Э.ғ.к., доцент Шомшекова Б.К., магистрант Аманова М.Б.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан

           Қазақстан Республикасында  банктік ресурстарды дамытудың өзекті мәселелері   

Жалпы банктің ресурстары – оның пассивтік және активтік операциялары негізінде қалыптасып, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді.  Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы, олардың мамандануы, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай өзгешеленеді. Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі небәрі 10-12% құрайды, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді. Банктік ресурстың өсу мүмкіндігі оның меншікті капиталының көлемімен, капиталдың жеткіліктілік және тұрақтылық көрсеткіштерімен анықталады. Одан басқа коммерциялық банктерде меншікті  қаражаттың көлемін көптеген факторларға қарай өздері дербес анықтайды.

         ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев ««Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында «  Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық кредиттерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет» - деп отандық банктердің қызметтеріне назар аударған болатын [1].

Осы жағдайларда банктік ресурстар  құрамын нығайту және дамыту бүкіл халықшаруашылығының қарқындылығын арттыруда  маңызды болып табылады. Екінші деңгейлі банктің ресурстарының құрылымы бойынша мәліметтерден 2008 және 2012жылдар арасында банктердің  меншікті капиталының көлемі 2008 жылы 122,3 млрд теңгеден, 2012 ж. 587,2 млрд. теңгеге артып, отандық банк жүйесінің тарихындағы ең үлкен өсуге ие болған(1-кесте). Сонымен бірге  тартылған қаржы үлесінің өсуі  де байқалды [2].

Кесте  1.

Екінші деңгейлі банктің ресурстарының құрылымының өзгеру динамикасы ,млрд.тг.

Ресурстар

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

сома

%

сома

%

сома

%

сома

%

сома

%

Меншікті капитал

122,3

15

161,2

14

233,6

13,5

346,8

12,5

587,2

12,6

Міндеттемелер қоржыны

686,0

85

1010,4

86

1491,3

86,5

2418,6

87,5

4073,4

87,4

Барлығы:

808,3

100

1171,6

100

1724,9

100

2765,4

100

4660,6

100

           Қайнар көзі: ҚР Ұлттық Банктің статистикалық мәліметтерінің негізінде құрастырылды.

Жалпы әрбір коммерциялық банктің қызметі осы меншікті капиталдың көлемі мен құрылымына байланысты. Осыдан банк ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты – меншікті капиталдың көлемін жеткілікті мөлшерде ұстау. Ол өз кезегінде   меншікті капиталдың депозиттік міндеттемелерді жабу мүмкіндігін көрсетеді (2-кесте).

Кесте  2.

Меншікті капиталдың депозиттік міндеттемелерді жабу мүмкіндігі

Кезең

Меншікті капитал сомасы, мың.тг

Депозиттік базаның сомасы

Көрсеткіш нәтижесі

СП = К /Д (Р) (%)

1 кезең 2010

1047905

1574024,4

66,6

2 кезең 2010

1179511

1803619,5

65,4

3 кезең 2010

1534110

3168362,5

48,4

4 кезең 2010

1978757

3106946,7

63,7

1 кезең 2011

2096024

3610220,9

58

2 кезең 2011

2264423

3884142,4

58,3

3 кезең 2011

2567203

3963762

64,6

4 кезең 2011

2599446

4539629,2

57,3

            Қайнар көзі: ҚР Ұлттық  Банкінің статистикалық мәліметтері негізінде құрастырылды

Берілген кестеде,   меншікті капиталдың тәуекелді пассивтерді жабу мүмкіндігі бар екенін көреміз. Бұл  банк  қаражаттардың  тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдары отандық коммерциялық банктердің меншікті капиталының көлеміне жаңа талап   қойылып отыр, яғни  коммерциялық банктердің жеке меншік капиталы 5 млрд. теңге мөлшерінде болуы тиіс. Мұндай талапқа жауап бере алмаған банктер бір-бірімен қосылуы не болмаса басқа қаржылық ұйымдарға айналуы керек.        Еліміздегі  коммерциялық банктердің 38 банктің 15-і осындай талапқа жауап бере алмайтыны белгілі болды, оны 2-кесте мәліметтерінен көруге болады.

          Кесте  3.

Меншікті капиталы 5 млрд. теңгеге жетпейтін Қазақстан банктері (2009 ж.)

Банк атауы

Меншік капитал,

млрд. теңге

1

«Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ

4,4

2

«Банк Позитив» АҚ

4,7

3

«Астана-Финанс Банкі» АҚ

1,8

4

«КЗИ Банк» ЕБ АҚ

2,6

5

«Лариба Банк» ББ АҚ

3,7

6

«ТПБҚ» АҚ

2,4

7

«Метрокомбанк»

1,5

8

«Заман - Банк»

2,9

9

«ТАИБ Қазақ Банкі» ЕБ АҚ

2,4

10

«Сенім Банк» АҚ

2,2

11

«Данабанк»

1,5

12

«Мастербанк» АҚ

2,1

13

«Экспесс Банк»

1,8

14

«Казинкомбанк» АҚ

1,5

15

Қазақстандағы «Пәкістан ҰБ» ЕБ АҚ

1,04

        Қайнар көзі: Нұрмолдақызы Г. Банктердің есеп айырысатын шамасы бар ма? // Экономика.  Республикалық апталық газет, -2009.-№11(79).-5б.

 

Осы жағдайларда отандық банк жүйесіндегі банктердің нарықтағы ұстанымдарына сай, оның ресурстарының құрылымындағы меншікті капиталдарының жеткіліктігі коэффициенттерін кемінде екі есеге көтеру және меншікті  капитал көлемін ұлғайту мақсатында шығарылатын акциялардың орналастырылуына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсету мен капиталы аз банктердің өзара бірігуі немесе қайта ұйымдастырылуы шараларын қарастыру керек. Одан басқа ҚР ҰБ пруденциялдық нормативтік коэффициенттерін пайдалану мен бірге депозиттік операциялар бойынша тәуекелдерді кешенді түрде бағалауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамсыздандырулар жасауы орындыболмақ [3].

Жалпы ресурстық база микроэкономикалық фактор ретінде коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Осы жағдайларда коммерциялық банк қызметі мен табыстылығының мөлшері депозиттік нарықтардан алатын ресурстар көлеміне қатал тәуелді.

         Кейбір мәліметтер бойынша ҚР екінші деңгейді банктеріндегі соңғы екі жылда тартылған ресурстардың 80% депозиттер мен банкаралық займдар құрайды.  Осы жылдары   жеке тұлғалардың депозиттері 42,9% - дан 47,6% -ға, заңды тұлғалардың депозиттері – 62,4% -дан 67,4% -ға өскен. Талап етуге дейінгі депозиттер үлесі жоғары банктерде меншікті капитал көлемінен жоғары болуы керек, өтімділігі жағынан талап етуге дейінгі депозиттер ең тұрақсыз, тез өзгеретін депозиттік базаның көзі болып табылады, өйткені салымшылар өз қаражаттарын кез келген уақытта ала алады. Сондықтан да осы депозитті жабу үшін меншікті капиталдың көлемі көп болуы керек.

Депозиттік базаның тұрақтылығын нақты анықтау үшін банктің депозиттік базасының құрылымдық талдауын жүргізу керек.

Кесте  4.

Банктің депозиттік базасының құрылымы

Депозиттер

2010жыл

2011 жыл

сомасы

Үлес салмағы

сомасы

Үлес салмағы

Талап етуге дейінгі

3070085,6

29,4%

5984792

34,3%

Ұзақ мерзімді

1060285,1

10,2%

3942186,6

22,6%

Орта мерзімді

5722248,9

54,8%

6315905,6

36,2%

Қысқа мерзімді

584449,8

5,6%

1185194,5

6,8%

Барлығы

10437069

100%

17428078

100%

           Қайнар көзі: ҚР Ұлттық  Банкінің статистикалық мәліметтері негізінде құрастырылды

Кестеде берілген мәліметтер бойынша бұл банктің депозиттік базасының құрылымы жоғары өтімділікпен сипатталады, өйткені депозиттік базасының 50% астамын мерзімдік депозиттер құрайды. Ол 2010 жылы 70,6% құраса, 2011 жылы 65,7% болды(3-кесте). Бұл кестеден, ұзақ мерзімді депозиттер2010 жылы 10,2% болса, 2011 жылы 22,6% өскенін көреміз. Ал мерзімді депозиттердің өсуі, меншікті капиталдың өсуіне, сонымен қатар жоғарғы өтімді активтердің өсуіне ықпал ететіні белгілі.

Кесте 5.

2009 – 2010жж. банктің депозиттік көздерінің құрылымы

Депозиттер

2010жыл

2011жыл

Ұзақ мерзімді

10,2

22,6

Орта мерзімді

54,8

36,2

Қысқа мерзімді

5,6

6,8

Талап етуге дейінгі

29,4

34,3

Қайнар көзі: ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтері негізінде құрастырылған.

  Жалпы ресурстарды тарту көздерінің құрылымы  үнемі өзгеріп отырады. Банктер ресурстық  қуатын кеңейту мақсатында өзінің депозиттік саясатын жүргізеді.  Осыған байланысты банк жұмысының басым бағыттарының бірі болып клиенттерге қолайлы салымдар тізімін кеңейту, депозиттік пайыз мөлшерлемесіне көп көңіл бөлу және клиенттер үшін қызметтердің жаңа түрлерін енгізуге бағытталған сауатты депозиттік саясат жүргізу жолымен депозиттік портфельді біртіндеп ұлғайту табылады.  

Соңғы жылдары еліміздің банктік жүйесі дамып келе жатқандығына ешқандай күмән жоқ. Бірақ, банктер өздерінің операцияларын жүргізсе де, халықтың сенімділік дәрежесінің төменділігімен сипатталады. Коммерциялық банктер осы сенімділік дәрежесін арттыру үшін барлық шараларды қолданып, арнайы стратегиялар жасауда. Отандық банктерге сенімділікті арттырудың бір жолы депозиттерді қорғау жүйесі болып табылады. Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін  беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі.

Отандық банктердегі депозиттік операцияларының одан әрі дамуына    Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізіп отырған ақша-несиелік саясаты, депозиттер үшін резервтер құру және қайта қаржыландыру мөлшері  және басқаларды жатқызуға болады. Резервтерді құру арқылы депозиттерді тарту құнын   ұлғайтуға болады. Бүгінгі күні салым және депозиттермен жұмыс істеуде Ұлттық банк айтарлықтай номативтік талаптар қоюда. Резервтік қорға депозиттер бойынша аударым мөлшерінен өсуі несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуіне, сондай-ақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің азаюына әкеледі.

Коммерциялық банктер жүргізетін депозиттік саясатқа әсер етуші факторлардың бірі Ұлттық банк бекітетін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі болып табылады .

  Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңызды факторларының бірі – банктің басқа қаржылық ұстанымдармен салыстырғанда беделі және басқа салым түрлерімен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің бәсеке қабілетті болуы мен бірге   депозиттердің түрлерін ұлғайту және оған бейім болу , салымшылар мүддесін қорғау және т.б.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талабына сай 2012 жылғы 1 қаңтардан кейін жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғары кепілдік берілген өтемақы бес миллион теңге мөлшерінде белгіленді. Бұл шара азаматтардың банк жүйесіне сенімін сақтауында негіз  қалаушы рөлін атқарды. Оны сол кезеңдегі депозит базасының өсуі дәлелдей түседі. Сонымен, халық депозиттері  77 пайызға, немесе 1,15 триллион теңгеге, олардың ішінде 5 миллион теңгеге дейінгі депозиттер-68 пайызға, немесе 470 миллиард теңгеге өсті.

Одан басқа елімізде дағдарыстан кейінгі уақытта теңгенің тұрақтылығына байланысты 2011 жылы депозиттік нарық қарқынды дами бастады.   Оның негізіңде халық пен бизнестің банк жүйесіне деген сенімінің сақталуы және әкономиканың дамуына байланысты шетел валютасына деген қызығушылықтың өсуі жатыр.

Халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер сондай-ақ 27,9%-ға 1 598,0 млрд. теңгеге дейін, шетел вапютасындағы депозиттер 16,0%-ға 1 160,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011 жыл басында   55,5%-дан 2013 ж. басында   57,9%-ға дейін артты.

Банктік емес заңды тұлғалардың теңгелік мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2013ж. басында 2,7% (бір жыл бұрын - 3,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 8,4% (бір жыл бұрын - 8,8%) болды[4].

Соған қарамастан Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің пассивті операцияларын дамытудағы негізгі мәселелері:

1) банк капиталының жеткілікті мөлшері, ол активтер қоржынының сапасы мен оларды орналастыру саясатына байланысты. Коммерциялық банктердің активтер қоржыны мен міндеттемелер қоржынын басқарудың негізі болып – жаңа клиентураны тарту, тартылатын ресурстар көздерінің құрылымын үнемі өзгерту болып табылады;

2) капиталдың халықаралық стандарттарына сәйкес банк капиталының негізгі көздерінің классификациясын жасау;

3) банк пайдасын бөлудің тиімді тәсілдерін қолдану;

4) инвесторлар арасында бағалы қағаздарды эмиссиялау мен орналастырудың нақты жағдайларын жасау;

5) депозиттердің жаңа түрлерін ұсыну;

6) депозиттердің пайыздық мөлшерлемелерінің бәсеке қабілеттілігі;

7) халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін, арнайы стратегиялар қабылдау;

8) халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

            Аталған мәселелерді шешімін табуы еліміздің  банктердің ресурстарын арттыруға  ықпал етіп, отандық экономиканың  бәсекеге қабілетті отық мемлкеттердің қатарынан көрінугеөз үлесін қосады деген ойдамыз.

        Әдебиеттер

1  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Экономика,2012. - №52,21-26 желтоқсан

2   ҚР Ұлттық банкінің www.National bank.kz ресми сайтының мәліметтері.

3  Нұрмолдақызы Г. Банктердің есеп айырысатын шамасы бар ма? // Экономика.  Республикалық апталық газет, -2009.-№11(79).-5б.www.stat.kz

4  Донских А.Қазақстанның басты даму векторында // Егемен Қазақстан, 2013ж. 12 қараша