Маханова
Гүлдана Жаңабайқызы
«Болашақ»
университетінің колледжі, Қазақстан
Оқу процесінде жеке
тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын
қолдану
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру
жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа
жүйесі құрылып жатыр. Сол білім беруді дамыту ісі жеке
тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды,
нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап
алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі
білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының
іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске
асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер
мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.
Өткенімізге зер сала
қарасақ, білім беру жүйесінде осыған дейін
оқушыға білім, білік, дағдыны қалыптастыруды талап
етсек, бүгінгі күннің мақсаты – іскерлік қарым-қатынас,
оларды өз бетімен білім алуға бағыттау. Сондықтан да
қазіргі замандағы педагогикалық ғылымның
ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа білім технологияларын
қалыптастыруға ұмтылу болып табылады.
Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге
жан-жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы,
шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және
адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке
тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту
мәселесі тұр.
Қазіргі таңдағы өзгерістер
қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл
тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті
өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым
бағыттардың бірі - жеке тұлғаға
бағытталған білім беру.
Жеке тұлғаға бағытталған
білім беру дегеніміз – педагогикалық іс әрекеттің
әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың
қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын,
өзін-өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін
өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және
іс-әрекеттер жиынтығы.
Соңғы он жылдықта біздің
қоғамымыздың қоғамдық-саяси және
экономикалық шарттары білім және тәрбие берудің
парадигмасының өзгеруіне алып келді. Ол бұрын пәнге
бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке
тұлғаға бағытталған түрде
жүргізілетін болды. Бұл – қоғамдағы
өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс.
Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың жалпы
оқуға деген ұмтылыстары мен біліктіктерін
қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын
пәннің өзі оқыту мақсаты тәрізді болатын да,
ал оқушы – соған жету құралы болып саналатын.
Осының нәтижесінде көптеген оқушыларда
оқуға деген оң көзқарас қалыптаспайтын.
Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты –
оқушыларды белсенді, әрі толыққанды өмірге
және информациялық қоғам ортасындағы
жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай
қоғамда информация көлемінің өсуі практикалық әрекеттермен шыңдалып отыруы тиіс,
мұнда оқытудың тек мәлімет беретін
түсіндіру-көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі
жаңа ақпараттық қоғам түрлі мәліметтермен
жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында
алдыңғы қатарлы информациялық технологияларды,
жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді
пайдаланатын мамандарды керек етеді. Бұл кезеңде кез келген жеке
тұлға өз қызметінің нәтижелерінің
ойдағыдай болуына көп көңіл бөлуі тиіс.
Бүгінгі күні бізге, елімізге дені сау, рухы
таза, ойлары биік адамдар қажет, олар алдарына өресі мол
мақсаттар қойып, соған жетуге тырысады. Беретін пәніне
қарамастан, мұғалім осындай тұлғаларды
тәрбиелеуге тиіс, анығын айтқанда, балалаларды жастайынан
нағыз адам болуға, алдарына керекті мақсат қойып,
оған жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңе білетін
тұлға ретінде дайындау керек. Мұндай тұлғаларды
қалай тәрбиелейміз? Мен мұнда жеке тұлғаға
бағытталған оқыту түрін пайдаланған дұрыс
деп санаймын.
Тұлғаға бағытталған
жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін
негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн.
1.
Тұлғаға бағытталған көзқарас
ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
-
адамның даралық ешкімге ұқсамайтын өзіндік
ерекшелігі;
- жеке
тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік
болмысы;
-
тұлғаның өзіне тән қасиеттері мен
мүмкіндіктерін таныту үрдісі,
-
өзін және қоршаған ортаны тануда саналы,
шығармашылық белсенділік көрсететін жеке тұлға
әрекеті;
- мендік
тұжырымдаманың болуы;
- педагогикалық қолдау
оқушылардың білім алуына, өмірлік, кәсіби өсуіне,
психикалық қарым-қатынас бойынша алдын ала көмек беру
іс әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру
құрылымының негізгі ережелері мен бастапқы
жағдайы:
-
өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
-
дарашылық ұстаным;
-
субъектілік ұстаным;
-
таңдау ұстанымы;
-
шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологаялық бөлік. Оған мыналар
жатады:
-
шығармашылық іс-әрекетке шақыру;
-
баланың жеке басының дамуын қолдау;
- оқушылардың өз бетінше
шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын
таңдауға еркіндік беру.
Жоғарыда аталған түсініктемелер
тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын
айқындауға мүмкіндік береді, яғни жеке
тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз
оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс әрекетін
ескеретін, жан жақты, яғни интеллектуалды ойлау қабілетін,
өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық
қабілетін дамытатын тұлғаның
«мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісін»
қалыптастыру.
Жеке тұлғаға бағытталған
оқыту – бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету.
Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең
маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді
барынша қолдану.
Жеке тұлғаны дамытуға
бағытталған оқыту оқушыға ғылым негіздерін
үйретіп қана қоймай, әр оқушының
бейімділігін анықтап, тұлғалық негізіне қарай
білім беруі тиіс. Ол баланың табиғи қабілетін зерттеу
арқылы оны болашақ мамандығына сәйкестендіру. Педагогикалық технологияда осы
күнге дейін жеке тұлғаға бағытталған
оқытудың мәнін анықтауда түрлі пікірлер болды. Тұлғалық
көзқарас тұрғысы көптеген ғалымдардың
күрделі нысанасы-тұлғаның өзі де сияқты бір
ғана ұғыммен айқындалмайды.
Жаңа парадигмаға сай
оқу процесінің орталығында оқушының
қажеттіліктері, қабілеті, мүмкіншіліктері тұрады.
Оқушы мұғаліммен қатар оқу әрекетінің
субъектісі ретінде танылады, ал мұғалім – ұйымдастырушы,
кеңесші, әріптес болып табылады, яғни оқушы
іс-әрекетінің педагогикалық көмекшісі болып табылады.
Жеке тұлғаға бағытталған парадигма оқу
жүйесінің барлық компоненттерін қамтиды.
Оқушылардың
колледжде алған іскерліктері мен білімі, олардың
қызығушылықтары мен мүмкіндіктері, олардың жеке
психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру педагогикалық біліктілік
болып табылады. Сондықтан педагогикалық процесте оқу жоспарын
және бағдарламаларын кұруда жеке тұлғаға
бағыттап оқытудың ерекше маңызы бар.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Мұсабеков
Ө. Тұлғаға бағытталған білім. Қазақстан мектебі. 2007.
2.
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа
педагогикалық технология. Алматы, 2004.
3.
Сарбасова Қ.А. Инновациялық
технологиялар. Алматы, 2006.
4.
Жұмабаев М. «Педагогика». 1991.
5.
Якиманская И. С. Личностно-ориентированное
обучение в современной школе. М., 1996.
6.
Бим И.Л. Личностно-ориентированный подход
основная стратегия обновления школы. ИЯШ,
2001.
7.
Баширова Ж.Р. Личностно-ориентированное
образование преподователя высшей школы в университете. Білім. 2006, №5.
8.
Щуркова Н. Е. Педагогическая технология.
М., 2002.