п.ғ.м. Конхашова
У.М., педагогика және психология мамандығының 3 курс студенті
Мылтықбай А.А.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Жоғары
оқу орындарында педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формаларының
ерекшеліктері
Қазіргі
таңда еліміздің халықаралық білім беру кеңістігіне кіруі жүзеге асырылуда.
Бұл өз кезегінде жоғары білім беру жүйесін
реформалаудың түйінді бағыттарын нақтылауды қажет
етіп отыр. Тез өзгеретін технологиялар заманында оның басты
ұстанымы: өмір бойы білім алу, адамның сапалы кәсіби
және ғылыми дайындығы, өз бетінше іздене білуі
және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі. Жоғары
педагогикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі ең
өзекті мәселесі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек
нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандарды
даярлау. Бұл жоғары оқу орындарында білім беру сапасын
арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерінн
игеру арқылы ғана жүзеге асатындығы белгілі. Қазақстан
Республикасының 2011-2020
жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасының негізгі мақсаты – білім берудің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың
тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің
қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту
деп көрсетілген [1].
Жастардың
сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасуы, әрине,
дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесімен тікелей
байланысты. Білім беру барысында педагогтың оқытудың
әдіс-тәсілдерін, формаларын орынды қолдана білуі нәтижесінде
ғана қоғамымызда болашағынан мол үміт
күттірер білімді де білікті, кәсіби шеберлігі
қалыптасқан
тұлғалар пайда болады.
Білім берудің
теориясы мен практикасында көптеген формалар
жинақталған. Форма (лат.
«forma» - сыртқы бейнесі, сыртқы көрінісі) – бұл
белгілі бір мазмұнның сыртқы бейнеленуі. Оқытуды ұйымдастыру формалары
түсінігіне берілген анықтамалар да түрліше болып келеді. Атап
айтсақ:
Педагогикалық
сөздікте: «Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз –
оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды
жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру»;
Ресей педагогы И. М.
Чередов бойынша: «Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз –
педагогикалық іс-әрекетте
белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен
мұғалімнің бір-бірімен өзара байланысты
ықпалдастық, әсер етушілік қарам-қатынасы»;
Г. Усмановтың
«Педагогика» атты оқулығында: «Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз – бұл
мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы
жағдай жасау үшін арнайы
ұйымдастырылған белгілі бір тәртіппен өтілетін жұмыс»
деп қарастырылады [2].
Сонымен,
оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте
және мезгілде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім
алушылардың бірлескен іс-әрекетінің сыртқы
көрінісі. Ал педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
дегеніміз – мазмұн, әдіс-тәсілдер, құралдар,
білім алушылар мен педагогтың іс-әрекет түрлері сипатымен
байланысты болатын оқу үрдісінің ерекше
құрылымы.
Жоғары білім беру
мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастыру жоғары оқу
орындарының іс-әрекетін ұйымдастырудың типтік ережелері
мен жалпыға міндетті білім беру стандарттарына негізделіп жасалады
және мамандықтың оқу жоспарымен, сабақ кестесімен
реттеледі. ЖОО-да сабақтар
аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді.
Педагогиканы оқытуды
ұйымдастырудың аудиториялық формаларына дәрістер,
семинарлар, зертханалық сабақтар жатады.
Дәріс (лат. «lection»
- оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының
классикалық формасы. Оның
дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын
терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді
қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі
дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық,
түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық,
эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады.
Ø Ақпараттық қызмет ғылымда өз шешімін
тапқан немесе әлі де шешіліп жатқан жекелеген даулы
мәселелермен, сондай-ақ педагогикалық ғылымдардың
соңғы жетістіктерімен таныстырады.
Ø Бағыт-бағдарлық
қызмет студенттерге дәріс кезінде берілген ғылыми
еңбектер мен оқу құралдарының мол
таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар
әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру
үдерісін жеңілдете түседі.
Ø Түсіндірушілік қызмет студенттердің ұғымдар
мен түсініктердің ғылыми түсінігін
дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған.
Ø Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін
жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
Ø Дамытушылық қызмет студенттердің ойлау іс-әрекетін
ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын
дамыта түседі.
Ø Эмоционалды-ынталандырушылық қызмет студенттердің
оқылатын материалға, тақырыпқа деген
қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты.
Дәрістің артықшылығы:
1. білім алушының аудиториямен шығармашылық
қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу,
эмоционалдық өзара әрекеттесу;
2. білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді
тәсілі;
3. дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған
жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.
Сондықтан дәріс
оқушының мақсаты – студенттердің белсенді зейінін
дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. Дәрістің осындай
артықшылықтарымен қатар, оның кейбір дидактикалық
кемшіліктерін де атап өткен жөн.
1. монологтылығы;
2. оқу материалын игеру деңгейін жедел түрде бақылауды
жүзеге асыру мүмкін еместігі;
3. жекелеген амалды іске асыру мүмкіндігінің шектеулі болуы.
Осындай кемшіліктерді жою
үшін оқытушылар дәріс берудің жаңа жолдарын
қарастыруда. Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру барысында
дәрістердің мынадай типтерін қолдануға болады:
Нұсқау беру
дәрісі – оқу материалын меңгеруге қатысты негізгі
ережелермен танысу, білім алушылардың курс (бөлім, тақырып)
бойынша күрделі тақырыптар мен сұрақтарға назарларын
аудару.
Кіріспе дәріс –
студенттердің аталған курс жұмысының жүйесіне
назарларын бағыттайтын оқу пәніне байланысты ең
алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Ақпарат дәрісі
(дәстүрлі) – ғылыми ақпаратты студенттерге баяндау
және түсіндіру.
Проблемалық
дәріс – студенттердің танымдық іс-әрекеттерін ,
шығармашылық қабілеттерін проблемалық
сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе
проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамыту.
Жалпылау дәрісі –
студенттерді төмен танымдық деңгейден жоғары
деңгейге ауыстыру, оқу материалын меңгерудің
тереңдігі мен сипатын анықтау.
Шолу дәрісі –
ғылыми білімді жүйелеу, теориялық ережелерді
құру.
Визуалды (көру)
дәрісі – вербальды-визуалды түрде оқу материалдарын
техникалық құралдар немесе аудиобейне техника көмегімен
беру.
Бинарлы дәріс –
оқу материалын жүйелі, әр аспектіде пәнаралық
байланыс тұрғысынан беру.
Алдын-ала
жоспарланған қателерімен дәріс – оқу материалының
мазмұнына алдын-ала енгізілген қателерді студенттер міндетті
дәріс барысында белгілеп алып, дәріс соңында атап
көрсету.
Пресс-конференция
дәрісі – курстың белгілі бір тақырыбына байланысты
студенттердің құрастырған сұрақтарын
мазмұнына байланысты топтастыра отырып дәрәс оқу.
Материалды беру тек сұрақтарға жауап беруден тұрмайды,
өзара байланысқан тақырыпты ашатын толық дәріс
үлгісінде боладды. Дәріс соңында оқытушы студенттер
білімінің көрінісі ретінде сұрақтарды бағалайды
[3].
Дәріс
сабақтарынан кейін кең тараған оқу сабағы –
семинар. Семинар (лат. «seminarium» - көшет, егу) – студенттердің
оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы. Ол
бекітуге арналған, сонымен қатар өз бетімен алған
білімдерді тексеру мен бағалау тәсілі. Семинар
сабақтарының басты мақсаты – білім алушыларға
зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді
қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру
мүмкіндігін беру. Оқытушы семинар барысында білімді қайталау
және бекіту, бақылау, педагогикалық қарым-қатынас
орнату сияқты міндеттерді шешеді.
Кез-келген
семинар сабағына мынадай ерекшеліктер тән:
Ø студенттердің семинарға даярлық кезінде оқу
проблемаларын өз бетімен шеше алу жолдарын іздестіруі;
Ø сұрақты өз бетімен меңгеру мүмкіндігі;
Ø сұрақтар мен проблемаларды қарастырудағы жеке
жұмыстар;
Ø педагогтың бағыт берушілік, түзетушілік көмегі.
Семинарлар негізінен үш бағытта қолданылады:
1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін
семинар.
2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі
әдіснамалық сипаттағы тақырыпты жан-жақты
өңдеу үшін өткізілетін семинар.
3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу
мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі
семинар.
Семинар сабақтарының төмендегідей типтері бар:
Ø тақырыптық курсты меңгеру мақсатындағы
семинар;
Ø курс сұрақтарын толық өңдеуге арналған
семинар;
Ø ғылымның жекелеген салалары бойынша зерттеу семинары.
Семинар
сабақтарының дәстүрлі ұйымдастырылуының
формалары:
Топтық форма.
Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі,
қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды. Семинарды
ұйымдастырудың мұндай формасы білім алушыларды енжар
позицияға қояды, олардың сөйлеу белсенділігі барынша
төмен дәрежеде болады. Осылайша, сабақтағы топтық
оқыту формасы ұжымда, өндірісте адамдар
қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі
таңда мамандарды даярлау қажеттігін қанағаттандырмайды.
Дөңгелек
үстел. Мұнда ынтымақтастықпен жұмыс жасау
және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір
білім алушының интеллектуалдық белсенділікке
құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына
бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және
қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім
алушы белсенді позицияны иеленеді.
Пікірталас-семинар.
Бұл форма курстың теориялық және практикалық
проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық
қарым-қатынасын білдіреді. Нәтижелі пікірталас болуы
үшін білім алушылардың дәріс және өздік
жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет.
Зерттеу семинары.
Әдетте арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылады.
Мұнда білім алушылар оқытушының ұсынысымен шағын
топ құрап, сабақтың тақырыбы бойынша
проблемалық сұрақтар тізімін жасайды. 5-15минут ішінде білім
алушылар пікір алмасады, сөз сөйлеуге даярланады.
Педагогиканы
оқытуды ұйымдастырудың аудиториялық формаларының
тағы бір түрі – зертханалық сабақтар. Бұл
оқу пәні бойынша шағын зерттеулер жүргізілетін
оқытуды ұйымдастырудың формасы. Зертханалық
жұмыстар келесідей қызмет түрлерін атқарады:
Ø теориялық курста алған білімін эксперимент арқылы бекіту;
Ø ғылыми зерттеулер, бақылаулар жүргізуді жоспарлау,
ұйымдастыру және өткізуге байланысты алғашқы
дағдыларын қалыптастыру;
Ø ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын
арттыру.
Осылайша,
педагогика бойынша аудиториялық сабақтар түрлі формада
өтуі мүмкін және қатал түрде әдістемелік
нұсқауларға сай ұйымдастырылады. Енді, педагогиканы
оқытудағы аудиториядан тыс сабақтарға келетін болсақ,
ол, әрине, студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ)
болып табылады.
Педагогикалық
әдебиеттерде өзіндік оқу жұмысы оқытуды
ұйымдастыру формасы және оқытушының әдістемелік
жетекшілігімен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз орындалатын
студенттердің жоспарланған жұмысы ретінде
қаралады. Педагогикалық
жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің өздігінен
орындайтын жұмыстары олардың танымдық белсенділігін,
шығармашылық қабілетін арттырып,
тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған
істі соңына жеткізуге тәрбиелейді.
Қазіргі
уақытта ЖОО-да өздік жұмыстың бірнеше түрлері
бар:
Дәстүрлі
өздік жұмыс. Студенттің өзіне ыңғайлы
уақытта, әдетте, аудиториядан тыс кезеңде, қажет
болған жағдайда шеберханада немесе зертханада өз бетімен
орындалатын кәдімгі студенттің өзіндік жұмысы.
Оқытушы
бақылауымен жүргізілетін өзіндік жұмыс. Мұнда
студент оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру
өздік жұмысы.
Аралық
өздік жұмыс. Бұл студенттерден көбірек
өзбеттілікті , тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін,
кеңес беру пункттерінің болуын талап етеді және
кеңестер мен бақылаулар сипатына, тапсырмалардың
мазмұнына байланысты енгізілетін психологиялық-педагогикалық
жаңалықтармен ерекшеленеді.
Өздік
жұмыс студент әрекетінде қайта өндіру және
шығармашылық үрдістерді қажет етеді. Осыған
сәйкес студенттің
өзіндік жұмысының үш деңгейін ажыратады:
1.
Репродуктивті деңгей. Мақсаты – білімді
бекіту, іскерлік дағдыларды қалыптастыру. Жаттығу
өзіндік жұмыстары есеп шығару, кесте толтыру, сызба
және т.б. үлгі бойынша орындалады.
2.
Реконструктивті деңгей. Бұл деңгейде
рефераттар орындалады. Жоспар құру, тезистер, аннотация жазу сынды
тапсырмалар беріледі.
3.
Шығармашылық (ізденіс) деңгей.
Мұндағы тапсырмалар проблемалық ситуацияны, жаңа
ақпарат алуды талдауды қажет етеді. Студент мәселені шешу
құралдары мен әдістерін өзі дербес таңдауы тиіс
[4].
Оқытушы
педагогиканы оқыту барысында қолданылған аудиториялық
және аудиториядан тыс сабақтартың нәтижелелігі студенттер бойында өз бетімен
жұмыс істей алу іс-әрекетінің қалыптасу
тәжірибесіне байланысты екендігін білуі керек. Студенттердің
өз бетімен жұмыс істеуді дамыту проблемасы, оқу және
ғылым іс-әрекетіндегі білімдерін арттыруы, толықтыруы,
проблемалық жағдаяттан шығу жолдарын ойлап табуы педагог
іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім
беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы (yvision.kz)
2.
Оқытуды
ұйымдастырудың
формаларының
мәні, мазмұны
және
түрлері (www.diplomkaz.kz)
3.
Г. Н. Губайдуллина «Педагогиканы оқыту
әдістемесі» - Алматы, 2011ж.
4. Ә. Мұханбетжанова «Педагогиканы оқыту
әдістемесі» - Алматы, 2011ж.