Экономические
науки/1.Банки и банковская система
БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАРЖЫЛАЙ
ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Абдибеков С.У., Сейдахметова А.А.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті,
Талдықорған қ.
Тәуелсіз
Қазақстанда банк жүйесін қалыптастырудың
бастапқы сатысында несие мекемелеріне салыстырмалы түрде либералды
талаптар қойылды. Бұл коммерциялық банк секторын
қалыптастыру мен қарқынды дамыту сатысындағы банктік қадағалау
жүйесінің жетілмегендігімен түсіндіріледі. Кейінірек
қаржы-қадағалау органдарының қызметіндегі негізгі
акцент қызмет етіп тұрған несие мекемелерінің
жұмысының сапасын, олардың өтімділігін, төлем
қабілеттілігін, сондай-ақ аталмыш органдардың жалпы банк
жүйесін тұрақты дамыту мақсатындағы талаптарына
сәйкес болуын қамтамасыз етуге жасалды[1,72б.].
Қазақстанда
соңғы жылдары банк секторының ролі үлкен
масштабқа жетті деуге болады.
Банк жүйесі нарықтық экономиканың үздіксіз
қызмет етуін қамтамасыз етеді. Ол тек қана шаруашылық
субъектілер арасындағы айналым, қор жинау, төлем
қатынастарына қызмет көрсетіп қоймайды. Сонымен
қатар ол дамыған елдердің ақша массасының
құрамдас бөлігін құрайтын несие ақшаларды
жасайды және олардың жеткілікті деңгейде тұрақты
дамуын қамтамасыз етеді.
Белгілі американдық
экономист М.Фридменнің еңбектерінде дәлелденгендей банк
секторының қызмет
етуінің негізгі принциптерінің бұзылуы нәтижесінде
жалпы мемлекетті дағдарысқа алып келетіндей экономикалық
тұрақсыздықтың қайнар көзі болады. Банк
жүйесінде миллиондаған азаматтардың салымдарының
сақталуы және осы салымдардың шаруашылық субъектілер
үшін қарыз қаражатқа айналуы жеке бір банктің,
сондай-ақ жалпы банк жүйесінің маңызын күшейтеді. Демек банктің жүйе дамыған
қоғамның қалыптасуына, әлеуметтік маңызды
процесстердің қалыптасуына пайдалы қызметтермен сипатталатын
квазиқоғамдық рольге ие. Сонымен қатар,
қазақстандық банктердің халықаралық
қаржы қоғамдастыққа енуі, еліміздің
территориясында шетелдік банктердің қызмет етуі және онымен
байланысты қосымша тәуекелдер қазақстандық
банктік қадағалауды әлемдік стандарттарды есепке ала
отырып жасалған талаптарға
сәйкестендіруді және де атқарушы органдардың міндеттері
мен қызметтерін нақты координациялауды талап етеді[2,97б.].
Соңғы
бірнеше онжылдықта халықаралық банктік қоғамдастық
әртүрлі мемлекеттердің қадағалау
органдарының жұмыс тәжірибесін жалпылай келе
халықаралық деңгейде қаржы қадағалау
органдарымен банктердің өзара сенімді байланысын құру
бойынша жұмыстар жасады. Бұл жұмыстар жай ақпарат
алмасудан бастап бірегей пруденциалдық нормалар мен несие
мекемелерінің қызметіне қойылатын талаптарды жасауды,
қаржылай қадағалау ұйымдарының қызметін
координациялаудың тиімді жүйесін бекітуді көздейді.
Қаржылық
қадағалау органы дегеніміз не? Мұнда ең алдымен
«қаржылық қадағалау» дегеніміз не екендігін
анықтап алу керек.
Қаржылық қадағалау
дегеніміз мемлекеттің заңнамаларын сақтау мақсатында
қаржы сферасының экономикалық агенттерінің және
делдалдарының қызметін олардың оперативтік қызметіне
араласпай үнемі мониторинг жасау бойынша және өзара
қызмет ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
тәсілдерінің жиынтығы.
Қаржылық қадағалау органы
дегеніміз қаржы
жүйесінің экономикалық агенттерімен үнемі байланыста
болатын және мемлекеттік қаржы саясатын қалыптастыруға
тікелей қатысатын биліктің мемлекеттік органдары.
Әрине
біздің елімізде банктік қадағалауды Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк және Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі іске асырады. Берілген зерттеуде банктік
қадағалау қаржылық қадағалаумен
тығыз байланысты қарасытырлады.
Әр
елдің заңнамаларына сәйкес ішкі және сыртқы
қаржылық қадағалау қызмет етеді. Ішкі
қаржылық қадағалау ол сол елдің ішіндегі
заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. Ал сыртқы
қадағалау немесе халықаралық қаржылық
қадағалауды халықаралық қаржы комитеттері
жүзеге асырады. Оның ішінде банк жүйесі үшін беделі
жоғары ұйымдарыдың бірі ретінде Базель комитеті табылады.
Базель комитеті ол комитеттің мүше-елдері үшін
қадағалау талаптарын және мүше емес - елдер үшін
ұсыныстық мінездегі талаптарды жасайды. Ол бақылау
органдарының шешетін басты мәселелері мынадай жағдайлар
кезінде яғни тапсырмалар мен нормаларды банк қызметтерді реттеу
мақсатында байланыстыру[3,86б.].
Банк
қызметтерін бақылау 100 жылдан бері өмір сүріп келеді,
мысалы, АҚШ-да, Европа елдерінде. Соңғы 15-20 жылда дамушы
елдер мұндай бақылау банктік-қаржылық сфераға да,
бүкіл экономикаға да маңызы зор екендігін түсінеді.
Базельдік принциптерге
жататындар: өтімділік тәуекелінің максималды
анықтамасының шегі, валюталық, несиелік, пайыздық, нарықтық
және басқа да тәуекелінің төлем
қабілеттілігі.
Банктік басқарудың
сапасын байланысты тәуекелінің бейтараптаунына аса көіл
бөлінеді. Базельдік комитенттің
жасаған принциптеріне сай бақылау оргондарына міндетті.
·
Банк басқарулары актив
портфелінің айналасында тәуекел концентрациясы көрсетілуі
жйында ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілетіндігіне
көз жеткізу;
·
Бақыланып отырған банкте
тәуекел болған жағдайда басқару жүйесімен
қамтамасыз етілгендігіне көз жетуізу;
·
Банктің ішкі бақылау
жүйесіндей бақылауды көру және ол банктің
қызметінің түрі мен масштабына сәйкестендірілгендігін.
Бақылауының басты мақсаты
ақша-несие нарықтарының белгілі бір деңгейін
сақтап яғни ұстап болып табылады.
Берілген
жұмыста халықаралық қаржылық
қадағалау материалдары қолданылады.
Шаруашылық
субъектілердің қызметін қадағалау бойынша бақылау
функциялары әртүрлі мемлекеттік, кей жағдайларда мемлекеттік
емес органдарға беріледі. Қаржы делдалдарының қызметін
қадағалаудың халықаралық тәжірибесі
бұл мәселенің әртүрлі елде шешілунің
жолдарын көрсетеді. Бұл мәселенің туындауы қаржы
делдалының міндеттемелерін орындамау (дефолт) немесе банкротқа
ұшырау тәуекелі көлемі жағынан бірдей
қаржылық емес сектордың кәсіпорнының дефолты
немесе банкроттығы тәуекелінен біршама жоғары болуымен байланысты.
Берілген жұмыс банктердің
қаржылық қадағалау органдарымен (оның ішінде
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің коммерциялық банктермен байланысын)
өзара байланысын зерттеуге бағытталған. Мұнда
олардың міндеттері мен құқықтарын іске асырудың
ғылыми-тәжірибелік аспектілері
қарастырылады. Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің екінші деңгейлі банктермен
байланысы қазақстандық банк жүйесінің
қарқынды даму сатысында және әлемдік
қоғамдастыққа енуі кезеңіде қаржылық
қадағалау жүйіесінің маңызды бағыты болып
табылады.
Банк
секторының әрі қарай дамуының басты
мақсаттарының бірі болып
несие ұйымдарын заңсыз коммерциялық қызметті
жүзеге асыру мақсатында қолдануды тоқтату табылады.
Сондықтан банктік жүйеге байланысты мемлекеттік саясатты
жүзеге асыруда берілген тақырыптың өзектілігіне
көз жеткізуге болады.
Банктер нарықтық экономикада
басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз
қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар
болатын, жаңа талаптар мне мендеттемелерді жасады. Клиенттердің
салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме
жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа
талап қояды[4,124б.].
Демек жеке банктердің қызметінен
банк секторының қызметінің сапасы айқындалатын болса,
жалпы банк секторының сапасы арқылы ел экономикасының
жағдайы анықталады деген тұжырым жасауға болады.
Осыған байланысты бүгінгі таңда банк қызметін реттеу
мен қадағалауды жүргізу, оны жетілдіру мәселесі
өзекті мәселелердің бірі. Себебі, үнемі
қадағалау жасау арқылы белгілі бір тәуекелдердің
алдын алуға болатындығы мәлім. Берілген зерттеуде банктік
қадағалау қаржылық қадағалаумен тығыз
байланысты қарасытырлады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
О.Н. Антипова
Система банковского надзора и инспектирования за рубежом. М.: ЦПП ЦБ РФ,
2009ж.-72б.
2.
О.Н. Антипова
Стандарты банковского надзора в России. М.: ЦПП ЦБ РФ, 2004ж.-97б.
3.
С.В.Большаков,
З.А.Калов Принципы управления финансами
(Финансы кредит, менеджмент). Нальчик: Эль-Фа, 2009ж.-86б.
4.
А.Г.
Братко Центральный банк в банковской
системе России М.: Спарк. 2011ж.-124б.