикалық тәсіл және экологиялық жағдай. Саяси бағыт – ол мемлекет басшыларының, саясаткерлерінің құзырында болса, экономикалық тәсіл – бұл саладағы мамандардың іс-әрекеттеріне байланысты. Ал экологиялық жағдай – ғалымдардың білімділігімен сипатталады. Айталық, кейбір жағдайларда оңды болмаған саясат, экономикалық көрсеткіштердің төмен деңгейі, экологиялық жағдайлардың күрт нашарлауына әкелуі мүмкін. Мұның өзі улы болып табылатын қатты, сұйық және газ түріндегі қалдықтардың мөлшерінің көбеюіне, ал бұлар ауру-сырқау мен өлімнің көбеюіне әкелуі әбден ықтимал екендігі анық. Сол себептен мемлекеттегі саясат, экономика және ол жерде қалыптасқан экологиялық жағдай бір-бірімен тікелей байланысты. Бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Экономика мен саясаттың өзгеріп тұруы заңды құбылыс, ал экологиялық апатты тоқтату немесе бағытын өзгерту өте күрделі жұмыстарды қажет етеді.
Бүгінгі таңда экология мәселесі – күрделі күйінде қалып отыр. Қазірдің өзінде экологиялық зардаптардың әсерінен, жер бетіндегі адамдардың – үшінші, төртінші буындағы ұрпақтары биологиялық тұрғысынан әлсіз болып келе жатыр. Ал экологиялық жағдайдың бұдан әрі қарай нашарлауынан, адамдардың генетикалық тұрғыдан жарамсыз, келешексіз ұрпақтары болуы әбден мүмкін. Егер осындай экологиялық жағдай мұнан әрі осы бағытта өріс алған жағдайда, кеш қалған оң саясат пен қуатты экономиканың өзі де болашақта ешқандай жәрдемін тигізе алмайтындай дәрежеге жетпек.
ХХ ғасырдың бас кезеңінен бастап,
адам баласы табиғат байлығын жан-жақты пайдалана отырып,
әр түрлі өндіріс қалдықтарымен жер мен суды
және атмосфераны ластап, қоршаған ортаға үлкен
зиянын тигізуде. Соңғы әлемдік қалдықтардың
жалпы көлемі жылына 300-350 млрд. тоннаға жеткен. Бір адамға
жыл сайын дамыған елдерде қалдықтар 15т дейін, шикізатты
экономикалы елдерде бұл көрсеткіш 100т дейін,
Қазақстанда 60т жуық шамасын құрайды. Жалпы
қалдықтардың жіктелуіне келетін болсақ, төменгі суреттен
көруге болады (Сурет 1).
Өнеркәсіптік қалдықтар –
кәсіпорынның соңғы өнімді өндіру процесінде
қалыптасатын қатты, газ тәрізді және сұйық
қалдықтардың жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млрд.
тоннадан көп өнеркәсіптік қалдықтар
жинақталған, яғни жыл сайын 1 млрд. тоннаға жуық
қалдықтар қосылып отырады. Осы 1 млрд. тонна
қалдықтың 100 млн. тоннасы пайдаға жаратылады,
қалған бөлігі қоршаған ортаны ластайды.
Өнеркәсіптік
қалдықтардың негізі республиканың тау-кен өндіру
кәсіпорындарында, әсіресе Қарағанды және
Шығыс Қазақстан облыстарында орын алады.

![]()
![]()
![]()
![]()






Өнеркәсіптік және
коммунальды-тұрмыстық саласы бойынша Шығыс
Қазақстан облысында жуық шамамен 1,36 млрд.т
өнеркәсіптік және 17,4 млн.т тұрмыстық
қалдықтар жиналған. Қауіпті классы бойынша қалдықтар құрылымы
келесі кестеден көруге болады (Кесте-1).
Қалдық түрлері |
Көлемі, млн.т |
Қалдық түрлері |
Көлемі, млн.т |
|
ІҮ қауіпті класс |
1333,7 |
І қауіпті класс |
0,001 |
|
ІІІ қауіпті класс |
30,169 |
Радиоактивті |
2,274 |
|
ІІ қауіпті класс |
0,28 |
Қатты тұрмыстық |
17,4 |
Осы қалдықтардың пайда
болуының негізгі себептерін төмендегілерден көруге болады:
1.
Көптеген
кәсіпорындарда ескірген технологияны пайдалануы;
2.
Орталық
және жергілікті табиғатты қорғау органдары мен
басқа мемлекеттік басқару органдары салаларының тиімсіз
бақылаудың болуы;
3.
Қалдықтарды
қайта өңдеу бағдарламасын жасауда экономикалық
ынтаның болмауы.
Халықаралық тәжірбиелерді ескере
отырып, Қазақстанда қалдықтарға байланысты
мәселелерді шешудің келесі жолдарын қарастыруға болады:
1.
Қазақстан
аймағындағы барлық қалдық түрлерін жіті
зерттеп, оларды тиімді пайдаланудың мемлекеттік бағдарламарын
жасау;
2.
Қоршаны
ортаны ластауға жол бермейтін экологиялық таза,
неғұрлым аз қалдықтар шығаратын технологияны
өндіріске енгізу;
3.
Қалдықтарды
қайта өңдейтін экономикалық тиімді жобаларды
жүзеге асыруға мемлекеттік бюджет есебінен қаржы
қарастыру;
4.
Өндіріс-тұтыну
қатынастарына байланысты қалдықтарды тиімді пайдалануды
мемлекеттік қолдау және жетілдірудің нормативті
құқықтық актларын қалыптасыру;
5.
Қалдықтарды
қайта өңдеудің экономикалық ынтасын тудыру
мақсатында салықтық жеңілдіктер жасау;
6.
Қоршаған
ортаны қорғау саласында халықаралық келісім және
конвенция талаптарын орындаумен қатар республикалық
кәсіпорындарға қоршаған ортаны
қорғаудың ИСО-1400 халықаралық стандартын енгізу.
Қазақстанның ұлттық экономикасының қазіргі тұрақты даму үрдісін одан әрі дамытып, әлемдік экономикада лайықты өз орнын қалыптастыру үшін жүзеге асырылып жатқан экономикалық бағдарламарды жетілдіре отырып, өндірістік қалдықтарды тиімді пайдалануымыз қажет. Бұл деген бізге біріншіден, өзіміздің шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға, екіншіден қоршаған орта жағдайын жасқартуға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Баешов А. Экология және таза су проблемалары. Алматы, Дәнекер, 2003, 9-13б.
2.
Панин М.С.
Экология Казахстан. Семипалатинск, 2005, стр.202-228
3.
Сидорец Г.
Механизм устойчивого развития национальной экономики. //Саясат, 2005, №1,
стр.70-74
4.
Амринова А.
Устойчивое развитие реального сектора в условиях глобализации. //Саясат, 2005,
№7, стр.24-25.