Педагогика ғылымдары/ 1.2
оқытудың заманауи әдістемелері
Дарханова А.Ж.
Қазақ
Мемлекеттік қыздар педагогика университетінің аға окытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі, Алматы, Республика
Қазақстан
Анисова Г.Т.
Алматы қаласы № 177 жалпы білім беретін мектептің
мұғалімі, Алматы, Республика
Қазақстан
Оқушының сыныптан
тыс өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жайлы
Оқу тапсырмаларының
басқаларынан ерекшелігі әрекеттің белгілі тәсілдерін игерумен сипатталатын
субъектіні өзгерту мақсатында жатыр, ал, субъект әсерлесетін
заттардың өзгеруіне қатысы болмайды. Осындай міндеттерді
құру және шешудегі қажеттілік субъект алдында тек
теориялық сипаттағы талдап қорытудың негізінде жатқан
әсерлесу тәсілдерінен туады.
Оқу
іс-әрекетін міндеттерді шешу үдерісі ретінде қарастыра
отырып, олардың келесі бөлімдерін анықтауға болады [2].
Біріншіден, оқу міндеттерін
құру. Психологиядан (педагогикалық психология) белгілі
- мақсат іс-әрекеттің бейнелеуші мотивтерінің
мәнін нақтылау нәтижесінде пайда болады. Мұндай
мотивтердің функцияларын игерілетін білім мазмұнына деген
қызығушылық атқарады. Қызығушылықсыз
оқу міндеттерін өз бетімен құру ғана емес,
сонымен қатар мұғалімнің қойған міндеттерін
қабылдау да мүмкін емес. Сондықтан, оқушыны өз
бетімен оқу іс-әрекетке дайындау мақсатындағы
оқыту осындай қызығушылықты қалыптастыруды
қамтамасыз етуі керек.
Екіншіден, міндеттерді шешудің
оңтайлы тәсілдерін қолдану. Мұғалімнің
басшылығымен жасалатын оқу іс-әрекеті мен өзіндік
формалары арасында жеткіліксіз назар аударылатын негізгі айырмашылықтар
кездеседі. Мұғалім оқушыларды ұғымдардан
әрекетке баулыған кезде әдістемелік тәсіл ғана
күшіне ене алады. Ал, оқу материалдары және
құралдарымен өз бетімен жұмыс арқылы
ұғымдарды қалыптастыру туралы сөз
қозғағанда, іс-әрекет шарттары бірден өзгереді.
Мұндай шарттардың алғашқысы оқу ақпараттары
көздеріне логикалық талдау жасау тәсілдерін қалыптастыру
болып табылады. Әсіресе, оқушыларды өз бетімен сыныптан тыс
жұмысқа дайындау үшін есептелген және
оқытудың маңызды міндеттерінің бірінен тұратын
ғылыми ұғымдардың мазмұнын қалыптастыру
керек.
Өзіндік,
сыныптан тыс оқу іс-әрекетіне өтудің екінші
маңызды шарты оқу міндеттерін шешу тәсілдерін өнімді
игеру және мұғалімнің белсенді әдіснамалық және
әдістемелік қатысуынсыз мүмкін емес оқу
жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.
Үшіншіден,
міндеттерді шешудің барысы мен нәтижелерін бақылау және
бағалауды жүзеге асыру. Бақылау-бағалаушылық
жұмыстарды қалыптастыру мұғалімнің әрекетін
өзін-өзі бақылау және өзін-өзі
бағалау тәсілдерін меңгеруінен бастау алады.
Мұғалімнің
басшылығымен орындалатын оқушының сыныптан тыс жұмысын
ұйымдастыру өз бетімен шығармашылық іс-әрекетті
дамытатын, білімді терең ынталандыруды игеру мен бекітуде оқу
үдерісінің неғұрлым тиімді бағыттарының
бірі болып табылады.
Оқу
іс-әрекетін сыныптан тыс ұйымдастырудың мәні –
басқару объектілері мен субъектілерінің сәйкестігінде,
мектепте заңдылықтар мен
қарама-қайшылықтардың өзіндік құрылымын
әлеуметтік ұйымдастырудың жаңа деңгейін
құруда.
Осы қарама-қайшылықтардың
ең маңыздысы – оқу іс-әрекетін өзіндік
ұйымдастыру үдерісінде стихиялық және саналық
арасындағы қарама-қайшылық. Кез келген өзіндік
ұйымдастырудың айырықша ерекшелігі оның
мақсаттылық, табиғи, спонтанды сипатында. Өзіндік
ұйымдастыру үдерісі автономды. Олардың маңызды
ерекшелігі – мақсатты үдеріс ретінде болатын өткен
тәжірибелерді қолдану қабілеттілігі.
Сыныптан тыс даярлықты дараландырудың құрамына
енетін мәселерді атап өтсек:
-
дайындығы неғұрлым жоғары оқушылармен интенсивті
жұмыстардың салыстырмалы салмағын
өсіру;
-
сабақты міндетті және
шығармашылық бөліктерге бөлу (барлығы үшін
– неғұрлым күрделі жағын өз бетімен
орындауға талпыну; ең бастысы – дәстүрлі емес тапсырмалар,
қосымша сұрақтар, оқу-проблемалық
жағдаяттар, т.б.);
-
оқушыларға үздіксіз кеңес беру;
-
сыныптан тыс өзіндік жұмыстың
тақырыптық мазмұны, орындау мерзімі, қорытынды
нәтижелеріні бақылау және бағалау тәсілдері,
формалары, көмекші құралдарына қажеттіліктері туралы
нақты және уақтылы ақпарат беру [1,2].
Сыныптан тыс
өзіндік оқуды ұйымдастырудың маңызды
сәттерінің бірі – бақылау жұмысын өз бетімен
орындауда тапсырмаларды құру. Бұл тапсырмаларды
құруда мұғалім төмендегі талаптарды
басшылыққа алуы тиіс:
- әрбір
тапсырманың көлемі келесі түрде болады: оқушы материалды
терең игергенде бақылау жұмысының жазбаша түріне
берілетін уақытта тапсырманың барлық сұрақтарына
жауап беріп үлгеретін болады;
- барлық
тапсырмалар бірдей қиындық деңгейінде болады;
- алуан түрлі
проблемалары бар әрбір тапсырмалар неғұрлым нақты
жауапты талап ететін сұрақтардан тұрады, мәселен,
анықтама беру, формуланы жазу, кестені бейнелеу, сызбаны
құру, қандай да бір көрсеткіштердің сандық
мәнін табу, сызбаны талдауды орындау және т.б.;
- әрбір тапсырмада
берілген әдебиеттерді пайдалана отырып, өз бетімен
оқып-үйренуді қажет ететін материалдар бойынша
сұрақтар болуы керек;
- оқылған дәрістік
материалдар бойынша шектеулі сұрақтардың екі немесе одан да
көп тапсырмалары болуы керек [1].
Бақылау
жұмысын өткізуде тапсырмаларды құрылымдық
ұйымдастыруды енгізу әрбір оқушының өз бетімен
және тиімді орындауын кепілдендіруі керек.
Оқушылардың сыныптан
тыс өзіндік жұмыстарының түрлері мен
құрылымы өткізу орны мен уақытына, мұғалім
тарапынан жасалатын жетекшіліктің сипатына және нәтижелерді
бақылау тәсілдеріне қарай төмендегі түрлерге
бөлінеді:
-
негізгі сыныптық сабақтар уақытындағы өз
бетімен жұмыс;
-
мұғалімнің бақылауымен жоспарлы кеңес беру,
шығармашылық байланыстар
түріндегі өзіндік жұмыстары;
-
оқушының оқу және шығармашылық
сипаттағы үй тапсырмаларын орындаудағы сыныптан тыс
өзіндік жұмыстары [2].
Әрине,
жоғарыда көрсетілген жұмыстардың өз бетінділігі
шартты түрде ғана, шынайы білім беру үдерісінде бұл
түрлер бір-бірімен қатынаста болады.
Жалпы,
мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылатын
оқушының өз бетімен жұмыстары өзін-өзі
білімдендіруге мақсатты түрде даярлықты дамытуды
педагогикалық қамтамасыз ету болып табылады және білім беру
үдерісінің дидактикалық құралын, білім алушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың
педагогикалық құрылымын көрсетеді [3,4].
Осыған орай, оны
құрылымдық тұрғыдан екі бөлікке
бөлуге болады:
- мұғалімнің
басшылығымен ұйымдастырылатын жұмыс;
- оқушының
мұғалімнің бақылауынан тыс өзінің
көзқарасымен орындалатын өзіндік жұмыстары
(сабаққа, сынақтарға, т.б. даярлық).
Сыныптан тыс
жұмыстарды басқару – осы екі бөлікті оңтайландыру
үрдісі. Сыныптан тыс жұмысқа бөлінетін уақыт
мұғалімнің жұмысы жоспарланатын жалпы
уақытының 20%-нан кем болмауы керек. Сыныптан тыс жұмыс
оқу жоспарындағы барлық сабақтар үшін жоспарлануы
керек.
Оқушылардың сыныптан тыс жұмысын
технологиялық ұйымдастыру жайлы айта кетер болсақ, онда оны
ұйымдастыру төмендегідей құрамдас бөліктерден
тұрады:
1. Сыныптан тыс жұмыстың мақсатын
таңдау технологиясы. Мақсатты таңдаудың негізі –
Мемлекеттік білім беру стандарттары белгілеген мақсаты, сабақтар
бойынша мақсаттарды, теориялар мен жүйелерді, кәсіби
технологияларды және т.б. нақтылау.
Таңдалып
алынған мақсаттар олардың таксономиясын бейнелейді, мысалы:
өзін-өзі білімдендіру көздерінің білімдері,
өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда өзін-өзі
білімдендірудің түрлі формаларын қолдану. Сонымен
қатар, өзіндік жұмыстың мақсаты
мотивациялық, когнитивті, іс-әрекеттік компоненттерден
тұратын кәсіби өзін-өзі білімдендіруге даярлық
құрылымына сәйкес болуы қажет.
2. Сыныптан тыс жұмыстың
мазмұнын таңдау технологиясы. Өзіндік
жұмыстың мазмұнын таңдаудың негізі – Мемлекеттік
білім беру стандарты, өзін-өзі білімдендіру көздері
(әдебиет, тәжірибе, өзіндік талдау), оқушылардың
дара психологиялық ерекшеліктері (білімдендіру, білім беру, ақыл-ой,
мотивация, оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері).
3. Тапсырмаларды құру технологиясы. Сыныптан тыс
өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар түрлі
деңгейдің мақсаттарына сай болуы керек, әрбір берілген
пәннің мазмұнын бейнелеуі керек, оқушылардың
танымдық іс-әрекетінің түрлері мен деңгейлерін
есепке алуы қажет.
4. Бақылауды ұйымдастыру технологиясына бақылау
құралдарын тыңғылықты таңдау,
кезеңдерін айқындау, бақылаудың дара түрлерін
құру жатады.
Енді оқушыладың сыныптан тыс өзіндік
жұмыстарының тиімділік шарттарын атап өтер болсақ, осы
жұмыстардың тиімді орын алуы үшін бірқатар шарттар
орындалуы қажет:
1. Сыныптық
және сыныптан тыс
жұмыстардың көлемдік ұқсастығын
қамтамасыз ету.
2. Сыныптық
және одан тыс уақытта оқушының жұмысын
әдістемелік дұрыс ұйымдастыру.
3. Өз бетімен
жұмысты шығармашылық үдеріске айналдыру
мақсатында оқушыны қажетті әдістемелік материалдармен
қамтамасыз ету.
4. Оқушының өзіндік
жұмысын сапалы орындауы үшін оны ұйымдастыру мен барысын
бақылау. Бұл шарт бақылау әкімшілік сипатта болып
кетпеуі үшін алдыңғы шарттардың ішінде басқа
формада ұйымдастырылғаны тиімді.
Сыныптан
тыс жұмысты осылай ұйымдастыруда жобалау үдерісіне септігін
тигізетін ақпараттық компьютерлік технологиялар мен қуатты
бағдарламалық өнімдер маңызды роль атқарады.
Мәселен, қоршаған шынайы ортаның ықшамдылық
сипатын есепке ала отырып, шынайы үдерістің моделін
имитациялауға мүмкіндік туады.
Білім беру
үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану оқытушыдан,
бірінші кезекте заманауи ақпараттық технологияларды терең
меңгеруді, жоғары деңгейдегі даярлықты талап етеді.
Тапсырмаларды
шешу құралдары ретінде қолданбалы бағдарламар
пакеттерін пайдалану ақпараттық технологияларды тиімді
қолданудыға септігін тигізеді. MSProjectExpert5.0, TimeLine
және MSExcel бағдарламалары оқу пәндері бойынша
алынған білімдерін және өзіндік ерекшеліктеріне қатысты
тапсырмалар аймағында пәндік проблемалардың
айырмашылықтарын шешуге белсендендіреді [4,5].
Бағдарламалар
пакетімен жұмыс істеу технологиясын меңгеру үшін
үдерістің бірінші кезеңіндегі нәтижелерді қолдану
қажеттілігі дәстүрлі емес тұғырлар мен
ұсыныстардың тууын қамтамасыз ете отырып, интенсивті ойлау
үдерісіне септігін тигізеді.
Имитациялық
моделдеу және алынған нәтижелердің нәтижелерін
талдау қорытынды кезеңде тапсырмаларды шешуде ойлау
үдерісінің логикалық құрылымын толық
қалыптастыруға септігін тигізеді.
Әдебиеттер
1.
Алтайцев
А.М., Наумов В.В. Учебно-методический комплекс как модель организации
учебных материалов и средств дистанционного обучения. В кн.: Университетское образование:
от эффективного преподавания к эффективному учению (Минск, 1-3 марта 2001 г.) /
Белорусский государственный университет. Центр проблем развития образования. –
Мн., Пропилеи, 2002. – 288 с., С. 229—241.
2.
Попов Ю.В.,
Подлеснов В.Н., Садовников В.И., Кучеров В.Г., Андросюк Е.Р. Практические
аспекты реализации многоуровневой системы образования в техническом
университете: Организация и технологии обучения. М., 1999. – 52 с., р. 3.1
Самостоятельная работа студентов С. 15—24. – (Новые информационные технологии в
образовании: Аналитические обзоры по основным направлениям развития высшего
образования / НИИВО; Вып. 9).
3.
Заурбеков Н.С., Досмухаметова Р.С., Дарханова А. Ж. Составление учебных планов по кредитной форме
обучения. - VI международная научно-практическая
конференция МАБ «Системы обеспечения качества бизнес образования в РК:
инновационные подходы», 26-27 мая, Алматы, 2006 г.
4.
Заурбеков Н.С., Бралиева Н.Б. Об информатизации
экономического образования - Материалы международной научно-практической конференции
«Прикладные аспекты информатики и математической экономики», Душанбе, 2008. –
С. 211-216
5.
Заурбеков Н.С., Бралиева Н.Б. Информатизация
экономики – основа информатизации экономического образования – Мат. II Республ. уч.-метод.
конф. «Непрерывное экономическое образование: модернизация обучения
и методического обеспечения». Ч.1.–Алматы: Экономика,2007.–С.342-361.