PhD Кыдырбаева
Э.О., магистрант Вакилов Б.
І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚР
халықтың өмір сүру деңгейлерін дамытудағы мемлекеттің орны
Қазақстан
Республикасы нарықтық қатынастарға өтуге
байланысты көптеген
қиындықтарды жеңе отырып, елдің
әлеуметтік-экономикалық өмірінде елеулі табыстарға
жетті.
Елдің
экономикалық жүйесі халықтың өмір сүру деңгейлерін жақсартуға
бағытталған шараларды
жүргізумен жүйелі түрде дами бастады. Елімізде мемлекет деңгейінде жүргізілген
түрлі бағдарламалардың жүзеге асыру барысында
халық шаруашылық
салаларының дамуы өз кезегінде
дағдарыстан шығуға, тоқыраудан экономиканың
өсуіне өту, экономиканы қайта құру, осыдан халықтың
өмір сүру деңгейлерін көтерудің негізгі шарты болды.
Қазіргі отандық экономика бәсекеге
қабілетті болуы үшін ҚР
халықтың өмір сүру деңгейлерін экономикасы
озық дамыған елдер қатарына заман жеткізу болып табылады. Оны іске асыру арқылы
макроэкономикалық деңгейдегі тұрақтылықты
қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттер
қатарынан көрінуге
мүмкіндік болады.
Сондықтан
«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен үшін әрқашан халықтың
тұрмыс деңгейі басты өлшем болды әрі солай бола бермек.
15 жыл ішінде
қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы
күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе
азайды,
жұмыссыздар саны екі есе
қысқарды. Біз әлеуметтік
бағдарланған қоғамның негіздерін
қаладық»- деп, халықтың өмір сүру
деңгейлерін дамытуда барысында істелген шараларға назар аударған болатын [1].
Одан басқа «Жоғары табыс, мықты
денсаулық, қолайлы тұрғын-үй, белсенді
еңбек – бәсекеге қабілетті адам бейнесі. Мен әр
қазақстандықты осылай көргім келеді» деген болатын Н.Ә.Назарбаев
өзінің бағдарламалық мақаласында.
Осыдан алдағы
уақытта
қоғамның басты құндылығы болып
саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын
арттыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар сапалы
түрде жүзеге асырылмақ.
Елімізде халықтың өмір сүру
деңгейлерін дамыту бағытында әлеуметтік
қамсыздандырудың ұлттық үлгісін қалыптастыру
қолға алынып отыр. Оның бастамасы ретінде түрлі әлеуметтік
бағдарламалар қабылданған. Мысалы, «Жұмыспен
қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысында ҚР жұмыссыздық
деңгейі 2000 ж. -12,8 пайыз болса, 2005 ж.-8,1 пайыз, 2012 ж.-5,3 пайыз,
2013 ж. - 5,2 пайызға
төмендеді. Оған республикалық бюджеттен 200 млрд. теңге
бөлініп, нәтижесінде 235 мың адам мемлекеттік
қолдауға ие болды. Одан басқа соңғы 15 жыл ішінде
қазақстандықтардың табысы 16 есеге артып, 2013ж. экономикалық
қызметтің түрлері бойынша бір қызметкердің
орташа айлық табысы 104 135
теңгені құрады. Осы
жылдары табысы күнкөріс деңгейінен төмен
азаматтардың саны 7,8 есеге, атаулы әлеуметтік көмек
алушылардың үлесі 12 есеге (97,3 мың адамға дейін) қысқарды
[2]. Бұл мәліметтерден ҚР
сапалы өмір сүру стандартының қалыптасып келе
жатқандығын байқауға болады.
Жалпы,
қоғамдық әл-ауқаттың дамуы мемлекеттің
азаматтарға жаңа
мүмкіндіктер құруымен бірге, әрбір адамның
өзіндік жетістігі, өзінің алған заманауи білімі мен
еңбексүйгіштігіне, жауапкершілігіне де тікелей байланысты. Қоғамда
әлеуметтік және еңбекке қабілетті адамды
қолдаудың негізгі құралы – еңбекке немесе табыс
әкелетін басқа қызметке қол жеткізу. Сондықтан «Жұмыспен
қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасындағы
келесі бағыттар үлкен роль
атқарады[3], олар:
1) Инфрақұрылымдарды
және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту
(объектілерді және инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарды
күрделі, орта және ағымдық жөндеу; ауылдық
жерлердегі медицина мекемелерінің құрылысы; ауылдық
елді мекендерді көркейту);
2) Ауылдық кәсіпкерлікті
дамыту. Өз кәсіптерін ашу үшін ауылдықтарды қолдау
мақсатында 3 млн. теңгеге дейін микрокредиттер беру, инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымдар дамыту және жетіспейтін объектілер салу,
сервистік қызметтер көрсету және т.б.;
3) Оқыту және қайта
дайындау, көшіру арқылы өзін-өзі жұмыспен
қамтыған, табысы аз және жұмыссыз азаматтарды
жұмыспен қамту. Ол үшін маңызды мемлекеттік және
салалық бағдарламалар бойынша бос жұмыс орындары мен
жұмыс орындарына тікелей жұмысқа орналастыру, қайта даярлау және біліктілікті
арттыру, тірек елді мекендерге көшіру, жастар практикасы және
әлеуметтік жұмыс орындарын ашу .
Екіншіден, еңбек ресурстарының
сапасын арттыру және заманауи еңбек нарығының
талаптарына және жұмыс берушілердің сұранысына жауап
бере алатын мамандар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында
әлеуметтік әріптестерді тарта отырып, Үкімет 2020 жылға
дейінгі кезеңге Ұлттық біліктілік жүйесін
әзірлеудің жоспарын қабылдады. Онда экономикалық
қызметтің барлық түрлері бойынша кәсіби
стандарттар әзірлеу, сондай-ақ, маманның кәсіби
стандартқа сәйкес келуін растау үшін сертификаттау беру
мәселлері де бар.
Үшіншіден, мемлекет пен жеке
сектордың және кәсіби бірлестіктердің серіктестігіне
негізделген әлеуметтік-еңбек қатынастарының жаңа
тиімді үлгісін құру міндеті тұр. Жоғары өнімді
еңбек үшін қауіпсіз жағдайлар жасау, еңбек
құқықтарын сақтау, әлеуметтік
қорғалудың экономикалық тиімділілігі және
олардың үйлесімінің жаңа
үлгін құру. Әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып оқыс
оқиғалардан міндетті сақтандыру, зиянды өндірістер
мен кәсіпорындардың тізбесін құру және
жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының ахуалын
бағалауды іске асыратын ұйымдарды міндетті аккредиттеу
мәселелері маңызды болып табылады. Осы жағдайларды
жүзеге асыру үшін жұмыс берушілердің еңбек
жағдайларын жақсартуға деген мүдделілігін, еңбек
қауіпсіздігінің қағидаларын сақтауға
өндіріс қатысушысының жауаптылығын арттыруға
мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын нормативтік
талаптарға сәйкестендіруді жұмыс берушілердің ерікті
түрде декларациялауын енгізу қажет.
Төртіншіден, әлеуметтік
қамсыздандырудың және әлеуметтік қолдаудың
әлеуметтік идеологиясына байланысты. Халықтың
әлеуметтік әлжуаз топтарға және табысы аз
азаматтарға қатысты мемлекеттің міндеттемесін алдағы
уақытта сақтау және әлеуметтік көмек және
қолдау идеологиясын өзгерту. Әлеуметтік көмек сол
көмекке мұқтаж немесе өмірлік қиын
жағдайларға тап болған, объективті себептер бойынша (жасына,
денсаулығына, мүгедектігіне байланысты және өзге де
әлеуметтік әлжуаздық салдарынан) одан шыға алмайтын
азаматтарға көрсетілуі керек. Еңбек ету қабілеті сақталған
адамдарға әлеуметтік қолдау белсенді
бағдарламаларға қатысу шарттары бойынша көрсетілгені
орынды, олар кәсіби даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарына
жолдама, жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке дейінгі
мекемелерге орналастыру және т.б.
Осы негізде әлеуметтік
қызмет көрсету сапасын және қолжетімділігін
кеңейтуге бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетудің заманауи стандарттары керек. Арнаулы әлеуметтік
қызметтерді көрсетуге мемлекеттік тапсырыс негізінде үкіметтік
емес ұйымдар мен жеке бизнес кеңінен тартылғаны орынды. Осыдан
мемлекет әлеуметтік еңбек аясының барлық саласында
маңызды жұмыстарды жүзеге асса, әрбір
қазақстандықтың жетістігі мен әл-ауқаты
жақсаруы сөзсіз.
Одан басқа қазіргі
мемлекеттің маңызды ісі-халықтың
өмір сүру деңгейлерін арттырудағы мәселелердің бастысы әлеуметтік
және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі
жетілдіру болып отыр. Жалпы мемлекеттің
жүргізген жүйелі қызметі барысында еліміздегі зейнетақы
жүйесін реформалау барысында толыққанды көп
деңгейлі зейнетақы жүйесін құрылып және оның
нормативтік -құқықтық базасын қалыптастырды,
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
инфрақұрылымы жасалып, зейнетақы жүйесін
басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл
қазіргі уақытта қолданыстағы жүйеге қажетті
талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге
мүмкіндік берді. 2013ж. басында зейнетақы қызметі рыногында
11 жинақтаушы зейнетақы қорындағы дербес
зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрап,
міндетті зейнетақы жарнасын төлеушілердің саны 5,6 млн.
адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын
(1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп), олардың
зейнетақы жинақтары 2
триллион 651 млрд. теңгені құрап отыр. Жинақтаушы зейнетақы
қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд.
теңгеден астам сомаға инвестицияланған, бұл
барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96%. Реформаның алғашқы жылдарында
қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік
құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі
кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың
үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды
қағаздарға және екінші деңгейдегі
банктердің депозитіне салынған зейнетақы
жинақтарының көлемі өсуде. Сондай-ақ, мемлекет зейнетақы алу
құқықтары реформаға дейін туындаған 1 млн.
735 мың зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу
жөніндегі міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін
реформалаудың алғашқы жылдарында табысты орташа
зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегіден (1991 жылы –
42,8%, 2001 жылы – 34,2 %) төмен болған болса, 2005 жылы базалық
зейнетақы төлемінің
енгізілуін, сондай-ақ соңғы үш жылғы жыл
сайынғы 25-30%-дық өсімге ие болып, ынтымақты
зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011
жылы 46,1 % құрады. Бұл Халықаралық еңбек
ұйымының ұсынымына сай келеді. Бұл шаралар
зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін
24047 теңгеге, орташа мөлшерін
35829 теңгеге, ең жоғары мөлшерін 52226 теңгеге дейін
ұлғайтуға мүмкіндік берді[4].
2011ж. қабылданған «ҚР зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» заң жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің институттық қорын дамытуды және
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын
құруға бағытталған. Онда инфляция деңгейін
ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшеріндегі
зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік беру
жөніндегі мемлекеттің міндеттемелері сақталуы
қарастырылған. Зейнетақы жинақтарын
орталықтандыру және оның Ұлттық банктің
бақылауында болуы, зейнетақы активтерінің
табыстылығын арттыруға және тиісінше зейнетақы
активтерін өсіруге мүмкіндік құрады деген ойдамыз. Сонымен бірге өндірістің зиянды
және ерекше жағдайларында жұмыс істейтін азаматтардың
зейнетақы жинақтарын өсіру үшін еңбекақы
төлеу қорынан 5 % мөлшерінде (жұмыс берушілердің
есебінен) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізу белгіленген
болатын. Осыған байланысты зейнетақы
төлемдерінің бұрын алған табысқа және
еліміздегі өмір сүру деңгейіне сәйкестігін
қамтамасыз ету үшін міндетті
зейнетақы жарналарын жұмыс берушілер есебінен 5 % жоғарылату,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен
10 % дейін арттыру, жұмыс істейтін әйелдер үшін олар бала туу
және балалардың күтімі бойынша демалыста болған
кезеңде зейнетақы жарналарын мемлекеттің субсидиялауы
жөнінде мәселелер 2014 ж.
басынан іске асырылуда.
Осындай дамудың оң үрдістеріне
қарамастан, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі
табылмаған, оның қаржылық
тұрақтылығы, сенімділігі,
шынайылығына (зейнетақы төлемдерінің
сәйкестігі) және әлеуметтік тиімділігіне қатысты
бірқатар өзекті мәселелер бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық проблемаларын шешу құнды қағаздар
рыногының жай-күйімен тікелей байланысты екені белгілі. Сондықтан
жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық
құралдар құрылымы бойынша және
инвестициялық тәуекелдер деңгейі бойынша ерекшеленетін
бірнеше инвестициялық портфельдерді (консервативтік, біркелкі)
қалыптастыру керек. Бұл жағдайда жинақтаушы
зейнетақы қорының әрбір салымшысына зейнетақы жинақтарын
көбейту мақсатында инвестициялық портфельді өз бетінше
таңдау құқығы берген орынды болмақ.
Одан басқа мемлекет жинақтаушы
зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін жетілдіруде
зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту қолға алуы керек. Жинақтаушы
зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін
жетілдіру және келешекте зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту аяқталғаннан кейін аннуитеттерді
одан әрі кеңінен қолдану, бірлескен аннуитеттердің
түрлерін енгізу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
қорларының зейнетақы жинақтарын төлеу
тәртібіне де бірқатар өзгерістер болатыны сөзсіз.
Қорыта келе,
Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың болашағы
ұлттық экономиканың шикізат моделінен
индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз
байланысты, оның басты құрамдас бөлігі
қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы
жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей әсер ететін
барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік
шығыстарды жоспарлаудың
негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі,
өмір сүру деңгейінің артуы және олардың
әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретіні
сенім ұялатады.
Осыдан елдің экономикалық қуаты
нығайып, халықтың өмірі мен
тұрмысы озық
дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көрінуге
мүмкіндік құрылады деген ойдамыз.
Әдебиеттер
1
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы //
Экономика,2012. - №52,21-26 желтоқсан
2 Дүйсенова Т. Халықтың
әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің негізгі міндеті/Егемен Қазақстан,2013.
3
«Бизнестің жол
картасы-2020» бағдарламасы.-http:// www.
strategia. kz