ӘОЖ: 336.71
БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮЙЕСІН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
А.Ш. Молдабекова э.ғ.к., доцент, Г.А.
Нурманалиева оқытушы
Банктер балансының
құрамы мен құрылымы олардың қызмет сипаты
мен өзіне тән белгілеріне, банк операцияларында пайдаланылатын
бухгалтерлік құрылу қағидаларына қатысты болады.
Банк балансының базалық
формасы:
Активтер=Міндеттеме+ Меншікті капитал
Банк активтері мен міндеттемелері негізі бойынша
топтастырылатын баланстық есепті тапсырады және олардың
салыстырмалы түрдегі өтімділігін көрсететіндей ретпен
санамалап тізіп беруі тиіс.
Банктердің балансы үшін
негізгі бөлімнен: активтерден, міндеттемелерден және меншікті
капиталдан тұрады.
Баланс коммерциялық банк қызметінің өзара
байланысты көрсеткіштерінің арақатынасын білдіреді. Бұл
белгілі бір күнге пассивтік және активтік операцияларды
сипаттайтын, жинақталған баптарды көрсететін қорытынды.
Актив және пассив арасында тепе – теңдік болуы тиіс.
Банктің баланстары әр
елдің жүйеге келтірілген үлгісі бойынша құрылады
және коммерциялық ақпараттардың маңызды
көзі болып санала отырып, баспа сөзде жарияланады. Банк жүйесіндегі
бәсекелестік коммерциялық құпияға сәйкес
жарияланатын ақпараттарды шектеу қажеттігін туғызады.
Коммерциялық банктер баланстарының үлгілері банк ісіндегі
дәстүрлерге, осы саладағы мемлекеттік реттеулердің
өзгешеліктеріне қатысты баптар бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Банк балансының мынындай бөлімдері бар:
Пассив бойынша – банктің меншікті қаржылары мен
қатыстырылған ресурстары, ал актив бойынша – банк
ресурстарының орналасуын көрсететін баланстық есептер.
Құндылықтар мен құжаттардың,
сақтауға алынған құндылықтардың, чек
банктері мен акциялардың есебі жүргізілетін баланстық емес
есептер.
Балансты әр түрлі көзқарастар
тұрғысынан зерттеудің бұл жердегі мүмкіндігі
жоғары. Баланс өзінің қызметі үшін
қатыстырылған ресурстар мен қаржыларды бөлудің көздерін
көрсетеді.
Банктер балансының есеп шоттары баланстық және
баланстық емес, активті және пассивті болып бөлінеді.
Бастапқы үш сыныптың есеп шоттары банктің біріккен
Балансында, ал төртінші және бесінші сыныптардың есеп шоттары
қаржылық – шауашылық нәтижелері туралы есептерде
көрсетіледі.
Есепті мерзім қорытындысының нәтижелері үшінші
сынып “Меншікті капитал” есеп шотында көрсетіледі.
Үшінші сынып деректері бойынша банктің шартты және болуы
мүмкін міндеттемелері туралы есептер жасалынады, ал жетінші сынып
деректері – қосымша ақпараттар беру үшін қажет болып
саналады, мысалы, трасталық операциялар бойынша.
Есеп шоттардың бірінші саны қай сыныпқа
жатушылығын, екінші, үшінші сандар – есеп шоттарының тобын,
ал төртінші сан одан әрі бүге – шегесіне дейін талдауды
және есеп шоттар тобының мағынасын ашуды көрсетеді.[1]
Банктің есеп берушілік құрамындағы
коммерциялық банктің қаржылық есебі баланстан
өзге пайдалар мен зияндар туралы есептерден тұрады, онда кірістер
алу үшін қатыстырылған ресурстардың құны,
өзге пайызсыз кірістер, сондай – ақ банктің бүкіл
шығындары көрсетіледі. Банктің таза табысы нәтижелі
көрсеткіш болып саналады.
Коммерциялық есеп айырысулар
жағдайындағы жұмыс кезінде банктің бүкіл
ағымдағы шығындары оның табыстары арқылы жабылуы
тиіс, ал оны одан әрі дамыту осы мақсат үшін
жинақталған меншікті қаражаттар есебінен
қаржыландырылады. Сондықтан коммерциялық банк тиімді
жұмыс жасай отырып, өз қызметінің тактикасы мен стратегиясын,
сонымен бір мезгілде өндірістік – техникалық базаны дамыту
үшін жеткілікті түрде ақша қаражатын
жинақтайтындай етіп құруы тиіс.
Банк капиталының айналымынан, сондай – ақ заемдық
және тартылған қаржыларды пайдалану нәтижесінде
алынатын пайда коммерциялық банк қызметінің
қозғаушы күші болып табылабы.
Банктің баланстық пайдасы алынған табыстар,
айыппұлдар, өсімдер, тараптардың бірі келісім шарттарын
орындамағаны үшін төленетін айыптар мен
шығыстардың жалпы сомасы, төленген айыппұлдар,
өнімдер арасындағы айырмалар ретінде анықталады.
Баланстық пайда есептік қаржы жылының 31 желтоқсанына
шығарылады және бюджетке табыс салығын төлеуге, банк
қызметін жүзеге асырумен байланысты шығындарды жабу
үшін резервтік қорды, дивиденттер төлеу қорын,
жинақтау және тұтыну қорларын құруға
бағытталады. Банктің пайдаларын бөлу есептік қаржы
жылындағы банк қызметінің нәтижелері бойынша
акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.
Банк бір жылдағы қаржы қызметінің қорытындысы
бойынша бірінші айдың 15 – нен кешіктірмей, алдағы жылға
бекітілген нормативтер бойынша:[2]
-
Резервтік қорға;
-
Дивидендтерді төлеу
қорына;
-
Жинақтау және
тұтыну қорына аударымдар жасайды.
Банктің қорларын құру мен пайдалану тәртібі
Банк Басқармасы бекіткен Ережелермен анықталады.
Коммерциялық банк
қызметін экономикалық зерттеу – арнайы білім жүйесінен, банк
қызметтерін қаржы-экономикалық оқытумен байланысты
факторлармен анықтау, шаруашылық процесінің тенденция
және пропорциясынан тұрады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары
болады:
-
коммерциялық
банктердің бағалы қағаздарды алғашқы
эмиссиялауы;
-
банк пайдасынан капиталдарды
немесе қорларды ұлғайту және құру;
-
басқа да заңды
тұлғалардан несиелер алу;
-
депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды
банкттерге тартуға мүмкіндік береді.Алғашқы пассивтік
операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші
ірі тобы,яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі
формасы негізінде екінші ірі топ-заемдық немесе тартылған
ресурстары құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
-банктің меншікті қаражаттары;
-банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы
мен оған сай келетін баптар кіреді.Коммерциялық банктердің
меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен
айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшіліктерге ие. Банктің меншікті
капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10 пайызы өтеледі.Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын
қаражаттардың арасында шекті ең төмеңгі
мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі
тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар.
Бангктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге,
ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға
жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз
банктің қызметін бастау мүмкін емес.Осы меншікті
қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылды.
Ең соңында, банктің меншікті қаражаты-бұл
ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты
көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық
дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын
қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:[2]
-
банктің
жарғылық капиталы;
-
банктің резервтік капиталы;
-
қосымша капиталы және
пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
-
сақтандыру резервтері;
-
бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды
тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және
өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды.
Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері
Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы,
оның құрылтайшыларының қосқан жарналары
немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз
(акция) шығару есебінен құрылған банктің
жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды.
Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар- акционерлер
қосқан жарналардан құрылады.
Қазақстанда екінші
деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
-
пай қосу арқылы,
яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
-
акционерлік банк;
-
шетел капиталының
қатысуымен.
Банктің меншікті
қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін
зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған
ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін
қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды
түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз
мөлшерінде, айталық, 25 пайыз мөлшерінде
құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық
қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға
толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының
негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған
жағдайда резервтік қор есебінен банктің
артықшылығы бар акциялары бойынша дивиденттер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың
төзуына байланысты аударылған аударымдар есбінен және белгілі
мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде
құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау
негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау
қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы
айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында
жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекеленген банктік операциялар бойынша
тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы
резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді
жабуға және бағалы қағаздардың
құнсыздануына байланысты құрылған резервтер
жатады.
Бөлінбеген пайда- акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін
және резервтік қорға аударғаннан қалған
пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар,
оның ішінде, несиелік операциялардың 90 пайызға жуықтай
ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Заңды
және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық
шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген
сұранысымен қатар халықтын тұтыну қажетін
қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы соммасында тартылған
қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін
құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-
ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес,
уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінен
болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен
өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын
қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі
топқа бөлінеді:
1 топ- депозиттер;
2 топ- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін
депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден- бір арзан
ресурс көзі болып табылады.
Сонымен банктің активтерінің сапасын
жоғарылату үшін келесі шарттарды орындауға болады:
1.
Банктерге міндетті түрде
проблемді несиелерді алдын-ала анықтауды үйрену керек.
2.
Несиелік
операциялардың сапалы ақпараттық аналитикалық
қамтамасыз етуін жетілдіру керек. Ол үшін банкте жоғары
дәрежелі банктік маркетинг қызмет етуі шарт. Егер бастапқы
мәліметтер толық емес немесе сенімсіз болса, онда ешбір
дамыған алдыңғы қатарлы заёмшының несие
қабілеттілігін талдау мен тәуекелдікті бағалау методикасы сенімді
нәтижелерді бермейді.
3.
Банк өзінің
клиенттерінің базасын кеңейту мақсатында, яғни
активтерді орналастыру бағыттарының көбеюі
мақсатында банк әрі
қарай филиалдық жүйесін дамыту керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Молдабекова А.Ш., Қаржы,
ақша айналымы және несие: Оқу құралы.-Алматы:
«Үш Қиян» 2012.-516 б
2. Мақыш С.Б., Банк ісі:
Оқулық.- Алматы: «ИздатМаркет» 2007.-467 б