УДК 631. 31-25 

 

Сепкіш қиыстырмасын өзгерту арқылы Сусымалы майда бұршақ тұқымдас шөптер тұқымын себуДІ ТАЛДАУ

 

Ә.Тәжібайұлы т.ғ.к., доцент,  А.С. ШукееВ магистрант

 (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті)

 

Сусымалы майда бұршақ тұқымдас шөптер дәнінің себушіден себіліп түсу мөлшерін қарастырғанда қажетті себу мөлшеріне қарай бір себушіден түскен дәнді бөліп сіңіргішке жеткізу жолдарын анықтау қажет. Бұл жұмыста, себушіден сіңіргішке жеткізетін түтік жолдарын бірнеше сатылы бөлгіштердің орналасу жолдарын тауып, дәннің кедергісіз өз салмағымен сіңіргішке жетуін талдап және оны тиісті мөлшерінде қажетті жер қыртысына сіңіру үшін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жүргізілген зерттеулер [1,2] сепкіштің қатараралық қашықтығы В=15 см болғанда жерден өңіп көктеуі жоғары екені анықталған. Сондықтан да, себушіден түскен тұқымды сепкіштің барлық алым енінде қатараралығы 15 см аралыққа орналастыру қажет. Осыған байланысты, біздер, бір себушіден түскен дәндерді екі түрлі тармақта және бір немесе екі сатылы бөлу жолдарын қарастырдық. Осы қарастырылған жүру жолдарының сүлбесінің көрінісің 1 және 2 суреттерден көруге  болады. 1 суретте сепкіштегі 8 себушіні қолданып дәнді бір сатылы үш тармаққа бөлуді 15 см қатараралықта жұмыс істеу сүлбесі бейнеленген. Ал, 2 суретте екі қатарлы, яғни екі тармаққа, сосын үш тармаққа бөлуді 15 см қатараралықта жұмыс істеу сүлбесі бейнеленген. Бұл жағдайда, сепкіштің себушісі жұмыс істеп қатараралықты 15 см-де, 24 қатарды қамтамасыз етуді көрсеткен. Мұндағы бір себуші қатарға қажетті сіңірушілерді қамтамасыз еткендігін көреміз.

СЗ-3,6 сепкішінде жоңышқа тұқымын себу үшін осы жұмыстарды есептеу төмендегі өрнектермен анықталады.

 

 

Мұндағы: mc – сепкіштегі жұмыс істейтін себушінің саны;

Ва – сепкіштің алым ұзындығы (Ва = 360 см);

В1 – бір себушіден себілетін жердің ені, см.

Бір себушіден неше сіңіргішке бөлу қажеттілігін анықтау үшін:

 

В1 = в1

 

өрнегімен есептеледі.

Мұндағы: в1 – себілетін қатараралықтың ені, см

                     к – бір себушіден түскен тұқымды бөлгенде жерге түсірілетін қатар саны.

Осыған байланысты бірінші жағдайда (1-сурет) В1 = в1* к = 15*3 = 45 см болса,    m = 360/45 = 8                                 себуші жұмыс істейді. Екінші жағдайда (2-сурет) бір себуші В1 =  15*6 = 90 см жер аралығын қамтамассыз етсе, бұнда m = 360/90 = 4        себушімен жұмыс атқарылады.

 

1

1-сурет. СЗ-3,6 астық сепкішіндегі 4 себушіден бөлінетін екі бөлгіш пен үш бөлгіш құрылымының орналасу сүлбесі: 1- себуші; 2- екіге бөлгіш; 3 – үшке бөлгіш; 4 – түтік; 5 – сіңіргіш

 

2

 

2-сурет. СЗ-3,6 астық сепкішіндегі 8 себушіден бөлінетін үшке бөлгіш құрылымының орналасу сүлбесі: 1- себуші; 2- үшке бөлгіш; 3 – түтік; 4 – сіңіргіш

 

Осы салада жүргізілген тәжірбиелерге байланысты (1), бір өсімдіктің қоректену жерінің көлеміне сай және оның тұқымының далалық өніп өсу мүмкіндігіне байланысты болатын себу мөлшерін қамтамассыз ету үшін, бір сепкіштен сіңіргішке бөлетін үш жақты бөлгішті қондырғы көмегімен болатын тұқымды тең және кедергісіз бөліп жүргізу мүмкіншіліктеріне көз жеткізу керек болды. Мұнда, дәндердің әртүрлі тесіктерден өту мүмкіншіліктеріне жүргізілген жұмыс нәтежесін басшылыққа ала ең төменгі тесіктен өту мүмкіншіліктері есепке алынды. Бұл, жоңышқа дәнін r = 0,36 см радиус өлшемінен кем болмауы, ал V = 1,5 см2 көлемді өлшемінен кем болмайтындығын көрсетеді. Сондықтан себушіден сіңіргішке баратын жолдарда және үш жаққа бөлетін қондырғының воронкасының ең кішкентай тесігінің диаметрі – 0,72 см –ден жоғары ( D = 72 мм) болуы шарт.

Ал тұқымның өз салмағымен төмен еркін түсуі үшін жүретін түтіктердің қисаю бұрышы α = 32О-тан жоғары болуы тиіс. Бөлгіш қондырғыларды сепкішке орналастыруда осы шарттар есепке алынады.

Бір себушіден түскен дәнді екіге, төртке бөліп, сіңіргішке өткізу жолдары туралы зерттеулер әдебиеттерде көптеп жазылған және кең ізденістер мен талдаулар жасалынған. Себушіден түскен дәнді осылай жұп түрде бөлу жұмыстары туралы бірнеше қондырғылар  ойлап табылып, оның кейбіреулері өндірісте қолданылған.

Ал сепкіштің бойына қажетті бөлу жұмыстарындағы майда дақылды сепкенде өте нақтылықты талап ететін және қатараралықты реттеу үшін керек үштармақты бөлу жұмыстары мүлдем қолға алынбаған. Біздің зерттеулерімізде сепкіштің бір себушісінен түскен дәнді үш тармаққа бөлу қажеттілігі тууына байланысты, осы жұмыстарды атқаратын қондырғының жұмыс істеу қабілеттеріне тексеріс пен сынақ жүргізу бағытында болды.

Бір себушіден түскен жоңышқа тұқымын үшке тең  бөлуді қамтамасыз ететін біздің қолданған алғашқы қондырғымыздың сүлбесі 3-суретте көрсетілген. Бұл дәнді үш жаққа бөлетін бөлгіш қондырғының жұмыс істеу процестері төмендегіше атқарылады. Себушіден түскен дән цилиндрлі дөңгелек түтіктің жоғарғы жағында орналасқан варонконың көмегімен ортасына жинақталып, біркелкі құйылады. Құйылған дән толқынының  ағыны  цилиндрдің төменгі жағында орналасқан пирамида тектес бөлгіш қырларының жақтауларының ұшына бағытталып, оның үш қырлы жақтаулары арқылы тең бөліне жүруіне ықпал етеді. Түтік ішіндегі  тетраэдрдiң (пирамиданың) төменгі жағы бөлінген тұқымды қондырғы етегіндегі үш тесіктен өтетін болады. Осы тесіктегі дәнекерленген үш түтіктер арқылы сіңіргіштерге бағытталады. Цилиндрлі түтік диаметрі – 40 мм, варонка  тесігі – 13 мм, үшке бөлінген түтіктер диаметрі – 16 мм шамасында болады.

Копия BATIK

3-сурет. Жоңышқа тұқымын үшке бөлетін қондырғы сүлбесі

 

 

Дәнді тең үш тармаққа бөлуге арналған қондырғының (3-сурет) жұмыс істеу мүмкіншілігін анықтау үшін жоспарлы төмендегіше жұмысты орындау әдістемесі дайындалынды.

Жүргізу әдістемесі қондырғы варонкасының дән өтетін тесік диаметрі: 7,5; 10; 13 мм аралықтарына қойылды. Себуші шарғысының жұмыстық ені 10 – 15 мм аралығындағы жұмыс кезінде түсетін дән варонка тесігінен кедергісіз өту мүмкіншіліктері анықталынды.

Қондырғы түтігінің ішіндегі пирамиданың жоғарғы ұшы мен варонканың дән түсетін тесігінің  ара қашықтығы: 0; 20; 40 мм аралықтарына өзгертіліп дәннің бөлінуі тәжірибелері арқылы тексерілді.

 

Қортынды

 

Тәжiрибеден және ойсаралық iзденiстен сепкiштiң сегiз себушiлерi сегiз үш тармақты бөлгiштерi бұршақ тұқымдас шөптер дәнiн сепкенде бiрқалыпты 24 қарықшаларға үлестiрiлетiнi анықталды.  Ұсынылып отырған себушiлермен бiрге жұмыс iстейтін үштармақты бөлгiш қондырғысының негізгі көрсеткіштерiнің құрылымдық сипаттамасы анықталды.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.    Алшынбай М. Р. Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы. Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Алматы, 1999.  203 б.

2.    Тәжібайұлы Ә. Күріш ауыспалы егістігін механикаландыру. Қазақ тілінде жарияланған ғылыми мақалалар жинағы. Монография,  Қызылорда: Тұмар баспасы, 2009 – 216 бет

3. Тәжібайұлы Ә. Астық сепкішімен жоңышқаны себу үшін бөлгіш қондырғы орнатып тұқымды жер қыртысына 2 см тереңдікке сіңіре егу. - Қызылорда, 1996 - 26 б.