Филологические науки
Рапишева Ж.Д. (доцент
Карагандинского государственного университета им. Е.А.Букетова, канд.фил.наук,
Казахстан)
Ибраимова Ж. Ж. (доцент Карагандинского государственного университета им. Е.А.Букетова,
канд.фил.наук, Казахстан)
Рахымберлина С.А. (доцент Карагандинского государственного университета им. Е.А.Букетова,
канд.фил.наук, Казахстан)
Мақалада
гуманитарлық мамандықты бітірушілердің
екі және көптілді құзыреттілігін дамытудың
тиімділігін және тілдерді үйренудің жеке адамға
бағытталған уәжділігін жоғарылататын факторларды
зерттеу мәселелері қарастырылады. Қоғам
дамуының қазіргі жағдайында білім беру үдерісі бірнеше тілді меңгерген
полимәдениетті тұлға қалыптастыруға бағытталғандығы сөз болады. Мақала авторлары жас
маманның көптілді портретін қалыптастыруға
бағытталған тілдерді оқыту жүйесін жетілдіру жолдарын көрсетеді.
ГУМАНИТАРЛЫҚ МАМАНДЫҚ
БІТІРУШІНІҢ КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МӘСЕЛЕСІНЕ
Тіл – қоғамдық
құбылыс. Кез келген зерттеу жұмыстары тарихи
тұрғыдан қарастырылуы керек, себебі тілдің тарихын
білмейінше, оның бүгінгі жағдайын түсіну және
ертеңін барлау мүмкін емес.
Экономикалық
байланыстарға негізделген жаhандану үдерісі қоғам
өмірінің барлық жағын, оның ішінде білім беру мен ғылымның дамуына
барынша ықпалын тигізуде. Сондықтан біз білім беру
жүйесіндегі халықаралық нарық заңдылықтарын
ескеріп қана қоймай,
оқу материалдарын коммерциялық тауарға айналдырмаудан
сақтануымыз керек.
Мемлекеттің
отандық білім беру жүйесінің халықаралық
жүйе стандарттарына сәйкестігі, Қазақстанның
білім беру саласындағы бәсекелестікке қабілеттігін арттыру
арқылы маңызды білім беру, әлеуметтік және
экономикалық міндеттерді шешуге негізделген басты бағытымен айқындалады. Ғылыми білім беру
қашанда ғалымдардың назарында болған, себебі
оқыту гносеологиясы оқытудың ең тиімді формалары мен жолдарын
іздестіру мақсатында ғылымдардың бірігу динамикасының
белсендірілуін қамтамасыз етеді. Ғылыми таным принциптері мен әдістерін Бабанский Ю.К., Бромлей Ю.В., Войтова С.А., Выготский Л.С., Жинкин Н.И., Зимняя И.А., Залевская
А.А., Исаев М.К., Карлинский А.Е.,
Кон И.С., Копыленко М.М., Лернер И.Я., Леднев В.С., Леонтьев А.Н., Лурье С.В., Пассов Е.И., Сулейменова
Э.Д., Шаймерденова Э.Д., Ясвин В.А
және т.б.
көптеген ғалымдар зерттеген.
Мамандардың үзіліссіз тілдік
дайындығын жүзеге асыратын мемлекеттік концепцияны қамтамасыз
ететін мамандардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру
методологиясын жасаудың жаңа креативті жолдары қарастырылуы
қажет.
Гуманитарлық мамандық түлегінің
көпмәдениетті тұлғасын қалыптастырудағы
тілдерді меңгеру үдерісінің психолингвистикалық
дескрипциясы мәселесі республикадағы маңызды
мәселелерді шешуге бағытталған. Ол – мемлекет алдындағы
маңызды мәселелерді іске асыруға мүмкіндігі бар жас
маманның бай тілдік тұлғасын жан-жақты
қалыптастыру.
Тілдік білім беру, лингводидактика, психолингвистика саласында
Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдарының
ғылыми зерттеулері бар, бірақ тілдік басымдылықты
анықтау, тілдерді оқытуды күшейтудің психикалық
механизмдерін анықтау, тілдерді меңгерген мамандарға
сұраныс нарығын зерделеу сияқты зерттеулер жоқ.
Гуманитарлық мамандық бітірушінің көптілді
құзыреттілігін қалыптастыру методологиясына арналған
кешенді психолингвистикалық зерттеулер де жоқ деуге болады.
Бүгінге
дейінгі зерттеу материалдарын зерделеу барысында біз білім беру
кеңістігіндегі коммуникативтік байланыстарды психолингвистикалық
тұрғыдан қарастыру қажеттігіне көзімізді
жеткіздік. Ол үшін жоғарғы оқу орындарындағы
тілдік құзыреттілікті, қарым-қатынас жасау
мәдениетін, сөйлеу
мәдениетін әлеуметтік тұрғыдан талдау керек.
Қоғам дамуының қазіргі жағдайында білім беру
үдерісі мен тәрбиелеуді жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Соңғы
жылдары білім беру жүйесін модернизациялаудың негізгі идеясы
ретінде тілдік
құзыреттілікті қалыптастыру идеясы аталып жүр. Ол білім
алушылардың лингвистикалық білімдерін интеграциялай алуынан,
түрлі жағдайларға бейімдей алуынан көрінеді.
Қазақстандағы білім беру мен
экономикадағы маңызды мәселелерді шешу үшін
мемлекеттің бәсекелестікке қабілетті болуын күшейтуге
бағытталған басты мүддемен айқындалады.
Гуманитарлық
мамандықты бітірушілердің көптілді құзыреттілігін
дамытудың және тілдерді үйренудің уәжділігін
жоғарылататын психологиялық факторларды іргелі зерттеу бұл
мәселенің жүзеге асуына мүмкіндік беретіні
сөзсіз.
Білім беру
үдерісі әлеуметтік тапсырыс болғандықтан, тілдерді
оқыту да жүйенің өзгеруіне, коммуникация талаптарына,
білім беру сапасына, ғылыми басымдылыққа және
мамандардың қажеттілігіне негізделуі тиіс. Білім беру саласындағы
басымдылық пен оқытуды гуманитарландырудың мемлекеттік
бағдарламалары, білім сапасына деген қазіргі талаптар мен
сұраныстар аталған мәселенің өзектілігі мен
қажеттілігін негіздейді. Еңбек нарығын мемлекеттік, орыс
және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жоғары білікті
мамандармен қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған қазіргі
жағдайда білім беру жүйесінің мемлекеттік маңызы бар
мәселелерді шешуге бағытталуы да тиіс:
Қазақстанның әлемдік экономикаға қосылуы,
отандық ЖОО түлектерінің бәсекелестікке төтеп
бере алуы, еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз
ету, т.б. Бүгінгі тілдік білімнің үш тұғырлы
құндылықтарға негізделуі де тегін емес: тілдік білім мемлекеттік
құндылық ретінде; тілдік білім қоғамдық
құндылық ретінде; тілдік білім жеке
тұлғалық құндылық ретінде.
Гуманитарлық мамандық бітірушінің көптілді
құзыреттілігін қалыптастыру міндеттеріне:
– қазіргі жоғары оқу орнын бітірушілердің
бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастыру
үшін оқу пәндерінің аясында тілдерді
үйретудің психолингвистикалық ерекшеліктерін зерттеу; тілдерді оқытуда басымдылықты
анықтау, оқытылатын тілдердің әрқайсысының
маңыздылық дәрежесін анықтау;
– гуманитарлық мамандық
студенттерінің тілдік білімінің интериоризациясы мен экстериоризациясы туралы жаңа
мәліметтер жинастыру; жоғары оқу орны
студенттерінің тілдік құзыреттілігін
қалыптастырудың механизмін зерттеу;
– гуманитарлық мамандық студенттерінің тілдік
дайындық деңгейін зерттеу, студенттердің лингвистикалық
білімінің орталық және
перифериялық себептерін анықтау;
– тілдерді оқытудың
уәжділігін көтерудің кешенді бағдарламасын жасау; гуманитарлық факультет студенттерінің
оқу көптілділігін қалыптастыру үшін жаңа
оқу-әдістемелік материалдарды дайындау;
– тілді
пайдаланушыны ғылыми коммуникацияға шығуға
мүмкіндік беретін және лингвистің кәсіби сөйлеуін
көрсететін лексикографиялық ақпарат қалыптастыру;
– терминдерді
қолдану нормаларын бұзу жағдайлары мен себептерін
анықтау, үш тілді /орыс-қазақ-ағылшын/
сөздіктерде лексикографиялық ақпаратты көрсетудің
адекватты жолдарын көрсету;
– қазақ тілін модернизациялау үшін
халықаралық шетелдік сөздердің қалыптасқан
аудармаларын талдау жатады.
Бүгінде
білім беру жүйесінің алдына мектеп жасына дейінгі буыннан бастап
үштілділікке үйретудің жаңа әдістерін енгізу
талабы қойылып отыр. Сондықтан 2012 жылдың 1
қыркүйегінен бастап еліміздің 32 жоғарғы
оқу орнында 5,5 мың арнайы бөлім студенттерін дайындау
қолға алынды. Бұл көптілді бәсекеге
қабілетті мамандарды дайындаумен қатар көптілді білім беруді
білім берудің барлық деңгейлерінде «Мектепке дейінгі
дайындық – мектеп – ЖОО» іске асыруға және
лингвистикалық құзыреттілікті қалыптастыру
үдерісін үздіксіз іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі мамандарға
қойылатын жоғары талаптар қазіргі еңбек нарығында
методологиялық базаны түзету, тілдік білім беру мен
мамандардың кадрлық әлеуетін әдістемелік
құрал-жабдықтары тұрғысынан интеграциялау
қажеттігін негіздеді. Сонымен
қатар ЖОО түлегінің тілдік дайындығын толық
әрі кешенді түрде жүзеге асыру үшін коммуникативтік
және кәсіби құзыретін қалыптастыру
үдерісінде маманның тілдік тұлғасының
қалыптасуына бағытталған құзыреттіліктерді
ескермеу мүмкін емес.
Маңызды мемлекеттік экономикалық, саяси, мәдени шараларды
іске асыра алатын ЖОО бітірушілердің көпмәдениетті
бәсекеге қабілетті тілдік тұлғасын қалыптастыру
үшін қажетті ғылыми, статистикалық,
оқу-әдістемелік материалдар дайындау қажеттілігі туындайды.
Қазіргі жастардың тілдік білім алуындағы басымдылықты
анықтауда, көптілді мамандардың лингвистикалық
белсенділігін қалыптастыруда психолингвистикалық көмек
көрсетуге, жоғарғы оқу орнын бітірушілердің
құндылық басымдықтарын анықтауға,
Қазақстан Республикасының дамуы мен гүлденуіне өз
үлесін қосу үшін өз білімі мен біліктілігін жетілдіруге
үйрету керек.
Сонымен,
бүгінде мамандардың тілдік құзыреттілігін
қалыптастыратын жаңа методологиялық креативті
ұстындарды негіздеу маңызды болып табылады. Бұл жас
ұрпақтың үзіліссіз тілдік дайындығын
қамтамасыз ететін мемлекеттік концепцияның өзін кешенді
түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді және
мамандардың әлемдік деңгейде жоғары кәсіби
талаптарға сай болуына жағдай жасайды.
Жас
маманның көптілді портретін қалыптастырудың жалпы
методологиясы теориясы мен практикасын ұштастыруға
бағытталған. Ол өз кезегінде жоғарғы оқу
орындары гуманитарлық мамандық түлектерінің тілдік
бәсекелестігі туралы маңызды
мәселені жүзеге асырылуына ықпал етеді.
Қазіргі білім беру жүйесі
мен кадрларды дайындау мен қайта дайындаудың негізгі тірегі ретінде
кәсіби білім мен біліктілік мемлекет алдындағы басымдылық
берілетін маңызды факторлар болып табылады. Сондықтан
бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет және ұлт болу
ерекше маңызды. Жоғары білім берудің ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілетті жаңа буын
мамандарға ағымдық және келешектегі
қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға
бейімделуі – қазіргі кадрлар саясатын жүзеге асырудың
маңызды тетігі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Концепция
полиязычного образования. Сост. Кубеев Е.К., Жетписбаева Б.А. и др. Караганда: Изд-во КарГУ, 2008. 38 с.
2. Mazhitaeva Sh.,
Balmagambetova Ja., Khan N. Competence in Multilingual Education // European
Researcher, 2012, Vol.(31), № 10-1. С.1713-1716.
3. Мажитаева Ш., Аязбаева Б., Хан Н. Об использовании психолингвистических
знаний при обучении родному и
иностранному языкам / European Researcher, 2013,
Vol.(46), № 4-2.
4.
Ахметжанова З.К. О некоторых аспектах трехъязычия // Триединство языков:
Проблемы и перспективы. Материалы республик. науч.-практ. конф., посвященной
20-летию Независимости Республики Казахстан. Караганда: КарГУ, 2011. С. 8–9.
5.
Aitbaeva B., Khan N. Sciences Integration in Language Training Method //
European Researcher, 2013, Vol. (38). № 1-1. Р. 41-44.