Бекембетова Л.И., Қалматаева А.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
МҮМКІНШІЛІГІ
ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОТБАСЫНДА
ТӘРБИЕЛЕУ
Қазіргі таңда отбасына, әлеуметтік институт
ретінде, үлкен назар
аударылады. Көптеген мамандар отбасын үлкен
реабилитациялық мүмкіндіктері бар құрылым ретінде
қарастырады. Даму бұзылыстары бар, сонымен бірге туылғаннан
мүгедек балаларға әлеуметтік қорғау жасауда
және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде
орын табатын қиындықтарды пәнаралық жүйелі
бағыттарда зерттеу қажет (Л.М.Шипицина, С.В.Ковалев, Е.М.Мастюкова
және т.б.).
Инклюзивті білім беруді дамыту іс-шараларын жоспарлауда бала мен
оның отбасын жүйелі әлеуметтік зерттеу,
жалпы білім беретін мектептің оқу процесіне баланы нәтижелі
қосуға кедергі болатын қиындықтарды, кедергілерді,
асуларды бағалау маңызды рольді алады.
Инклюзивті білім беруге жайлы орта жасау үшін білім беру
және түзете
дамыту процестеріне ата-аналар белсенді қатысулары
керек.
Отбасы күрделі ішкі құрылымға,
өзіндік психологиялық құрылымға
және ерекше функцияларға ие.
«Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасы үшін негізгі
болып келесі қызметтер табылады: түзете-дамыту; орын толтыру және реабилитациялау
(мақсаты - баланың психофизикалық және әлеуметтік
статусын қайта құру, балаға материалдық
тәуелсіздікке және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік
беру).
Даму бұзылыстары бар
балалардың туылуы ата-ананың қоршаған ортаға,
өздеріне, өз баласына, басқа адамдарға және
өмірге көзқарастарын өзгертеді.
Жалпы білім беру мектебінде
оқуда мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік –
биологиялық және эмоционалды іс-әрекеттік бейімделуінде
отбасындағы қарым-қатынас маңызды роль ойнайды.
Жалпы білім беру
мектебінің мұғалімі
мүмкіншілігі шектеулі балалардың психофизикалық
ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге жүйелікөмек пен
қолдауды қажет ететін отбасыларын да білуі керек.
Даму бұзылыстары бар
балалардың отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін
анықтау үшін, отбасылық тәрбиелеу стильдері мен
типтеріне, сонымен қатар мүгедек-балалардың отбасыларын да, замануи
ой-пікірлерді қарастыру керек. Даму бұзылысы бар баланың
туылуы ананы стресс жағдайына түсіреді. Мүмкіншілігі шектеулі
балалардың отбасына тәуелдік деңгейі өте жоғары,
әлеуметтік ортамен өзара байланысқа түсу
дағдылары шектелген.
«Ерекше» баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселесі ата-ана
үшін өте ауыр болып, оларға күрделі психологиялық
жағдайға тап болады. Мұнда отбасыларына жүйелі
психологиялық-педагогикалық көмек қажет. Мүмкіншілігі
шектеулі баласы бар отбасымен жүргізілетін жұмысқа гуманизм
позициясынан қарау қажет, ата-ана баланы келешек өміріне ерте
дайындауға бағыттау қажет.
Даму бұзылыстары бар баланың туылуы
жиі ажырасуға соқтырады. Себептері: мінез өзгерістері
(әйелінің, күйеуінің); жиі ұрыстар;
сезімдердің жойылуы; тағы «даму бұзылысы бар баланың
туылуынан» қорқу; даму бұзылысы бар баланың анасымен
оның өзінің ата-анасы арасындағы
қарым-қатынастың бұзылуы.
Даму
бұзылысы бар баланың әкесі отбасының экономикалық
жағдайына жауап береді, яғни «ерекше» баланың туылуы тек
ананың ғана «өмірін» өзгертуге мәжбүрлейді,
яғни әкесі үйреншікті әлеуметтік
қарым-қатынастардан шектелмейді, сондықтан
әкесінің психикасы анасынақарағанда патогенді
әсерге соқтырылмайды.
Ата-аналардың білім
деңгейлері де әр түрлі:
1) көптеген мүмкіншілігі шектеулі балалары бар аналар өз
жұмыстарын тастауға немесе өзгертуге мәжбүр;
2)
ана материалдық
тәуелді жағдайға түседі;
3)
стресс жағдайы ананың өзін де
аурулардың пайда болуына соқтыруы мүмкін, патологиялық байланыс
пайда болады: баланың ауруы анасындағы психогендік стресс
(түрлі соматикалық немесе психикалық аурулар пайда болу
қаупі);
4)
физикалық жүк (әсіресе БСА балалары бар
отбасыларда);
5)
қайталанған
психозақымдар: жеңіл түрлері – көліктегі қақтығыстар, басшымен, өз ата-анасы, туыстарымен
қақтығыстар; ауыр түрлері – жолдасының отбасынан
кетуі, ажырасу, жақын адамның өлімі.
Психологиялық қорғаныс деңгейінде
(эмоционалды-әлеуметтік стресс) – невротикалық
күйлердің дамуына негіз болады. Г.Н.Волковская, А.И.Захаров,
М.М.Либлинг, Н.В.Мазурова, И.И.Мамайчук, Г.А.Мишина, Л.И.Солнцева, В.В.Ткачева,
Е.М.Мастюковалардың зерттеулерінде анықталғаны: кез-келген даму
бұзылыстары бар баланың ата-анасымен өзара байланыстарында
қақтығыстары бар.
Балалардың
жеке тұлғалық дамуымен ата-аналар
қарым-қатынасындағы тенденциялар (көріністер):
1) әрбір даму бұзылысы бар бар балаға ата-анасымен
деңгейлі эмоционалды-жағымды байланыс қажет;
2)
ата-ана – бала
қарым-қатынасының жеткіліксіздігі және адекватты
еместігі ата-ананы басқа субъекттермен алмастырудакөрініс табады;
3)
ата-аналардың балаларға адекватты емес
қарым-қатынасы олардың нәтижелі іс-әрекеттерінде
бейнеленеді.
Инклюзивті мектепте, мүмкіншілігі шектеулі балалары бар отбасылармен
келесі міндеттер шешіледі:
-ата-аналардың жағымды өзіндік
бағалауларын қалыптастыру, үрейлікті жою;
- өзіндік талдау іскерліктерін дамыту және
психологиялық кедергілерді жеңу;
- бала мен ата-ана қарым-қатынасын дамыту;
- қоршаған ортамен жағымды, адекватты
қарым-қатынасқа түсу дағдыларын
қалыптастыру.
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды
тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық
көмек беру концепциясын құруда бірқатар теориялар мен
зерттеулер маңызды орын алады:
- Психофизикалық бұзылыстары бар баланың
психологиялық-педагогикалық даму заңдылықтары,
оның күрделі әлеуметтену процесінің нәтижесі
(Т.А.Власова, Л.С.Выготский, В.И.Лубовский, Д.Б.Эльконин).
-
Дизонтогенез жағдайында
даму арнайы түзете-дамыту ортасын құруды қажет етеді
(К.С.Лебединская, В.В.Лебединский, И.Ю.Левченко, В.И.Лубовский, Е.М.Мастюкова,
М.С.Певзнер, С.Л.Рубинштейн, У.В.Ульенкова).
Инклюзивті мектепте
мұғалім мен ата-аналардың өзара байланыстары келесі
принциптерге негізделуі керек: сыйластық пен түсіну; мәлімет пен іскерліктермен алмасу; шешімдер қабылдауға қатысу; мүмкіншілігі шектеулі
балалардың индивидуалдығын қабылдау.
Мұғалімдер мен ата-аналарға қойылатын талаптар:
-
Баланың жетістіктері жайлы білуі үшін
ата-аналар мұғалімдермен жиі кездесуі керек;
-
Мүмкіншілігі шектеулі
балалардың индивидуалды білім алу «жолын» құруда ата-ана
белсенділік таныту керек;
-
Мұғалімдер баланың «жеке даму картасын» жүргізуі
керек: жетістіктері- оқу және тәрбиеленуде;
-
Баланың жеке даму бағдарламасына (оқу/тәрбиелеу)
қатысты бірқатар міндеттерді ата-аналар атқаруы тиіс;
-
Әр тоқсан соңында ата-аналар баласының жетістіктері
жайлы мәліметтерді алуы керек;
-
Ата-аналар сабаққа қатыса алады;
-
Тәрбиелік іс-шараларға шақырылуы керек;
-
Іс-шаралады өткізуде ата-аналардың көмегіне
жүгінуге болады;
-
Ата-аналар балаларына сабақ орындауға көмек беруі
қажет;
-
Мектептен тыс іс-әрекеттерін, спортпен, басқа да
үйірмелерге қатысуға жағдай жасау керек;
-
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-аналарына арнап арнайы
педагогтар, психологтар, мұғалімдер семинарлар, тренингтер
өткізулері қажет;
-
Мүмкіншілігі шектеулі баланың ата-анасы ата-аналар комитетіне
қосылу керек;
-
Мұғалімдерге арналған семинар,тренингтерге ата-аналар
қатыса алады;
-
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-аналары бірігіп, пікір,
тәжірибе алмасу үшін (жалпы білім беретін мектепте баланы
оқыту мәселесі бойынша) Ассоциация құруы мүмкін;
-
Мұғалімдер мүмкіншілігі шектеулі балалардың
үйіне баруы керек, сонда баланың жақындары арасында
қалай өзін сезінетіні жайлы мәліметі болады;
-
(мұғалім - ата-ана) екі жақты нақты міндеттерді
атқаруда келісім-шарт жасалып, қол қойылып, жауапкершілікпен
жұмыс жасалуы тиіс.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік бағдарламасы».- А., 2010.
2.
Дети с ограниченными возможностями: проблемы и инновационные
тенденции, воспитание и обучение. Коррекционная педагогика и социальная психология /Сост.
Соколова Н. - М., 2011.
3. Семья в
психологической консультации. /Под ред А.А.Бодалева, В.В.Столина. М., 2010.
4.
5. Руководящие принципы политики в области инклюзивного
образования.- Париж, ЮНЕСКО, 2009.