Нуртазина А.А.
М.Дулатов атындағы
ҚИнЭУ магистранты
Бағалау
қызметтіндегі маркетингтің ерекшеліктері
Еліміздің
нарықтық экономика көшкелі бері әр түрлі
жаңа мамандықтар, жаңа қызметтер халыққа
көрсетіле басталды. Дүниежүзінде
қызмет көрсету саласы экономиканың ең жылдам
дамушыларының бірі болып табылады.
Өсу қарқыны және қызметтердің
жаңа түрлерінің пайда болуы бойынша бұл сала
өндірістік саланы басып озуда.
Қызмет көрсету саласы – қоғамдық өндіріс
жүйесінде, өндірісте және тауарларды өткізумен,
халық үшін жағдай жасаумен көрсетілетін,
қызметтердің салалары, аясы
және түрлерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасындағы қызметтер
саласының жылдам дамуы тәуелсіздік алған жылдардан басталды.
Қызмет көрсету саласының, индустриалды дамыған
елдердегі олардың күйімен салыстырғанда қалыс
қалатыны анық көрінетініне қарамастан,
соңғы онжылдық ішінде қызмет көрсету саласы
экономиканың дербес секторына айналды.
Бағалау қызмет көрсету нарығы келешекті және
даму үшін шектелмеген мүмкіндіктерге ие екенін көрсетеді.
Дегенмен бағалау қызмет саласының кәсіпорындары
өндірістік ұйымдардан, маркетингті тәжірибеде қолдану
бойынша қалып келеді. Оған бәсекелестіктің шиеленісу
шамасына, өткізу проблемаларының пайда болуына,
шығынның артуына қарай ғана көңіл аудара
бастайды. Отандық кәсіпкерлер бағалу қызмет нарығында әрекетті
тиімді жүзеге асыру үшін және өздерінің
меншітерін өміршеңдігін бекіту үшін маркетинг
тұжырымдамасымен қарулануы керек
Бағалау қызметі саласындағы маркетинг біздің
ойымызша — бұл тапсырыскерлердің мұқтаждары мен
қажеттіліктер айқындауға бағытталған
қызметтерді әзірлеу, жылжыту және өткізу процесі. Ол
тұтынушыларға кәсіпорын қызметін бағалауға
және дұрыс таңдау жасауға көмекке келеді. Маркетингтік коммуникациялар кез келген
кәсіпорынның өндіріс-өткізу жүйесінде
маңызды орын алады. Коммуникация дегеніміз - тауарлар, кызметтер туралы
хабарландыру. Сондықтан, бағалау қызметке деген
тұтынушының сенімін күшейту үшін фирманың келесі
әдістері қолданылады: жарнама, арнайы сату, өтімді
ынталандыру және қоғаммен байланыс. Коммуникация
әлементтерін дұрыс қолдану арқылы нарықта
қызметті ұтымды жылжытуға болады. Маркетингтік
коммуникациялар ішінде ең иімді болып жарнама болып табылады. Жарнама
дегеніміз - белгілі тапсырыс берушінің атынан қызметті тартымды
көрсетуге және оны сатып алушыға таныстыру арқылы
өткізуге бағытталған ақылы қызмет. «Жарнама Латын
тілінен аударғанда «жар салу» rесlamare ұғымын білдіреді.
Жарнаманың ерекшеліктері: қоғамдық сипатта болады;
үгіттеуге қаражат қабілеті жеткілікті сатушы жарнама
арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай
алады; мәнерлік, тус, дыбыс, қаріп арқылы тауарды тартымды
қылуға болады.
Маркетинг іс-шараларының ішінде бағалау
қызметтін жылжыту үшін жарнаманы бағалау фирмасының мақсатына қарай
жіктеуге болады:
1) акпараттық - тұтынушыларды жаңа қызметпен
және жаңа фирмамен таныстырады;
2) ескерту - тұтынушылар есіне қызмет туралы ақпаратты сақтауға
арналған және қызметті қай жерде сатып алуын еске түсіреді;
3) үгіттеуші- бағалау қызметіне таңдамалы
сұранысты қалыптастыруға;
4) көз жарнамасы – бағалау қызметі жайлы баспа және
сырт жарнамасы.
Жарнаманың
бағалау қызметтінде осы жарнама түрлерін
қолдануға болады.
Маркетингте 7Р дегеніміз – кәсіпкердің өз бизнесін ары
қарай жылжытуға арналған жоспары болып табылады, сонымен
қатар бизнестің негізі болып саналады. Жарнам мен қоса
маркетингтің 7Р ережесін бағалау қызметтінде қолдану,
осы қызметтің нарықта дамуына үлкен ықпал етуі
мүмкін. Cондықтан
бағалау қызметтінде маркетингтің 7Р ережесінде қолданып қарастыруға болады.
«Маркетингтің 7Р
ережесі» бағалау қызметтіне бейімдеп келесі кестеде көрсетуге
болады:
Кесте-1

Price (Бағасы). Әр мүліктің нарықтағы
құнына байланысты. Әр мүлікке тиесілі
фирманың тарифімен белгіленген бағасы бар.
Promotion (Ілгері жылжыту).
Бағалау қызметінде маркетинг
кешенін қолдану. Маркетингтік жарнама, коммуникация, ғаламтор,
пиар. Participants (Қатысушылар). Заңды
және жеке тұлғалар.
Physical evidence
(Физикалық куәландырулар). Қызмет көрсетілгеннен кейін арнайы әр
тұтынушымен арнайы сұрақ-жауап алынады. Яғни
қызмет сапасының қандай деңгейде
көтерсетілгені туралы жеке сайтта өз бағаларын береді.
Process (Процестер). Бұл бағалау
қызметте процесстер электрондық түрде жолға
қойылған. Яғни компаниядағы өтініш
іс-құжаттар және т.б. тұтынушылардан ғаламтор
арқылы қабылдап, электрондық түрде қызметтер
көрсетіледі.
Егерде бағалау қызметтін атқаратын фирмалар
маркетингтің 7Р ережесін кең қолдана отыра, бағалау
қызметтінің тұтынушыларын көбейтуге және
нарықты кеңейтуге болады.
Экономикалық реформаны жүргізе отырып, бағалау
қызмет көрсетудің даму динамикасына ықпал ететін
факторларды талдау пайдалы болады. Қызмет көрсету саласындағы
динамикалық өсудің шарттайтын өзекті фактор болып
технологиялық прогресс саналады. .
Бағалау қызмет көрсету саласының заңды
және жеке тұлғалар үшін, нарықтық
экономикаға өту
жағдайларында, стратегиялық міндет болып нарықтағы
тұрақтылықты сақтау үшін маркетингтік кең
қолдану керек
Сонымен қатар бағалау қызметтіндегі маркетингті
қолдануда Қазақстан нарығындағы
бағалау қызмет
көрсету саласының келесідей даму мүмкіндіктері мен
келешектерін ескеру керек:
1.Ақылы қызмет жүйесінің қарқынды
дамуын атап өту керек.
Ақылы бағалау қызмет көрсетудің беталысының
күшеюі байқалады.
2.Шаруашылықты жүргізудің нарықтық
жүйесінің қалыптасу жағдайларында, байланыстырушы буын
ретінде, бағалау қызметтінің
рөлі артады.
3.Статистикалық деректерді талдаулар негізінде, демалыстың
жан-жақты дамыған индустриясын жасау есебінен
санаториялық-курорттық қызмет көлемінің
өсуінің маңызды келешегі туралы қортынды жасауға
болады.
4.Бағалау қызметінде көрсетілетін қызметтер
құрылымында
радикалдық ығысулар өтуде. Шешімдер қабылдау
үшін және кәсіпкерлік тәуекелдікті төмендету
үшін ақпаратты қажетсінудің артуымен,
ақпараттық және кеңес беруші қызметтердің
үлесі жоғарылайды.
5.Ары қарай кеңею, жаңа қажетсінулердің пайда
болуы және жұмысшы күшті өндірістік сектордан босату
оның қызмет көрсету секторына ағылуына жағдай
жасайды, ол елдің экономикасындағы қызмет көрсету
саласының үлесін кеңейтеді.
Қорыта
айтқанда, бағалау
қызметімен айналысатын фирмалардың
бесекеге қабілеттілігін
жоғарлату үшін маркетинг іс-шараларын кең
қолдану қажет. Әсіресе жарнаманы ғаламтор арқылы
жүргізу, 7Р кешенінін түрлерін, маркетингтік коммуникацияны
және тікелей маркетингтік принциптерін, SWOT – талдауды қолдану
керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Джек
Фридман, Николас Ордвей, Оценка и анализ приносящей доход недвижимый
собственности, М.,; Большой экономический словарь, М,.
2.
http://planetahr.ru/publication/1974
3.
Есімжанова С.Р. Маркетинг. Алматы: Экономика, 2003
4.
Котлер Ф. Маркетинг менеджмент [Текст] / Ф. Котлер –
СПб.: «ПИТЕР», 2001.
5.
Бельгибаев А., Рахымбаев С. Маркетингтің теориясы
мен практикасы. – Карағанды, 2009