12 жылдық білім беру мамандарын даярлау бағытында ақпараттық технологияларды пайдалану

 

Тоқтанаева Қ.С., Ахметжанов М.А., Дүйсебаева Г.Қ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.,Қазақстан

 

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті , шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»,-деп нақты көрсетілген. Осыған орай бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологоялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.  

 Орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың 12 жылдық бiлiм беруге көшуi iске асырылады, ол он жыл iшiндегi жалпыға мiндеттi бiлiм берудi және екi жыл iшiндегi бейiндi бiлiм берудi қарастырады.

          12 жылдық мектеп курсының информатикасы оқушылардың жалпы компьютерлік сауаттылығын ашу, техникасын пайдалану және үйрету ақпаратын жалпы заңдылықтарын фундаменттерін ғылымы ретінде информатикаға ақпаратын технологияларын пайдалану. Қазіргі уақытта ақпараттың технологияның дамуына басты информатика пәні бастауыш сыныптан оқытып үйретуге даярлау мәселесі 12 жыл білім берумен тығыз байланысты болып отыр.

Мемлектіміздің білім туралы заңының 13 бабында білім беру мазмұнын адамның біліктілігі мен жан- жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі болып табылады. Білім беру мазмұнын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар негізінде әзірлейтін білім беретін оқу бағдарламасымен айқындалады. Сонықтан, 21ғасырларда ақпараттық қоғамда өмір сүретін қазіргі оқушылардың қазіргі заманғы ақпараттың технология бойынша білім деңгейін жақсарту есептеуіш техникасын үйретуде жедел жоғарғы жәрдем оқытып үйретуде міндеттейді. 12 жылдық білімге көшу мектеп информатикасын проблемасын информатиканың базалық курсын негізгі сатыға көшіру. Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарын жан- жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін екінші сыныптан бастап енгізу, қажеттігі туып отыр. Бұл қазіргі өмір талабына сай. Өйткені, компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педогогикалық психологикалық әдістемелік бастапқы дайындықты қалаптастырмайынша балалар өз бетінше деңгейлерін көтере алмайды, сондықтан бастауыш сыныпта білім жүйесінде де көздеген мақсаты әрі оқушының информатика ғылымының алғашқы фундаментальды білім негіздерімен таныстыру. Сонымен қатар, олардың информатика пәнін меңгере оқылатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі ақпараттық   технологиялар     арқылы    бастауыш  сынып оқушыларының оқуға,  оқу      іс-әрекетіне        деген ынтасын қалыптастыру  арқылы, өзіне деген   сенімділігін арттыруы қажет:     

1) Қазіргі ақпараттық технология оқушыны белгілі ойын жағдайына ендіре отырып,  оқу материалын көрнекі суреттермен, графикалар негізінде баяндайды. Оқушыға   нақты көмек формасын сұрай білуге   мүмкіндік   беру арқылы оқу іс-әрекетін басқару тәсілін нақты өзгерте алады.  Қазіргі ақпараттық технологиялар жағымды көңіл-күйге құрылған ақпараттық оқу ортасында жаңа оқу іс- әрекетін басқару құралы.

2) Қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен оқу үрдісін икемді басқара отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылауды сапалық жағынан өзгертуге болады. Барлық жауаптарды тексеруге, көп жағдайда жіберілген  қателіктерді есепке алып қана қоймай, сипатын анықтап, дер кезінде оның  пайда болуына  себепші болған себептерді жоюға көмектеседі. Қазіргі ақпараттық технологиялар - тиімді бақылау құралы.

3) Қазіргі ақпараттық технология оқушыларда өз іс-әрекеттерінің рефлексиясын қалыптастырып,  іс-әрекет нәтижесін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік жасайды.Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы өз іс-әрекетінің нәтижесін көре білуге, өз-өзіне сын көзбен қарай білуге дағдыландыруы қажет.
       Бiлiктi кадрларды даярлау елдi индустрияландыру жөнiндегi жоспарлармен байланыстырылатын болады. Техникалық, кәсiптiк және жоғары бiлiм беру жүйесiнде мемлекет негiзгi жұмыс берушi ретiнде бiлiм беру стандарттарын белгiлеген кеңестiк жүйеден мазмұны Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi арқылы кәсiби стандарттармен қалыптасатын нарық жүйесiне көшу жоспарлануда.

       Орта, техникалық, кәсiптiк және жоғары бiлiм беруде электронды оқыту жүйесi (e-learning) енгiзiледi.

       Жоғары оқу орындарына корпоративтiк менеджмент принциптерiн енгiзе отырып, академиялық еркiндiк берiлетiн болады.

12 жылдық білім беруде информатика пәнінен жас мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамытуда олардың бойына төмендегі қасиеттерді қалыптастырудың маңызы зор:

·  инновациялық білім берудің маңызын саналы түрде түсіну;

·  тәрбиеленуші тұжырымдамасын жүзеге асырудаѓы мұғалім қызметінің әлеуметтік мәні мен жауапкершілік, борыш сезімдерін педагогтік саналылықпен сезіну;

·  кәсіптік ынта мен танымдық қызығушылықты дамыту кажеттілігі.

Ол үшін болашақ мамандар міндетті түрде ақпараттық технология ресурсын, педагогикалық технологияларын өз мамандағына қолдана білуі керек. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында ақпараттық  технологияларды  жоспарлы түрде енгізіп, жүйелілік интеграциялауды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туып отыр.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған байланысты еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғыртулар білім беру жүйесіне де айтулы жаңа мақсаттар әкелді. Білім беру стандартының жасалуы, төл оқулықтардың жазылуы, мектептерді компьютерлендіру, инновациялық технологияларын іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістердің куәсі.

 Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау.

Компьютерлік технология  жоғарғы оқу орнында білім беру үрдісінде пайдалану бірқатар пәндердің  оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Өйткені ол білімгерге қажетті тірек білімін береді, сол білімнің көмегімен білімгер өзінің  нақты дайындық деңгейі негізінде  компьютерді пайдалана отырып өзін - өзі дамыта алады.

Осыған орай «Информатика және ЕТ» кафедрасында ақпараттық және инновациялық технологияларды меңгеру негізінде және жоғарыда айтылған мәселерді іске асыру үшін ғылыми-әдістемелік бағытта жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқу үрсіне енгізуге мүмкіндік беретін  3 курс білімгерлеріне  арналған «Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» атты эликтивті курс жүргізіледі.

Бұл эликтивті курстың мақсаты, міндеттері, білім мен біліктілікке қойылатын талаптары анықталған.

     Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.

Білімгерлердің, ғылыми-ізденіс және шығармашылық тұрғыдан жасалған компьютердің көмегімен газет шығарылды. Мұнда, газетке ақпараттар, мәліметтер жинады, дизайндық жұмыстар атқарды, Алдыңғы курстарда өткен Adobe Photoshop, Corel Draw. Macromedia Flash. Delphi программалау ортасымен жұмыс істеді. Аудио және видио жазбаларды пайдаланды. Осы жұмыстарды істеу арқылы білімдерін шыңдады шығармашылық ойлауын дамытты, болашақ мұғалім, нағыз маман  ретінде қалыптасты. Сонымен қатар, бұл пәннің мақсаты қазіргі заманда ғылым мен техниканың даму қарқынында оқу ағарту саласының оқыту  үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды үйретеді..

Арнайы курс соңында қорытынды диагностикалық жұмыс пен сауалнама нәтижелеріне қарай студенттер ақпараттық технологияларды қолданудың креативтік (жоғары) деңгейіне ауысты, яғни ақпараттық технологияларды қолдануды шығармашылық тұрғыда іске асыра бастады (жеткілікті деңгейде дербестігін көрсетіп, ақпараттық технологияларды қолдана бастады, берілген мақсат пен міндетке орай перспектива құрастыра біліп, оларды аяғына дейін орындап, нәтижелерді бағалай бастады.

Студенттерге тән сипаттамаларды атап көрсетсек:

·   ақпараттық технологияларды қолдануға қажетті психологиялық үдерістер дамуының жоғары деңгейде болуы;

·   өзінің кәсіби қызметіне байланысты ақпараттық технологияларды қолдануға деген мотивациясының тұрақты болуы;

·   өз бетімен білім алуда және оқу процесінде жүйелі түрде ізденіп, шығармашылық қабілетінің болуы;

·   ақпараттық технологиялар әлемін еркін бағдарлай алуға және оларды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін кәсіби білім жүйесінің тұтас, саналы әрі берік болуы;

·   ақпараттық технологияларды іске асыру үшін жеке тұлғаның зерттеушілік мүмкіндіктерін пайдалануы.

Кәзіргі заманғы ХХI ғасырдағы мұғалім бейнесі қандай болу керек деген сауалнамаға байланысты білімгерлердің пікіріне қарасақ, сауалнама нәтижесі бойынша төмендегі талаптарды байқаймыз:

1. әрбір деңгейдегі білім беру педагогы - педагогикалық инфраструктураны қолдауды жүзеге асыру,

2. компьютерлік сауаттылығын әр деңгейде дамыту және білім беру үрдісіне АКТ қолдану,

 3. ақпараттық – бағдарламаның қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қолдану,

 4. технологияларды білу және бағдарламаның кеңселік қоржындары;

 5. білім беру ресурстарында АКТ педагогикалық технологиялармен конструктивтілеу және педагогикалық дизайн/жобалау;

 6. әдістемелік желілік технологияларды қолдану,

 7. интернет-ресурстар, интерактивті жобалар ортасы және интерактивті оқу фильмдерін оқу үрдісінде тиімді пайдалана білуі қажетті екендігі анықталды..

Мұнда жаңа дәуір педагогінің ізгілігі мен демократиялылығы айрықша атап көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда, студенттердің көпшілігі мұғалімнің кәсіптік іскерлігі мен жеке тұлғалық қасиетіне таңдау жасады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

2.   Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

3.   Ш.А.Амонашвили «Қазақстан мұғалімі» газеті, 2010 жыл, 5 наурыз, 6 бет