КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ

 

Жолдыбаева А.К.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ., Қазақстан

 

 

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оны өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

 «Кәсіпорын» сөзінің мағынасы әр түрлі ақпарат көздерінде әр қилы беріледі, бірақ олардың барлығында ұқсастықтары бар. Кәсіпорын – бұл тауар шығару, қызмет көрсету кезінде бір не бірнеше функциялар атқаратын жекелеген мекеме.

Қаржылық тұрақтылық жекелеген кәсіпорынның даму көрсеткіші. Ол басқа кәсіпорынның дамуына сәйкес келмеуі мүмкін.Себебі, әрбір кәсіпорын өзінің жекелеген даму жолы, жағдайына ие болады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының  жағдайына көптеген факторлар әсер етеді: сыртқы, ішкі, локальдік және жалпы.

Кәсіпорын қызметін жүзеге асыратын экономикалық жағдай сыртқы фактор болып табылады. Экономикадағы өзгерістер кәсіпорындағы өзгерістерге әкелуі мүмкін. Егер экономика дағдарыстық жағдайда болса, онда кәсіпорынға да әсерін тигізеді. Бірақ, маңызды ролді кәсіпорынның қызмет түрі, масштабы, потенциалы да ойнайды. Ол сыртқы дағдарыстық жағдайларға төтеп бере алуы мүмкін.

Әрбір кәсіпорын үшін өзінің сыртқы және ішкі қаржылық тұрақтылық факторлар арақатысы бар.  Құрылымы және ұйымдастыру жағынан ұқсас кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық жағдайында әр түрлі әрекет жасауы мүмкін. Біреулері ұзақ уақыт бойы төтеп беруге тырысады, екіншілері – банкроттыққа душар болады, ал үшіншілері – одан пайда алуға тырысады. Себебі неде? Олар көп болуы мүмкін: мүмкін потенциал, стратегия, басқару деңгейінің жоғары болуы жіне басқа жағдайлардың салдары. Бұл барлығы сыртқы факторларға қарсы тұратын ішкі факторлар.

Кәсіпорын өзгеріске дайын емес болған кез-келген жағдайды дағдарыстық деп атауға болады. Бұл жағдайды болдырмау үшін кәсіпорын экономикасының дағдарысының себептерін уақытында анықтап, қиындықтар (қаржылық қиындықтар) сыртқы ортада көрінгенге дейін оларға қарсы шаралар қолдану керек.

Қазіргі уақытта нарықта өмір сүру үшін және бәсекеқабілеттілігін сақтау үшін барлық кәсіпорындар өздерінің шаруашылық қызметіне өзгерістер енгізіп отыруы қажет. Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы кәсіпорын сыртқы орта өзгерістеріне (алдын-ала белгісіз, ретсіз және жиі пайда болатын өзгерістер) қалай қарсы тұратындығын, қандай алдын-алу шаралары арқылы өзінің өмір сүру қабілеттілігін сақтауға болатындығын және белгіленген мақсаттарға жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындағы қаржылық тұрақсыздық -  келешек болашағына әсер ететін ең қауіпті дағдарыс түрі. Қаржылық тұрақсыздық  дағдарысқа әкелетін бастапқы қадам болып табылады: техникалық, психологиялық, абырой дағдарысы және т.б. Сондықтан, әсіресе қаржылық тұқтылық терең зерттеуді қажет етеді.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі келесі белгілермен танылады: ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі, өндірістің қысқаруы, несиелік берешектің артуы, қызметкерлердің көңіл толмауы және басқа да факторлар.

 

Жедел түрде басқаруға деген талаптар күшейтіледі. Қаржылық тұрақтылықтың ішкі факторларының кері әсері  кәсіпорынның жабылуы, не әр түрлі шараларды қолдану арқылы қалпына келуі мүмкін. Мысалы - қайта ұйымдастыру.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі факторлары жағдайдың тереңдігіне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайының келесі 3 типі бар:

1)        кәсіпорынның төлем қабілеттілік аймағы. Кәсіпорын ағымдық міндеттемелерді өтеуге қажетті қаражатка ие. Бірақ, дағдарыстық құбылыстың бастапқы белгілері бар жағымсыз тенденциялар болады. Кәсіпорында қаржылық тұрақтылықтың нашарлауына әкелетін бірінші фазасына сәйкес келетін белгілер пайда болады – рентабельділік пен өндіріс көлемінің қысқаруы. Қалған негізгі көрсеткіштер ұйғарында нормада болады, бірақ ұзақ мерзімге созылған негативті тенденциялар байқала бастайды;

2)        қаржылық тұрақтылықтың дағдарыстық қаржылық көрсеткіштер аймағы. Кәсіпорынның рентабельділігі қосымша қаржы көздерін қажет ететін оңды не теріс шамаға ие болады. Есептік периодта өтелмеген шығынның пайда болуы мүмкін. Айта кететін жайт, бұл тип көбінесе дағдарыстан шығып жатқан кәсіпорындарға тән. Баланс құрылымында көрсеткіштер жалпы қанағаттанарлықсыз болғанымен, қаржылық көрсеткіштер оңды динамикаға ие болады. Бірақ, бұл оңды нәтижелер кәсіпорынның төлем қабілеттігін қамтамасыз ете алмайды.

3)        Төлем қабілетсіз кәсіпорындар аймағы. Кәсіпорынның қызметі залалды, тіпті шығындар әр түрлі мөлшерде болады.

Қаржылық дағдарыс жағдайында кәсіпорын нақты нысаналы басқару саясатын қажет етеді. Ол шығындарды азайтатын, қарыздарды өтейтін және сату көлемін ұлғайтатын шараларға ие болғаны жөн. Әдетте, түбегейлі жаңа басқару әдісін пайдалануға тура келеді.

Қаржылық дағдарыс кезінде жедел  түрде ақша қаражаттары қажет болады. Олар ішкі экономикада жетіспеуі мүмкін. Қарыздық құралдарға қажеттілік пайда болады. Бірақ, дағдарыстың өте үлкен масштабында несие берушілер мәміле құрудан бас тартуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды есекере келгенде, қаржылық  тұрақтылыққа жету үшін  мынандай шараларды қолдану керек:

- шығындарды максималды  қысқарту;

- кәсіпорын үшін ақша қаражаттарын іздестіру;

- несиелік берешектің қайта құрылымдауын жасау;

- кәсіпорын стратегиясын анықтау не қайта анықтау;

-  кәсіпорынды қайта ұйымдастыру не   қайта құрылымдау.

Шығындарды қысқарту – қаржылық тұрақтылықтың маңызды шаралардың бірі.

Шығындарды қысқарту әдістері: шығындарды бақылау, олардың динамикасын зерттеу, шығын көздерін талдау, шығындарды қысқарту бойынша шаралар қолдану, алынған нәтижелерді бағалау.

Шығындарды қысқарту шаралары: қызметкерлердің еңбек ақысын қысқарту, материалдық және шикізат ресурстарының арзанырағын пайдалану, ресурстарды сақтайтын технологиялар пайдалану, жөндеу, қызмет көрсету және маркетингтік шығындары қысқарту.

Кәсіпорынға ақша құралдарын тарту, жоғарыда айтылып кеткендей, қаржылық тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Дегенмен, кейбір шаралар ықпалды болып табылады. Мысалы, жалға беру немесе кәсіпорын активтерін сату, сатуды оңтайландыру, несиелік саясатты өзгерту.

Кәсіпорын иелігіндегі кез келген актив (ғимараттар, құрылыстар, көліктер, жабдықтар, акциялар, облигациялар) қарызды жабуға пайдалануы мүмкін.

Сатуды оңтайландыру келесі шараларды ұйымдастыруды талап етеді: бағалық реттеу, жаңа тапсырыс берушіні тарту, тұтынушы үшін жеңілдік енгізу.

 Несиелік саясаттың өзгеруі дебиторлық берешек айналымының үдетуінен болады. Несиелік берешектің негізгі топтары – бюджет, бюджеттен тыс қорлар, банктер, жабдықтаушыларға қарыздар. Дебиторлық берешек тапсырыс берушілер, контрагенттер, еншілес ұйымдармен жұмыс нәтижесінде пайда болады.

Кәсіпорынды қайта құрылымдау. Дағдарысқа қарсы менеджменттің көптеген кәсіпорында зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес,  бірде – бір дағдарысқа қарсы бағдарлама қайта құрылымдаусыз оң нәтижеге жете алмайды. 

Кәсіпорынды қайта құрылымдау – кәсіпорынның құрылымын, активін және пассивін өзгерту процесі. Қайта құрылымдаудың мақсаты -  кәсіпорынның функционалдық тиімділігін арттыру, бәсекеге қабілетін, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және қаржылық тұрақтылығын сақтау.

Қайта құрылымдаудың негізгі 2 формасын ажыратады:

1.    Оперативті қайта құрылымдау – қысқа уақыт ішінде қаржылық және экономикалық  сипаттағы шешімдерді қабылдауға бағытталған. Жедел қайта құрылымдауды сәтті өткізген жағдайда, табысқа қатысты тұрақты күйде болатын тиімді жұмыс істеу және даму жағдайлары қалыптасады.

2.    Стратегиялық қайта құрылымдау – шешімдерді қабылдау ұзақ мерзімге бағытталған. Ол жедел қайта құрылымдауға қарағанда тереңірек құрылымға ие және келесіні қамтиды:

       -кәсіпорын қызметін талдау,

       -кәсіпорынның қызметі және дамуына бағытталған стратегияға қосымшалар енгізу,

       -маркетингтік жқмыстардың бағытын анықтау,

       -таңдалған стратегия негізінде жұмыс істеуді жоспарлау.

Егер кәсіпорынның тиімділік және бәсекеге қабілеттілігі артып, меншікті капитал және болашақ табыстың бағасы көтерілсе, стратегиялық қайта құрылымдау сәтті жүргізілді деп айтуға болады.

Бірақ, қайта құрылымдау бағдарламасы сәтті өту үшін уақыт факторы да маңызды рөл атқарады. Егер бағдарлама дер кезінде, яғни терең қаржылық дағдарыс кезінде емес жасалса, онда оң нәтиже – минималді шығын  болуы мүмкін.

Егер кәсіпорын басқармасы дер кезінде қаржылық тұрақсыздықтың  белгілері мен нышандарын байқамаса, онда шығындар айтарлықтай көп болады.

 

Қолданылған  әдебиеттер:

 

1. Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы / -Алматы : Экономика, 2011 ж.

2. Попова М. Как вывести предприятие из финансового кризиса. // Финансовый директор.- 2005 ж.- №3.

3. Абленов Д. Финансовый анализ. – Алматы : «Экономика», 2007.

4. Канке А.А., Кошева И.П. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия / Оқу құралы - 2-ші шығ., жөнд. және қос. / ред. – М.: ИНФРА-М, 2006.

5. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – Минск:  ООО «Новые знания», 2010.