Киялова А., экономика факультеті, қаржы 4 курс

Абжанова А.К., Қаржы магистрі, аға оқытушы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998ж. жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел. Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу. Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге арқау болды: әлеуметтік кернеулікті жеңілдету, зейнетақы төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу.

Қазіргі таңда зейнетақы қызметі нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. ЖЗҚ-лардың аймақтық желісі 79 филиал және 51 өкілдікпен сипатталады. 13 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар. Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды, оның ішінде 6 екінші деңгейлі банк ЖЗҚ-лардың кастодиан банктері болып табылады [1].

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму кезеңінде зейнетақы жарналарының өсу қарқыны ЖЗЖ-ның алғашқы жылдары өте жылдам болды: 1999ж. зейнетақы жарналарының келіп түсуі 114%-ды құраса, 2002ж. – 50%, 2009ж. – 25,7%, ал 2011ж. салымшылардың зейнетақы жарналарын аудару қарқыны 7,4% көлемінде болды. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 трлн 546 млрд теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы.

Мысалы, 1998-2003жж. аралығында зейнетақы келісімшарттарын жасаған азаматтар саны өте көп болып, зейнетақы жарналарының өсу қарқыны 67% құрды. 2004-2009жж. «жаңа» салымшылар нарықта аз үлесті қамтып, зейнетақы жарналарының өсу қарқыны тек 32,5% көлемінде көрініс тапты.

 

 

Сурет 1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің әрекет етуі жылдарындағы зейнетақы салымдарының динамикасы [4]

 

Алайда жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 14 жылдағы кезеңінде зейнетақы жарналарының жылдық орташа өсу қарқыны 44,7%, ал жұмыс жасаушы халық санының өсу қарқыны тек 2,3% және номиналды жалақы көлемінің орташа жылдық өсімі 17,8% өскенін ескерсек, зейнетақы жарналарының жылдық орташа өсу қарқынының анағұрлым жоғары екенін және республиканың экономикалық белсенді халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді қатысуға деген құштарлығын көре аламыз [1].

 

Сурет 2. ҚР-дағы 14 жыл аралығындағы ЖЗҚ-дың "таза" инвестициялық табысы

 

Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің қысқа мерзім аралығында көптеген тосқауылдарға тап болды. Қазіргі таңда зейнетақы жүйесінде шешуді талап етететін көптеген мәселелер орын алуда.

1.      Инвестициялық саясаттың жетілмеуі. ҚР зейнетақы нарығын реттеуші құқықтық-нормативті заңнамалық базасы ЖЗҚ-лар активтерін инвестциялауда қаржылық инструменттерге шектеулер қойылған. Оның салдарын біріншіден, қарапайым халық көруде, себебі ЖЗҚ-лар рұқсат етілген қаржы құралдарынан орташа табыстылыққа ие болып, зейнетақы салымшылары ДЗШ-ға тек кішігірім бөлігін аударуда. Бұл ретте шетелдік тәжірибені ескеріп, зейнетақы салымдарын инвестициялауда заңнамалық түрде қаржы құралдары аясын кеңейтіп, ЖЗҚ-ларға зейнетақы салымшылары шоттарына «әділ» инвестициялық табысты аударуды ретке келтіру қажет. Жапония, Германия және бірқатар басқа мемлекеттерде мемлекеттің араласуы біршама жоғары. Сонымен, Жапония мен Германияда ЖЗҚ үшін өзіндік инвестициялау шегінің 10%-нан басқа, келесі активтердің түрлеріне инвестицияланатын құралдардың жоғарғы шектері бекітіледі; яғни: өнеркәсіптік фирмалардың акциялары, мүлік салымдары, шет елдік инвестициялар. Қазіргі кезде бұл лимиттер Германия мен Жапонияда, сәйкесінше, 20 және 30% акциялар бойынша, 5 және 20% мүліктік инвестициялар бойынша, 4 және 30% шет елдік инвестициялар бойынша үлестерін құрайды [3].

2.      Зейнетақы салымшыларының (тұрғындардың) зейнетақы жүйесіне тікелей қатыспауы және қаржылық сауаттылығының төмендігі. Қазақстандағы зейнетақы жүейесінің реформасы 15 жылдық тарихқа ие, аталған шара әр кезде мемлекеттің уәкілетті органдарының шетелдік тәжірибені ескере отырып, шақырылған мамандардың қатысуымен жасалып отырды. Алайда бұл реформаларда қазақстандықтардың қатысуы шамалы болды десек те болады. Қазіргі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру мәселесі талқылануда. Алайда бұл сауалды қарапайым халық арасында талдау, сауалнама өткізу, әлеуметтік сұрау, т.с.с. шаралар байқалмайды. Бұл ретте тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында, жүйені ортақ мүдделі жетілдіру мақсатында негізгі құндылық – адами факторды ескеру қажет. Бұл мәселе қарапайым халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігінен десек те болады. Себебі қазіргі зейнетақы салыымшылары өздерінің зейнеткерлік жасына жеткенінде қандай табысқа ие болатынын білмейді де, ол жайлы ойлануы да шамалы. Сондықтан елдегі әлеуметтік әл-ауқатты арттыру мақсатында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру қажет.

3.      Қор нарығы даму деңгейінің төмендігі. Зейнетақы салымдарын тартудың басты мақсаты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және инвестициялық табыс табу болып табылады. Еліміздегі зейнетақы жйесіне қатысты заңнама инвестициялаудың шектеулі қаржы құралдарын рұқсат етеді, оған қоса отандық Қор нарығы да қаржы құралдары мен қызмет ету механизмі жағынан әлсіз, ал шетелдік қор нарықтарға инвестициялауға, біріншіден шектеулер қойылған, екіншіден отандық қаражаттардың сыртқа ағымы қайта орын алады. Бұл ретте ЖЗҚ-лардың алған инвестициялық табыстары да төмен, ал комиссиялық сыйақылар есептелгеннен кейінгі зейнетақы салымшыларының инвестициялық табысы мардымсыз көлемде қалып отыр. Сондықтан Қор нарығының барынша дамуы жинақтаушы зейнетақы жүйесінін толыққанды жұмыс істеуін қамсыздандырады.

4.      Халықтың қартаю үрдісі. Қазіргі таңда қаржылық дағдарыстан кейінгі әлемдік зейнетақы нарығындағы мәселесі – халықтың қартаюы. БҰҰ бойынша, 2025 жылы ҚР 8% 65 жас және одан үлкен азаматтар болады. Жалпы қазақстан «қартаюшы мемлекет» санатына жатқызылған. Зейнеткерлiк жасқа келу шектерi биологтармен, психологтармен, экономистермен, әлеуметтанушылармен әр түрлi бағаланатын шартты түрде кәрiлiктiң басталуы деп санауға болады. Егде жастағы адамның жалпы жылдамдығы мен физикалық жылдамдығының төмендеуi сөзсiз, бiрақ, бiлiмi, кәсiпқойлығы сақталады; жасының ұлғаюына байланысты шығындары көп жағдайда білімінің және тәжiрибесiнiң жоғары сапалылығымен жабылады. Зерттеулер бойынша 60-69 аралығындағы адамдардың барлық өмiрлiк тәжiрибесi 16-19 жастағылардың балама көрсеткiшiнен 19,8 рет жоғары; 20-24 жастағылардан – 4,34 рет, 25-29 жастағылардан – 2,74 рет, 30-34 жастағылардан – 1,83 рет жоғары екен. Егер әлемдегі барлық зейнеткерлердiң арасындағы жұмыс iстейтiндердiң үлесi 1965ж. 12% құраса, 1975ж. – 20,3%, 1995ж. – 19,2%, 2005ж. – 15%, 2008ж. - 13% , ал 2011ж. – 7,9% құрайды. Бұл мәлiметтер үлкен жастағы адамдардың шын мәнiнде қоғамның еңбек резервi болып табылатындығын куәләндырады. Жалпы елдегі зейнеткерлік жастың ұлғайту реформасын жасау қажет, алайда реформа сатылай түрде және халық әл-ауқатын ескеріле жүзеге асырылуы қажет [2].

Қорытындылай келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретінін атап өтуге болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.      Хольцер П. Инвестиционная деятельность пенсионных фондов в Казахстане: факты, проблемы и рекомендации. – Вашингтон: Всемирный банк, 2010. – 96 с.

2.      Зейнетақы салымдары мен орташа жалақы деңгейі http://www.kaz.stat.kz.

3.      Анафиева Ж. Социально-экономические основы реформирования пенсионной системы. - 2008. №9, Санкт-Петербург. 11-15 стр.

4.      Финансовая отчетность накопительных пенсионных фондов Комитета РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций. URL: http: //www.afn.kz.