Наурызбаева А.Н.,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті. биология-география факультеті, БН-41 тобының студенті
(Ғылыми жетекшісі – б.ғ.к., профессор Ахметжанова. А.И.)
АҚТАУ ТАУЛЫ
ӨҢІРІНІҢ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазіргі
таңда,адамзат дәрілік
өсімдіктердің қорларын,таралуын және олардың
тиімді пайдаланудың жолдарын
қарастырудың маңыздылығына аса мән беруде. Сондай
жұмыстардың қатарына бұрын соңды толық
зерттелмеген Ақтау таулы өңірінің дәрілік
өсімдіктері жатады. Әдеби деректер бойынша Ақтау таулы
өңірінің пайдалы өсімдіктері туралы бір - екі
ғана жұмыстарда көрсетілген [1].
Зерттеу
нысанымыз:Ақтау ауылынан 50 км дей алшақ орналасқан,бұрын
соңды зерттелмеген Ақтау таулы өңіріне жататын: Райыс
көңі, Қызылтас таулары, аласа шоқылы Боранбай
және Байшөкең өңірлері болды.Сондықтан
бұрын соңды жан-жақты толық зерттелмеген Ақтау
таулы өңіріне жататын:Райыс көңі, Қызылтас тауы,
Боранбай, Байшөкең жазық далалы өңірінің
өсімдіктер бірлестігінде кездесетін дәрілік
өсімдіктердің түрлерін анықтап, олардың
биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеуді мақсат етіп қойдық.
Осы
қойылған мақсаттарға жету үшін біз
алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
1.Осы айтылған таулы өңірдің
әрқайсысының өсімдіктер бірлестігіне талдау жасап, флоралық құрамын
анықтау ;
2.Сол өңірлерде тіркелген дәрілік
өсімдіктердің әр аудан бойынша тізімін жасау;
3.Тіркелген өсімдіктерді систематикалық
топтарға, өмір сүру формаларына байланысты жіктеп және
оларды өсу ортасына қарай экологиялық топтарға
бөлу ;
4.Әр аудан бойынша тіркелген дәрілік
өсімдіктерді жергілікті халықтың қолданатын
түрлерін және ғылыми медицинаға енгізілген
түрлерін анықтау ;
5.Барлық зерттелген аудандар бойынша әр түрлі
өсімдіктер бірлестігінің құрамына кіретін дәрілік өсімдіктердің
ішінен кең таралғандарын , сирек
кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің
тізімін жасау ;
Далалық эксперименттік
жұмыстар белгіленген аудандар бойынша әр түрлі өсімдіктер бірлестігінде байырғы
маршруттық рекогностикалық әдістерді қолданану
арқылы жүргізілді.
Зерттелген аудандарда
тіркелген өсімдіктерге фитоцененологиялық,биоэкологиялық
сипаттама беру Б.А.Быковтың[2]
,В.М.Понятовская [3] және дәрілік өсімдіктердің
түрлерін анықтау
Н.В.Павловтың[4], «Флора Казахстана» [5] мен «Иллюстрированный определитель растений Казахстана» [6],
А.Н.Куприянов «Определитель сосудистых растений Каркаралинского национального
парка» [7] еңбектері негізінде
жүргізілді. Зерттелген аудандар
бойынша анықталған өсімдіктер бірлестігіне мыналар жатады:
астық тұқымдас- көп жылдық шөп тектестер,
шөп тектес-бұта тектестер, бұта тектес-шөп тектестер,
бұта тектес- көп жылдық шөп тектестес өсімдіктер
бірлестіктері.
Далалық зерттеу
жұмысы белгіленген таулы-далалық өңірінің 4
учаскесінде жүргізілді. Алдымен әр аудан бойынша өсімдіктер
бірлестігі анықталды. Содан кейін белгіленген өсімдіктер
бірлестігінде дәрілік өсімдіктердің түрлері тіркеліп
оларға салыстырмалы түрде биоэкологиялық сипаттама беріліп,
жергілікті халық
қолданатын дәрілік
өсімдіктер түрлері және ғылыми медицинаға
енгізілген түрлер анықталды. Қолданылуы бойынша
тіркелген дәрілік
өсімдіктер туралы мәліметтер жинау жергілікті халықтан ауызша
сұрау арқылы және әдеби деректерге сүйеніп [8,9,10,11,12] жүргізілді.
Әр аудан бойынша
тіркелген өсімдіктерді систематикалық топтарға бөліп
анықтау үшін гербарий даналары жиналды. Сол сияқты тіркелген
өсімдіктердің ішінен кең таралған, сирек кездесетін
және жойылып бара жатқан өсімдіктерге аса мән беріліп
биоэкологиялық сипаттама жасалды.
Барлық зерттелген аудандар
бойынша кездескен дәрілік өсімдіктерге
фитоценологиялық сипаттама жүргізіліп олар систематикалық,
экологиялық топтарға және өмір сүру формасы бойынша
талданып жіктелді. 4 тіркелген аудан бойынша дәрілік өсімдіктер
18тұқымдасқа, 35 туысқа жатқызылды. Осы тіркелген
40 түрлі өсімдіктер жайлы жергілікті халықтардан ауызша сұрау әдісін
қолдану нәтежесінде
олардың күнделікті
өмірде көпшілік
дәрілік өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге
пайдаланатындығы туралы мәліметтер жиналды. Оларға мына
түрлер жатады: түйежоңышқа(Melilotus),
арша(Juniperus), итмұрын(Rosa),сиыр сілекейі (Sanguisorba
officinalis), тісдәрі сайсабақ (Prangos odontalgica), бақ-бақ (Taraxacu
), тасшүйгін (Patrinia),
долана (Crataegus ) , жалбыз (Mentha) түрлері.Осы тіркелген өсімдіктердің
ішінен ғылыми медицинаға енгізілген өсімдіктерде
анықталды. Оларға алқызыл
долана (Crataegus sanguinea ),
дала жалбызы (Mentha arvensis ), дәрілік бақ-бақ (Taraxacum
officinalis), орта тасшүйгін(Patrinia
intermedia ) жатады. Далалық зерттеу жұмысының
нәтижелері, Ақтау таулы өңірінде тіркелген
дәрілік өсімдіктердің қолданылуына байланысты жіктелуі
кестеде көрсетілген.
Кесте-1.Ақтау
таулы өңірінде тіркелген дәрілік өсімдіктердің
қолданылуына байланысты жіктелуі.
|
№ |
Өсімідік
аттары Тұқымдасы |
Қолданылуы |
Экомор фасы |
Молды лығы |
Шикізат жиналатын
мүшесі |
|
|
Ғылыми
медицина |
Халық медицина. |
|||||
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Көкшіл
сасықшөп Leonurus
glaucescens (Lamiceae) |
Жүрек неврозы,қан қысымының
артуына дәрі ретінде |
Тыныштан- дыратын дәрі
ретінде |
Мз |
Cop3 |
жер
беті мүшесі |
|
2 |
Дәрілік
түйежоңышқа Melilotus
officinalis (Fabaceae) |
Жүйке жүйесін тыныштандырады |
Тыныс алу мен өкпе ауруларына |
Мз |
Cop1 |
жапырағы |
|
3 |
Ащы қымыздық- Rumex acetosa (Polygonaceae). |
Ішектің
қабынуына,тері ауруларына |
Қан аздыққа,азқазан ауруларына |
Кс |
Cop3 |
жемісі |
|
4 |
Қазақ аршасы
Juniperus sabina (Cupressaceae) |
Өкпе,тері ауруларына |
Несеп айдататын,қуықтын қабынуын
басады |
Мз |
Сop3 |
жер
беті мүшесі |
|
5 |
Түйнекті әрем Phlomis tuberosa (Lamiceae) |
Қақырық түсіретін, ревматизмге
қарсы |
Асқазан ауруына, өт қабынуына, тері ауруына |
Мз |
Сop3 |
жер
беті мүшесі |
|
6 |
Қоңыр итмұрын Rosa cinnamomea ( Rosales) |
Түрлі жараларды жазуға,жыныс ауруына |
Іш өтуге,ас қорытудың бұзылуына |
МзКс |
Cop1 |
жемісі. |
|
7 |
Жіңішке
жапырақты күреңот Chamerion angustifolium (Onagraceae) |
Тыныс жолдарының ауруына |
Жарақат пен күйік емдеуге |
Мз |
Cop1 |
жер
беті мүшесі |
|
8 |
Дәрілік
бүршікгүл Sanguisorba officinalis ( Rosales) |
Қан тоқтататын, асқазан ауруына |
Туберкулез ауруына |
Мз |
Cop1 |
жер асты мүшесі |
|
9 |
Нағыз қызылбояу Galium verum (Сhenopodiacede). |
Қан тоқтататын, антисептикалық қасиеті бар |
Нерв жүйесін тыныштан- дырады |
МзКс |
Cop1 |
жер
беті мүшесі |
|
10 |
Бұдыр шайқурай Hypericum scabrum (Guttiferaceae) |
Бас ауруына,қуықтың қызметі
бұзылғанда |
Қан тоқтатуға, іш ауруларына |
КсМз |
Cop1 |
жер
беті мүшесі |
|
11 |
Тісдәрі сайсабақ Prangos
odontalgica (Umbelliferae) |
Тіс аурырғанда, дезентерия ауруына |
Іш ауруларына |
КсМз |
Sol |
жапырағы |
Кесте – 1 жалғасы.
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
12 |
Австрия таусағызы .Scorzonera austriaca (Asteraceae) |
Ішек-асқазан ауруларына |
Жүрек ауруларына |
МзКс |
Sol |
жер
беті мүшесі |
|
13 |
Ірі гүлді томағашөп Scutellaria grandiflora (Lamiceae) |
Түрлі жараларды жазуға,жыныс ауруына |
Өт қабынуына |
МзКс |
Sp |
жер
беті мүшесі |
|
14 |
Кәдімгі түймешетен Tanacetum vulgare (Asteraceae) |
Бауыр , өт жолдары,ішек-асқазан ауруларына |
Қызбаға қарсы,сары аурға |
Мз |
Cop1 |
гүл шоғыры
|
|
15 |
Тегіс жапырақты көкбас Eryngium planum Umbelliferae) |
Іш жүргізеді, қан тоқтататды |
Жүйке жүйесін тыныштандыра- ды |
Кс |
Un |
жер асты мүшесі |
|
16 |
Тісті түйежоңышқа Melilotus dentatus
L.
(Fabaceae) |
Жүйке жүйесін тыныштандырады |
Тыныс алу мен өкпе ауруларына |
Мз |
Cop2 |
жер
беті мүшесі. |
|
17 |
Түйнекті әйкен Lathyrus tuberosus L. (Fabaceae) |
Ішек-асқазан ауруларына |
Бас ауруына |
Мз |
Sp |
жер
беті мүшесі |
|
18 |
Томар бояу кермегі (Limoniaceae) |
Ішек-асқазан ауруларына |
Қан тоқтатуға |
Кс |
Sp |
жер асты мүшесі |
|
19 |
Бұдыр мия Glycirrhiza
aspera (Fabaceae) |
Жүрек ауруына |
Ішек-асқазан ауруларына |
Мз |
Сop1 |
жер асты мүшесі |
|
20 |
Бұталы қараған Caragana frutex . (Fabaceae) |
Бактерияны
жоятын қасиеті бар |
Бас ауруына,бауыр ауруына |
Кс |
Сop2 |
жер беті мүшесі |
|
21 |
Дәрілік бақ-бақ Taraxacum officinalis (Asteraceae) |
Іш жүргізеді. |
Қақырық түсіретін,
ішек-асқазан ауруларына |
Мз |
Сop2 |
жер асты мүшесі |
|
22 |
Иісті киікоты Ziziphora
clinopodioides (Lamiceae) |
Қан қысымының артуына,ревматизмге
қарсы |
Асқазан қабынуына,іш тоқтатуға |
Кс |
Сop1 |
жапырағы |
|
23 |
Орта тасшүйгін Patrinia
intermedia (Valerianaceae). |
Сары ауру,асқазан,өкпе ауруына |
Жүйке жүйесін тыныштандырады |
Кс |
Sp |
жер асты мүшесі |
|
24 |
Алқызыл долана Crataegus sanguinea (Rosales) |
Қан қысымын төмендететін,дұрыс
ұйықтаға әсер етеді |
Бас айналғанда, демікенде әсері көп |
МзКс |
Сop1 |
жемісі |
|
25 |
Талжапырақ андыз Inula
salicina (Asteraceae) |
Бүйрек,бауыр ауруларына |
Қақырық түсіру үшін |
КсМз |
Сop1 |
жер асты мүшесі |
|
26 |
Кәдімгі жебіршөп Thymus vulgaris (Lamiceae) |
Қақырық түсіреді |
Жүйке жүйесін тыныштандырады, іш жүргізеді |
Кс |
Sol |
жер беті мүшесі |
|
27 |
Ащы сүттіген Euphorbia esula (
Euphorbiaceae) |
Ісіктерді емдейді |
Іш жүргізеді |
Мз |
Сop1 |
жер асты мүшесі |
|
28 |
Орал миясы Glycyrrhiza
uralense Fisch. (Fabaceae) |
Қақырық
түсіретін,алергияға қарсы |
Бүйрек,өт қабынуына,асқазан, қант диабеті ауруына |
МзКс |
Sp |
жер асты мүшесі. |
|
29 |
Дала жалбызы Mentha arvensis ( Lamiceae) |
Өкпе тыныс жолдарын тазартады |
Бүйрек,бауыр ауруларына. |
КсМз |
Cop2 |
жер
беті мүшесі |
Кесте – 1 жалғасы.
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
30 |
Ақ алабота Chenopodium album (Сhenopodiacede) |
Антисептикалық қасиеті бар. |
Асқазан ауруына,бүйерек ауруына. |
Мз |
Сop1 |
жер беті мүшесі. |
|
31 |
Шәйқурайжапырақ
тобылғы Spiraea hypericifolia ( Rosales) |
Ревматизмге қарсы |
Ішек-асқазан ауруларына |
Кс |
Сop1 |
жапырағы |
|
32 |
Ақ түйежоңышқа Melilotus albus (Fabaceae) |
Жүйке жүйесін тыныштандырады |
Тыныс алу мен өкпе ауруларына |
Мз |
Сop1 |
жер
беті мүшесі |
|
33 |
Ақ желімбас Melandrium album (Caryophyllaceae) |
Жүйке жүйесін тыныштандырады |
Қан тоқтатуға |
Мз |
Сop1 |
жер беті мүшесі |
|
34 |
Талжапырақты мыңжапырақ Achillea salicifolia Besse (Asteraceae) |
Бауыр ауруына |
Ішек-асқазан ауруларына |
Мз |
Cop2 |
жер
беті мүшесі |
|
35 |
Орташа тұқаш Chartolepis intermedia
(Asteraceae) |
Жүйке жүйесін тыныштандырады |
Қақырық түсіру үшін |
Мз |
Cop2 |
жер
беті мүшесі |
|
36 |
Буынды сабынкөк Scrophularia nodosa (Scrophulariaceae) |
Тыныс жолдарының ауруына |
Ішек-асқазан ауруларына |
Мз |
Сop1 |
жер асты мүшесі |
|
37 |
Кәдімгі сарысояу Xanthium strumarium (Asteraceae) |
Жүйке жүйесін тыныштандырады |
Ревматизмге қарсы |
КсМз |
Cop1 |
жер асты мүшесі |
|
38 |
Татар шөпжияры Lxiolirion
tataricum (Amaryllidaceae) |
Ішек-асқазан ауруларына |
Өт қабынуына |
Мз |
Sol |
жер асты мүшесі |
|
39 |
Айыр қазтабан Potentilla bifurca. (Rosales) |
Тері ауруына |
Ішек-асқазан ауруларына |
Мз |
Сop1 |
жер асты мүшесі |
|
40 |
Ұзынжапырақты
бөденешөп Veronica longifolia ( Scrophulariaceae) |
Өт қабынуына,іш жүргізетін |
Туберкулез ауруына,бауыр ауруларына |
Мз |
Сop1 |
жер беті мүшесі |
Ескерту: Мз - мезофит, Кс- ксерофит, КсМз - ксеромезофит, МзКс - мезоксерофит,Гигр - гигрофит. Сop - молдылығы, Сop3 - өте
көп , Сop2 - біршама көп, Сop1 - көп, Sp - жиі, Sol -аз,
Un -
өте аз.
Ақтау
таулы аймағының 4 түрлі ауданы бойынша басымырақ кездесетін
бұтатектес - көп жылдық шөп тектес өсімдіктер
бірлестіктері анықталды.
Зеттелген аудандарда
әртүрлі
өсімдіктер бірлестіктерінде 18 тұқымдасқа, 35
туысқа жататын 40 түрлі дәрілік өсімдіктердің
түрлері анықталып тіркелді.Тіркелген өсімдіктерден күрделігүлділерге
және бұршақ тұқымдастарға жататындар барлық өсімдіктер
бірлестіктерінде басымырақ кездесетіндігі анықталды,олардың
саны - 7, екінші орында раушангүлділер тұқымдастары - 5, одан
кейін ерінгүлділердің өкілі - 4, ал
шатыргүлділерден - 2 түр,
қалған тұқымдастардың өкілдері бәрі бір бір түрден кездесті
Сонымен, Ақтау
ауылының барлық зерттелген өңірлерінде тіркелген
дәрілік өсімдіктердің көпшілігі ксерофиттер мен
мезоксерофиттерге жатқызылды, біразы ғана ксеромезофиттерге
және мезоксерофиттерге жатқызылды.
Тіркелген дәрілік
өсімдіктерден жергілікті халықтың ең көп
қолданатын дәрілік өсімдіктеріне 10 түрлі шипалы
өсімдіктер: дәрілік
түйежоңышқа (Melilotus officinalis), қазақ
аршасы(Juniperus sabina ), қоңыр итмұрын(Rosa
cinnamomea),дәрілік бүршікгүл (Sanguisorba
officinalis),тісдәрі сайсабақ(Prangos odontalgica),дәрілік
бақ-бақ (Taraxacum
officinalis ) ,орта
тасшүйгін(Patrinia intermedia), алқызыл долана (Crataegus
sanguinea ), дала жалбызы (Mentha arvensis ),бұдыр шайқурай(Hypericum scabrum)
туралы мәліметтер анықталды және 40 түрлі
тіркелген дәрілік
өсімдіктердің ішінен 15 түр ғылыми медицинада
қолданылады. Белгіленген 4 аудан бойынша кең таралған
түрлерге мына өсімдіктер жатады:дала
жалбызы(Mentha arvensis), талжапырақты мыңжапырақ (Achillea
salicifolia ), орташа тұқаш (Chartolepis intermedia ),
дәрілік бақ-бақ (Taraxacum officinalis), кәдімгі
сарысояу(Xanthium strumarium), тісті түйежоңышқа (Melilotus dentatus), аз кездесетіндерге: тісдәрі сайсабақ(Prangos odontalgica Pall),австрия
таусағызы (Scorzonera austriaca), ал қорғауды қажет ететін жойылып бара жатақан
түрге бір ғана түр- тегіс
жапырақты көкбас (Eryngium planum) жатқызылды.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Ауельбекова А.К., Бельгибекова К.М., Атикеева С.Н., Ахметжанова А.И . Ақтау тауының
өсімдіктері (Орталық Қазақстан). Вестник Карагандинского универсистета. Серия биология , география, медицина. – 2011. №
4(60). – С.12-17.
2.
Быков Б.А.Геоботаника. –Алма-Ата,1957. – С.22 – 23.
3.
Понятовская В.М. Учет обилия и особенности размещения видов в естественных растительных сообществах // Полевая
геоботаника. Т.3. – М. –Л.,1964. – С.209
–237.
4.
Павлов Н.В. Дикие полезные и технические растения СССР. М.,1942. – С.640.
5.
Флора Казахстана.Т.1-9 Алма-Ата ,1956 – 1966.
6.
Иллюстрированный определитель растений Казахстана . Т.1-2 – Алма – Ата ,1969, 1972.
7.
Куприянов А.Н., Хрусталева И.А., Манаков Ю.А., Адекенов С.М., Определитель
сосудистых растений Каркаралинского национального парка. – Кемерова, 2008. – С.274.
8.
Ахметжанова А.И., Мыңбаева Р.О., Ауельбекова А.К. Халық
медицинасында пайдаланылатын Орталық Қазақстанның
дәрілік өсімдіктері және олардың таралуы. Вестник Карагандинского универсистета. 2002. –№1. – С.70-78.
9.
Исмабаев Ә.И., Рахимов Қ.Д., Егеубаева Р.А. Халық
медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер. – Алматы, 2000. –
С.197.
10. Кукенов М.К., Грудзинская Л.М.,
Беклемишев Н.Д. Лекарства из растений. – Алматы, 2002. – С.206.
11. Ахметжанова
А.И.Монография.Биологические особенности и испытание в культуре некоторых
лекарственных растений в условиях
Юго-восточного и Центрального Казахстана.Караганда,2014 – С.143.
12. Көкенов М.К.,
Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д. Қазақстанның
дәрілік өсімдіктері және олардың қолданылуы. –
Алматы, 1998. – С.287.