Кәсіпкерлік қызмет саласында меншікке қарсы қылмыстар

Мукалдиева Ж.Б.- з.ғ.магистрі аға оқытушы

Алматы қ.,Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Кәсіпкерлік қызмет туралы заңның тиімділігін көтерудің айрықша тәсілі қылмыстық жауаптылық болып табылады. Әдетте, қылмыстық жауаптылық қашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен байланыстырылады және ең қатал (құқық бұзушыға қатысты) ықпал ету шарасы (азаматтық-құқықтық жауаптылық заң бұзушының мүліктік жағдайында ықпал етуде маңыздырақ болуы мүмкін екені осығанға дейін айтылғанмен) ретінде қабылданды. Меншікке қарсы қылмыстар ҚР қылмыстық кодексінің 6 тарауында көрсетілінеді. Яғни, меншік құқығында ұйымға тиселі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық жасау, именденіп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Оны жасауға кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

         Кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін  ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу және филалдар мен өкілеттіктерді есепке алу тіркеу туралы» Заңымен заңды тұлғаларды тіркеудің жалпы тәртібі белгіленеді, осының негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Бұл тіркеуде кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңдылығы тексеріліп, қылмыстықты болдырмаудың басты фактысы болмақ [1, 95 б.].

         Кәсіпкерлік қызмет саласында жасалған қылмыстар  ҚР-ның ҚК-нің 190-193, 219, 226-227-1 баптары негізінде, енген қылмыстардың барлық дерлік меншікке қарсы қылмыстар экономикалық қызметтің әр түрлі саласында көрініс табады. Кәсіпкерлік қызмет заңының тиімділігін көтерудің айрықша тәсілі қылмыстық жауаптылық болып табылады.  Қылмыстық жауаптылық қашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен байланыстырылады және ең қатал (құқық бұзушыға қатысты) ықпал ету шарасы (азаматтық-құқықтық жауаптылық заң бұзушының мүліктік жағдайына ықпал етуде маңыздырақ). Дегенмен де, кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар екі топқа бөлінеді. Олар 1) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзатын қылмыстар; 2) жеке кәсіпкерлік субъектілері жасайтын қылмыстар. Жоғарыда көрсетілген бірінші топқа мыналар кіреді: 1) ҚР ҚК 189 - бабы «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау»; 2) 200-баптың 2 бөлімі «Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету»; 3) «Табиғатты пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу». Қылмыстардың екінші тобын құрайтындар: 1) 191-бап «Заңсыз банктік қызмет»; 3) 192-бап «Жалған кәсіпкерлік» т.б.

         Кәсіпкерлік саласында меншікке қарсы қылмыстар жасалғаны үшін қылмыстық - құқықтық шараларды азаматтық - құқықтық шараларға ауыстыру туралы ұсыныстар ұшырасып қалады, алайда бұл  жерде кәсіпкерлік саласында жауапкершіктің бір түрін қолдану екіншісін қолдануды жоққа шығармайтынын және мүліктік зиян келтірген жағдайда, қылмыстық - жазалық іс – әрекет жасалуына байланысты жауаптылықтың екі түрі де: азаматтық - құқықтық және қылмыстық-құқықтық жауаптылық толықтай орынды және негізді болып табылады [2, 4 б.]. Себебі, қылмыстық жазаның айыппұл салу, тәркелеу, қызметтіің белгілі бір түрімен айналысуға тыйым салу; қоғамдық жұмыстарға тапсыру сияқты шараларын қолдануға аса назар аудару, мүліктік сипаттағы шаралар құқық бұзушыны бостандығынан айыруға байланысты амалдармен салыстырғанда, аса тиімді болады. Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 189 - бабында көрсетілген қылмыстарды кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтан ара-жігін ажырату кезінде қадағалау және бақылау фукцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды  адамдарының, жауаптылықтары  ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекісінің 151-153 баптарымен көзделген жергілікті атқарушы органдардың осы қылмыстар субъектілеріне жатпайтынын ескеру қажет. Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ, жеке кәсіпкерлік ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы.  Жоғарыда,  аталған қылмыстың іс-әрекеттерге жатпайтын түрде өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның қиянат жасауы немесе билігін асыра пайдалануы. Бұған үй - жайларды, материалдық құралдарды заңсыз алу, банктегі есепке тиым салу, т.б. Бұл қарастырылған қылмыста формальдық құрам бар, түсініктеме - аталған әрекеттердің (әрекеттің немесе  әрекетсіздіктің) біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып табылады [3, 5 б.].

            Қорыта айтқанда,  кәсіпкерлік қызметке саласындағы меншікке қарсы қылмыстар көбіне тікелей қасақаналық жолмен болып жатады. Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау органдарының олармен терең және нақты күресуін қажет етеді. Сондықтан да, қылмысты болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.     Алауханов Е.Қылмыстық құқық:ерекше бөлім.-алматы:Жеті  жарғы,2001.-223 б.

2.     Акылбай С.Б. Правоприменительная деятельность по делам о преступлениях в сфере экономики // Проблемы и перспективы развития уголовного законодательства РК: материалы межународ. науч.-прак. конф.-Караганда,2002.-.С.9

3.     Исмаилов Е.Ж. Наиболее часто встречаемые ошибки следствия и судебной практики по делам о преступлениях в сфере экономической деятельности // Проблемы расследования преступлений в сфере экономики и финансов.-Караганды, 2002.- 11 с