Т.Рысқұлов
атындағы
Қазақ
экономикалық университеті
«Менеджмент» кафедрасының
аға оқытушысы
Альжанова А.З.
Инновациялық қызметті
басқарудың жаңа бағыттары
Қазақстан өз дамуының жаңа сатысына
өтуде. Басты әрі күрделі мақсат жаңа әлемде
жаңа Қазақстанды қалыптастыру. Елде әлемдік
деңгейде лидерлерге ұқсас экономиканың үлгісін
құру. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, ЖІӨ өсімінің 70-тен 85 % дейін жаңа немесе
жетілдірілген технологиялардың үлесінде. Алдынғы
қатарлы мемлекеттермен бір қатарда тұру үшін және
халықтың әл-ауқатының жоғары
деңгейіне қол жеткізу үшін біздің елде қажет
барлық алғышарттар бар. Сондықтан, біздің мақсат
бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елдің
қатарына мүмкіндігінше тез қосылу. Ол үшін ЖІӨ
өсуі инновациялық өнімдер арқылы болуы тиіс.
Сондықтан да индустриалды және инновациялық стратегиясы іске
асырылуда [1].
Бүгінгі таңда біздің еліміз – Қазақстан
Республикасы әлемдік экономикада тым үлкен салмаққа ие
мемлекеттер қатарына жатпайды. Мысалы, дүниежүзілік
мұнай өндірісіндегі оның үлесі 2,0 %, түсті
металдар өндірісіндегі үлесі 5 %
шамасында. Солай бола тұрса да Қазақстан
экономикалық болашағы зор мемлекет деуге толық негіз
бар. Қазіргі күнге 1225
минералдық шикізаты бар 493 кен орыны белгілі. Оның үстіне
2000 жылы аса үлкен Қашаған кен орнының ашылуы
Қазақстанды мұнай қоры жөнінен бірінші бестікке
кіргізіп отыр
Бірақ, бүгінгі заманда қазба байлыққа
негізделген дәстүрлі, индустриалды экономика мемлекет
қуатының биік деңгейін қамтамасыз ететін
әлеуетінен айрылып қалды. Бұрын ғылым мен
техниканың жекелеген жетістіктерін пайдалана білу арқылы жекелеген
елдер алдыңғы орынға шықса, ол енді бәсекеге
шыдауға мүмкіндік туғызатын басты құрал
ғана болып қалды. Білім еңбек өнімділігін
айқындайтын ең негізгі көрсеткішке айналды. Білім мен
ақпараттың әлемді бір сәтте жаулап ала алатын
қабілетке ие болуының арқасында жаһандану
құбылысы пайда болды. Мемлекеттер арасындағы
экономикалық шекара жойылды десек те болады. Күні кеше ғана
бітіспес бәсекелес еуропалық және америкалық немесе
жапондық және америкалық алпауыт компаниялар бір-бірімен
бірігуге көшті, өйтпеген күнде бәсекелестікке
төтеп беру, саптың алдындағы орынын сақтап қалу
қиынға айналды. «Бәсекелестікке қабілеттілік»
ұғымы бүгінгі күннің басты ұғымына
айналды.
Негізгі критерийлерден біздің еліміз кестеде берілген көршілес
ТМД елдерімен қатар немесе сәл ғана алдында
тұрғанымен бүгінгі күннің ең басты, шешуші
рөл атқарып отырған мәселеде – «Инновация мен бизнес»
бөлімінде Өзбекстан, Әзірбайжан және Украинадан артта
қалып отыр. «Негізгі критерийлер»
бойынша өзімізден артта тұрған Өзбекстанға
негізгі 4 критерийдің 3-і бойынша– «Институттар»,
«Инфрақұрылым» мен «Денсаулық сақтау және
бастауыш білім», Украинаға
«Денсаулық сақтау және бастауыш білім» бойынша жол
беріп тұрмыз. «Тиімділік күшейткіштері» критерийі бойынша бізден
кейін орналасқан Өзбекстан мен Украина «Жоғары білім
және кәсіби дайындық» бойынша, «Нарық өлшемі»
бойынша Украина алдымызға шығып кеткен. «Инновация және
бизнес дамуының» екі критерийі бойынша да біз өзімізбен
салыстыруға болатын Өзбекстан, Әзірбайжан және
Украинадан әлдеқайда арттамыз.
1 - кесте – ТМД елдерінің бәсеке
қабілеттілік критерийлері (2011-2012 ж.)
|
Атаулары |
Ресей |
Қазақстан |
Өзбекстан |
Әзірбайжан |
Украина |
Тәжікстан |
Қырғызстан |
|
Жаһандық
бәсекеге қабілеттілік |
58 |
61 |
62 |
66 |
73 |
117 |
119 |
|
«Негізгі
критерийлер», |
68 |
66 |
69 |
65 |
90 |
114 |
122 |
|
А
индексшесі |
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Институттар |
116 |
80 |
56 |
83 |
115 |
88 |
127 |
|
2.Инфрақұрылым |
65 |
71 |
66 |
60 |
77 |
109 |
110 |
|
3.Макроэкономикалық
тұрақтылық |
37 |
25 |
103 |
23 |
82 |
127 |
128 |
|
4.Денсаулық
сақтау және бастауыш білім |
60 |
94 |
59 |
103 |
74 |
104 |
96 |
|
«Тиімділік
күшейткіштері», В индексшесі |
48 |
58 |
76 |
84 |
66 |
124 |
112 |
|
5.Жоғары
білім және кәсіби дайындық |
45 |
57 |
49 |
89 |
53 |
106 |
87 |
|
6.тауар
мен қызмет нарығының тиімділігі |
84 |
63 |
66 |
95 |
101 |
119 |
118 |
|
7.Еңбек
нарығының тиімділігі |
33 |
15 |
43 |
46 |
65 |
72 |
67 |
|
8.Қаржы
нарығының даму деңгейі |
109 |
80 |
115 |
91 |
85 |
124 |
12 |
|
9.Технологиялық
деңгей |
72 |
77 |
84 |
83 |
93 |
123 |
29 |
|
10.Нарық
өлшемі |
9 |
56 |
70 |
71 |
26 |
118 |
117 |
|
«Инновация
және бизнес дамуының» С индексшесі |
77 |
77 |
51 |
68 |
75 |
108 |
121 |
|
11.Компанияның
бәсекеге қабілеттілігі
|
88 |
85 |
59 |
80 |
81 |
121 |
117 |
|
12.Инновациялық
әлеует |
57 |
75 |
42 |
54 |
65 |
97 |
120 |
|
[2] |
|||||||
Міне, енді біз осы жаһандық
бәсекеге қабілеттілік рейтингінің 2008-2009 жылдарға
арналған соңғы кестесімен салыстыратын болсақ, онда
біздің еліміз үшін теріс бағыттағы біраз
өзгерістерді байқаймыз. «Мектептің менеджменттік сапасы»
бойынша 95 орында, ал «Жаңа
технологияға қол жеткізуде» - 90,
«Шетелдік тікелей инвестициялар мен технологиялық трансфертте» -
101, «Интернет жүйесіне тіркелгендердің саны(стат.мәлімет)»
бойынша – 106, «Интернетті пайдаланушылардың саны (стат.мәлімет)»
бойынша – 112 орында тұруымыздың өзі көп нәрсені
аңғартады деп ойлаймыз. Біздің еліміздің
көрсеткіштері бір жылдың ішінде 12 позицияның 9-да кері
кеткенін көреміз [3].
Және рейтінгілік көрсеткіштердің
осындай мәнге ие болу заңдылық та. Себебі, бүгінгі таңда өндіруші
сектор мен өңдеуші сектор арасындағы үлкен дисбаланс
өсе түспесе азайып отырған жоқ. Тіпті артқа кетіп
бара жатқан жағдайымыз бар. Біз индустриалды экономикадан
инновациялық экономикаға әлі өтіп бола алған
жоқпыз, есесіне индустриалды әлеуетімізден айрылып қалдық.
Олай дейтініміз, өнеркәсіп өнімінің ЖІӨ-дегі
үлесі жылдан-жылға артудың орнына 2000 жылғы 33,3% 2007 жылы 29,3% түсіп кетті, 2003
жылдан бері 29 % көлемінен шыға алмай келеді. Ал, дәл осы
уақытта өнеркәсіптің жалпы көлемінде
өндіруші сектордың үлесі жылдан жылға кемудің
орнына артып келеді. Ол көрсеткіш 1995 жылы 24,6% , 2000 жылы 44,5%
тең болса, 2008 жылы 61,1% құрады. Дәл осы мерзімде
өңдеуші сектордың үлесі тиісінше 51,7% , 46,5%-дан 33,6%-ға құлады. Егер газ
бен мұнайдың өнеркәсіп өнімінің
көлеміндегі үлесі 1990 жылы 2,4%
болса, 1995 жылы – 9,8% , 2000 жылы – 38,1% 2008 жылы – 51,7% тең болды.
ҚР индустриалдық-инновациялы дамуының 2003-2015
жылдарға арналған Стратегиясы осындай келеңсіз бағытты
түзету үшін жасалған болатын. Бірақ, оның
өзі де өңдеуші өндірістің рөлін
күшейтуге тырыспайды. Стратегияда бар болғаны ЖІӨ
құрылымындағы өңдеуші
өнеркәсіптің үлесінің төмендеп бара
жатқан тенденцияны азайту керек деген ғана тапсырма
қойылған. 2000 жылы оның үлесі 13,3% болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш
12-12,6% құрауы тиіс (егер
индустриалдық саясат жүргізбегенде де бұл көрсеткіш
10,9% құрар еді).
Бірақ, Стратегияның орындалу барысы бұл тапсырмаға
қол жету қиындау болатынын көрсетіп отыр. Себебі, 2003 жылы
өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ үлесі 12,5 %
болса, 2005 жылы ол 10,8%, ал 2008 жылы 11,6%
құрады.
Өңдеу өндірісі сөз болғанда біз металлургия
өнеркәсібі терең өңдеумен айналыспайтынын естен
шығармауымыз қажет. Оның өнімі негізінен прокат,
қаңылтыр және металдың өзі ғана.
Тамақ өнеркәсібі өзінің көп позициясынан
айрылып қалған болса, жеңіл өнеркәсіп іс
жүзінде мүлдем жоғалды деуге болады. Азғантай
фабрикалар тек күштік құрылымдардан түсетін мемлекеттік
тапсырыстың арқасында ғана күн көріп отыр.
Елбасымыз Н.Назарбаев ел экономикасын нарық талабына сай етіп
қайта құру үшін атқарылуға тиіс істің
бәрін жасап келеді. Президент 2007 жылы Евразия университетіндегі
кездесуде былай деген болатын: «Біз экономикамыздың өсуі
өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз
экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға
тиіспіз. Егер бұл жағдайда түзетпесек біз 20-25 жылдан
соң әлем экономикасының көшінен қалып
қоямыз!» [4].
Біздің пікірімізше, түзетудің бірінші жолы - қазба байлығы кем елдер
секілді ғылымға деген қаржыны ЖІӨ-нің 2
және одан көп пайызға жеткізу арқасында
халқының тұрмыс деңгейі жоғары елдердің
қатарына қосылу.
Екінші жол - ЕО-тағы тауар өндірушілердің басым
көпшілігі жұмыс істейтін
компаниялардың – 86%-нан астамында жұмыс істейтін адам саны
9-дан көп емес – 80 %-ның инновацияшыл болып табылады. Олар ірі
өндіріске қарағанда инновацияны 25 есе көп
өндіреді, ал ірі кәсіпорындар іс жүзінде өз
өндірісінде мыңдаған осындай ноу-хаудың нәтижесін
жинақтап отыр.
Инновациялық қызметті
басқарудың жаңа парадигмасы инновациялардың
экономикалық жүйеде әркелкі, яғни кластерлер
түрлерінде пайда болады дегенге негізделген. Кластер ─ белгілі бір
уақыт пен белгілі бір экономикалық кеңістікке негізделген
базистік инновациялардың жиынтығы (жаңа өнімдер мен
технологиялардың біртұтас жүйесі).
Елiмiздегi инновациялық
саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан
көруімізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:
1.
Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық
бағдарламарды жасау.
2.
Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын
қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және
жағдай жасау.
3.
Инновациялық инфрақұрылымды құру.
4.
Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды
мақсатты қаржыландыру.
5.
Бәсекеге жарамды өндірісті құруға
мемлекеттің араласуы.
6.
Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде
рынокпен қаматамасыз ету.
7.
Отандық инновацияларды шетелге шығару [5].
Инновациялық басқару әртүрлі
бәсекелестіктерге төтеп беретін өнімдермен нарықты
қамтамасыз етеді. Нарықтық экономика жағдайында
басқарушыға жақсы өнімді игеруі кемде кем, ол
жаңа технологияның шығуын күтуі қажет және
оны өз кәсіпорнына енгізу жолдарын ойластыру қажет, себебі
өз бәсекелестіктерінен қалмауы керек. Осыған орай,
инновациялық басқару ғылыми техникалық
өзгерістерден қалмауы қажет. Бұл орындалмаған
жағдайда өз бәсекелестерінің соңы болып,
нарықтан шығып кетуі ықтитмал. Сол өзгерістерді
кәсіпорынға сәйкес күнделікті экономикалық
өмірде болады, ғылымда, техникада инновациялық әлеуетті
басқару болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ
мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
2
Купешова С.Т. Теория и
практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан. –
автореферат Алматы, 2010 г
3
Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва:
Прогресс. 1998. – 454 с.
4
Инновациялық қорлардың даму кезеңдері //
Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы
өзекті мәселелері: халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Шымкент;
Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2011. - 5т.- 128-131б.
5
Қазақстан
экономикасындағы инновациялық кәсіпкерліктің
маңызы және оны басқаруды жетілдіру // Педагогикалық
кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті
мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясының материалдары. – Шымкент: Қ.Ясауий атындағы
ХҚТУ, 2010. - 238-241б.