Мухамбетиярова К А
Ш.Есенов атындағы Каспий
Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті
Сапаркулова А.
Манғыстау
Гуманитарлық
колледжі
Маңғыстаудағы
зиратшылық туризм
Туризмнің ел экономикасының дамуына да
тигізер пайдасы мол. Туризм қазіргі таңда Қазақстанда да
өте тез қарқынмен даму үстінде. Кең байтақ
қазақ жерінің табиғатының сан қырлы
сұлулығын көріп таң қалмау мүмкін емес.Қазақ
жерінің сұлу табиғаты, туризмі туралы айтқанда еріксіз
мына өлең жолдары ойға оралады: « Әттең, сен сиятын
көрме жоқ жер бетінде...». Сол кең байтақ Қазақ жерінің бір
бөлшегі, табиғатының сұлулығының бір
көрінісі ретінде Маңғыстау
табиғаты өзінше бір ерекше. Маңғыстау- 362 әулие
қоныс тепкен киелі мекен. Маңғыстауды «аспан астындағы
мұражайға» теңесе, сол аспан асты мұражайын
көруге келген туристерді Маңғыстау жері,жұрты
құшақ жая қарсы алады. Мұнда аты әлемге паш
етілген пирамида да, шыңдары аспанмен таласқан биік тау да, йен
даласыз қаңырап жатқан шөлде жоқ. Есесіне
осыншама үш бөлек дүниені ұштастырып, ымдастырып
тұрған бір бүтін ағза бар. Ол- Маңғыстау
даласы. Маңғыстауда
аңызға толы тарихи ескерткіштер, естігенді таң
қалдырып, көргенді тамсандырған Бекет ата, Шопан ата,
Сұлтан Үпі, Қараман ата секілді жер асты мешіттері, Тамшалы,
Самал, Саура, Сығынды сияқты әсем жерлері, Отпан тау,
Шерқаладай тарихи орындары қоныс тепкен. Осындай
Маңғыстаудың жазып
сипаттайтын, шумақтап өлең шығартатындай аймағы
қаншама. Оларды жазып отыру бір кітаппен ғана шектеліп те
қалмас еді... Туризмді дамытып, әлемге паш ететін
Маңғыстауымыздың туристік потенциялы мол... Соның ішінде зиратшылық
туризмнің алар орны ерекше..
Маңғыстаудың әр тасы –
тұнған тарих және сырға толы. Бұл мекеннің
500 мыңжылдық тарихы бар деседі. Адамзаттың кез келген
ұлы істері ұлы даладан айналып өтпеді десек артық
айтпаймыз. VI ғасырдың ортасында Ұлы Жібек жолы
маңғаз даланы тіліп өткен. Шығыс пен Батысты
байланыстырған керуен жолының бір тармағы осы жердің
үстінен өтіп, Еуропаға қарай тең-тең
жүк артқан саудагерлер Күйкен қорғаны, Белдеулі,
Қақпақты, Тұрыш сияқты
құдықтарға аялдаған екен.Ұлы Жібек
жолының бойында көптеген бекіністер, керуен-сарайлар, ежелгі
қалашықтар пайда болды. Қатпар-қатпар тау-тасы,
аңызақ даласын көрген адам «Маңғыстаудың
ашық аспан астындағы мұражай» екеніне таңғала
таңдай қағады. Маңғыстау
– көне тарихи ескерткіштерге бай. Бүгінде ата-бабамыздың
мәдени мұрасы, руханияты ұрпаққа аманат болып
қалды. Бірі ескерткіштің сәулетті көркіне, ондағы
шеберлікке тамсанса, екіншісі рух алады. Сонымен қатар кешегі
патшалық Ресей мен кеңестік кезеңнің де
Маңғыстау жерінде қалдырған таңбасы –
бүгінгінің адамы үшін ұмытылмас тарих. Ол да
бірқыдыру әңгіме болары сөзсіз. Қарт
Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын,
шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін
еліміздің басқа жерінен тіпті таппайсыз. Сондықтан
Маңғыстау-Қазақстан Республикасының туристік
саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ.
Өлкенің туризмі дамыса, өлке экономикасына күш
қосылары анық.
Маңғыстауда
киелі орын көп. Әсіресе халықтың пір тұтатыны –
Бекет ата. Еліміздің батыс өңірінде Бекет атаның
өзі салып кеткен төрт мешіті бар. Біреуі Құлсарыда
болса, үшеуі Маңғыстау жерінде орналасқан. Өзі
осында Оғланды жеріндегі мешітінде жерленген. Алыс-жақыннан, тіпті
шетелден осы жерасты мешітіне келіп, тәу етіп жатады. 2010 жылы исламтанушы
Валерия Порохова Бекет ата мешітіне зияраттауға келгенде, «киелі орында
рухани қуат барын, мұнда тек саяхат үшін емес, адам
жүрегіне иман, нұр жинап қайту үшін көп келу
керегін» айтқан болатын. Америкалық зерттеуші Девин Ди Уис те:
«Бекет ата туралы кітаптан оқып біліп едім, Маңғыстауға
бір саяхаттап барамын деп жүргенмін. Қазір жерасты мешітін
көріп, ерекше әсерленіп кетіп барамын», – деген еді.
Бүгінгі
таңда өлкедегі туризмді дамытуда маңызды элементтердің
бірі болып табылатын, туристік саяхатшылардың болашақ
бағыттары жобасына енгізілген, алдағы уақытта әлемдік
қоғаммен мойындалып, жалпы адамзат
құндылықтарының жинағына енетін
«Сұлтан-үпі» тарихи-мәдени кешені.
Сұлтан үпі- Маңғыстауда
су пірі. Сартас шығанағына таяу, теңіз жағасынан
көрініп тұрған тay аңғарының аты -Сұлтанепе.
Аңғар іші- әр түрлі жеміс ағаштары
мәуелеген бақ табаны сылдырап аққан бұлақ.
Басында таудың жақпар құзын қашап салған
мешіт, бұл бір жағынан Сұлтан үпі әулиенің
бақилық мекені делінеді. Жанында тұщы суды
құдық жар басынан қазылған. Еш уақытта
сарқылып суалмайды. Әулиенің шырақшысы Самалхан
Тәжімағанбет қажы айтуынша бұл құдық
қасиетті. Егер күнәһар адам, не дәретсіз адам
барып оған ыдыс салса,түбіндегі су деңгейі төмендеп
кетіп, алдырмай қояды. Керісінше, құдайдың сүйген
құлы барса, су деңгейі құдық аузына дейін
лықып келе қояды. Шырақшы әңгімесінің
ақиқаты- құдық суының деңгейі
әр кезде ауытқып тұрады. Құдық суын бермей
іркіп қалатын қасиет, Қараман Ата, Бейнеубай салдырған
бірталай құдықтарға да қатысты айтылады.
Ел аузында
Сұлтан үпі Сүлеймен Бақырғанидың баласы
екен деседі. Әулие есіміне жалғаса айтылатын үпі - аба,
әбе, әб- парсының аба-су деген сөзінің
қазақ тілінде өзгеріске түсіп «Сұлтан үпі»,
«Сұлтанепе» болып кетуі. Содан ел мұны жалпақ тілімен
Сұлтанепе дейді. Сұлтанға әруақ 7 жасында
қонған екен. Бұл баласының өзге туыстарына
қарағанда, оқшау екенін байқаған әкесі
Қожа Ахмет Яссауйге апарып көрсетсе, ол кісі: «Балаң
өзіңнен де асқан қасиет иесі болғалы тұр.
Батаңды беріп жолға сал.» - депт. Әкесінен солай бата
алған Сұлтан баланың мекен-тұрағы осы жер болып
қалған екен. Ол қазіргі мешіт тұрған орынға
келіп қонған түні құз астынан жарылып
бұлақ ағыпты. Ол о баста теңізге сарқырап
құйыпжатқан өзен екен. Суы тұщы. Келе-келе
теңіздегі балықшылар осы өзен сағасынан су алып ішіп
аттанған сапарларының бәрінін сәтті болатынына
көз жеткізіп. Сұлтан әулиені су пірі, киесі тұтып
әкетулі. Ол тек су емес, оған қоса құл, мал,
түз, тұз, қыр, ой пірі де аталған сан қырлы
әулие делінеді. Бұл ел аузында, «Сұлтанепе, су жағала»
делінетін тіркес бар. Әулие атына бағышталып айтылатын
мінәжат. Шығу төркіні - теңізде дауыл тұрып
балықшы кемелері бағдарынан адасқанда. Сұлтанепе
әруағы байыз таппай жағалауды айналып жүріп от
жағып белгі беретіндігіне байланысты. Мұндай сенімнің су жағасындағы
кәсібінің тіңі балықшылық болған, көп
халықтарға тән екенін еске алайық.
Мешіттің
бір бөлмесі - қылует. Әулие 63 жастан соңғы
ғұмырын сонда Аллаға мінәжат етумен өткізген.
Маңғыстау ескерткіштерінің ішінде мұндай қылует
тек осында ғана бар. Сұлтанепе жарық дүниемен
қоштасып қылуетіне кеткенде, оның бір бұрышынан
әулиенің күнделікті тұтыну қажетіне керек суы
тамшылап ағып тұрса керек. О дүниеге барғаңда да
«Судың сылдырын естіп жатамын», - деп, бағыт-бағдарын
көрсетпей кетіпті.
Шақпақ ата жер
асты мешіті –
ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 25 км
қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ
шығанағына жақын Оңғазы (Өңеже)
тауының етегінде (Шиліқұдық алқабы)
орналасқан
Шақпақ-Ата
мешітінен көшпенділердің тас-қалаушылық өнерін
көруге болады. Мешіттің орталық күмбезі бөлмені
басып өтетін ұзын түзара, оның екі қапталында
қоржын үй орналасқан.
Негізгі әшекей-өрнек бас кіре берістің тақтасы
мен босаға қабырғаларын нақыштауға
жұмсалған. Залдың босаға
қабырғалары әр ғасырдағы суреттермен
көркемделген, ол жерден жануарлардың,
қару-жарақтың, салт-атты адамдардың, ағаш
және гүлдердің бейнесін, жазуларды, т.б көруге болады.
Шақпақ ата мешiтi -
Қазақстанның сирек кездесетiн жартасты сәулетшілік
өнерінің тамаша туындысы, ол өлкедегі жерасты
ғибадатханалардың арасында сәулет көркемдігімен
ерекшеленеді. Ол әктасты тау қабатынан ойыла қашалып
жасалған. Жоспарда мешіт бөлмелері жарықтың
жан-жақты сәулелеріне бағытталған шаңбақ
пішінінде. Орталық зал жартас қабаттарынан ерекшеленген
жалған аркалар мен үстіңгі қабаттары бар
бағаналарға жалғаса сфералық күмбезбен
көркемделген. Кіреберіс қаптал мен қабырғаларында араб
әрпімен жазылған адам аттары, құран сүрелері,
сопылық өлең мәтіндері, адамның қолы (бес
саусағы), ат, өгіздің сұлбалары бейнеленген.
Бұдан
бөлек, маң далада Шопан ата, Қараман ата, Масат ата,
Қаңға баба және т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер
бар. Тізе берсең, осылай кете береді. Маңғыстау ауданында
«Адай ата» кешені ашылып, туристік нысанға айналғалы да біраз уақыт өтті.
Қазіргі таңда
тарихи-архитектуралық орындарға саяхатшылар көп барады екен.
Мәселен, Түркияда киелі орындар халықаралық туризм
орталығына айналған. Маңғыстауда да сондай туризм орталығы
болуға сұранып тұрған киелі жерлер жетерлік. Зиярат
адамдардың рухани шөлін басары сөзсіз, олай болса, бұл
саланы да мықтап қолға алу керектігі заман талабы.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Кондыбаев С. «Эстетика
ландшафтов Мангистау»
2.
Герасименко
О. Полуостров сокровищ. – А-А.: Казахстан, 1968.
3.
Жамалбеков
Е.У. Казыналы тубек. – А-А.: Кайнар, 1990.