Отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі отбасылық және әлеуметтік тәрбие принциптері

Мухтарова Ш.М., Муканова С.Н.

 

Карагандинский государственный университет им. Е.А. Букетова

(E-mail: sana.mn@mail.ru)

 

Балалардың отбасылық тәрбие мәселелері үнемі шешімін таба бермеді. Ежелгі римдіктер тәрбиені отбасы ғана беру керек және отбасы ғана жақсы тәрбие бере алады деп есептеген, ал ежелгі гректер тәрбиеде мектептерге басымдық берген. 18 ғ. және 19 ғ.басында тәрбиені ұйымдастыру көзқарасы өзгерді. И.Г.Песталоци балаларды отбасында рационалды тәрбиелеу дұрыс деп санады. Отбасы адамды тәрбиелеудің негізгі ошағы деп есептеді: «Адамдардың отбасылық қатынас алғашқы және тибиғи қатынас болып табылады».  Песталоци отбасының тәрбиелік мәнін ерекшелей отырып, қоғамдық тәрбиеге қарсы шықпайды, ол мектеп тәрбиені отбасылық қатынас типі бойынша құру керек деп есептейді [1].

19ғ. әлеуметтік утопиялардың белгілі теоретигі Роберт Оуэнның түсінігі мүлдем қарама-қайшы болды. Ол бала 3 жастан бастап барлық жағдайы жасалған қоғамдық тәрбиелік мекемелерде тәрбиеленсе деп армандады. Бала кішкентай кезінен бастап тәрбие мен білім жақсы жағдай жасалған мемлекеттік мекемелерде берілсе – балада ақылды мінез қалыптасады деп есептеді [2].

Революционер-демократтар балаға тәрбие беру отбасында да, мектепте де жүзеге асырылуы керек деп санады. Негізгі рөл анаға жүктелді, ана жоқ отбасында қайырымды қатынас орнату мүмкін емес дейді. Отбасылық тәрбие балаларда қоғамдық қызығушылықтар мен ұмтылыстарды дамыту қажет. Отбасыда айналадағылардың талабымен санасуды, барлық үшін күресуді үйрету өте маңызды.

А.С.Макаренко отбасылық тәрбие тұлғаның қалыптасуының негізі деп есептейді. Балаға отбасы мүшелері, отбасы, мектеп берген талаптар бірлігі табысты бала тәрбиесінің маңызды талабы [3]. Ата-ана ағартушылығына үлкен рөл бөлінді: ата-ана университеттері ұйымдастырылды, оң отбасылық тәжірибе таралды. Отбасылық тәрбие бағдарының мәртебесі кеңестік кезеңде көрініс тапты. Осы уақытта педагогтар балаларды отбасында тәрбиелеу мен отбасылық тәрбиенің табысты шарттары міндеттерімен айналыса бастады. Ата-ана баланың күнтәртібіне, оның түрлі қызметтеріне мән бере бастады, ата-аналарға арналған ғылыми-танымдық баспалар шығарылды, мектептерде ата-ана коммитеттері белсенді жұмыс жасады. Баланы тәрбиелеу процесінде жетекші рөл мектептерге түсті. Мемлекеттік саясат артынан қазіргі білімдік саясат өсіп келе жатқан ұрпаққа әсер ететін адамгершілік және тиімді әдісі ретіндегі отбасылық тәрбиені мойындайды. Әлеуметтік институт ретінде отбасының келесі функциялары бар: репродуктивті, педагогикалық, шаруашылық-экономикалық, терапевтикалық және бос уақытты өткізу функциясы. Өз функцияларын толық орындай отырып, отбасы баланың дамуы мен бейімделуіне оң әсерін береді, қазіргі шынайы өмірге түскенде қиыншылық көрмейді. Отбасын тұлғаның базалық өмірлік тренингінің модель мен форма сапасы ретінде қарыстыруға болады.

Отбасы – өркениетті қоғамның әлеуметтік құрылымының қажетті құрамы, тарихи өзгеретін құбылыс. Ол адамды тәрбиелеудің институты ретінде жұмыс жасайды, жеке тұлға өзі өмірін ұйымдастыруда алғашқы тәжірибе алатын қоғамдық білім болып табылады. Отбасында күнделікті өмірде қарым-қатынас жасау, әрекет ету мүмкіндіктері қалыптасады, болашақ өмір сабақтары беріледі, өмірлік мақсаттар мен құндылықтар жайында көзқарасы қалыптасады, балалар мәдениет нормалары мен эталонын үйренеді [4; 23]. Кейбір орнаған мәселелерге байланысты бала толық отбасында тәрбиелену мүмкіндігіне ие бола бермейді. Көптеген жетім балалар, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар интернаттық мекемелерде тәрбиеленеді, отбасы функциясын балалар үйі мен мектеп-интернаттар атқарады. Мұндай балалардың бейімделу процестері балалар үйінде, мектеп-интернаттарында үлкен қиындықтармен жүреді. Баяу интеллектуалды даму, осы категориядағы балалардың психикасының сынуы, туған үй сезімінің қалыптаспауы. Мекеме құрылымының өзі, жастық белгілер бойынша оларды жіктеу (сәбилер үйі, мектепке дейінгі және мектеп балалары үйі, мектеп интернаттар), балалардың онда өмір сүру ерекшеліктері туыстық байланыстың бұзылуына әкеледі, қорғансыздық, жалғыздық сезімдері пайда болады. Балалар үйі түлектерінде өмірдің қазіргі жағдайларына бейімделу мәселелері туындайды, жұмыс іздеуде қиындықтар, отбасы құруда, бала тәрбиелеуде қиындықтар. Және де статистика бойынша бұрынғы тәрбиеленушілердің балаларының өзі балалар үйіне түсіп жатады [5]. Алайда отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі жүйенің өзгешелігі жоғарыдағы мәселелерінің бірқатарының алдын алуда жаңа форма деуге әбден болдады.

Қазіргі күн талабына сәйкес білімнің әдістемелік негізі тәрбиенің тұлғалық-бағдарлық әдістер мен адамгершілік принциптер болып табылады, сондықтан интернаттық мекемелерді қайта құру басталды. Баланы тәрбиелеудің табиғи ортасы отбасы болып табылады, ата ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді қайта ұйымдастыру негізіне отбасылық принцп енгізілген. Отбасылыққа жақындатылған жағдай жасау топ құрамы бойынша әр түрлі жастық тәрбиені ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ресейде жетімдер мекемелері мәселелерімен айналысып, Гмайнер Қорымен ынтымақтастық орнатып жүрген Е.Брускованың пікірінше, туыстық байланысты қалыпқа келтіру – интернаттық мекемелер дәстүрлі жүйесі жағдайында қиын процесс: ағалар мен қарындастары түрлі қабаттарда тұрады, отбасылық байланыс жасау мүмкіншіліктері жоқ, бір-бірін сирек көреді. Бұл мәселенің шешілуі туыстық қатынасты дамытуға, орнатуға мүмкіндік беретіндей мекеменің барлық құрылымы мен моделін өзгерту болып табылады. Кішкентайынан толық отбасынан айырылған тәрбиеленушілерге туыстық байланыс интернатта, жеке өз бетімен өмір сүргенде қолдау болады. Балаларды толық физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің отбасылық принципы негізгі фактор болып табылатын мекемелерде балалар үйінде белгілі бір жас аралығында ғана болу белгіленген – 1,5-18. Тұрмыстық талаптар типтік топтарды қайта құруды және индивидуалды жоба бойынша ғимараттар салу. Тәрбиеленушілер өз бетімен пайдалана алатын қажетті құралдары бар (жиһаз, пештер, кір машина, тұрмыстық электрлі техникалар)пәтерлік типтегі арнайы орындарда өмір сүреді. Өз бетімен еңбек өміріне тәрбиеленушілерді дайындауда берік оң тенденция байқалды. Бұл құбылыстардың бәрі оларға білім беру мен тәрбиелеуде оң жағдай болып есептеледі. Бұл оң көзқарас, біздің ойымызша, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды табысты бейімдеуде мәселені шешуге мүмкіндігі бар.

Мекемені қайта ұйымдастыруда тұлғалық-бағдарлық амал негізгі болып табылады. И.С.Якиманскийге сенсек, тұлғалық-бағдарлық білім технологиясын жобалау барысында әрбір баланың ерекшелігін ескеру қажет – «қарсылық» көрсететін немесе керсінше, тәрбиеге жағымды әсер ететін оның индивидуалдығы [6; 36]. Тұлғалық-бағдарлық білімде құндылықтарға және соңғы мақсаттарға бағдары болмысты болып табылады:ең бірінші «кім болам» емес, «қандай болам» сұрағы қойылады. Қазіргі уақытта мектептерде оқушыны оқытуда негізі мақсаты – қайталанбас индивид жасау; тұлға ретінде қалыптасуға, дамуға жағдай жасау; білім арқылы өздігінен жүзеге асыру, анықтау жолындағы қолдау.

Интернаттық мекемедегі тәрбиеленушінің тұлғалыққа бағдары – басқалардан ерекшелендіретін прогрессивті құбылыс. Отбасылық тәрбие принциптерін, адамгершілігін дамытатын білімдік процесті ұйымдастырудың алғашқы қадамы. Әрбір балаға индивидуалды тәртіп, әрбір баланың тұлғалық даму әдістемесі анықталатын дамудың индивидуалды маршруттары, баланы маңызды түрлі қызметтерге араластыру, индивидуалды сауықтыру шаралары, өз ойын білдіруге жағдай жасау, топқа бөлу кезінде психиологиялық сәйкестікті ескеру – осылардың бәрі микрсоциумның білімдік кеңістігі гуманизациясын сипаттайтын жағдайлар мен амалдардың негізгі тізімі. Интернатты мекеме әлеуметтік инфроқұрылымның бір бөлігі; әлеуметтік ортамен байланыс, қатынас неғұрлым көп болғанмен ата‑ана қамқорынсыз қалған балалардың бейімделуі табысты жүреді. Отбасында жүзеге асырылатын тәрбие – отбасылық тәрбие. Қоғам мен мемлекет жүзеге асыратын тәрбие – әлеуметтік және қоғамдық тәрбие. Баланың бейімдеу процесінде әлеуметтік тәрбие (отбасылық тәрбие сияқты) шешуші рөл ойнайды.

А.В.Мудриктың тұжырымдауынша, әлеуметтік тәрбиенің болмысын анықтай оытырып, әлеуметтік тәрбие – оның мақсатты бағытталған жағымды дамуы мен рухани құндылық бағдарларына толық жағдай жасау процесінде арнайы құрылған тәрбиелік ұйымдарда адамды өсіру [7; 8-9]. Әлеуметтік тәрбие түрлі субъектілер процесінде жүзеге асырылады: индивидуалды (нақты адамдар), топтық (ұжымдар) және әлеуметтік (тәрбиелік ұйымдар мен тәрбиені басқару органдары).

Адам әлеуметтенудің субъектісі және объектісі болып табылады, сонымен қатар ол әлеуметтенудің құрбаны болуы да мүмкін, себебі адам қоғамы бірегей қарама-қайшылық мәдениетімен, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерімен  қайырымды әлеуметтік фон бола бермейді және тұлғаның қалыптасуы мен дамуына жағдай жасай бермейді.

 

1 Коменский Я.А., Локк Д., Руссо Ж‑Ж., Песталоцции И.Г.: Педагогикалық мұра. – М.: Педагогика, 1987. – 416 б.

2 Р. Оуэнның педагогикалық идеялары: Р. Оуэн шығармаларынан таңдаулы үзінділер. – М.: Учпедгиз, 1940. – 224 б.

3 Макаренко А.С. Ата‑аналарға арналған кітаб. – М.: Педагогика, 1983. – 160 б.

4 Лодкина Т.В. Әлеуметтік педагогика. Отбасы мен балалықты қорғау. – М.: Academia, 2003. – 191 б.

5 Нуретдинова Л.Г. Балалар үйінің тәлімдік аясының гуманизациясы: Дисс. канд. пед. наук. – Казань, 2001. – 200 б.

6 Якиманская  И.С. Жеке‑бағытталған білім технологиясы. – М.: Сентябрь, 2000. – 171 б.

7 Мудрик А.В. Білім жүйесіндегі тәрбие: ұғымның сипаты. // Сынып жетешісі. – 2002. ‑ №5. ‑ Б. 4‑11.