Право/7.Экологическое,
земельное и аграрное право
Искакова Ж.А., з. ғ.
магистрі, Байталяков К.
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
СУ
РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ӘКІМШІЛІК
ЗАҢНАМАДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазақстан
су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына
жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру,
металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары,
қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды
ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi.
Ертiс, Нұра, Iле өзендерi, Балқаш көлi
неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз
етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да
ластануға ұшыраған.
Су объектiлерiне
антропогендiк салмақ пен олардың қалпына келу
қабiлетiнiң арасындағы теңгерiмсiздiк экологиялық
қолайсыздықты iс-жүзiнде барлық iрi өзен
бассейндерiне тән еттi, ал су шаруашылығының
мұқтаждарын жеткiлiктi қаржыландырмау су шаруашылық
объектiлерiнiң барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық)
техникалық жай-күйiне және халықты ауыз сумен
қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленiсуiне себеп болды.
«Қазақстандағы су
тапшылығы артады. Қазірдің өзінде трансшекаралық
суларға тәуелдіміз. Бүгінгі таңда су
ресурстарымыздың жартысы көршілес мемлекеттерден келеді. Тиісті
шаралар қолданбасақ, осы жағымсыз сценарий өрбитін
болса, еліміздегі су ресурстарына сұраныс ұсыныстан 3 есеге
артады», – деп тұжырымдады, «Қазақстанда «жасыл» экономика
құру» конференциясында сөйлеген сөзінде Қоршаған ортаны қорғау
министрі Нұрлан Қаппаров. Министрдің
айтуынша, мұндай жағымсыз сценарийдің басты себебі
шекарарлық өзендер мемлекеттерінің, сонымен қатар
Қазақстандағы суға өзіндік сұраныстың
артуы болады. Сонымен бірге, мұндай жағымсыз сценарийге жол бермес
үшін мемлекет барлық тиісті шараларды қолданатынын атап
өтті[1].
Сарапшылар таяу жылдары су ресурстарының
кәдімгідей құлдырауын болжап отыр. Бұл
қазақстандықтардың денсаулығы мен
экологиялық жағдайына, сонымен бірге ауыл шаруашылығы,
өнеркәсіп, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз
етуге және қоғамдық өсуге кері әсер етуі
мүмкін.
Мамандар Балқаштағы «екінші Арал»
жобасының дүниеге келуін тығырықтан шығар жол деп
есептейді.
Қазақстанның география
институтының ғылым және жоба директорының орынбасары,
география ғылымдарының докторы, Халықаралық адам
және табиғат қауіпсіздігі экологиялық ғылыми
академиясының академигі Игорь Мальковский өзінің
«Трансқазақстандық арна – Қазақстан Республикасы
су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсатты
басымдықтары» атты ұсынысында: «Қазақстан Республикасындағы
ішуге жарамды судың тапшылығын жоюдың жолдары мынадай: су
ресурстарына салмақты төмендету үшін су ресурстарына
экологиялық сұранысты мөлшерлеу және салалық
экономикадағы суды үнемдеу керек», – дейді[2].
Маманның айтуынша, сонда ғана негізгі су
тұтынушыларын көбейту жұмыстарымен айналысатын іс-шаралар
жүзеге асады, тұщы судың өндірісте қолданылуын
азайтатын заманауи озық технологиялардың пайдаланылуына септігін
тигізеді.
Биосфера мен адамның тіршілік етуі суды пайдалану арқылы өмір
сүрді. Адамзат әрқашан суды пайдалануын ұлғайтып, гидросфераға
үлкен әсер етті. Қазіргі кезде техносфераның дамуында,
әлемде адамның
биосфераға әсері күшті қарқынмен өсіп
келе жатыр, ал табиғаттық жүйе
өзінің қорғаныштық қасиетін жоғалта бастады, яғни қажетті жаңа жолдар тенденцияны іске асыратын
нақтылықты сезіну болды,
ол табиғат пен бүкіл әлемнің және оны
құрайтын құбылыстарында пайда болды. Ал ол жамандыққа негізделді,
яғни біздің
уақытымыздағы жер
үсті мен жер
асты суларының бүлінуі.
Су
қабаттарының
бүлінуі, ол биосфералық функциямен және
экологияның
мәніне ауыр әсерінің тигізуіне әкеліп
соқтырады, нәтижесінде оған
жаман заттардың түсуі
болды.
Судың
ластануы органолептикалық күшінің
қасиетінің
өзгерісінде көрінеді, олардың үлкеюі
және
құрамында
сульфат, хлоридтер, нитрат,
уытты ауыр темірлер,
азайып, еріп, ауаға араласып,
тарап кетті де,
соның әсерінен радиоактивтік элементтері, ауру
туғызатын
бактериларжәне т.б.
ауыр лас заттар бар.
Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға
кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің
көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі.
Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның
орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий,
Арал, Балқаш.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы
құрғақ шөл даланың ортасында ірі
көлдердің бірі — Балқаш көлі орналасқан. Су
бетінің көлемі 19 мың шаршы километр. Бұл көлдің
халық шаруашылық мәні ете күшті. Осы көл аркылы
республикамызда таукен металлургия өндірістері дамыды. Көл
жағалауларында балық және кәсіптік аң аулау
шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап үздіксіз
жүргізілген бақылау көл суының минералдануының
аса өзгермегенін көрсетті.
Арал теңізі — ірі ішкі су алқаптарының
бірі. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық
байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария
өзен алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр
терісін алып тұрған.
Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген
ғылыми мекемелер назар аударып отыр. Соңғы 10—15 жылдың
ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай өзгеріс
енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және
шығыс жағалауындағы теңіздің таяз бөліктері
кеуіп қалды.
Су қорына аса қауіп-қатер
туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың,
күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның
құрамында әртүрлі зиянды заттар көп.
Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл
шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін
әсері де молшылық. Ал лас
суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте
көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған
сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте
төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен
қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі,
топыраққа биохимиялық процестердің жүруі
төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық
қорына тікелей зиян келтіреді.
Бұл мәселелерді шешу үшiн
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21
қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау
және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдары
айқындалған Экономиканың су секторын дамытудың
және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы
саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды.
Сондай-ақ халықты жеткiлiктi көлемде және кепiлдi
сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23
қаңтардағы N 93 қаулысымен "Ауыз су" салалық
бағдарламасы бекiтiлдi, Қазақстан Республикасының Су
кодексi және "Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну
кооперативтерi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданды, 2005 - 2010 жылдары негiзгi су
бассейндерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың
схемаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлетiн
болады.
Халықты ауыз сумен және су бұру
қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2011 – 2020
жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
(бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын іске асыру
мақсатында және Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес
әзірленген.
Ауыз су
мәселесі қашан да өзекті тақырыптардың бірі
болып, күн тәртібінен түскен емес. Халықты сапалы ауыз
сумен қамту мемлекеттік саясаттың негізгі
басымдықтарының біріне айналды. Бұл мәселені мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына арнаған әр жылдардағы
Жолдауының қайсыбірінде болмасын тұрақты түрде
басым бағыттардың бірі ретінде қарастырып жүр[3].
Орталықтандырылған
ауыз суға қол жетімділікті кеңейту мемлекеттің басым
міндеттерінің бірі болып табылады. «Ақ Бұлақ»
бағдарламасы су секторы шаруашылығын дамытуға, соның
ішінде, техникалық нысандарды жаңғырту және бірдей
тарифтерді қалыптастыру есебінен әсер етеді. Сондай-ақ, бағдарлама
жоғары сапалы жер асты суларын пайдалануды қарастырады.
Мақсатты
индикаторлар:
Ауылдардың 80%-ы және
қалалардың 100%-ы тәулігіне 24 сағат
орталықтандырылған сумен жабдықталатын болады
Әр аудан орталығында арнайы сумен
жабдықтау кәсіпорындары құрылатын болады
Суды есептеу құралдарымен
жабдықтау қалаларда - 100% және ауылдарда - 80%
Жер асты суларының 180 кен орындарын
барлау және 3000 астам елді мекендерде жер асты суларының
қорын қамтамасыз етуді зерттеу
86 қалада және 6943 ауыл елді
мекендерінде сумен жабдықтау жобаларының мониторинг жүйесі
құрылды
Нормативтік шығындарды 2020 жылғы
қарай 40%-ға төмендету үшін қазір 15% дейін
төмендету.
Біздің
мемлекетіміз пайдалы қазбаларға бай екенің білеміз. Сондықтан
осы байлықтарымызды игеріп, өндіру үшін, көптеген
өндіріс кәсіпорындары салынып жұмыс істеуде. Осы салада шетел
компаниялары да ат салысуда. Бірақ, өкінішке орай мемлекетіміздегі
кәсіпорындар табиғатымызға күн санап залал келтіруде. Қалдықтармен
жұмыс істеудің санитарлық талаптарын сақтамай,
әрдайым бұзады. Өндіріс орындарынан шығатын
сарқынды суларды рұқсат берілмеген жерлерге төгеді. Химиялық
қалдықтарын өзен- көлдерімізге төгіп, флора мен
фаунаға кері әсерін тигізеді.
Осы жағдайлар үшін Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық
бұзушылық кодексінде, су кодексінде, экологиялық кодексінде
қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін жауапкершілік
көзделген. Әр түрлі жаза түрлері де бар. Бірақ
соған қарамастан біздің заңды тұлғаларымыз
яғни өндіріс орындары үнемі заң шеңберінен
шығып, заңда көрсетілген талаптарды орындамай, тек қана
айыппұл мен оңай құтылып кетеді. Себебі біздің заңнамамызда
заңды тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершілік
көзделмеген, олар тек әкімшілік жауапкершілікке ғана
тартылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік
құқық бұзушылық кодексінде олар үшін
ең ауыр жаза, ол бірнеше
еселенген айыппұл сомасы. Ал ірі өндіріс орнына
айыппұл төлей салған әрине оңай. Бірақ сол
өндіріс орны келтірген зиян зардабын ақшамен толтыра алмаймыз. Сондықтан,
Қазақстан Республикасының әкімшілік
құқық бұзушылық кодексіндегі
қоршаған ортаны қорғауға байланысты кейбір
баптарын қылмыстық іс жүргізу кодексіне ауыстыру керек
және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Сосын
мемлекет тарапынан бақылауды күшейтіп, лицензиясынан өмір
бойы айыру жазаларын қолданса, қоршаған ортаны
қорғау ісшаралары жанданар деген ойдамын. Сонда ғана
заңнамамыз оң нәтиже береді деп ойлаймын.
Табиғат байлықтарының ішінде
судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін
емес.
Су байлықтарын сақтау- бүкіл халықтың
іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік
және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су
ресурстарын қорғауға
бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулылар қабылданды. Су ресурстарын пайдалану
және оларды қорғаудағы заңды
құжаттардың бірі-ол 1993 жылдың 31 наурызында
қабылданған «Су кодексі». мұндағы көрсетілген Қазақстан
Республикасындағы су заңдарының міндеттері-
халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын
қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен
сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау
және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су
қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып
табылады.
Су-табиғат байлығы, сусыз тіршілік
мақрұм.Сондықтан судың да сұрауы барың есте
ұстайық.
Қоланылған әдебиеттер:
2.http://www.zakon.kz
жаңалықтар
3. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа жаңа саяси
бағыты