Сартбаева Жаннат Оразалиевна, Тұрсынбаев Абай Закирович

 

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы

 

Кәзіргі таңда кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы өте зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық сатыны қамтамасыз ететін құрал жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады, және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы қажетті құрал жабдықтарды лизингке алу болып табылады.

Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді [1].

Лизингтің көмегімен қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді сатып алуға, күрделі қаржы жұмсамай пайдалануға болады, Яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны, көлік құралдарын және т.б. сатып алуға болады. Бұл шаруашылық етуші субъектілерге өндіріс шығындарын қысқартуға және олардың кәсіпорындарының тұрақты дамуына қажет ететін едәуір ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан лизинг өзінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін пайдасы болғандықтан, кәсіпкерлік үшін бұл қызмет саласында кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды түрі болып табылады. Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қыметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторының бірі бола алады.

Нарықтық экономика дамыған елдерде лизинг шарттарына өндірістік құралдардың барлық түрлері, әсіресе, машиналар мен қондырғылар, олардың саны мен құны шектеулі сатып алынады. Сонымен бірге лизингілік қызметтер бұл елдерде кең тарауда және басқа елдердің территориясында лизингілік қызметтің дамуына және калыптасуына әсерлерін тигізіп, ұлттык шекарадан шығуда.

Лизинг біздің елде 1989 жылы банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб кезінде жасалынған «Прокат (ежіре) және лизинг 95» жүйесінде прокатты және лизннгті дамытудың мақсатты бес жылдық бағдарламасын іске асыратын алғашкы лизингілік құрылымдар пайда болды. Бұлар лизингілік операцияларды іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингілік фирмалар болды.

Лизингілік   бизнесті   қалыптастыру   және   дамыту,   ең алдымен, өндірісті және оның реконструкциясын кеңейтумен айналысатын қызмет етуші кәсіпорын үшін маңызды орынға ие.   Әсіресе,   моральды   және   физикалық  жағынан  ескірген негізгі қорларды пайдаланатын,       сонымен ресурс сыйымдылықты технологияны қолданатын кәсіпорындар үшін маңызды.   Оларды   лизингтің   осы   мақсатта   пайдалану   іс-әрекетін    қондырғыны    модернизациялауды  іске асыруға, өндірістің техникалық деңгейін көтеруге, машиналар паркін және басқа да өнімді тасымалдау үшін жылжитын құралдарды лизингілік   мәміленің  негізінде  қолдану   кезінде  лизингілік операциялардың элементтері мен мазмұны ашылады.

Лизинг түрлерінің    классификациясында    және    лизингілік    үрдісті ұйымдастыру     схемасында     лизингілік      келісім-шарттың мазмұны және лизингілік мәмілені рәсімдеу тәртібі қарастырылады. Лизинг субъектілерінің құқықтық жағдайына және оның келісім-шарттарында көрсетілу жағдайына сипаттама беріледі. Негізгі   корлардың  және   ұзақ  мерзімді салымдардың, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік жазулар беріледі.

Шаруашылықтың инновациялық түрлерінің бірі саналатын лизинг жүйесі шетелдік техникалық потенциалды қолдану және оны жергілікті өндіріске енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдай елімізде қалыптасып келе жатқан инновациялық потенциалды қалыптастыру мен дамытуға жаңа мүмкіншіліктер ашады. Қазіргі таңда ел экономикасын иниовациялық даму жолына өткізу мәселесі технология мен еңбек қатынастарын үйлестіру және басқару саласына жаңалықтар енгізу арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Сол себептен, отандық өндірісті дамытудағы инновациялық фактордың рөлін күшейту үшін кәсіпорындарды түбегейлі жаңартуға және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін лизингті қайта құру тетігі қолданылу қажет.

Лизинг бизнесі кәсіпкерлік кызметтің ерекше саласына жатады. Лизинг шетелдерде кең тараған. Ол қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан, ресурстармен және кадрлармен, тағы басқалармен қамтамасыз ету жөнінде қолдау жасалған жағдайда лизинг қызметі экономиканы техникалық қайта жарақтандыру мен құрылымдық жағынан қайта құруда, инвестициялық үрдісті күшейтуде, лизинг бойынша жалға алушы кәсіпорынның қаржы жағдайын сауықтыруда, сондай-ақ шағын және орташа бизнес субъектілерінің бәсекелестік қабілетін арттыруда қуатты демеуші бола алады [2].

Лизингтік бизнестің Қазақстанның экономикасында қолданылу мүмкіндігі мынадай себептерге байланысты:

- барлық сала кәсіпорындарындағы моральдық және жарамдылығы жағынан ескірген негізгі қорларды ауыстыру қажеттігі және республикада машиналар мен жабдықтар шығаратын өндірістің жоқтығы;

- мемлекеттің жоғары технологиялық жабдықтар шығаратын салаға жұмсайтын қаржысының болмауы;

- кәсіпорындардың республикадан тыс жерлерден жаңа технологиялар сатып аларлық каржысының жоқтығы;

- банк несиелері жоғары ставкамен және қысқа мерзімге берілетіндіктен ол қаржыға машиналар мен жабдықтар сатып алудың мүмкін еместігі;

- өндірісті техникалық және технологиялық жағынан жаңартудың құралы ретінде лизингті дамыту және мемлекеттік қолдау.

Лизинг дегеніміз - қаржылық жалдау бойынша жалға алушының мүлікке деген қысқа және ұзақ мерзімдік қажетін жалға берушінің есебінен қаржыландыру жөніндегі операциялар. Ол меншік иесінің мүлікті иелену және пайдалану немесе тек қана пайдалану құқығын шартты негізде лизинг бойынша жалға берушіде сақталып қалады. Бұлайша түсіндіру «лизинг» жалдаудың бір түрі деген анықтамамен үйлеспейтінін білдіреді. Өйткені лизинг құқықтық, мүліктік және қаржы қатынастарының жиынтығы, ал жалдау сол қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

1    Бабаев Ф.А., Борисов В.Н. Инновационный фактор оценивания результативности управления в промышленности // Проблемы прогнозирования. – 2005. - №4. – С. 136-142.

2    Қазақстан-2030 стратегиясы іс үстінде: табыстың 10 жылы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Стратегиясының 10 жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінен. "Егемен Қазақстан", 2007 жыл 13 қазан

3    Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030: барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Ел Президентінің  Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1998 ж. 96б.

4    Акчурин А. Некоторые проблемы инновационного развития Республики Казахстан // Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. – 2005. - №3. – С. 67-76.

5    Панфилов В.С., Шураков А.Г., Стуков А.С. Инновационный тип экономического развития и ограничения финансирования // Проблемы прогнозирования. – 2005. - №2. – С. 3-18.

6    Бойко И. Перспективы инновационного развития восточно-европейских стран // Экономист. – 2005. - №2. – С. 78-82.

7    Волкова Т. Условия инновационного обмена // Экономист. – 2005. - №3. – С. 54-60.