Жанилова А.Т.,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Жумашева А.Ж.

Тараз инновациялық гуманитарлық университеті, Қазақстан

 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

Жүзім  шараушылығы – ауыл шараушылығының бір саласы болып саналуына байланысты жыл сайын мол өнім алатын жолдарын іздестіріп, осы дақылдың өсіп - өнуін, өнімділігін арттыруды ғылыми түрде реттеу маңызды міндеттердің бірі.

Жүзім – адам баласының ертеден пайдаланып келе жатқан дақылдарының бірі болып табылады. Тоғыз мың жыл бұрын Таяу шығыста мәденилендірілген. Жүзім дақылы көбінесе грек мифтерінде, тарихи жазбаларда айтылған. Ғалымдардың айтуынша, алғашқыда  жүзім дақылы  лиана түрінде өспеген, жүзімде мұртшалар да  болмаған және де ашық жерде өсетін болған. Климаттың ылғалдануына байланысты жүзімнің арғы тегі орманда қалып, сондағы жаңа жағдайларға бейімделе бастаған. Мұртшалар пайда болып, соның арқасынада ағаштарға оралу арқылы лианаға айналғадіктің жарықты көп қажет ететідігіне байланысты. Бұл өсімдіктің жарықты көп қажет ететіндігіне байланысты. Адамдар алғашында жүзімді орманда байқаған, бірақта ол кезде қазіргі мәдени сорттар сияқты оның дәмі болмаған.

  Бұрынғы заманда жүзім дақылы жер шарының арктикалық бөлігінде өскен. Ол уақыттарда бұл бөліктің климаты тропикалық болатын. Мұз дәуірінің басталуының себебінен жүзім дақылы оңтүстікке жылжыды. Оның ертедегі кездегі түрлері қазіргі күзге дейін Солтүстік Америка және Шығыс Азияғда сақталған. Оңтүстік Еуропада тек мәдени  түрлері ғана сақталған.

  Алғашқыда дақыл ретінде Орталық Азияда, Иранда, Афганистанда, Кіші Азияда танылған. Бұл жуықтап 9-8 мың жыл бұрын болған. Қазір жүзімді жер шарының барлық түкпірінде өсіреді, 11 мың гектардан көп жерді алып жатыр.

  Ал Қазақстанда жүзім шаруашылығы біртіндеп дамып келеді. Кезінде кеңестер дәуірінің тұсында шарапты ішкілік ретінде қарап мыңдаған гектар жүзімдік алқаптары жойылып, шарап өндіретін құрал жабдықтар металоломға өткізілген. Бұл жағдайды қалпына келтіру үшін соңғы жылдары Қазақстанда осы саланы дамытуда мемлекет тарапынан қамқорлық жасалынып келеді. Қазақстанда 2005 жылы 110гектар жерге жүзімдік отырғызылды. Жалпы жүзімнің түсімі Қазақстанда 2005 жылы 52,3 мың/т, ал Алматы облысы бойынша   20,5 мың/т болып отыр.

Жүзім жидегі адамдарға тамақ ретінде әсіресе  жас балаларға, жасы ұлғайған адамдарға ем ретінде  жүзім дақылының маңызы өте зор. Жүзім жидегінің құрамында  адамға ең қажетті калий, кальций, фосфор, натрий, сондай-ақ марганец тағы басқа элементтер кездеседі. Сонымен қатар жидегінің құрамында «С» дәруменінің  мөлшері 2,32мг процентіне дейін жетеді. Жүзім дақылы жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз   дақылдар қатарына  жатады.  Жүзімнің жақсы өсіп, өнім салуы тікелей  вегетация  кезеңіндегі жылу температурасының   мөлшеріне байланысты. Бұл көрсеткіш 3000ºС кем болмауы керек,  ал қыстың суықтығы –18 -20ºС - тан төмендемегені жөн. Осындай қолайлы жағдайлар  Қазақстанның негізгі жүзім дақалын  өндіретін оңтүстік, оңтүстік шығыс  аймақтарында. Бұл аймақтардың өзінде де жүзімдерді қыста жауып отыру қажет. Тұрақты түрде жүзімге қажетті температура көрсеткіштері сақталмайды.                                               

Жүзім Шығыс Еуропаға Қырым арқылы келген,Vitaseae тұқымдасына, Vitis тегіне жатады жетпіске жуық түрі бар, оның ішінде жиырмасы мәденилендірген. Vitis тегі түрлерін үш топқа жіктеледі,  олар: еуропа–азиялық, шығыс-азиялық, америкалық. Vitis тегінің барлық түрлеріне морфологиялық белгілерінің өркен, гүл, дән құрылымы, жапырақтарының орналасуы ұқсас келеді. Олар өзара жақсы будандасады және ұластырғанда оңай бірігеді, бұл барлық түрлерге бірдей бола бермейді.[8]                                                                                                

Жүзім дақылының сорттары өте ерте заманнан белгілі. Жабайы түрлері жылы аймақтарда, ылғалы мол жерде бұта тәрізді  өскен. Кейін олар тіршілік үшін  күресте түр өзгертіп өрмелеуші болған. Жабайы түрлерін адамдар ерте кезден-ақ пайдалана білген. Содан кейін барып адамдар жүзімнің мәдени сорттарын шығара бастаған. Неізінен пайда болған аймақтары Орта Азия, Иран, Ирак, Турция және де т.б.

А.М Негруль (1968) казіргі заманға сай мәдени өсімдіктер туралы білімді айқындап көрсеткен, ұсынған жіктеуі: ол европа-азиялық немесе нағыз жүзім сорттары –Vitis vinifera үш эколого-географиялық топқа бөлінген;

1. Қара теңіз басейіні тобы–probes pontika negr. Грузиялық, Кіші  Азиялық, Грециялық, Болгариялық, Венгриялық, Румыниялық, Молдавиялық сорттарын біріктіреді.

2. Батыс Европалық топ. Францияның, Германияның, Испанияның, Партугалияның сорттары кіреді.

3. Шығыс топ. Probes Orientals Negr. Орта Азия, Афганистан, Иран, Армения, Азербайжан сорттары кіреді.

Ресвератроль – жануарлар тарапынан өсімдіктер желінген кезде ауру тудыратын факторлардан немесе өте күшті ультрокүлгін сәулелерден өсімдікті қорғау үшін синтезделетін зат. Ресвератроль жер жаңғақ, тұт секілді жетпіс шақты өсімдік түрлерінде, сондай-ақ негізінен ең көп мөлшерде жүзімде кездесетіндігі анықталған. Ресвератроль көбінесе қызыл-қара жүзімдердің қабықтарында болады. Сол себепті жүзім жегенде, оның қабығын қоса жеген дұрыс. АҚШ-та жүргізілген бір зерттеуде ісігі бар тышқандарға төрт айдан аса апта сайын екі рет 1-5-10 немесе 25 микрограмм ресвератроль берген зерттеушілер ресвератроль берілмеген тышқандарға қарағанда берілгендерде ісіктің өте тез қайтқандығын байқаған.

         Жүргізілген Жүзімді бабында өсіру агротехникалық шараларды өз уақытында қолдану үшін, оның барлық мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрлымын және олардың атқаратын негізгі физиологиялық қызметтерін жақсы білу керек. Жүзім де көпжылдық ағаш өсімдігі сияқты жас жас және кәрі қаңқалы тамырлардан күшті тамыр жүйесі болады. Жер үсті бөлігі көпжылдық бұтақтарға тармақталған, біржылдық өркендері бар, діңгекке ұқсас сабақтан тұрады. Жүзімді мәдени түрде өсіргенде сабақтың түбінен бастап бірінші тармақталған жеріне дейінгі көпжылдық бөлігін сидам, одан шыққан көпжылдық тармақтарды – жең бұтақтар, ал біржылдық бұтақтарды атқаратын қызметіне қарай – жеміс өркендері, ауыспалы немесе орын басатын өркендер деп атайды. Біржылдық өркендердің көзше бүршіктерінен жыл сайын өсімдіктің қоректенуін және өсуін қамтамасыз ететін вегетативті – жапырағы, мұртшалары, өгей бұтақшалары және генеративті – гүлдері, гүлшоғыры, жеміс шоғы, дәні мен жидегі өсіп шығады, жүзім бүршіктері өсу мен жеміс салу қызметін бірдей атқарады.

Жүзім түбінің тамыр жүйесі мен жер үсті бөлігінің өсіп дамуы арасынды тікелей тепе-тең бар - тамыр жүйесі неғұрлым күштірек дамыса, соғұрлым оның жерүсті бөлігі де үлкен болады.

 

Әдебиеттер:

1.        Алшанов Р.А Казахстан на миравом аграрном рынке, 2006

2.        Аяпов К.Ж., Мажитова Р.С Жүзім шаруашылығы, -Алматы, 2001

3.        Джангалиев А.Д., Понамарчук В.Г  Сорта винограда Казахстана. –Алматы. Қайнар, 1967

4.        Миржаниан А.С. Виноградарство.- М: Колос, 1967

5.         Гукасьян А.С., Өтегенов И., Жанұзақов С. Қазақстанның   оңтүстігінде          жүзім өсіру.- 1975

6.        Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар». Алматы облысы. Алматы, 1979;

7.        Субботович А.С. Виноград культивируемый, В кн.: Энциклопедия виноградарства / Т. 1. – Кишинев: издательство МСЭ, 1986-1987.

8.         Негруль А. М. Происхождение культурного винограда и его      классификации. - В кн.: Ампелография СССР. М., 1946, т. 1;

9.          Уинклер А. Дж. Виноградарство США: Пер. с англ. - М., 1966;