Қазақстан Республикасының
индустриалды-инновациялық даму тиімділігі.
Әлемдік
экономиканың жаһандануы және қазақстандық
экономиканың ашық жағдайында отандық
компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы
бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда.
Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі
қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен
өсімі ғана емес, оның құрылымдық
жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір
бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің
әрекеттері болып табылады.
Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының
дамуы, халықтың рухани және материалдық
игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен
білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына
байланысты екені шындық.
Бүгінгі
таңда Қазақстан күрделі экономикалық және
саяси міндеттерді табысты шешуде
басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің
көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс.
Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен
қоғамдағы саяси тұрақтылық,
демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ
ғасыр білімнің,
ақпараттың жаңа технологияның өрістеу
ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге
қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті
мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық
инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары
білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін
емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру
жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық
деңгейге көтеру.
Экономикамыздың
жаңа даму кезеңіне өту процесі халық
шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты
саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда
маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш
кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы
сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен
байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара
және түсті металлургия мен азық-түлік және
текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және
өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі
айтарлықтай мөлшерде артты.
Жалпы алғанда,
қазіргі таңда ЖІӨ көлемінің 25,6% мен
халықтың 22,2%-ын жұмыспен қамтып отырған
индустрия өндірісінде елдің шаруашылық белсенділігі арта
отырып, өндірістік-техникалық потенциалын күшейтерліктей
деңгейде жұмыс жүргізіле бастады.
Индустриалды-инновациялық
даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан
мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа
технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған
жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек
құтыламыз.
Индустриялық
өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын
нығайту және оның құрылымдық
өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту
мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын,
алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа
мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып,
жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет
индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму
деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру
мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер
мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді.
Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың
тиімділігі көп жағдайда
инновациялық үрдістердің даму сатысымен
айқындалады. Осы мақсатта қабылданған
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға
арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының
жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел
келешекке
ұмтылғандығының айғағы.
Қазақстан
индустриясы халық шаруашылығының индустриализация
деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен
перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен
рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар,
Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат,
отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек
кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі
шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және
өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда,
Қазақстанда машина құрылысының көп
профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру
және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі
тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының
индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ
және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы
жеткілікті түрде қолданылмайды.
Қазіргі кезде
Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық
жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі
ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік
қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда.
Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету
саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық
ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды,
көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау
жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.
Индустриалды –
инновациялық даму
өзектілігі - Индустриалдық дамыған елдерде
экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік
деңгейде дамыту мақсатымен индустриялық-инновациялық
іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен
көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі
индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі
қозғаушы күші жоғары технологиялармен
қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Индустриаландырудың негізгі мақсаты – қазіргі
уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті
өнімдерді өндіруге
негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру,
республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы
әлеуетін дамыту.
Индустриялық-инновациялық
дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының
негізгі бағыттары бойынша елімізде жұмыстар жүргізіліп
келеді. Мемлекет жоғары технологиялы өндірістер
қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, салааралық та
технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін жасауға
жәрдемдесу үстінде. Сонымен қатар, жоғары
ғылыми-технологиялық әлеуеті бар
ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар
мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманғы ғылыми
және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның
қазіргі заманғы элементтерінің қызметін (технопарктер,
ұлттық ғылыми орталықтар,
ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.)
қолдауда. Индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан
алғанда озық салаларды дамытуда қазіргі ғылыми-техникалық
әлеует салаларын пайдалану мүмкіншілігі біздің елімізде де
берілген. Қазақстан қазірдің өзінде мына
салалардағы әзірлемелер негізінде ғылымды көп
қажет ететін өндірістерді дамыту үшін белгілі бір
ғылыми базаға ие, оның ішінде: биотехнологиялар (ауыл
шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен
жануарлардың генотиптері, бактериялар
штамдары және басқалары); ядролық технологиялар;
ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық
өнімдер және басқаларды жасау. Ғылыми-техникалық
және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың
инновациялық қызметін ынталандыруға, ғылым мен инновациялар
салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен қызмет
көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуіне
бағытталған заң шығару базасы да елімізде барынша
жетілдіріліп жатыр. Бұл дегеніміз, бізде индустриалды-инновациялық
саясаттың алғышарты жасалып қойғанын көрсетеді
2015-2019
жылдарға арналған екінші кезеңінде Үкімет нақты
басым салаларды айқындау, экспорт бағдарын арттыру, бизнестің
қатысуын арттыру, кластерлерді дамыту мен өңірлердің
мамандануын тереңдету секілді мәселелерге барынша мән берген.
«Бірінші бесжылдықта негізінен қолданыстағы
кәсіпорындарды жаңғырту шаралары жүзеге асты, сонымен
бірге екінші бесжылдық үшін қуатты салаларды
қалыптастыруға өндірістік негіз қаланды. Біз
халықаралық сарапшыларды тарта отырып, қосылған
құн тізбегіне қатысты зерттеулер жүргіздік. 300-ден
астам өнім сараланып, оның ішінде шикізаттық база, технология
мен өндіріс мүмкіндігінің қолжетімділігі,
нарықтық әлеуеті мен экономикалық тиімділігі есепке
алына отырып, 36-сы басым ретінде айқындалды», – дейді Индустрияландыру
Картасына тікелей жауапты министр Әсет Исекешев. Дегенмен, оның
сөзіне қарағанда, индустрияландырудың екінші
бесжылдығы Қазақстан үшін оңайға
соқпайтын тәрізді. «Индустрияландырудың бірінші
бесжылдығын аяқтауға бар жоғы жарты жыл уақытымыз
ғана қалды. Әлбетте, барлық көрсеткіштерге бірдей
қол жеткен жоқ, кемшіліктер орын алды, қателіктер де
жоқ емес. Түзетулерді де көп жасадық. Дегенмен,
ағымдағы жылы бізге көршілес нарықтарда да,
әлемдік нарықта да жағдайдың күрт нашарлап кетуі
болжанады. Бұл негізінен шикізатқа бағаның
тұрақсыздығынан, геосаяси тәуекелдердің шиеленісе
түсуінен, сонымен қатар, капиталға
қолжетімділіктің шектелуінен орын алуы мүмкін. Дегенмен,
Үкіметте нақты іс-шаралар жоспары бар, ал ондай жоспарды
жүзеге асыру оң нәтиже береді деп сенеміз», – деді Әсет
Исекешев президентімізге берген есебінде. Жалпы алғанда,
ағымдағы жылы Үкімет индустрияландыру аясындағы 700
млрд теңгені құрайтын 120 жобаны іске қоспақ
Түйіндей
айтқанда, 2015-2019 жылдары жүзеге асырылатын
индустрияландырудың екінші кезеңі экономиканың
теңдестірілген құрылымын жасауға және жаңа
жұмыс орындарын ашуға бағытталады. Соның ішінде,
ҮИИД-2 бағдарламасында 6 бағыт бойынша басымдық беріліп,
негізгі өзек экономиканың теңдестірілген
құрылымын жасауға және жаңа жұмыс орындарын
ашуға бағытталады. Жаңа жұмыс орындары елдің
экспорттық әлеуеттін арттыратын қайта өңдеу
саласында, макроэкономикалық тұрақтылық пен оның
өсіміне қаржылық негізді қамтамасыз ететін
дәстүрлі шикізат секторы, инновациялық және
қызмет көрсету салаларында ашылатыны көзделіп отыр. Сонымен
қатар, 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі
индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы
«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің 30
дамыған елі қатарына кіру мақсатының маңызды
құралына айналатын болады