Қазақ тілін оқытудың методологиясы мен
әдіс-тәсілдері
Тойжігітова М.Ш.
Қазақстан Республикасы, Қарағанды
қаласы,
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Қазіргі кезде елімізде
болып жатқан өзгерістерге
байланысты білім жүйесіне және оның мазмұны мен
оқыту технологиясына да көптеген жаңалықтар енуде.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге
асыру үшін қазіргі қоғамға
шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандар
қажет. Ал бүгінгі студент ертең осы стратегияны жүзеге
асыратын болашақ маман. Қазіргі таңда
қоғамдық қызмет аясында мемлекеттік тілдің
қажеттілігі кеңейіп, оқыту мен үйретудің
әдістемелерін жақсарту, оқытудың жаңа
технологиясының озық практикасын қолдану талабы күшейіп
отыр. XXI ғасырда ақпарат көздерінің адамзат үшін
маңыздылығы арта түскендігін күнделікті өмірде де
байқауға болады. Білім беру жүйесінде тіл
үйренушінің дамыған ақпараттық ортада
кәсіби шеберлікке жетуі – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы талапқа сай тіл үйренушілердің бойында білім, білік
дағдыларымен қатар ақпараттық құзіреттілік
қалыптастыру үшін қазақ тілін қандай
әдіс-тәсілдер арқылы оқыту керек,- деген сауал туындайды.
Методология – грек сөзі,
зерттеу, әдіс, ілім деген мағынаны білдіреді. Методика білім беру
құралдарының жиынтығы деп қарастырылса, ал
методология осы білім беру құралдарын басшылыққа алатын
негіздер болып табылатыны белгілі. Қазақ тілін оқыту
методикасы педагогика ғылымдарының күрделі бір саласы
және қоғамдық ғылымдар қатарына
жатқызылады. Қазақ тілін оқыту методикасындағы
білім беру әдістері және олардың құрылымдық
элементері жаңарып, үнемі үздіксіз жетіліп отырады
Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде
жиі іске асырылатын принциптің бірі – ғылыми принцип. Студенттерге
берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты
қаралады. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері
оқытушы елегінен өткізіліп,студенттер ойына, білім дәрежесіне
сай сипатталады Соңдықтан қазақ тілі тақырыптарын
меңгертуде дидактикалық принциптер мен психологиялық қағидалар да ескеріледі.
Жүйелі принцип – жаңа материалды түсіндіруде,
білім мен дағдыларды бекітуде, бірккен сабақ
құрылымында, білім мен
дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда,
үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске
асырылатын ұстаным.Студенттердің алған теориялық
білімін қалыптастыру мақсатында тақырыптың
психологиясына сай пркактикалық дағдылар жүйесі ескеріледі.
Студенттерге қазақ
тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын
принциптің бірі – көрнекілік принципі. Бұл принцип
студенттердің дыбыс жүйесіндегі білім мен дағдылардын
әрі қарай нығайту үшін және оны жете
меңгерту үшін қолданылады [5: 65]. Әр сабақ сайын
көрнекі құралдар пайдаланылады. Қазақ тілі
сабағында мынадай көрнекіліктің түрлері
қолданылады: кесте, схема, плакат, сурет, көрнекілік және
интерактивті тақталар, түсті маркер, сөздіктер және
техникалық құралдар.
Саналылық пен белсенділік принципі студенттерге қазақ тілінен білім беру
барысында олардың саналы түсіну қабілетін дамытып отырады.
Тілдік фактірлерге байланысты мәліметтерді жаттанды түрде емес,
саналы түрде меңгере білуі тиіс. Түсінуге жеңіл
қолайлылық принципі студенттердің шығармашылық
қабілеті мен танымдық белсенділігін арттырады.
Студенттердің
психикалық ерекшелігін ескеру принципі қазақ тілінен
теориялыќ білім мен практикалық дағдылар қалыптастыруда
олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі,
икемділігі мен дайындық дәрежесі ескеріледі.
Қазақ тілін оқыту методикасы
педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Педагогика – негізінен
тәлім-тәрбие берудің заңдарын, оларды іске
асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім – студенттерге
берілетін теориялық білім мен практикалық дағды. Ал
тәрбие – қазақ тілінен білім беруде мәтіндер,
сөйлемдер, мысалдар арқылы, түрлі жаттығулар бойынша жүргізілетін
жұмыс. Қазақ тілінен білім беруде тәрбие
жұмыстарын мысалдарды таңдау арқылы жүргіземіз.
Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді
ұсынамыз. Қазақ тілін оқыту методикасы психология
ғылымына да тікелей байланысты. Тілдік материадардың мазмұнындағы
түсінік, ой, түйсік, сезім және сигнал жүйелері
үлкен рөл атқарады. Бұл білім мен дағыны
меңгертуде айырықша қызымет атқарады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
логикалық
қисынға да тікелей қатысы бар. Қисын
ұғымы тікелей дәл
ойлау, дұрыс пікір алмасу заңдылықтарын үйрететін ғылым саласы.
Сөйлемнің стильдік әрі мазмұндық
тұрғыдан дұрыс
құрылуын зерделеу
және түрлі тілдік фактілерді нақтылығын
қарастыратын бұл
ғылым саласы
студенттің сауаттылық және
ой қорыту, шешім
шығару сияқты ой қабілеттерін белсенді
күйге түсіреді.
Қазақ тілін оқыту
әдістемесіне
қойылатын талаптар
деңгейі білім мазмұнының дидактикалық сарыны мен ғылыми өзектілігін, практикалық дағдысын дұрыс
жолға қою мәселесімен ұштасып жатады.
Қазақ тілінің оқыту
әдістемесі лингвистика саласының әр алуан
заңдылықтары мен ғылыми негізін, грамматикалық
аксиомалар мен теориялық – практикалық білім мазмұнын игерту
негізінде құрылуы тиіс. Әдіс-грек тілінен енген сөз.
Оның бастапқы ұғымы “зерттеу” деген мағынаны білдіреді.
Бертін келе алғашқы мағынасы кеңейіп, “белгілі бір
пәнді оқытудың әдісі” дегенді білдіреді. Әдіс қазақ тілінен
теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты
практикалық дағды мен тәлім-тәрбие берудің
амалдарын саралайды, соны іс-тәжірибе жүзінде іске асырудың
тәсілі мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді.
Әдістің теориялық мақсаты білім берудің
мақсатына негізделеді де, әр алуан жұмыс жүйесі
арқылы жүзеге асады. Қазақ тілінен білім беру
әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің
мәні ерекше. Жіктеп көрсетуде, біріншіден,студентке берілетін
білімнің сапасы артады, екіншіден, жүргізілетін
жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден,
оқытушының атқаратын жұмысы жеңілдейді. Білім
беру әдістерін таңдап қолдану, оны қай уақытта
іске асыру және білім беру әдістерін қай материалға
байланысты сұрыптап алу методиканың қиын әрі
күрделі мәселелері.
Қазақ тілін саралай
және кіріктіре оқыту әр түрлі деңгейде
жүзеге асады және оның нақты және айқын
шектемесі болады:
Қазақ тілін оқытып үйрету кіріктіре
оқыту ұстанымы арқылы да жүзеге асады. Ол ана тілімізді
оқытып үйретуде тілімздің барлық салаларын, яғни
фонетика, лексика, грамматиканы жеке-жеке алып оқытудың емес,
керісінше , оларды кіріктіре оқытып үйретуді
көздейді.Студенттер оларды белгілі бір сөйлеу жағдайында
нақтылы сөздерді, сөз тіркестері, сөйлемдер,
сұхбаттық бірліктер, тұтас тіркестер, сондай-ақ
мәтіндер ішінде қолдана отырып, сөйлеу әрекеті
барысында тез меңгереді.
Қазақ тілін
оқытып үйретуде ауызша тілдесімді жетістікпен меңгеруге
мүмкіндік беретін
тыңдалымға ерекше қөңіл бөлінетіні белгілі.
Сондықтан алғашқы сабақтан бастап студенттердің
таңдап отырған мәтінінің мазмұнын аудармасыз
түсіну дағдысын,сөйлеу тілін тындап
қалыптастырған дұрыс. Студенттердің сөйлеу тілін
дамытатын әр түрлі дыбыстау, техникалық
құралдарын қолдану тиімді.Ал, студенттерге қойылатын
талап ,олардың ойының дәлдігі мен нақтылығы
әрі сөздік қорының
кең болуы, жай сөйлем немесе
құрмалас
сөйлем
құрылысына
негізделген сөйлем
түрлерін құрай білуі,
берілген ақпаратты сын тұрғысынан саралауға, ой-тұжырым жасауға белсенді болуы
қажет.Студенттерге
қойылатын сұрақ
мағынасы
жағынан дәл, анық,
логикалық
жағынан терең болғаны абзал. Бірнеше
меселередің басын
қоспай, әр тарау
бойынша жеке маңызды әрі күрделі
сұрақтар берілгені дұрыс. Бір тақырыпқа
байланысты берілетін сұрақтардың танымдық сипатын
әр деңгейге
құрып, бірде
күрделі, бірде жеңіл
болғанын қадағалау
керек. Неге десек, мұндай
ұсынылатын жұмыс
түрі студенттің ойлау
дәрежесі мен логикалық
таным қабілетін жетілдіруге бағытталады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану, байқау тәжірибесіне еніп, өздерінің
ұтымды да оңтайлы
нәтижелерін ұсынуда. Әсіресе, қазақ тілі пәні бойынша оқытушылар
жаңару процесстерін
қызу қолдап, жаңалықтарды орайлы қабылдап, оларды практика
жүзінде сынау, ұтымды
қолдандуда зор белсенділік
танытуда. “Педагогикалық
технология практикада іске асатын нақты
педагогикалық жүйе,
жоба” (В.Л.Беспалько) деген анықтама берілген. Ал,
педагогикалық жүйені қалыптастыруға ықпал
ететін арнайы ұйымдастырылған әдіс-тәсілдер деп
қарастырады[1:12].
Әдіс –
оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған
міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен
оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін
істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері
танымға қызығушылық
туғызып, студенттің ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа
білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты
нәрсе – студенттердің танымдық жұмыстары. Оқыту
әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді,
теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту
әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, студенттің зейінін
сабаққа аудару, олардың оқытушы көрсеткен
іс-қимылдарын қайталауы, ақыл-ой жұмыстары
тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге
көмектеседі.
Оқыту
тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау,
қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят
тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• студенттердің сезімдеріне
әсер ететін тәсілдер;
• жеке студенттер
арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен, тәсілдер
оқыту әдістерінің құрамына кіреді,
әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту
әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары
– білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар,
техникалық оқыту құралдары, оқу кабинеттері,
зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер. Алайда, оқыту
әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір
әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу
керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен
жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі
әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың
тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны
мен көлеміне, студенттердің дайындық дәрежесіне
сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу
әдісін ұдайы толықтырып отыруды оқытушы өзі
белгілеп, өзі таңдап алады.
Оқыту әдісін
таңдауға ықпал ететін шарттар:
1. Оқыту әдістерін
оның мақсат-міндеттеріне, студенттердің жас және таным
әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
2. Оқу орнының
материалдық - техникалық негізін ескеру;
3.Оқытушының
шығармашылығы және шеберлігі.
Оқытудың
нәтижелі өтуіне негіз болатын
тәсілдер-сабақ мақсатының айқындығы,
оқу материалын баяндауда негізгі идеясының нақтылығы
немесе студенттердің іс-әрекетінің
анықтылығы-оқыту мақсатына жету үшін
мүмкіндік береді.Әлемдік деңгейдегі
білім берудің қазіргі принципі білім беруде нәтижеге
бағдарлау, оқытуды студенттің жеке тұлғасына
бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық
қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек,студент білімді
дайын күйінде оқытушы түсіндірмесінен алмай,
өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы
танымдық шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде алуы
тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп,
өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Осы
бағытта студенттердің белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк
беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интерактивтi
деп аталып жүр. Интерактив –
ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек,
интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық
қарым–қатынасқа негізделе отырып, жеке тұдлғаны
дамытуға бағытталатын қазіргі білім беруді
қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың
алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін
қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті
оқытудың нәтижелілігінің сыртқы
көрсеткіштері ретінде студентердің топтық жұмыс
ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға
үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті
оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал
табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде олардың таным
белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының
жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып,
ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға
болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары
қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.Психолог-ғалымдардың
айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын
білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр
түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы
бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері студенттерге
рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда
әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу
кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай
жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап,
сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек
мүмкіндік береді.Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу
процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн
түсiну қажет. Бұл интерактивтi
әдiстiң негізгі мақсаты – тек ақпаратты беру
ғана емес, студенттерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын
меңгерту екендiгiмен байланысты. Оқытуды ұйымдастырудың
төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: студентке жеке
өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, оларға топтасып
оқып-үйренуге жағдай жасау, өздерін-өздеріне
немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білімді
игеруге жол ашу.Келешек ұрпақтың жеке тұлға болып
қалыптасуында өзгетілді дәрісханада қазақ тілін
оқыту әдістемесінің негізін айқындап және оны
ұтымды пайдалану – бүгінгі күн талабынан туындап
отырған өзекті мәселе ретінде
төмендегідей ұстанымдарға жауап беруі тиіс:
- ұлттық білім беру
жүйесінің даму бағыттарын айқындай отырып,
қазақ тілін өзгетілді дәрісханада оқытуды жаңа сапаға жеткізу
қажеттілігі;
- білім мазмұнын
байыту, оқыту процесін жетілдіру, жаңа педагогикалық
технологияларды жиі пайдалану;
- жан-жақты
дамыған, рухани жетілген жас маманды қалыптастыру;
- студенттердің
қазақша сөйлеуін дамыта оқыту мен тәрбиелеу
идеясына негіздеу;
- мәтіндердегі
танымдық, кәсіби, тәрбиелік, ғылыми
тұрғыдан қолданылған мәтіндерді игерту
арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіру;
- студенттердің
сөздерді орынды қолданып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,
сөз байлығын арттыру, әдеби нормаға сай сөйлеуге
дағдыландыру, тілді үйренуге деген танымдық қызығушылығын
арттыру.
Қорыта айтқанда,қазақ
тілі сабақтарының
түрін әр түрлі
технологиялық жүйелер негізінде құру арқылы оқу материалына деген студенттің ынтасын, ой
белсенділігін арттыру,
ақпаратты саралау,
өзінше пайымдау
қабілетін дамыту, өз
ойын ашық та батыл айту
машығына дағдыландыру,студент
бойына қажетті іскерлік дағдыларды жетілдіруде маңызы ерекше.
Әдіс-тәсілдер оқытушыны шығармашылық
қатынасқа жетелейді, әрбір сабаққа
дайындықтың күрделі де жауапты жұмыс екенін сезінуге
мүмкіндік береді, оқулықтағы материалмен ғана шектелмей,
материалды кеңінен, тереңінен түсіну қажеттігі
туындайды, студенттердің танымдық және ақыл
қабілетін белсендіріп, өз бетімен шығармашылық
жұмыс істеуге үйрету үшін жаңа
әдіс-тәсілдерді сараптап қолдануға, олардың
беретін нәтижесі туралы тұжырымдама жасауға,
оқытушының өз шеберлігін, дайындығын, тәжірибесін
толықтырып шыңдауға, үнемі мақсатты түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Құрманбаева
Ш.Қ. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете
оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Алматы, 2009.
2. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып
оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.-Алматы,2001.
3. Оразбаева Ф. Тiлдiк қатынас: теориясы және
әдiстемесi.- Алматы, 2000.
4. Құрман Н. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесіндегі
қазақ тілінен сабақ үлгілері.-Алматы,2001.
5. Оқыту әрдісінде
педагогикалық технологияларды пайдалану// Білім берудегі
менеджмент.-Алматы,2006.
6. Мемлекеттік тілді
оқытуды жетілдірудің өзекті мәселелері.-Алматы,2004.
Мекен-жайы:
Қазақстан
Республикасы, Қарағанды қаласы,
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университетінің доценті
Голубые пруды ш.а.,
9-үй, 2-пәтер
Тойжигитова М.Ш.
Адрес:
Республика Казахстан,
г.Караганда-29,
мик.район Голубые пруды,
дом-9, кв.2.