Филологические науки/ Теоретические и
методологические
проблемы исследования языка
N.Yegizbaeva,
B.Rysbay
KazNU named after al-Farabi, Kazakhstan
Language as a means
of knowledge
Соңғы кездері лингвистика ғылымының дамуы
антропоцентристік бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулермен
сипатталады. Антропоцентристік парадигма тілді жеке, оқшау қалпында
емес, санамен, таныммен байланыста
қарастырып, тілді адам арқылы анықтауға назар аударады. Тілді адам табиғатымен өзара
сабақтастықта қарау неміс ғалымы, философ, лингвист
Вильгельм фон Гумбольдт идеяларынан бастау алады. Ғалым тілді негізінен
лингвистикалық философия тұрғысынан қарастырады. Ол
адамның өзін-өзі тануда тілдің атқаратын
рөліне ерекше көңіл бөліп, тілді – адамды «адам етуші»
фаторлардың біріне санайды. Ғалымның линговфилософиялық
еңбектерінде адамның болмысын, рухын оның тілінен, ал тіл сол
адамның тұла бойынан іздестірілуі антропоцентристік парадигманың
теориялық сиаптын білдіріп, көптеген ғылыми
зерттеулердің жүргізілуіне бағыт бағдар болды. Т.Г.
Попова: «ключевым для понимания сути современного направления
лингвистических исследований можно считать познание человека через язык. Таким
образом, главным для науки о языке становится активизация антропологического
подхода к изучению языковой семантики, предполагающего учет человеческого
фактора в лингвистике, необходимость соотнесения анализа языковой системы с
анализом концептуальных систем, закрепляющих познавательный опыт носителей
языка» [1, 10] деп көрсетсе, Л.А. Манерко, «понятие
антропоцентрической парадигмы связывается с человеком, с раскрытием его
сущности, его роли и участия его сознания, так как antropos в переводе с
греческого «человек», а латинское centrum – «центр», то есть данная парадигма
ориентирована на человека, раскрытие человеческого фактора в языке» [2, 53] деп тұжырым
жасайды.
Антропцентристік бағытағы зерттеулерде адам
табиғатының дамуы оның интеллектуалдық
қабілетімен, дүниетанымымен байланыстыра қарастырылады. В.
фон Гумбольдт: «Даже не касаясь потребностей общения людей друг с
другом, можно утверждать, что язык есть обязательная предпосылка мышления и в
условиях полной изоляции человека. Но обычно язык развивается только в
обществе, и человек понимает себя только тогда, когда на опыте убедится, что
его слова понятны также и другим людям... Речевая деятельность даже в самых
своих простейших проявлениях есть соединение индивидуальных восприятий с общей
природой человека. Так же обстоит дело и с пониманием» [3] деп, тіл мен ойлаудың өзара
үйлесімді бірлікте болатындығын жазса, қазақ
ғалымы Ф.Оразбаева: «Адамның ойы мен санасы қаншама
күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан
да тіл – қоғамдық объективті шындықты танудың, оны
өмірде пайдаланудың құралы болып табылады», [4:66] деп
тіл-ой-таным арасындағы күрделі сабақтастықты
көрсетеді.
Тіл қарым-қатынас жасаудың құралы ғана
емес, сонымен қатар тіл – адам табиғатын танудың кілті, халықтың рухани қазынасының қоймасы. Халықтың заманалар бойы
жинақтаған өмірлік тәжірибесі, көргені мен
көңілге түйген білімі келер ұрпаққа тіл
арқылы жетеді. Қандай да бір ұлт туралы толық
ақпарат тек оның тілдік қазынасында ғана, яғни
ұлттың өзіне тән табиғатын,
таным-түсінігін, бүкіл мәдени болмысын танытатын
этномәдени және этнотанымдық бірліктер (фразеологизмдер,
мақал-мәтелдер, эпитет, метафора, символ, метонимия, теңеу
т.б) жиынтығында сақталады. Мәселен, қазақ
халқы да қоршаған
ортадағы әлем бейнесін өзінің этнотанымдық
табиғатымен байланыстыра қараған. Олар таңның
атысы мен күннің батысын, уақытты сағатпен,
салмақты таразымен, қашықтық пен ұзындықты
метр сияқты нақты өлшемдік құралдарымен
өлшемесе де, сол заманның
тұрмыс-тіршілігіне лайық өз өлшемдерін таба білген.
Уақыттың қазіргі өлшемдері сағат, минут,
секунд атаулары жоқ кезде
әр түрлі құбылыс, іс-әрекеттің белгілі бір
мезгілде басталуы уақыт өлшемі ретінде пайдаланылған. Е.Н.Жанпейісов «Этнокультурная лексика казахского языка» еңбегінде
халықтық өлшемге қатысты мынадай пікір білдіреді: «В казахском
языке, так же как и некоторых других тюркских языках, для обозначения длины и
расстояния числовому выражению могут подвергаться не сами предметы, а такие их
физические свойства, как протяженность, объем, вес, и т.п.» [5, 142]. Мәселен, секунд деген ұғымды
қас-қағым, кірпік қаққанша, көзді
ашып-жұмғанша, табан аузында деп дене мүшелерінің
қимыл-қозғалысы арқылы білдірген. Минут пен
сағатты бие сауым, сүт пісірім, шай қайнатым, ет асым
сияқты нақтылы мөлшерлі уақытпен білдірген. Бұл
жөнінде М.А.Жақсыбаева былай деп көрсетеді: «Наиболее
многочисленна группа фразеосочетаний главной функцией является определение
отрезков времени. Среди них по частности употребления в речи современных
носителей языка выделяются фразеосочетания, служащие для обозначения мгновений.
Короткие отрезки времени, секунды, мгновение обычно определялись тем временем,
которое затрачивается на движение глаз,
бровей, ресниц «көзді ашып-жұмғанша, кірпік
қаққанша, қас пен көздің арасында, дем
арасында. Небольшой отрезок времени, равный нескольким минутам, обозначался
фразеосочетаниями типа бір шай қайнатым, бір сүт пісірім, бие
сауым» [6, 81].
Этностың бүкіл тұрмыс-тіршілігінен, рухани
құндылықтарынан ақпарат беретін танымдық
лексемалардың табиғатын антропоцентристік әдістерді
қолдану арқылы (когнитивтік талдау, этнолингвистикалық талдау
т.б.) тануға болады. Осыған орай, бүгінгі таңда
лингвистика ғылымында тілді ұлттың
мәдени-танымдық әлемінің басты көрсеткіші ретінде
қарастыратын антропоцентристік бағыт қалыптасты. Бұл
бағыттың іргетасын қалаған В.Гумбольдттың
ұлт пен тіл тұтастығына қатысты идеяларын шетелдік
және ресейлік ғалымдар Бодуэн де Куртенэ, А.Потебня,
И.Гердер, Г.Штейнталь, М.Хайдегер, Д.Уитни, Д.У.Пауэлл, Л.Вайсгербер, Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорф, Ю.Степанов,
В.Телия, Е.Кубрякова, Ю.Апресян, Ю.Караулов, Д.Лихачев, В.Демьянков, М.Минский,
Н.Жинкин, И.Гальперин, В.Маслова т.б. өз еңбектерінде жалғастырды.
Қазіргі тіл білімінің теориялық-танымдық
зерттеу парадигмасының бағытын тілдік жүйенің
дәстүрлі зерттеулерімен сабақтастырып, уақыт
сұранысына сай антропоцентристік бағыттағы күрделі де
кешенді зертеулерді жүргізу бүгінгі күннің басты
талабы. Антропцентристік бағыттағы зерттеулер тілді диалектикалық
құбылыс ретінде қарастыру негізінде, тілдің адам
болмысына, оның ойлау жүйесі мен тұрмыс-тіршілігіне
ықпалын, сонымен қатар адамның тілге әсерін, тілдегі
адам факторын анықтауға бағытталған. Әр
ұлттың қоршаған орта мен ақиқат
әлемді танып-түсінуге әрекет еткен ғасырлар
бойындағы тәжірибесі бүгінгі таңда тіл білімінде «тіл
және таным», «тіл және этнос», «тіл және мәдениет»,
«тіл және психология» т.б. өзара байланысты бағыттар
тұрғысынан қарастырылуда. Бұл бағыттар аясында
когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика,
психолингвистика, социолингвистика т.б. екі ғылымның
тоғысуынан туындаған салалар қалыптасып, бүгінде
олардың әрқайсысы дербес ғылыми пәндік сипат ала
бастағаны белгілі. Бұл ғылыми пәндердің
өзіндік зерттеу нысаны, жаңа ұғымдары мен
түсініктері, өздеріне тән категориялары айқындалды.
Қазақ тіл білімінде
антропоцентризм бағыты кешеуілдеп келгенімен, бүгінгі күні
бұл саланың бағыты біршама қалыптасып, зерттеу арнасы
айқындалды. Қазақ тіл білімінде бұл бағытқа
қатысты мәселелер
А.Қайдар, Р.Сыздық, М.Копыленко, Е.Жанпейсов,
Г.Смағұлова, Ж.Манкеева, Н.Уәлиұлы,
Э.Сүлейменова, Б.Момынова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде
әр қырынан қарастырылып келеді. Академик Ə.Қайдар «Этнос
жəне оның тілін біртұтас, өзара тығыз байланысты
құбылыс деп қарасақ, тіл қоғамда тек сол
этностың қарым-қатынас құралы ретінде ғана
емес, сонымен қатар оның (этностың) бүкіл рухани,
мəдени байлығының куəгері іспетті барлық болмысы
мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы мен əдет-ғұрпын
бойына сіңіріп, ата мұрасы асыл қазына ретінде
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын қызметі
тағы бар» [7] деп тұжырым
жасаса, Ж.А.Манкеева: «Қазіргі тіл білімінде ұлттың
рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің
ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл -
өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен
талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі
мен даналығын тұтастықта сақтаған
таңбалық жүйе. Сондықтан да қазіргі
қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет
сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы
ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген
когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика
т.б. салалары өріс алып отыр» [8] деп анықтайды.
Тіл біліміндегі антропоцентристік
бағыт туралы Б.Момынова: «Антропоцентризм лингвистиканы
ғылымның басқа салаларымен, тармақтарымен
жақындастырады. Себебі антропоцентристік бағыт тілді адам
арқылы зерттеуді, зерттеудің басты тұлғасын адам етіп
алуды мұрат тұтады. Ал адамның әртүрлі
іс-әрекетін, оның бүкіл болмысын зерттеуді тек лингвистика
ғана емес, ірі, іргелі ғылым салаларының бәрі де
бағыт-бағдар етіп алып отырғаны – бүгінгі
күннің шындығы... Лингвистикада тілдік
құбылыстарды «тіл және адам» диадасы спектірінде
қарастыру антропоөзектілік принциптің табиғатын,
өзіндік ерекшелігін, бұл принциптің немен, қандай проблемамен
және қалай байланысып жатқанын зерттеп-білу деген сөз»
[9:11-13] – деп түйіндей келе, тілдің адамға, адамның
тілге қатыстылығы туралы қағидаларды көрсетеді.
Сонымен, қазіргі
антропоцентистік бағыттағы ізденістерде бұрынғы
лингвистикалық зерттеулердің бағытына жаңаша сипат беріліп, халықтың рухани құндылықтары,
дүниетанымы, ой әлемі және психикалық ерекшеліктерінің тілдегі көрінісі бейнеленеді.
Демек, бұрынғы зерттеулерде тілдің
құрылымдық ерекшелігіне, оның қызметіне ерекше
мән берілсе, қазіргі кездегі ізденістерде негізінен тілдегі адам факторына
немесе керісінше адам арқылы тіл болмысын анықтауға ерекше
назар аударылады.
Әдебиеттер:
1. Попова Т.Г. Национально-культурная семантика языка и
когнитивно-социокоммуникативные аспекты (на материале английского, немецкого и
русского языков). Монография. – М.: Изд-во МГОУ, 2003. – 146 с.
2.Манерко, Л.А. Наука о языке: парадигмы лингвистического знания: учеб.
пособие. РГУ им. С.А. Есенина. – Рязань, 2006. – 216 с.
3. Алпатов В.М. Вильгельм фон
Гумбольдт. В кн.: История лингвистических учений. 2-е изд. М., 1999.
4. Оразбаева Ф. Тілдік
қатынас. -Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. -272 б
5. Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика
казахского языка. Алматы: Наука, 1989.
6. Жаксыбаева
М.А. Этнографические фразеосочетание казахского и русского языков. Дисс. на
соиск. ученой степ. к.ф.н.. Алматы, 1997.
7. Қайдар Ə.
Қазақ тілінің өзекті мəселелері. — Алматы, 1998. —
11-б.
8.
Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың
танымдық негіздері. –Алматы: Жібек жолы, 2008.
9. Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен
типтік қатынастар. -Алматы: Арыс, 2009. -160 б.