Педагогика/Стратегические направления
реформирования системы образования.
Ахметова И.А., Сатжанова Г.Б.
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті. Қазақстан
Болашақ
педагогты даярлаудағы Януш Корчактың педагогикасының
рөлі
Бүгінгі таңда, Қазақстанда
ғылыми, дүниетанымдық, тәрбиелік парадигмалардың
алмасуы жағдайында, қазіргі уақыт қажеттіліктеріне
жауап беруші педагогтарды даярлау тәсілдері мәселесі
өзектілікке ие болды. Мәселе авторитарлық мектепте
тәрбиеленген студенттердің ерікті немесе еріксіз түрде
өздері көрген педагогикалық әсер етулерді
қайталауында болып отыр: балаға әсер ету обьектісі ретінде
қарау, тәрбиенің негізгі әдістері ретіндегі
мадақтау мен жазалау, баланың бойынан тұлғаны
көру қабілетсіздігі. Жаңа заманғы мектептерде
оқушының өз-өзін дамытуға қолайлы
жағдайлар жасай білетін, жалпы және педагогикалық
мәдениеттің жоғарғы деңгейін меңгерген,
сондай-ақ, гумандық педагогиканың шыңына
көтерілуге қабілетті педагог, яғни мәдениет адамы қажет. Бұл мәселе білімді репродуктивті-ақпараттық
жолмен игерту тәсілдерімен шешіле алмас. Бұрыннан қалыптасып
кеткен қоғамдық
түсініктерді алмастыратын, гумандық педагогикаға
тән басқа тәсілдер керек. Ол үшін үш канал
бойынша әсер етуді қамтамасыз ету қажет: рационалды, эмоционалды
және кәсіби. Біздің мақсатымыз - жаңа талаптарға сай білім-тәрбие берудің формалары
мен әдістерін іздеу, солар арқылы тәрбие ісін жүзеге
асыру.
Тәрбие берудегі жаңа заманғы
әдіс-тәсілдер мәселесін түсінуге педагог-гуманист Януш
Корчактың еңбектеріне
жүгіну көмектеседі.
Корчактың студенттермен жұмысын зерттеп, оны
дәстүрлі жүйемен салыстыра отырып, біз: «Авторитарлық
педагогиканың негізі - балаға болашақ ересек ретінде
қарау, ал балалық
шақтың түп негізі - өмірге дайындау», - деген шешімге келдік. Мұнымен, көбіне,
педагогтардың баланы басқаруға, оны өзіне
бағындыруға ұмтылуы
түсіндіріледі. Балалық шақтың барлық мәні
жоғалып, ол тек нағыз ересек өмірге дайындау
баспалдағы ретінде қарастырылды. Корчактың еңбектерін
зерттеу, оның биографиясы мен педагогикалық қызметіне жүгіну студенттерге келесіні
түсіндіреді: «Балалық шақ – өмірге дайындық
кезеңі емес, ол нағыз өмірдің өзі! Ол –
үлкен құндылық»[1].
Ұлы
педагогтың мұрасын зерттеу келесі сипатта болады: оның
туындыларының желісі бойынша шығармашылық
жұмыстардың жазылуы, спектакльдердің қойылымы, балалық
шақ мәселелері бойынша оқушылар және студенттермен
дөңгелек үстелдер өткізу. Студенттер Корчактың
еңбектері көмегімен шынайы педагогикалық
құндылықтарды ашып, бала жанының әлемін танып,
ересек адамның баланы серік ретінде қабылдап, оның
индивидуалдығын құрметтеуінің маңыздылығына
көз жеткізеді[2].
Неліктен педагогиканы енді оқи бастаған
бірінші курстағы студенттерге ұлы педагог, жазушы, дәрігер
Януш Корчактың еңбектеріне жүгіну керек деп санаймыз?
Себебі, Корчак балалармен 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, оларды
өзгеден артық білген әрі түсінген.
Себебі, Корчак балалардың көп ағымымен
жұмыс істеп, бұл еңбекті өзге жаннан артық білген
әрі түсінген.
Себебі, Корчак керемет жазушы-публицист, ол балалармен,
тәрбиешілермен тілдесуді
өзгелерден артық
білген. Оның еңбектерінде балалармен педагогикалық
жұмыс бойынша нақты әдістемелік нұсқаулар
жоқ, бірақ оның әрбір жұмысында көреген,
ақылды бақылаушы мен тәжірибесі мол балалық
шақтың үлкен білгірі, арманшыл әрі қатал реалист
сезіледі. Студенттер оның еңбектерімен таныса отырып, ақылды,
мейірімді әрі түсіністігі мол кеңесшімен диалог
жүргізеді.
Себебі, бүгінгі таңда Корчактың
балалық шаққа құндылық ретінде
көзқарасы өте өзекті. Корчактың ойынша,
жарқын балалық шақсыз бақытты өмір
құрылмайды. Осыдан балалық шақты аялау керек екенін
түсінеміз.
Себебі,
Корчак өзінің адал
көмекшілері мен тәлімгерлерін өлімге қалдыра алмай,
олармен бірге Треблинка атаулы жазалау лагерінде қаза болды.
Студенттер
балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша негізгі
еңбектердің бірі «Баланы қалай сүю керек?» атты кітапты
оқып, онда педагогтың ақылымен таңқалдырған
ойларына тап болады: « Адамның ең маңызды кездесулері – оның
балалармен қауышуы екенін ұмытпа. Балаларға үлкен
көңіл бөл. Біз ешқашан бала жанындағы кіммен
кездесетінімізді білмейміз». « Өз балаңды әр жағдайда
сүйе біл – ол дарынсыз, сорлы, ересек болса да! Онымен қуана
тілдес, себебі бала барында мереке». Дәл
осы кереметтілігімен таңдандырған ойлар педагогика пәні
сабақтарында пікір-таластардың өзекті тақырыбы ретінде
қарастырылады[3].
Корчактың гуманистік идеяларын түсініп
қана қою жеткіліксіз. Болашақ педагогты идеяларды жүзеге асыру бойынша іске
қосу маңызды. Осы істі ұйымдастыра отырып, біз
студенттердің өзара түсіністікке, сыйластыққа
әкелетін құрмет педагогикасын оқуын мақсат
қоюымыз тиіс.
Студенттер, Корчак мұрасы арқылы, тәрбие
берудің мақсатталған бала тұлғасын
қалыптастыру процесі емес, баламен біріге, диалог негізінде
жүргізілетін процесс екенін түсінетін болады. Тәрбие беру
процесінің өнімді жүргізілуі үшін педагог пен оқушы
арасындағы қарым-қатынас гумандық сипатта болу керек. Бұған дәстүрлі
әдістермен қол жеткізе алмаймыз. Болашақ педагогтарды
сүйіспеншілік атмоферасына
бөлеу, гумандылықты студент
бойына сіңіру арқылы, біз белгіленген мақсатты игереміз.
Көрнекті педагогтың тәжірибесі
студенттерге педагогиканың жанданушы, дамушы ғылым екенін сезінуге
мүмкіндік береді. Корчактың
педагогикалық ойларының әлеміне шолу арқылы, студенттер
болашақ педагогты -
мәдениет адамын тәрбиелеуге қажетті
құндылықтарды бойына сіңіреді.
Әдебиеттер:
1. Как любить ребенка: Книга о воспитании: Я. Корчак. М.: Политиздат, 1990. -493 с.
2. http://ru.wikipedia.org.
3. http://wiki.uspi.ru/index.php/Вклад_Януша_Корчака_в_педагогику.