КӘСІПОРЫННЫҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА БАҒА
БЕРУДІҢ
МАҢЫЗЫ
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.,
Қазақстан
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы өзімен белгіленген мезет
уақытында субъекттің шаруашылық өз білімін жетілдіру
әрекетін және оның айналым процесіндегі капиталдың
жағдайын сипаттайтын экономикалық категорияны ұсынады.
Өндірістік, шығындану, жабдықталу процесінде және
қаржылық қызметте капиталдың үзіліссіз айналым
процесі жүреді. Осыдан қаражаттың және олардың
құрылу көздерінің, қаржылық ресурстар
және олардың қолма-қолдығына
қажеттіліктің құрылымы өзгереді. Соңында
кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзгереді.
Кәсіпорынның сыртқы қаржылық жағдайын
көрсететін төлем қабілеттілік болып табылады.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз
(дағдарыс алдында) және дағдарыстық болуы мүмкін. Кәсіпорын мүмкіндігі өз
уақытында төлемдерді жасайды, өз қызметін
қаржыландыру, өзінің тұрақты қаржылық
жағдайын жағымсыз жағдайларда куәрлік етерін төлемқабілеттілікте
ұсталады.
Кәсіпорын
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету
үшін капиталдың икемді құрылымын ұстау керек.
Сонымен қатар, кәсіпорын капитал қозғалысын
өзіндік өндіріске құрылған шарттар және
төлемқабілеттіліктің сақталынуына
шығындарға қарағанда табыстардың
өндіріс жоғарылығын
қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылуы міндетті.
Сонымен,
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы –
тәуекелділік деңгейін өткізілген шегінде инвестициялық
тартымдылығы және әдеттегі төлемқабілеттілігін
кепілдендіретін, өзінің активтері мен пассивтерінің тепе-теңдігін
сақтайтын, субъектінің шаруашылығын құру
және дамыту мүмкіндігі.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайының тұрақтылығы
және бір қалыптылығы оның қаржылық,
коммерциялық және өндірістік қызметтерінің
нәтижесіне байланысты. Өндірістік және қаржылық
жоспарды орындау кезінде кәсіпорынның жағдайы
жақсарады. Және, керісінше, өндіріс және өнім
өндіру бойынша жоспарды толық орындамаған жағдайда
оның өзіндік құны өсетін болады, пайда
төмендейді. Нәтижесінде кәсіпорынның
қаржылық жағдайы және төлемқабілеттілігі нашарлайды.
Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
нәтижесін анықтайтын факторлардың барлық кешенімен
сауатты басқару қорытындысы болып табылады.
Өз кезегінде
тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарды
орындауға және өндірісті қажетті ресурстармен
қамтамасыз етуге жағымды әсерін тигізеді. Сондықтан да
қаржылық қызмет түсімді және ақшалай
қаражаттардың шығындануы, меншікті және зайымдық
капиталдың пропорциялығының жетістігі және оларды
неғұрлым тиімді пайдаланудың жоспарлығымен
қамтамасыз етуге бағытталуы керек .
Қаржылық
қызметтің негізгі мақсаты кәсіпорынның активтерін
көбейтумен аяқталады.
Бұған ол міндетті түрде баланстың актив
және пассивтің оптималды рентабельділі, төлемқабілетті
құрылымын өндіріс ұстауы керек.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын және оның тұрақтылығын
бағалауға көрсеткіштердің жүйесі қолданылады. Бұл көрсеткіштер
келесілерді мінездейді:
·
Капиталдың
қолма-қолдығы мен араласуы, оны пайдаланудың
интенсивтілігі мен тиімділігі;
·
Кәсіпорын
пассивінің оңтайлы құрылымы, оның
қаржылық тәуелсіздігі және қаржылық
тәуекелділік деңгейі;
·
Кәсіпорын
активінің оңтайлы құрылымы және өндірістік
тәуекелділік деңгейі;
·
Айналым
активтерінің құрылу көздерінің оңтайлы
құрылымы;
·
Кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығы және төлемқабілеттілігі;
·
Шаруашылық
субъектінің банкроттық тәуекелділігі;
·
Оның
қаржылық тұрақтылығының босалқысы.
Кәсіпорынды талдайтын қатыстық
көрсеткіштерін тәуекелділік деңгейін бағалауға
және банкроттықтың мүмкіндіктерін болжауға болуы
үшін жалпы қабылданған нормамен салыстыруға болады.
Нақты кәсіпорынның қатысты көрсеткіштерін
басқа кәсіпорынның аналогиялық мәліметтерімен
салыстыру кәсіпорынның әлсіз және күшті тұстарын
және оның мүмкіндіктерін анықтауға
мүмкіндік береді. Қатыстық көрсеткіштерді сонымен
қатар кәсіпорынның қаржылық
жағдайының төмендеуі немесе көтерілу тенденцияларын
анықтауға алдағы жылға аналогиялық
мәліметтермен салыстыруға болады.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдауды тек қана кәсіпорынның қызметіне
сәйкес келетін жетекшілер ғана емес, сонымен қатар
инвесторлар, құрылтайшылар, банктер, мердігерлер, салық
инспекциясы жүргізеді. Инвесторлар мен құрылтайшылар
ресурстарды пайдалану тиімділігін анықтауға, банктер – несиелендіру
шарттарын бағалауға және тәуекелділік деңгейін
анықтауға, мердігерлер – төлемдерді өз уақытында
алуға, салық инспекциясы -
бюджетке қаражат түсу жоспарын орындауға
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайды. Сондықтан
талдау ішкі және сыртқы талдау болып бөлінеді.
Ішкі талдау кәсіпорын қызметкерлерімен
жүргізіледі. Мұндай талдау нәтижелері кәсіпорын
қаржылық жағдайын болжау, қадағалау және
жоспарлауға пайдаланылады. Ішкі талдаудың мақсаты меншікті
және зайымдық қаражаттардың рационалды араласуын
және ақша-қаражаттардың жоспарлық түсімін
қамтамасыз ету болып табылады. Қаражаттарды рационалды араластыруда
кәсіпорынды дұрыс құруға, максималды пайда
алуға және банкроттық тәуекелділікті ескеру үшін
шарт құруға болатын араластыру түсіндіріледі.
Сыртқы талдау инвесторлармен, материалды
және қаржылық ресурстардың мердігерлерімен есептікті
баспадан шығару негізінде қадағалайтын органдармен
жүргізіледі. Мұндай талдаудың мақсаты айырылып
қалу тәуекелділігін ескеру және максималды пайдамен
қамтамасыз ету үшін қаражаттарды тиімді салу
мүмкіндіктерін бекіту болып табылады.
Талдаудың келесі кезеңі –
функционалдық белгілер бойынша баланс активінің және
пассивінің бөлек бөлімдер және бөлімшелер
арасындағы қаржылық теңсіздігін зерттеу және кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының дәрежесін
бағалау. Келесі баланстың өтімділігі зерттеледі
(активтердің және пассивтердің көлемі және
пайдалану мерзімдері бойынша теңдігі), ақша ағымдардың
теңдестірулігі және кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі бағаланады.
Қорытындыда кәсіпорынның
қаржы тұрақтылығының және оның
төлем қабілеттілігінің жалпы бағалау жүргізіледі,
болашаққа болжамдар жасалынады және банкрот болу
ықтималдылығы бағаланады .
Талдауды жүргізу тәжірибесіне келетін
болсақ, оның мазмұны және жүргізудің
кезеңдері талдаудың мақсатынан және
ақпараттық базасынан толығымен тәуелді. Ең
біріншіден, талдаушы зерттеудің басымдық бағыттарын
және тәуекелдердің орналастыру аймақтарын және
кезеңдерін анықтау қажет. Осындай тәртіп және
басымдықтар талдау кезінде ауысып туруы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалау негізінен салыстырмалы көрсеткіштерден
негізделеді, өйткені абсолюттік көрсеткіштер инфляция кезінде
салыстырмалы түрге келтіруге өте қиын.
Кәсіпорынның салыстырмалы
көрсеткіштер келесілермен салыстыруға болады:
- тәуекел дәрежесін бағалау
және банкрот болу ықтималдығын болжамдау үшін жалпы
қабылданған нормаларымен;
- басқа кәсіпорындардың
дәл осындай берілгендерімен, бұл кәсіпорынның
күшті және әлсіз жақтарын анықтауға
және оның мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік
береді;
- кәсіпорынның қаржылық
жағдайының жақсарудың немесе төмендеуінің
тенденцияларын зерттеу үшін өткен жылдардың дәл осындай
берілгендерімен.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайы кешендік ұғым болып табылады. Ол кәсіпорын
потенциалды және нақты қаржылық мүмкіндіктері
көрінетін көрсеткіштер жүйесімен түсіндіріледі.
Қаржылық жағдай ішкі және сыртқы факторлар
жиынтығының әсерімен жоғарылауы немесе төмендеуі
мүмкін.
Кәсіпорын қызметінің
қаржылық нәтижесін бағалауға оның
шаруашылық қызметіне талдау жүргізу қажет.
Талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындағы қаржылық
процестің даму тенденциясын бағалау және анықтау.
Қаржылық талдау келесі сұрақтарға жауап беруі
керек:
1)
Қаржылық
қатынастық партнермен және күтетін
табыстылықтың тәуекелділігі қандай?
2)
Қалай
тәуекелділік және табыстылық перспективада өзгереді?
3)
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын жақсартуға негізгі
бағыттыр қандай?
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдауға қажетті ақпарат
есеп беруде, аудиторлық қорытындыларда, оперативті бухгалтерлік
есепте және басқа көздерде мазмұндалған.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау келесілерді қосады:
·
Кәсіпорынның
табыстылығын (рентабельділігін) талдау;
·
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайының жалпы бағасы;
·
Кәсіпорынның
ликвидтілігінің және төлем қабілеттілігін талдау;
·
Қаражат
көзі құрылымының және оның
пайдаланылуының талдауы;
·
Айналым
қаражатының айналымдылығын талдау;
·
Меншікті
пайдалану тиімділігін талдау;
·
Өзін-өзі
қаржыландыру деңгейін талдау;
·
Кәсіпорын
қаржылық жағдайының баға жиынтығы.
Кәсіпорын қаржылық
қызметінің нәтижесін бағалау және талдау
оның қызметінің қисық нүктелерін
анықтауға, проблеманың себебін анықтап және
оның шешім табуына бағытталған іс-әрекеттерді
жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қолдалынған әдебиеттер
1.
Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау:
Оқу құралы / -Алматы : Экономика, 2011 ж.
2. Попова М. Как вывести
предприятие из финансового кризиса. // Финансовый директор.- 2005 ж.- №3.
3. Абленов Д. Финансовый анализ. – Алматы : «Экономика», 2007.
4. Канке А.А., Кошева И.П. Анализ
финансово-хозяйственной деятельности предприятия / Оқу
құралы
- 2-ші шығ., жөнд. және қос.
/ ред. – М.: ИНФРА-М, 2006.
5. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной
деятельности предприятия. – Минск: ООО
«Новые знания», 2010.