Баймұханбетов А.Б.,

АТУ-дың аға оқытушысы (Алматы қ.)

Сарсенқұлова А.С.,

АЭжБУ-дың аға оқытушысы (Алматы қ.)

 

Ұйымның ішкі есеп саясаты және оны ұйымдастыру жолдары

 

        Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=13_%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_1996_%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D2%93%D1%8B&action=edit&redlink=1"азанHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=13_%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_1996_%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D2%93%D1%8B&action=edit&redlink=1" 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.

        Кейіннен ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B"азақстанHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B" Республикасы ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B6%D1%8B_%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96&action=edit&redlink=1"аржыHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B6%D1%8B_%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96&action=edit&redlink=1" министрлігінің 17 қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=17_%D2%9B%D0%B0%D2%A3%D1%82%D0%B0%D1%80_2003_%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D2%93%D1%8B&action=edit&redlink=1"аңтарHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=17_%D2%9B%D0%B0%D2%A3%D1%82%D0%B0%D1%80_2003_%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D2%93%D1%8B&action=edit&redlink=1" 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B&action=edit&redlink=1"аржылықHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B&action=edit&redlink=1" қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B&action=edit&redlink=1"орытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсыру жөніндегі тәртіптер қарастырылған.

        Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда:

·        біріншісі – мемлекеттік және қоғамдық ұғымдардың белгілеген есеп саясаты

·        екіншісі – ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады.

        Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты, «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.

        «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп - Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады» - делінген.

       Әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек.                                        

       Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

       ҰHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%80&action=edit&redlink=1"йымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

       Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының заңы мен бухгалтерлік есеп принциптерінде ұйым өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген.

Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына  жататындар:

·        бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі; 

·        бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қодданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары; 

·        алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;                                                   

·        ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары; 

·        актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті); 

·        актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері; 

·        құжат айналымы ережелері мен есеп, ақпараттарын өндеу технологиясы; 

·        шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі; 

·        бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер. 

Ұйымның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.  Сонымен қатар осы мәселеге басқа да негізгі факторлар әсер етеді, олар: 

·        меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны;                                                  

·        салық салу жүйесімен арақатынасы (әр тұрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа); 

·        қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы; 

·        ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);

·        материалдық базасының болуы; 

·        кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі. 
        
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет. 

Ұйымдастыру негізіне қарай бұл жұмыс келесі түрге бөлінеді:

·        қабылданған есеп саясатын есепті мерзім бойы бақылау; 

·        қаржылық міндеттемелер мен мүліктерді инвентаризациялау нәтижелерін сондай-ақ барлық шаруашылық операцияларын түгелдей есепте қамтылғанын; 

·        есепті мерзімге шығындар мен табыстардың дұрыс жатқызылғандығын; 

·        аналитикалық және синтетикалық есеп нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету. 

         Сонымен есеп саясаты деп – ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.

         Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бұған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

         Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды.          

        Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылық принциптері жатады.                                           

         Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары енгізілді. Осыған орай есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бұйрықтарын, хаттарын т.б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.  

         Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

         Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т.б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы тәжірибеде іске асыру үшін әр түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады. Есеп әдістері шындық фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады. Яғни бухгалтерлік есеп әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру арқылы тиісті мақсатқа жетуге болатындығын білгеніміз жөн.

        Есеп саясатынын ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі екендігін білген жөн.

       Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік

оптималды варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және ұйымдық мәселелеріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік баланс жасалынып қорытылмайды.                                                    

       Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолдалынады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды.

       Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар есеп саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолданғаны жөн. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде жасалынуы керек.

       Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы ұйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне                                                        

және ақша қаражатының көбеюіне әсер етеді. Сонымен қатар жасалған келісім-шарттар мен қаржылық келісімдер ұйымдар қызметінің тиімділігіне бірден әсер ете қоймайтындығын есте сақтаған жөн. Мұндай экономикалық қатынастар ұзақ мерзім аралығындағы тиімділікті сипаттайды. Осыған орай ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп тәжірибесінде пайдалануы керек.

        Алайда кейбір бухгалтерлер салық салынатын табыс көлемін, сондай-ақ төленетін дивиденттік соманы азайту мақсатында ойланған түрде қателер жіберіп, өндірілген өнімдердің өзіндік құнына тікелей байланысты емес шығындарды жазу фактілерін орындауы да мүмкін. Қандай жағдайда болмасын бухгалтерлік есеп өзара сабақтастық байланыстағы жүйеден тұратындығын ескере отырып, бір баптың тиімділігін ұлғайту мақсатында есеп объектілерінің басқа баптарына зиян келтірмеу жағы есеп саясатын жасау барысында жан-жақты қаралуы керек.

 

     Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13.10. 1996 ж. № 2 «Қаржылық қортынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі концепциясы».

2. ҚР Қаржы Министрлігінің 17.01.2003 ж. №14 бұйрығы бойынша, № 30 «Қаржылық қортынды есеп тапсыру» жөніндегі стандартты қабылдау.

3. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. Қарағанды, 2008 ж.

4. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжрибесі. Алматы: Экономика, 2008 ж.

5. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2008 ж.

6. Кеулімжанов Қ.Қ. Әжібаева З.Ж. Бухгалтерлік есеп принциптері. – 2003 ж.

7. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы, принциптері. Алматы, 2001 ж.