Э.ғ.к., доцент
Шомшекова Б.К., магистрант Мустафин Е.Б.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қазақстан
Республикасының индустриалды- инновациялық дамуындағы банк қызметтерінің
орны және мәселелері
Қазіргі
Қазақстан үшін маңызды бағыттардың
бірі әлемдік экономикаға
біртіндеп интеграциялану жағдайында орнықты экономикалық
өсімді қамтамасыз ету болып табылады. Оны жүзеге асыру
мақсатында ҚР үдемелі
индустриалды- инновациялық
даму бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл
стартегиялық жоспардың
орындалуы еліміздің алдағы уақытта әлемнің
барынша бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарынан
көрінуі мен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін
маңызы болмақ. Осы жағдайда экономиканың барлық
салаларын несиемен қамтамасыз еттетін банктер үшін заман
талабына сай жаңа
нарықты және оның
жаңа механизмін құру, дамыту, ақшалай ресурстарды
құру мен есеп айырысулардың тәсілдері мен формаларын
жетілдіру қажеттілік болып
табылады. Сондықтан ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
банктік қызметтердің
икемді және экономиканың индикаторлық ролін
атқаратын сектор болуға жетелейді.
ҚР
Президентінің Қазақстан халқына арналған
««Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Жолдауында « Қазақстандық
банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға
және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға
деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте
қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды,
банктерді проблемалық кредиттерден тазарту және қорландыру
мәселелерімен тығыз айналысу қажет»- деп отандық банктердің алдағы қызметтеріне баса назар аударды[1].
Осы жағдайларда банктерге экономиканың
барлық салаларында іскерлік ынтымақтасты қолдауға
және несиелеу қызметтерінде халықаралық деңгейдегі
тәсілдерді енгізу арқылы отандық банк
жүйесін жаңа сатыға көтеру мақсаты қойылып
отырғаны белгілі.
Жалпы 2010ж. қабылданған Үдемелі
индустриялық-инновациялық дамудың (ҮИИД) мемлекеттік
бағдарламасына 236 жоба
іріктелініп, оның ішінде жалпы құны 6,8 триллион теңге
болатын 101 ірі жоба республикалық картаға, жалпы құны
580 миллиард теңге болатын 139 жоба өңірлік карталарға
топтастырылған. Бұл бағдарлама
екі кезең бойынша жүзеге
асырылмақ: 1- кезең 2010-2014 жж.; 2-кезең, 2014- 2020 ж. дейінгі
кезеңді қамтиды.
Аталған стратегиялық міндеттерді
орындауда “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасына
басымдық берілген. Банктер үшін бұл
бағдарламасының ынталандыру
тетігі ретінде несиенің сыйақы ставкаларына субсидиялау белгіленген. Басты шарт –
кәсіпкердің өзі өндіретін өнімінің кемінде
10 пайызын экспортқа шығара алуы. Мұндай жағдайда берілген
несие ставкасының 60 пайыз субсидияланатын болады. Егер өнімдегі
экспорт үлесі 30 пайыз бен 40 пайыз аралығында болса, онда берілген
несие ставкасының 70 пайызы
субсидияланады. Ал, өнімдегі экспорт үлесі 50 пайыздан асқан
жағдайда несие ставкасының 90
пайыз субсидияланады. Несиелерді
кепілдендіру ұзақтығы 10 жыл болып, 3 млрд. теңге көлеміндегі соманы
қамтиды. Бұл кепілдендіру
кәсіпорын жаңа жоба бойынша жаңғыртылған немесе
кеңейтілген жағдайда, сондай-ақ жаңа өндіріс орны
құрылған жағдайда жүзеге асады. Осындай
қолдау шаралары экспорттық операциялармен қатар
еліміздің ішкі рыногында қазақстандық кәсіпкерлер
үлесін арттыру ісіне қатысқан жағдайда да жүзеге
асады. Ол үшін кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті
айқындалады. Сонымен қатар, қазақстандық индустрияландыру
картасын жүзеге асыру ісіне және ұлттық компаниялардағы
мемлекеттік сатып алу тапсырысына қатысу деңгейі есепке алынады.
Бағдарламада еліміздің алға қойып отырған
мақсаттарына сәйкес бірқатар салаларға басымдық
берілген. Олар – металлургия, металл өңдеу және машине жасау,
химия және мұнай-химия өнеркәсібі,
дәрі-дәрмек өндірісі, құрылыс материалдарын
шығару өндірісі, бидай өндірісінен басқа барлық агроөнеркәсіптік
кешен субъектілері, туризм мен жеңіл өнеркәсіп, сауда,
тұрмыстық қызмет және т.б. салалар.
Аталған бағдарлама бойынша өткен жылы
республикалық бюджеттен жаңа бизнес бастамаларды
қолдауға 11,2 млрд. теңге, кәсіпкерлік саланы
сауықтыруға 16 млрд. теңге, экспортқа өнім
шығаратын өндірістерді қолдауға 2,8 млрд. теңге
қаржы бөлінген[2].
Одан басқа
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша іскер
шаруашылық жүргізуші бірліктерді банктік несиелеуге мемлекеттік деңгейде жеке
өңірлері мен облыстары бойынша қолдау
қарастырылған. Мысалы, Алматы облысы бойынша
берілген несиелердің игерілуі - облыстың
әлеуметтік-экономикалық өміріне елеулі өзгерістер
әкелді(кесте1).
Кесте 1. ҚР және Алматы облысы
бойынша берілген несиелердің игерілуі
|
|
|
Қазақстан
бойынша игерілгені |
Алматы обл. бойынша игерілгені |
|||
|
№ |
Банк |
Қарыз алушылар
саны |
Сомасы, млн.
теңге |
Қарыз алушылар
саны |
Сомасы, млн.
теңге |
Игерудегі
үлесі |
|
1 |
Жинақбанкі ЕБ |
68 |
13 241 |
6 |
1 726 |
13% |
|
2 |
АТФ Банк |
1 453 |
63 572 |
147 |
4 822 |
8% |
|
3 |
Альянс-банк |
544 |
34 957 |
30 |
1 856 |
5% |
|
4 |
Халық банк |
164 |
19 240 |
4 |
932 |
5% |
|
5 |
Оеііа Вапк |
46 |
174 |
2 |
7 |
4% |
|
6 |
Банк ЦентрКредит |
834 |
61 933 |
92 |
2 201 |
4% |
|
7 |
Еуразиялық
Банк |
948 |
49 792 |
13 |
1 384 |
3% |
|
8 |
Каспий банкі |
710 |
26 511 |
39 |
653 |
2% |
|
9 |
Нұрбанк |
301 |
21 499 |
4 |
487 |
2% |
|
10 |
Темірлизинг |
9 |
186 |
1 |
4 |
2% |
|
11 |
БТА Банк |
2 557 |
130 531 |
175 |
2 296 |
2% |
|
12 |
КазКоммерцбанк |
731 |
43 941 |
21 |
578 |
1% |
|
13 |
Цесна-банк |
510 |
14 358 |
4 |
149 |
1% |
|
14 |
Темірбанк |
54 |
3 763 |
1 |
22 |
1% |
Қайнар көзі: ҚР Статистика жөніндегі
агенттігі: (www.stat.kz)
Жоғарыда берілген кестеден Алматы
облысындағы «Бизнестің жол
картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асуына ЕДБ
қатысуымен игерілген несиелерді отандық жүйе
құрастырушы банктердің үлесі 4-5 пайызға жетіп отыр[3].
ҚР Үдемелі индустриялдық-инновациялық
дамуы бағдарламасының жүзеге асуына үлес қосып
отырған банктердің бірі -«Халық
Банкі» АҚ. Оның 2009-2011
ж. экономикалық секторларына берілген несиелерінің динамикасы
келесі 2-кестеде берілген.
Кесте 2. «Халық
Банкі»АҚ 2009-2011 ж. секторларға берілген несиелерінің
динамикасы, млн.теңге
|
Секторлар: |
01.01.10ж. |
% |
01.01.11ж. |
% |
01.01.12ж. |
% |
|
Жеке
тұлғалар мен кәсіпкерлер |
400,080 |
31 |
490,877 |
35 |
566,233 |
36 |
|
Мұнай
мен газ |
369,987 |
29 |
329,416 |
23 |
326,157 |
21 |
|
Көтерме
сауда |
80,585 |
6 |
88,061 |
6 |
137,855 |
9 |
|
Жүк
тасу |
72,754 |
6 |
179,584 |
13 |
126,104 |
8 |
|
Құрылыс |
65,418 |
5 |
34,209 |
2 |
72,824 |
5 |
|
Жылу
энергетикасы |
20,573 |
2 |
22,803 |
2 |
57,679 |
4 |
|
Басқа
да тұтынушылық қызметтер |
85,684 |
7 |
55,775 |
4 |
53,124 |
3 |
|
Үкімет |
83,822 |
7 |
26,854 |
2 |
50,531 |
3 |
|
Металлургия |
25,853 |
2 |
43,853 |
3 |
27,207 |
2 |
|
Қаржылық
сектор |
30,365 |
4 |
24,568 |
2 |
25,064 |
2 |
|
Зейнетақы
қорларының қызметі мен сақтандыру |
11,580 |
1 |
49,243 |
3 |
17,058 |
1 |
|
Білім
беру |
10,281 |
1 |
10,934 |
1 |
13,110 |
1 |
|
Денсаулық
сақтау мен әлеуметтік қызметтер |
3,137 |
0 |
6,143 |
0 |
10,511 |
1 |
|
Байланыс |
12,737 |
1 |
15,180 |
1 |
4,184 |
0 |
|
Басқа
да |
940 |
0 |
38,255 |
3 |
69,835 |
4 |
|
Жалпы: |
1,274,069 |
100 |
1,415,755 |
100 |
1,557,476 |
100 |
Қайнар
көзі: www.halyk.kz
мәліметтері бойынша құрастырылған.
«Халық
Банкі»АҚ 2009-2011 ж. секторларға берілген несиелерінің
сомасында жеке тұлғалар мен
кәсіпкерлерге берілген несиенің үлесі 2009ж.-31%, 2010ж.- 35%, 2011ж.-36% өсіп, өзінің
басты қызметі несиелеу бойынша отандық банк жүйесінде
көшбасшы екенін байқатады. «Халық банкі»АҚ экономиканың жеке секторларына
берілген несиелер арасалмағындағы мәліметтер бойынша
әлемде болған қаржы дағдарысының салдарын
жеңуде мемлекеттік қолдауды пайдаланып, өзінің
позициясын біршама сақтап
қалған. 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан
Халық Банкі» АҚ мен оның «Halyk Group» тобына кіретін еншілес
ұйымдары 39.5 млрд. теңге мөлшерінде таза пайдаға
қол жеткізді. 2012 жыл оның активтерінің нарықтағы үлесі 17.3%-ға дейін артты. Осы кезең
ішінде банктің біріктірілген активтері 8.4%-ға, клиенттердің
ағымдағы шоттары 43.0%-ға өскен[4].
«Халық Банкі»
АҚ «Бизнестің жол картасы –
2020» бағдарламасы бойынша несиелеу бағыты экономиканың шикізаттық емес
секторындағы өңірлік кәсіпкерліктің орнықты
түрде және теңгерімділік өсіммен дамуын
қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі бар жұмыс орындарын
сақтау және жаңадан тұрақты жұмыс орындарын
ашу болып табылады.
Сондықтан
«Халық
банкі»АҚ «Жаңаша бизнес бастамаларды қолдау» атты кепілдік
берудің 1-ші бағыты шеңберінде қабылданған
және ҚР Экономикалық даму және сауда министрілігі
мақұлдаған жобалардың саны бойынша көш бастап
келеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының
1-ші және 3-ші бағыты шеңберінде («Кәсіпкерлердің
валюталық тәуекелдерін төмендету») Банк Өңірлік
үйлестіру кеңесі мақұлдаған жобалардың саны
бойынша тиісінше төртінші және екінші орынды иеленуде.
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының
«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» атты 2-ші бағыты
шеңберінде Банк Экономиканы модернизациялау мәселелері бойынша
мемлекеттік комиссияның жанындағы Жұмыс тобы
мақұлдаған жобалардың саны бойынша екінші орынды
иеленуде. 2012ж. Банк жалпы сомасы
112,6 млрд теңгені құрайтын 195 жобаны мақұлдап,
87 жобаны субсидиялады.
«Халық
Банкі» АҚ аталған бағдарламаны
жүзеге асырудағы бағыттары:
1. Жаңа
бизнес-бастамаларға қолдау жасау
- экономиканың шикізаттық емес секторындағы жобаларды
жүзеге асыруға мемлекеттік қолдау көрсету және
осы бағытқа қолдау жасаудың мүмкін болатын
құралдары ретінде
жаңадан берілген
заемдардың және 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген, әрекет етуші кредиттердің
пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау;
2.Жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа
қожалықтарының (фермерлік шаруашылықтардың)
мүддесі үшін әрекет етуші Шаруашылық серіктестер
(толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, коммандиттік
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестер), Акционерлік
қоғамдар, Мемлекеттік кәсіпорындар, Өндірістік
кооперативтер және ол әрекет етуші бизнеске беріледі. Бұл қаржыландыру мақсаты:
1)Айналым капиталын
толықтыру, бизнесті дамыту;
2)Жылжымайтын мүлік
сатып алу, оның ішінде: бизнесті ұйымдастыру үшін
коммерциялық жылжымайтын мүлік, коммерциялық емес жылжымайтын
мүлік (одан кейін тұрғын үй қорынан шығару
арқылы), коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысын
салу мақсатында жер телімдерін сатып алу, коммерциялық жылжымайтын
мүлік құрылысы, бизнесті ұйымдастыру үшін жылжымайтын
мүлікті күрделі жөндеуден өткізу;
3) Жылжымалы мүлік сатып алу,
коммерциялық мақсаттағы ғимараттарды, үй-жайларды
жөндеу /қайта салу;
4)« Халық Банкі» АҚ
және басқа банктердегі /қаржылық мекемелердегі
ағымдағы, мерзімі өтпеген қарыздарды қайта қаржыландыру.
Одан басқа қолайлы
макроэкономикалық жағдайлар мен ресурстық база өсiп
отырған кезде шағын
және орта бизнес субъектілерін несиелеу«Халық Банкі»
АҚ беделді қызметі болып
табылады. «Халық Банкі»
АҚ берген несиелерінің 32%-ы Алматы қаласына,
14%-Қарағандыға, 8% -Оңтүстік
Қазақстан облысына, 9%-Шығыс Қазақстанға
берілгені және т.б. көрінеді[4].
Жалпы осындай мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы-2020»
арналған кәсіпкерлік бизнесті қолдау және
дамыту бағдарламасы да, кәсіпкерлік фирма бизнесін дамыту
үшін негізгі проблемалардың басым бөлігін қамтыған.
Соның өзінде әлі де кәсіпкерлік фирмалардың
негізгі проблемаларының бірі қаражат тапшылығы болып
қалып отыр. Қаржыландырудың лизингтік, франчайзингтік
түрлері, ипотекалық несиелеулердің қалыпты механизмдері
әлі қалыптаспаған. Негізі несие алу көздері - екінші
деңгейлі банктер. Қабылданған заңдар, нормативтік
актілер, мемлекеттік бағдарламалар негізінде бизнестің дамуына
біршама ықпалды климат жасалса да, негізгі несие көздері жеткілікті
болғанына қарамастан ұйымдастырушылық
бағыттағы мәселелер де бар, олар:
1) Несие алу үшін жинайтын қағаз жұмыстырының
көптілігі;
2) Несие төлем ақыларының ставкасының жоғары
болуы;
3) Берілген несиелердің қысқа мерзімге берілуі;
4) Жаңа бастаған кәсіпкерлердің несие алуға
мүмкіндік жоқтығы;
5) Кепілдікке қойылған жылжымайтын мүліктің
өз құнынан екі – үш есе төмен бағалануы;
7) Банктерде шағын және орта бизнесті несиелеуде қандайда
бір жеңілдіктерді қарастырмауы.
Осы аталған проблемаларды
шешуде өз кезегінде мемлекеттің бақылауы мен реттеуі,
экономикалық қызметінің орны маңызды екені ешкімге
құпия емес[5].
Қорытындылай келе, қазіргі
кездегі ҚР
индустриалды- инновациялық дамуын
қамтамасыз етудегі банктердің бизнесті несиелеудегі негізгі
проблемаларды шешу үшін келесі іс – шараларды ұйымдастыру
қажет, олар:
1)Аймақтық
деңгейде кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу үшін
коммуналдық есептегі жылжымайтын мүліктер қорын кепілге тарту;
2)
Банктің кәсіпкерлік бизнесті несиелеуін ынталандыру
мақсатында Ұлттық банк тарапынан, қайта
қаржыландыру ставкаларынан төмендетуге ұмтылу;
3)
Банктің кәсіпкерлік бизнесті несиелеуін ынталандыру
мақсатында банктерде салық салуда бір шама кепілдіктер
ұйымдастыру;
4)
Қаржыландырудың несиелеуден бөлек лизинг, франчайзинг,
ипотекалық несиелеу механизмдерін дамыту және қалыптастыру;
5)
Кәсіпкерлік фирмаларды несиелеудегі мемлекет, банк, кәсіпкерлік
бизнес субъектісі де ыңғайлы тиімді тәсілдерді
ұйымдастыру, оның ішінде а) банктермен кәсіпкерлік
несиелеудің кешенді жетілдірген үлгісін қолдану; б) мемлекет,
кәсіпкерлік фирмалар, банк үшін үш жаққа да
тиімді несиелеу механизмін жүзеге асыру және қарым –
қатынастарын жетілдіру,
6)
Кәсіпкерлік бизнесті несиелеуде өзара серіктестік несиелеуді
ұйымдастыру.
Аталған
шаралар өз деңгейінде жүзеге асырылған жағдайда
біздің есеп бойынша кәсіпкерлік бизнестің жалпы ішкі
өнімдегі үлесін көбейтіп, тұрғындардың
жұмыспен қамтылуын арттыруға болады. Бұл өз кезегінде
алдағы онжылдықта мәңгілік
ел Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық қуатын нығайта
түседі деген ойдамыз.
Әдебиеттер
1
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы //
Экономика,2012. - №52,21-26 желтоқсан
2
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы //Егемен Қазақстан,2010ж.
23 сәуір
3
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы.-http:// www. strategia. kz
6
Шомшекова Б.К. ҚР шағын және орта
бизнесті неиелендірудің кейбір
мәселелері// IХ - халықаралық конференция материалдары, Прага,2013ж.-86-91бб.