Э.ғ.к., доцент Шомшекова Б.К.,
магистрант Салгараев Е.
І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚР салық әкімшілігі қызметтерін дамытудың кейбір
өзекті мәселелері
ҚР дербес, суверенді мемлекет болуына
байланысты өзіндік салық жүйесі қалыптасып, дамуда. Оның алғы
шарттары құрылып,
қажетті институционалды-құқықтық негіздер
салынды, бизнес-сфера дамып, оны
жүргізудің заманауи тәсілдері мен әдістері еңгізілуде. Осылардың ішінде
салық реформасы экономикалық өсуді,
кәсіпкерлік белсенділіктің
дамуын, көлеңкелі
экономиканы жоюды, мемлекетке шет
елдің инвестицияларды
жұмылдыруды қамтамасыз
ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Енді Қазақстан алдында «дамып келе жатқан
мемлекеттер» қатарынан әлемдік
экономикалық процестердің тең құқылы
және мықты қатысушылары қатарына ену мәселесін шешу үшін және халықаралық
қауымдастықта кездесетін қатерлерді ескере отырып, дамуды қамтамасыз етуге ықпал
тигізетін отандық салық
саласының стратегиялық бағыттарын дамыту керек. Оны
«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз
салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден
әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыруға тиіспіз.
Салық есептілігін жеңілдетіп, әрі мейлінше азайту
қажет. Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару
жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке
ынталандыруымыз керек»-деп, атап көрсеткен болатын [1].
Осы жағдайларда
отандық салық жүйесіндегі салық әкімшілігі
қызметтерін қазіргі өзгерістерге
лайықтау және оның қарқындылығын арттыру қажеттілігі туындайды.
Жалпы отандық салық жүйесін
дамыту барысында экономиканың нығайуына байланысты салық саласында көптеген өзгерістер бар. Оны
елімізде жүргізілген салық реформаларынан және жаңа Салық кодексіне енгізілген
толықтырулардан көруге
болады. Мысалы, соңғы Салық кодексінде негізгі салықтар
бойынша, оның ішінде корпоративтік табыс салығы 20 пайызға
төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті
шкаласының орнына бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды
жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары
көзделген және т.б.
Одан басқа ҚР дағдарысқа
қарсы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдауға
салық салудың жеңілдетілген жүйесімен жұмыс істеуге
мүмкіндіктер құрылғаны белгілі. Осы жағдайлардағы ортақ қазына бюджет түсімдерін толық
және мерзімінде орындалуына салық әкімшілігінің
бақылау және тексеру қызметтері
үлкен рол атқарап отыр. Оны Алматы облыстық Салық департаментінің деректерінен
бюджетке түскен салық және т.б. міндетті төлемдер
бойынша түсімдерінің
орындалу нәтижелерінен көруге болады (1-кесте). Жалпы салық әкімшілігі
өз қызметтері барысында салықтық бақылау,
тексерулерді жоспарлар бойынша және жоспардан тыс іске асырады. Зерттеу барысында облыс көлемінде 2011 ж. салық органдары
барлығы 3228 салық тексерулерін, оның ішінде кешенді тексерулер саны -918. Салық
тексерушілердің шағымдары бойынша 209 тексеру жүргізілген. Осындай
салықтық тексерулер нәтижелерінде
бюджетке қосымша 910501 мың теңге сома салынған,
оның ішінде салық және басқа да міндетті
төлемдері 826158 мың теңге, өсімпұл көлемі
84342 мың теңге. Ал осы қосымша салынған
төлемдердің 754155 мың теңгесі салықтар мен
басқа да міндетті төлемдер болса, 716604 мың теңге өсімпұл сомасының 37551
мың теңге өндіріліп алынған[2].
Кесте 1. 2011ж. Алматы облысы бойынша заңды
тұлғаларды салықтық тексерулер,мың теңге
|
Салық тексерулерінің түрі |
Тексерулердің саны |
Тексеру нәтижелері |
Соның ішінде |
Өндіріп алынды |
Соның ішінде |
||||
|
Салық және басқада мінд.
төлемдер |
Айыппұлдар |
Өсімпұлдар |
Салық және басқада мінд.
төлемдер |
Айыппұлдар |
Өсімпұлдар |
||||
|
Құжаттық тексеру және оның ішінде |
3228 |
910501 |
826158 |
- |
84342 |
754155 |
716604 |
- |
37551 |
|
- кешенді |
918 |
494613 |
420862 |
- |
73751 |
362533 |
329469 |
- |
33063 |
|
оның
ішінде шағым бойынша |
209 |
77279 |
74267 |
- |
3012 |
36537 |
33793 |
- |
33063 |
|
- тақырыптық |
714 |
415888 |
405290 |
- |
10591 |
391622 |
387134 |
- |
4488 |
|
оның ішінде шағым бойынша |
141 |
11667 |
10752 |
- |
915 |
8993 |
8803 |
- |
190 |
|
-қарсы тексеру |
1596 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
- рейдтік |
82 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
- хронометражды |
59 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Барлығы |
3369 |
910501 |
826158 |
- |
84342 |
754155 |
716604 |
- |
37551 |
Ескерту - Алматы
облыстық Салық департаментінің деректері бойынша
құрастырылған.
Одан
басқа Алматы облысының салық департаменті мен аудандық,
қалалық салық басқармаларының қызметкерлері
барлығы 1420 дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен
адвокаттарға салықтық тексерулерін жүргізу барысында жергілікті
бюджеттерге қосымша барлығы 230771 мың теңге салықтар мен басқа
да міндетті төлемдер, айыппұлдар және де
өсімпұлдар салынды, оның ішінде қосымша салықтық
түсімдер 188355 мың теңге, өсімпұл сомасы 42416
мың теңге, өндіріліп алынғаны 182968 мың
теңгені құрайды немесе қосымша берешек сома, оның
ішінде салық және басқа да міндетті төлемдер 168326
мың теңге, ал өсімпұл сомасы 14642 мың
теңгені құраған(2-кесте).
Осындай салықтық
тексерулерінің нәтижесінде соңғы үш жылда Алматы облысы бойынша дара
кәсіпкерлер, жеке адвокаттар мен нотариустарды қосымша бюджетке
түскен салықтық
және басқа да түсімдер 2009ж.-122105мың тнг, 2010ж.-213386 мың
тнг,, 2011ж.-230771 мың тнг. құраған.
Кесте 2. 2011ж.Алматы облысы бойынша дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен
адвокаттарға жүргізілген салықтық тексерулер, мың
теңге
|
Салық тексерулерінің түрі |
Тексерулердің саны |
Тексеру нәтижелері |
Соның ішінде |
Өндіріп
алынды |
Соның ішінде |
||||
|
Салық
және басқа да міндетті төлемдер |
Айыппұлдар |
Өсімпұлдар |
Салық
және басқа да міндетті төлемдер |
Айыппұлдар |
Өсімпұлдар |
||||
|
Құжаттық тексеру және оның ішінде |
1351 |
230771 |
188355 |
- |
42410 |
182968 |
168326 |
- |
14642 |
|
кешенді |
357 |
199518 |
158088 |
- |
40420 |
161737 |
148724 |
- |
13013 |
|
оның
ішінде шағым бойынша |
84 |
15250 |
13496 |
- |
1754 |
14950 |
13339 |
- |
1611 |
|
-
тақырыптық |
272 |
31253 |
29257 |
- |
1996 |
21231 |
19602 |
- |
1629 |
|
оның ішінде шағым бойынша |
70 |
2093 |
2022 |
- |
71 |
2087 |
2018 |
- |
69 |
|
-қарсы тексеру |
722 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
рейдтік |
48 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
-хронометражды |
21 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Барлығы |
1420 |
230771 |
188355 |
- |
42416 |
182968 |
168326 |
- |
14642 |
Ескерту - Алматы
облыстық Салық департаментінің деректері бойынша
құрастырылған
Салық органдарымен жүргізілген
тексерістердің нәтижелерін талдау барысында салықты жасырудағы келесі
әдістерді көрсетеді: өндірістік өнім көлемін
жасыру немесе төмендету, өнімнің өзіндік құнын
көтеріп көрсету, ақшаны жасыру, кіріске
енгізілмеген тауарларды сату. Осындай тенденциялар материалдық өндіріс
салаларында және қызмет көрсету салаларында жиі кездеседі.
Аралас төлемге ауысу, бартер жасау, кіріске енгізілмеген шикізаттан
жасалған өнімдерді сату, басқа мемлекеттердің
банк мекемелерінің есеп шоттарына ақша аудару - осының
барлығы салықты жасырудағы әдеттегі формалары болып
табылады. Олардың арасында жалған
кәсіпкерлікпен айналысып жүргендері бар. Мысалы, қалалық
салық басқармасы қызметкерлерінің мәлімдеуінше,
басқарма бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 17
адам жалған кәсіпкер ретінде тіркелген. Олар салықтан жалтару
арқылы мемлекетке ҚҚС бойынша 2 326 795,9 мың
теңге мөлшерінде зиян келтірген. Бұдан басқа
«Стройком-К» ЖШС атынан әрекет жасаған белгісіз
тұлғалар да жалған есеп құжаттарын жасау
арқылы әріптес мекемелерінің салықты тиісті
мөлшерде төлемеуіне себепші болған. Нәтижесінде 388,5
миллион теңге қаржы бюджетке түспеген[3].
Шағын және орта бизнес субъектілері салықтық тексерістерді
болдырмау үшін түрлі амалдар жасайды. Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының мәліметтері бойынша, кейбір кәсіпкерлер
өздеріне берілген жеңілдіктерді өзгеше шешуге ұмтылады,
оның үстіне «Мемлекеттік бақылау және
қадағалау туралы» заңына енгізілген толықтырулар мен
өзгерістерге байланысты жоспарлы
тексерулер саны азайған. Мысалы, бұрын кондитерлік цехтар мен
қоғамдық тамақтану орындары айына бір немесе үш
айда бір қадағаланса, қазір аталған нысандар жарты
жылда бір рет, ал азық-түлік сататын сауда нүктелері жылына
бір рет тексеріледі. Аталған заң бойынша мемлекеттік тіркеуден
өтіп, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді 3 жыл
уақыт өтпейінше, тексеруге тиым салынған. Осы жағдайларды пайдаланып, кейбір
кәсіпкерлер санитарлық тексерулерді мүлдем болдырмау
мақсатында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан асханасын
немесе дүкенін 3 жылдан кейін басқа біреуге жалға беріп
немесе өз туысына сатқан болып, өзге атпен тіркеуден
қайта өткізеді де, жұмысын одан әрі жалғастыра
береді. Құжат бойынша
бұл сауда нүктесі басқа адамға көшкендіктен, ол
жаңадан ашылған нысан болып есептеледі де, заң бойынша оны тексеруге болмайды.
Одан басқа кейбір кәсіпкерлер арасында жұмыс орнын
ашқанымен, қызметкерлері мен жұмысшыларына
еңбекақы төлемейтіндері де кездеседі. Облыстық бақылау және
әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлерінің
пікірі бойынша, жеке кәсіпкерлердің көбісі
жұмысқа алған адамдарымен еңбек шартын жасауға
аса құлықты емес. Осы жағдайларды шешудің бір
жолы ретінде: 1) жұмысшы мен кәсіпкер арасында еңбек шартын
жасауды кәсіпкерлерге заңмен міндеттеу қажеттілігі туындайды;
2) өздерінің ісін жаңадан бастап жатқан
кәсіпкерлерге сауда мәдениетін, сол аймақтағы
кәсіпкерлер қауымдастығы немесе «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры» АҚ арқылы үйрету керек деген ойдамыз; 3)тұтынушылармен
мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыруды және адам
қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығын сақтауды
кәсіпкерлерге заң арқылы міндеттеу орынды болмақ. Сонда ғана елімізде жаңа дамып
келе жатқан кәсіпкерлік қызметтің сапасы артып,
дұрыс жетіледі.
2014 ж.бастап
Қазақстанда жеке тұлғалар мүлкінің
салықтық ставкаларын, олардың базалық
құнына сәйкестендіру қолға алынып отыр. Қолданыстағы
салық жүйесінде жылжымайтын
мүлікке салық салу 2002
жылдан өзгеріссіз болып, Астана
мен Алматы қалалары үшін жылжымайтын мүлікке салынатын салық
бір шаршы метрге 30 теңге бағасына сәйкес келетін
базалық құн бойынша есептеліп келген. Енді Астана мен Алматы үшін базалық
бағаны қазіргі 30-дан 60 мыңға дейін көтеру, ал
облыс орталықтарында 18-ден 36 мыңға дейін көтеру қарастырылып
отыр. Одан басқа көлік салығында болатын өзгерістер
қозғалтқыш көлемі 3-тен 4 текше метрге дейінгі
автокөліктерді қатысты болмақ. Қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын машина категориялары үшін барлық жеңілдіктерді алып тасталды. Белгіленген базалық
құнның сыртында жоғарылататын және
төмендететін коэффициенттер белгіленген. Мысалы, құрылыстың
салынған жылына, оның табиғи ескіруіне байланысты
өзгеріп тұрады. Ардагерлер, тыл еңбеккерлері, көпбалалы
аналар және т.б. үшін
салықтық жеңілдіктер сақталған.
Салық жүйесіне енгізілген бұл
толықтырулар қазіргі елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайларын сипаттап, нәтижесінде:
1) салық жүйесінде салық алудың әділдік қағидасының
талабы орындалады; 2) жаңа бағалар
нарықтық құнға сәйкестеленеді; 3)
енгізілген толықтырулар жалпы еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық
жағдайларды объективті түрде сипаттайды; 4) жылжымайтын мүлік
пен көліктің жекелеген түрлеріне салықтарды өсіру
бюджетке қосымша 10 млрд. теңге түсім әкелмек; 5) табыстардың
өсуін, рынок пен бағалардың өзгеруін, инфляция
үдерісінің қазіргі кездегі динамикасын және т.б.
ескеріледі.
Салық жүйесіне енгізілген бұл өзгертулер өз
кезегінде салық әкімшілігі қызметтерін
уәкілетті мемлекеттік және
жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өзара
ақпарат алмасумен бірге тек заңдылық шеңбері мен біліктілік деңгейде жүргізумен бірге, салықтық заң
бұзушылық туралы түсіндірме жұмыстар өткізіп, салық төлеушілерге кеңес
әдістемелік көмек көрсетіп, салық заңдылығындағы өзгерістерді дер
кезінде түсіндіріп, жиі кездесетін салықтық заң
бұзушылық фактілерін жариялап отыру керек деген ойдамыз
Аталған
мәселердің шешімін табуы, салық әкімшілігі қызметін жаңа тұрғыдан
қарастыруға мүмкіндік құрып, өз кезегінде өркениетті елдер қатарынан көрінуге өріс
беретіні сөзсіз.
Әдебиеттер
1.
Назарбаев
Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты ҚР Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы // Экономика,2012. - №52,21-26
желтоқсан
2.
Алматы
облыстық Салық департаментінің 2011ж.деректері
3.
Өтебәлі А. Қанағат
ет, кәсіпкер…// Егемен Қазақстан, 2014. 8
қаңтар
4. Досаев Е. Салықтардың өсу себебі неде?/ /Егемен Қазақстан,2013. 20
қыркүйек