Ж.Ж.Аубакирова
Қазақстан,
Қостанай қ.,
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
СТО ЖОБАСЫН
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Қабдеш Жұмаділов –
қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті
өкілдерінің бірі. Туған әдебиетіміздің тың
арнамен дамып, өсіп-өркендеп, қанат жаюына сүбелі
үлес қосып келе жатқан майталман жазушы.
Шығармаларының негізгі өзегі – тағдыр тәлкегімен
туған жерден жырақта жүрген қандастарымыздың
киелі топырақ, қасиетті атамекеніне оралуды зарыға
аңсап күткен сағынышы, арман-мүддесі, көз жасы,
үміт-сенімі. Қабдеш шығармаларынан Отанға деген
сүйіспеншілік, атамекеніне деген өрттей лаулаған махаббат,
осы жолда елдік пен ұлттық рух ұрандап тұрғандай.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік тізгіні қолда тұрған
шақта ел ертеңі болатын жас ұрпақтың бойына
елжандылық рухты қалай дарытамыз. Осы мақсатта мектепте
әдебиет пәнінің рөлі өте зор десек,
ұлттық рухы асқақтаған Қабдеш шығармаларының
орны өте зор. Осыған орай Қабдеш шығармаларын
оқытуда шығарманың тарихи негізін, негізгі мәселе мен
айтпақ ойын ашып та анық талдай білу – ұстазға
үлкен міндет жүктейді.
Мектепте Қ.
Жұмаділов шығармашылығы
«Сәйгүліктер» романынан үзінді
«Қозыкүрең» үзіндісі, 8-сыныпта «Қаздар қайтып барады» атты
алғашқы әңгімесі, 11-сыныпта жазушы
шығармашылығына шолу түрінде өтеді.
Балаларды
бағыныштылықтан, құлдық психологиядан арылтып,
өз позициясы бар, өз намысын қорғай алатын
ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде талап үрдісінен
шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді әдіс –
«Сорос – Қазақстан» қоры арқылы елімізге келген СТО
жобасы. Бұл технологияның тиімділігін біз сабақ
үрдісіндегі кенет туған өзгерістерден, серпілістерден
байқадық. Сол себепті СТО жобасын тәжірибемізде жиі
тұрақты қолдананып тұруға лайық деп
бағалап отырмыз. Мәселен, «Қызығушылықты ояту»
кезеңінде «ой шақыру», «негізгі ойды суреттеу», «ББҮ»
стратегияларын пайдалансақ, 8-сыныпта
Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
әңгімесін өткенде,
балаларға ой шақыру үшін «Туған жер»
сөзіне ассоциация құрылады. Бұл тәсілдің
тиімділігі – миға шабуыл жасауға мүмкіндік беру, пікір
еркіндігі, шабытты ояту, сыни тұрғыдан ойлауға
стимул(түрткі) жасау.
Қазіргі кезде
оқушылардың әсіресе әдебиет пәнінде көлемді
ұзақ әңгімелерді не үзінділерді бәрі бірдей
оқымайтыны жасырын емес. Осы тұрғыда СТО жобасының
«Жигсо – 1», «Жигсо – 2» стратегиясының
тиімділігі өте мол екендігін байқадық. «Қаздар
қайтып барады» әңгімесінің идеялық мазмұнын
ашу үшін сынып оқушыларын 4 топқа бөлеміз. Алдымен
үй тобына (1,2,3,4) нөмірлейміз. Одан кейін 1-лер өз алдына
бір топ, 2-лер бір топ болып, жұмыс тобын құрды. Мәтін
ой аяқталуына байланысты 4 бөлікке бөлінген. Жұмыс
тобында әр оқушы мұғалім рөліне дайындалады. Осы
бөліктегі бір мәселені шешеді. Мысалы: «Қайсар әрі
табанды қарт бұл сапарға неліктен кеш шықты?» Одан
кейін I топ мәтін бөлігіне «Рухы берік қарт деген ат
қойды». Басқа жұмыс топтары да алдымен жеке, одан кейін
жұпта, сосын топта осы ізбен жұмыс істейді. Үй тобына оралып,
әр оқушы жұмыс тобында оқыған мәтін
мазмұнын кезекпен оқиды. Жұмыс тобы құрған
жоспарын оқиды, проблеманы шешеді, бекітеді. Оқушыны
бағалағанда, сөйлеген оқушыға емес,
қасындағы оқушыға баға қойылады.
Ой толғаныс
кезеңінде «5 жолды өлең»; «7 жолды өлең»; «Эссе»;
«Еркін жазу»; «Әлем шарлау»; «Т кестесі» сынды стратегияларды пайдаланып
жүрміз.
Балалардың қиялын
дамытатын, сөздік қорын байытатын, ойлау шаттығын
туғызатын стратегия – «Еркін жазу» стартегиясы. «Қаздар
қайтып барады» әңгімесін жан-жақты талдап
болғаннан кейін, «Еркін жазу» стратегиясын жазып, әңгіме
оқиғасын өз қиялымен әрі қарай жалғастырып,
өзінше аяқтады.
2 шығармадағы 2
кейіпкерді салыстыру үшін «7 жолды өлең» стратегиясын қолдануға
болады:
1.
Зат есім
______
2.
Сын есім _____ _____
3.
Етістік
____ _____ _____
4.
2 тақырыпты байланыстыратын ортақ сөйлем ___
___ ___ ___
5.
Етістік
____ _____ _____
6.
Сын есім
_____ _____
7.
Зат есім
______
Қ. Жұмаділовтің
«Қозыкүрең» әңгімесіндегі тұлпар мен
«Қаздар қайтып барады»
әңгімесіндегі қартты салыстыруға арналған
«7 жолды өлең» стратегиясы.
1.
Қарт.
2.
Отаншыл, қайсар.
3.
Шыдады, күресті, оралды.
4.
Қарт пен Қозыкүрең – атамекенін
аңсаушылар.
5.
Қашты, жетті, өлді.
6.
Жүйрік, жершіл.
7.
Қозыкүрең.
Жоғары сыныптарда
эпикалық шығармаларды
талдау үлгісі:
Сюжеттік – композициялық ерекшелік Тақырыптық-идеялық
ерекшелік Образдылық
![]()
![]()



Стильдік-жанрлық ерекшелік Психологизм көрінісі Философиялық тереңдік
![]()
![]()
![]()
Шығарманы осы
жүйеде талдау, қорытындылау үшін, конструкциялық-жобалау
технологиясы тиімді екенін байқадық. Жазушының «Қаздар
қайтып барады» әңгімесін жинақтау үшін,
конструкциялық – жобалау технологиясына құрылған
сабақтың сызба моделі мынадай үлгіде құрылды:

Оқушылар
бағыт бойынша тапсырманы жеке, жұп немесе топ болып таңдап
алады, бағыттағы нүктені толтырады, ізденеді, тезис
түрінде дәптерлеріне жазады.
«Сабақ
беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, жаңадан
жаңаны табатын өнер», - деген екен
Ж. Аймауытов. Осы өнерді игеру – ұстаздар
қауымының биік парызы. Қазақстанның
болашағы білімді ұрпақ қолында, ал білімді
ұрпақ болашағы – ұстаздар қолында. Осы мақсатта
ұстаздарға жүктелер жүк аз емес. Мұраты биік,
рухы өр, сапасы ояу, білімі терең, пікірі өткір,
бәсекеге қабілетті елжанды ұрпақ тәрбиелеу
жолында заман талабына сай болып, озық технологияларды тиімді
қолдана білу – бүгінгі ұстаз парызы.
Пайдаланған әдебиет тізімі:
1. Никитина
В.П. Саморазвитие и самореализация школьников // Начальная школа, 2007.- №5.-
46-48 с.
2.
Қаламқалиев М. Балалардың шығармашылық
қабілетін дамыту жолдары // Поиск. Ізденіс. – 2000. -№2. - 104 б.
3. Әбдікәрімұлы
Б., Әлібекова М. Білім берудегі педагогикалық технологиялар. //
Педагогикалық ізденіс– 2002. - №4. – 200-203 б.