ӘОЖ: 336.71
БАНКТІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Тараз қ
А.Ш Молдабекова э.ғ.к., доцент
Несиелік
операциялар коммерциялық банктің әдеттегі негізгі активті
қызметі болып табылады. Несиелерді ұсыну банктің негізгі
экономикалық операциясы болып табылады. Ол операциялар негізінен жеке
меншіктегі фирмалардың, компаниялардың және жеке
тұлғалардың тұтынушылық және
инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға
бағытталған. Экономикалық тұрақсыздық
жағдайында қазақстандық банктермен берілетін несиелер
негізінен қысқа мерзімді болады, яғни 1
жыл көлемі мерзімінде беріледі.
Банктің несие
операцияларына банктік ссудалардың алуан түрлерін жатқызады.
Банктік ссудаларды
несиелендірудің мажатына, қарызданушылардың типтеріне,
қызмет ету сферасына байланысты
классификациялауға болады. Төменде дүниежүзілік
тәжірибеде банктік ссудаларды классификациялауға тән негізгі
критериялары ұсынылған.
Банктік ссудалар келесі
критерияларға байланысты топтастырылады: қарыз алушылардың
типтері; қолдану мерзімі; қамсыздандыру сипаттамасы; қолдану
шарттары; өтеу әдісі; пайыз ставкасының сипаттамасы; пайызды
төлеу әдісі; несие берушілердің саны, ссудаларды өткізу
шарты, несиелендіру обектілері.
Несие
берушілер саны бойынша несиелер келесі түрлерге бөлінеді:
- бір банкпен берілетін ссудалар;
- біріктірілген (консорциалды) несиелері;
- параллельді ссудалар;
Көбінесе бір банкпен
берілетін ссудалар кеңінен таратылуда. Бірақ кей кезде бірнеше
банктердің қосылу қажеттілігі туады. Бұл жағдайда
банктер бірі әрекеттер жасау үшін консорциумдарға
қосылады. Бұл жағдайда банктердің бірі менеджер,
яғни жүргізуші банк болып табылады.
Параллелді ссудалар, оларды
екі банктің емес, банктердің
бөлінуіне қатысады. Берілген несиені беруден
айырмашылығы клиентпен келіссөздер әр банкпен бөлек
жүргізіледі, ал одан кейін өздерінің арасында несие шарттарын
келісілгеннен кейін, бір шартта несие келісім шарты жасалады.
Ссудалар әр
банктің келісім шартында қарастырылу үлесінде жүзеге
асады.
Ссудаларды беру шарты
бойынша былай бөлінеді:
- нақты ақшалай ссудалар
(қарыз алушының шотына аударылады);
- акцепті ссуадалар (банк траттаны акцепт
келіседі).
Несиелендіру обектісі
бойынша мына топтарға бөлінеді:
- айналым қорларына шығындарды жабу;
- негізгі қорларға шығындарды
жабу;
- сыртқы экономикалық қызмет
бойынша шығындар.
Несиелік
операциялар коммерциялық банктердің активті қызметінің
негізін құрайды, өйткені:
Біріншіден, олардың
қолайлы атқарылуы негізгі
табысты алуға әкеліп, банктердің
тұрақтылығы мен сенімділігіне әсерін тигізеді, ал
несиелендірудегі қолайсыздықтан олардың
банкроттыққа ұшырауға әкелуі мүмкін;
Екіншіден, банктер
өзінің және тартылған ресурстарды, еліміздің
экономикасының дамуына инвестицияларды несиелендіру үшін
жинақтауға арналған;
Үшіншіден, бұл
қызмет оның жағымды атқарылуы жағдайында,
өзінің барлық қатсушыларына пайда әкелеледі:
несиелік ұйымдарға, қаржы алушыларға және жалпы
қоғамға.
Сонымен қатар,
қазіргі жағдайда несиелендіру процесі банкроттыққа
және ликвидтілікті жоғалтуға әкелетін тәуекелді
активті операциялардың бірі болып табылады.
“Цесна Банкі” АҚ
қызметінің басты бағыттарының бірі заңды
тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз
өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін
тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және
ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз.
Несие операциялары
коммерциялық банктің
белгілі бір мерзіміне баланс бойынша несиелік қарыздың
қалдығы болып табылады. Банктің несиелік портфеліне жеке
және заңды тұлғаларға берілген несиелер немесе
клиенттерге берілген несиелік портфелмен банкаралық несиелер кіреді.
Банктің несиелік портфелінің қалыптасуына ықпал ететін
факторлардың бірі болып банктік қызмет көрсету
нарығының ерекшелігі табылады. Бұл жерде әр банк
таңдап алған нарықтарының негізгі клиенттерінің
қарыздың құралдарға қажеттілігін есептеуі
тиіс екені айтылып тұр.
Несиелік
операцияларды басқарудың ұйымдастырушы
құрылымының негізінде, несиені беру бойынша
әртүрлі дәрежедегі жетекшілердің жауапкершілігін
айқын бөлістіру, несие келісімінің шарттарын несиенің
көлеміне, оның тәуекелділік дәрежесіне және
басқа да сипаттамаларға байланысты өзгеріп тұратын
компетенцияны шектеу принципі жатыр. «Цесна Банк» АҚ-ның
2012-2013 жылдардағы клиенттерге берілген несиелердің
құрамы 1-кестеде қарастырамыз.
1-кесте «Цесна Банк» АҚ-ның
2013-2014 жылдардағы клиенттерге берілген несиелері
|
Көрсеткіштер |
01.01.2013 жыл |
01.01.2014
жыл |
Ауытқуы (+; -) |
||||
|
Сомасы,
мың теңге |
Үлес
сал % |
Сомасы,
мың теңге |
Үлес
сал % |
Сомасы, мың теңге |
Үлес сал % |
||
|
Ірі корпоративтік клиенттерге берілген несиелер |
40814127 |
76,6 |
69401096 |
88,8 |
28586969 |
12,2 |
|
|
Шағын
және орта кәсіпорындарға берілген несиелер |
12447859 |
23,4 |
8750897 |
11,2 |
-3696962 |
-12,2 |
|
|
Коммерциялық
несиелердің барлығы |
53261986 |
100,0 |
78151993 |
100,0 |
24890007 |
0 |
|
|
Жеке
тұлғаларға берілген несиелер |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ипотекалық
несиелер |
22084968 |
56 |
20147866 |
56,7 |
-1937102 |
0,7 |
|
|
Тұтыну
несиелері |
14521126 |
36,8 |
12788718 |
36 |
-1732408 |
-0,8 |
|
|
Экспресс-несиелер |
2096299 |
5,3 |
1929171 |
5,4 |
-167128 |
0,1 |
|
|
Автокөлік
сатып алуға несиелер |
582498 |
1,5 |
432234 |
1,2 |
-150264 |
-0,3 |
|
|
Несиелік
карталар |
143855 |
0,4 |
192981 |
0,5 |
49126 |
0,1 |
|
|
Жеке
тұлғаларға берілген несиелердің барлығы |
39428746 |
100,0 |
35490970 |
100,0 |
-3937776 |
0 |
|
|
Құнсыздануға
резервті ұстап қалғанға дейінгі клиенттерге берілген
несиелердің барлығы |
92690732 |
- |
113642963 |
- |
20952231 |
- |
|
|
Құнсызданған
резервтер |
(6224005) |
- |
(8783203) |
- |
(-2559198) |
- |
|
|
Құнсыздануға
резервті ұстап қалғаннан кейінгі клиенттерге берілген
несиелердің барлығы |
86466727 |
- |
104859760 |
- |
-18393033 |
- |
|
Жеке тұлғаларға
2012-2013 жылдардағы ұсынылған қарыздарды
талдасақ, ипотекалық
несиенің 2012 жылы үлес
салмағы 56 % болса, 2013 жылы
үлес салмағы 0,7 %- артып, 56,7 % құрады. Ал
тұтынушылық несиелер бойынша 2012 жылы 36,8 % -ды
құраса, 2013 жылы 36 % құрап, үлес салмағы
0,8 %- ға кеміді. Экспресс несиелер бойынша 2012 жылы үлес салмағы
5,3 % болса, ал 2013 жылы 5,4 % болып, 0,1 %- ға артты. Келесі
автокөлік сатып алуға арналған несиелер бойынша 2012
жылғы үлес салмағы 1,5 %- ды құрайды, ал 2013
жылы 0,3 %- ға кеміп, дәл сол жылы 1,2 %- ды құрап
отыр. Кредиттік карталар бойынша 2012 жылғы үлес салмағы 0,4 %- ды құрап отыр, арада бір
жыл өткен соң 0,1 %-
ға артып, 0,5 %- ды құрап отыр.
Келесі
кестеде несиелер мына экономика саласындағы Қазақстан
Республикасының аймағында жұмыс атқаратын клиенттерге
берілді.
2-кесте-
«Цесна Банк» АҚ - ның 2012-2014 жж. экономика
салаларына берілген несиелік операциялардың құрылымын талдау
|
Көрсеткіштер |
01.01.2013
жыл |
01.01.2014
жыл |
Ауытқуы (+; -) |
||||
|
Сомасы,
мың теңге |
Үлес
сал % |
Сомасы,
мың теңге |
Үлес
сал % |
Сомасы,
мың теңге |
Үлес
сал % |
||
|
Сауда |
20498410 |
38,5 |
39283682 |
50,3 |
18785272 |
11,8 |
|
|
Қызметтер |
8148897 |
15,3 |
11370908 |
14,5 |
3222011 |
-0,8 |
|
|
Құрылыс
|
8016803 |
15 |
8407081 |
10,8 |
390278 |
-4,2 |
|
|
Өндіріс |
6301394 |
11,8 |
7257737 |
9,3 |
956343 |
-2,5 |
|
|
Қаржылық және
сақтандыру қызметтері |
3788946 |
7,1 |
5603487 |
7,2 |
1814541 |
0,1 |
|
|
Ауыл шаруашылығы |
4655626 |
8,7 |
4401821 |
5,6 |
-253808 |
-3,1 |
|
|
Тасымалдау |
900883 |
1,7 |
925622 |
1,2 |
24739 |
-0,5 |
|
|
Мемлекеттік кәсіпорындар |
548130 |
1 |
380653 |
0,5 |
-167477 |
-0,5 |
|
|
Білім |
251292 |
0,5 |
196644 |
0,3 |
-54648 |
-0,2 |
|
|
Өзге |
151602 |
0,3 |
324358 |
0,4 |
172756 |
0,1 |
|
|
Жеке
тұлғаларға берілген несиелер |
53261986 |
100,0 |
78151993 |
100,0 |
24890007 |
- |
|
Клиенттерге берілген несиелердің концентрациясы. 2013 және 2012
жылдардың 31 желтоқсанында несиелердің жағдайы 10 ірі
салымшылардың 29%-ын құрайды (2012 жылы: 22%).
Несиелердің бағасы 2013 және 2012 жылдың 31
желтоқсанына қарағанда
78151993 теңге және 53261986 теңгені
құрады.
Несиелерді жабу уақыты, несие портфелінің құрылымы
№39 ескертпеге сәйкес, келісім бойынша белгіленеді. Беріліп отырған
несиелердің (белгілі ьір арнайы тобы) қысқа мерзіміне
байланысты шарт бойынша тқлеу уақытын ұзартып алуға
болады.
Банктің несиелік операцияларын талдау кезінде, қаражатты
қолданудың мақсаты, және бағыты зерттеледі.
Ең алдымен несиенің жалпы сомасы анықталады, ол ссудалар
түріне және оларды ұсыну бағытына байланысты анықталады.
Несиелік салымдардың
құрылымы әр ссуда түрінің несиенің
барлық шекті салмағы бойынша анықталады. Талдауды бөлек
экономикалық контрагенттердің қысқа мерзімді
несиелерінің соммасы және қысқа мерзімді
ссудалардың жалпы сомасын құрастыру жолы арқылы анықтауға
болады. Алдын ала талдау ұзақ мерзімді ссудалар бойынша да
жүргізіледі.
2013 жылы сауданы
қаржыландыру көлемі 18785272 мың теңгеге артты
және 39283682 мың теңгені құрады.
Келесі кестеде 31 желтоқсан 2012-2013
жылдар аралығындағы заңды тұлғаларға
(құнсыздануға резервті ұстап қалғанға
дейінгі) берілген құнсызданған несиелердің
көрсеткіштері көрсетілген.
3-кесте-
Заңды тұлғаларға берілген
құнсызданған несиелердің деңгейін талдау
|
Көрсеткіштер |
01.01.2013
жыл |
01.01.2014
жыл |
Ауытқуы (+; -) |
|||
|
Сомасы,
мың теңге |
Несие
портфелінің үлесі % |
Сомасы,
мың теңге |
Несие
портфелінің үлесі % |
Сомасы,
мың теңге |
Үлес сал % |
|
|
Жылжымайтын
мүлік |
35282418 |
71 |
43286886 |
59 |
8004468 |
-12 |
|
Кепілдіктер |
3749323 |
8 |
11738816 |
16 |
7989493 |
8 |
|
Ақшалай
депозиттер |
198102 |
0,3 |
5869408 |
8 |
5671306 |
7,7 |
|
Көлік
құралдары мен жабдықтары |
3353290 |
7 |
5135732 |
7 |
1782442 |
0 |
|
Қамтамасыз етілмегендер |
1841074 |
4 |
3668380 |
5 |
1827306 |
1 |
|
Айналымдағы
құнды қағаздар |
1818616 |
4 |
2934704 |
4 |
1116088 |
0 |
|
Айналымдағы қорлар |
3220399 |
6 |
- |
0 |
-3220399 |
-6 |
|
Басқа да қамтамасыз етілгендер |
62891 |
0,1 |
733677 |
1 |
670786 |
0,9 |
|
Барлығы |
49526113 |
100,0 |
73367603 |
100,0 |
23841490 |
- |
Кестеде көрсетілгендей «Цесна Банк» АҚ-ның заңды
тұлғаларға берілген құнсызданған
несиелердің барлығы 2013 жылы 23841490 мың теңгеге 2012
жылмен салыстырғанда кеміді. Банктің 2013 жылғы заңды
тұлғаларға берілген құнсызданған
несиелердің жиынтығы 73367603 мың теңге болды, ал 2012
жылы 49526113 мың теңгені құрады. Осы
көрсеткіштерге жеке-жеке құрылымдық талдау жасасам:
«Жылжымайтын мүлік» бойынша 2012 жылы 35282418 мың теңге
сомасын құрап отыр, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 8004468
мың теңгеге өсіп, 11738816 мың теңге сомасын
көрсетіп отыр.
«Кепілдіктер» бойынша банк 2012 жылы 3749323 мың теңгеге
операция жүргізссе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 7989493 мың
теңгеге артып, 11738816 мың теңгені
құраған.
«Ақшалай депозиттер» бойынша 2012 жыл ішінде банк 198102 мың
теңгенің сомасына операция жүргізсе, 2013 жыл көрсеткіш
5671306 мың теңгеге артып, 5869408 мың теңгені
құрады.
«Көлік құралдары
мен жабдықтары» бойынша 2012 жыл ішінде банк 3353290 мың
теңгенің сомасына операция жүргізсе, 2013 жыл дәл осы
көрсеткіш 1782442 мың теңгеге артып, 5135732 мың
теңгені құрады.
«Қамтамасыз етілмегендер» бойынша банк 2012 жылы 1841074 мың
теңгеге жұмыс жасады, бұл көрсеткіш 1827306 мың
теңгеге артып, 2013 жылы 3668380 мың теңгені
құрап отыр.
«Айналымдағы құнды қағаздар» бойынша 2012 жыл
ішінде банк 1818616 мың теңгенің сомасына операция
жүргізсе, 2013 жыл көрсеткіш 1116088 мың теңгеге артып,
2934704 мың теңгені құрады.
«Айналымдағы қорлар»
бойынша 2012 жыл ішінде банк 3220399 мың теңгенің сомасына
операция жүргізсе, ал 2013 жылы айналымдағы қорларға
ақша қаражаттары бөлінбеді.
«Басқа да қамтамасыз етілгендер» бойынша банк 2012 жылы 62891
мың теңгеге жұмыс жасады, бұл көрсеткіш 670786
мың теңгеге артқан.
«Көлік құралдары
және жабдықтары» көрсеткіші бойынша 2012 жылғы
үлес салмағы 7%- ды құрап, бір жыл өткен
соң, яғни, 2013 жылы дәл осы көрсеткішпен 7%- ды
құрап отыр.
Қамтамасыз етілмегендер
көрсеткіші бойынша 2012 жылғы үлес салмағы 4 %- ды
құрап, ал 2013 жылы 1%- ға артып, 5 %- ды құрады.
«Айналымдағы құнды
қағаздар» көрсеткіші бойынша 2012 жылғы
көрсеткіштің үлес салмағы 4 %- ды құрап,
бір жыл өткен соң, яғни, 2013 жылы дәл осы
көрсеткішпен 4 %- ды құрап отыр.
«Басқа да қамтамасыз
етілгендер» бойынша 2012 жылғы
үлес салмағы 0,1 %- ды құрап, 2013 жылы 0,9 %- ға артып, 1 %- ды құрады.
Төмендегі кестеде өзгермелі резервтердегі екі жылдық
несиелердің құнсыздануы көрсетілген.
4-кесте -Өзгермелі резервтердегі несиелердің
құнсыздануы
|
Көрсеткіштер |
01.01.2013
жыл |
01.01.2013
жыл |
Ауытқуы (+; -) |
||||
|
Сомасы,
мың теңге |
Үлес сал % |
Сомасы, тмың теңге |
Үлес сал % |
Сомасы, мың теңге |
Үлес сал % |
||
|
Жыл басындағы
қалдық |
2323414 |
37,3 |
6224005 |
70,8 |
3900591 |
33,5 |
|
|
Жылдық таза жинақталған қор |
3933384 |
63,2 |
3217301 |
36,6 |
-716083 |
-26,6 |
|
|
Шығарылғандар |
(32793) |
(0,5) |
(658103) |
(7,5) |
(625310) |
(7) |
|
|
Жыл соңындағы қалдық |
6224005 |
100,0 |
8783203 |
100,0 |
2559198 |
- |
|
2013 жылдың 31 желтоқсанындағы
өзгермелі резервтердегі несиелердің құнсыздануы бойынша
жыл басындағы қалдықтың 2012 жылғы мәні
2323414 мың теңгені құрап, 2013 жылы 3900591 мың
теңгеге артып, дәл осы жылы 6224005 мың теңгені
құрады. Ал жыл соңындағы қалдық бойынша
2012 жылы 6224005 мың
теңгені құрап, 2013 жылы 2559198 мың теңгеге
артып, дәл осы жылы 8783203 мың теңгені құрады.
5-кесте- Банктің
несие операцияларының
валюталық құрылымының деңгейін талдау
|
Несие валютасы |
2012
жыл |
2013
жыл |
Ауытқуы
(+; -) |
|||
|
Сомасы, мың теңге |
Үлес сал % |
Сомасы, мың теңге |
Үлес сал % |
Сомасы,
мың теңге |
Үлес
сал % |
|
|
Теңге |
70482556 |
49,5 |
75979976 |
50,9 |
5497420 |
1,4 |
|
АҚШ доллары |
69386323 |
48,7 |
71840214 |
48,1 |
2453891 |
-0,6 |
|
Еуро |
2355106 |
1,7 |
1461006 |
1,0 |
-894100 |
-0,7 |
|
Басқа валюта |
241000 |
0,2 |
- |
0,0 |
-241000 |
0,0 |
|
Барлығы |
142464985 |
100,0 |
149281196 |
100,0 |
6816211 |
- |
Банк несиені негізгі теңге, АҚШ доллары, Еуро яғни
үш валюта түрінде береді. Банктің теңгедей несие беруі
2013 жылы 75979976 мың
теңге, ал 2012 жылы 70482556 мың теңгені құрап, 2013 жылы 2012 жылмен
салыстырғанда 5497420 мың
теңгеге өскен. Пайыздық мөлшерде өсу
қарқыны 1,4% болды. Банктің АҚШ доллары негізінде несие
беруі 2013 жылы 71840214$, ал 2012 жылы 69386323$ құрап, 2013 жылы
2012 жылмен салыстарғанда 2453891$ құрады.
6-кесте Банктің мерзімі бойынша
несиелік операцияларының
жіктелінуін талдау
|
Мерзімдері |
2012 жыл |
2013 жыл |
Ауытқуы (+; -) |
|||
|
Сомасы, мың теңге |
Үлес сал % |
Сомасы, мың теңге |
Үлес сал % |
Сомасы,
мың теңге |
Үлес
сал % |
|
|
1 айға дейін |
1642501 |
1,2 |
155553 |
0,1 |
-1486948 |
-1,1 |
|
1 айдан 3 айға дейін |
7253391 |
5,1 |
4589944 |
3,1 |
-2663447 |
-2 |
|
3 айдан 1 жылға дейін |
22871740 |
16,1 |
19184278 |
12,9 |
-3687462 |
-3,2 |
|
1 жылдан 5 жылға дейін |
94501983 |
66,3 |
114143962 |
76,5 |
19641979 |
10,2 |
|
5 жылдан жоғары |
16195370 |
11,4 |
11207459 |
7,5 |
-4987911 |
-3,9 |
|
Барлығы |
142464985 |
100,0 |
149281196 |
100,0 |
6816211 |
- |
Банктің мерзімі бойынша несиелік құрылымына келсек
яғни жоғарғы кестедегі мәліметтерге қарасақ
банктің мерзімдік несие беру көлемі 2013 жылы 2012 жылмен
салыстырғанда мүлдем өспеген. Тек 1 жылдан 5 жылға
дейінгі аралықтағы несие 2013 жылы 2012 жылға
қарағанда 19641979 мың теңгеге өсіп, 2013 жылы
114143962 мың теңгені құраған.
7-кесте «Цесна Банк» АҚ ЖФ 01.01.2014 ж. жағдай бойынша несие
операцияларының сапасын талдау
|
Несие
тобы |
Негізгі
қарыздың сомасы, мың теңге |
% |
Кәдімгі
жасалған провизиялардың сомасы, мың теңге |
% |
|
Стандартты |
81 694 718 |
81,51 |
166 933 |
0,20 |
|
Күмәнді |
16 816 456 |
16,78 |
993 762 |
5,91 |
|
1 категориядағы
күмәнділер |
14 055 801 |
14,02 |
134 001 |
0,95 |
|
2 категориядағы
күмәнділер |
1 008 770 |
1,01 |
100 618 |
9,97 |
|
3 категориядағы
күмәнділер |
0 |
0,00 |
0 |
0,00 |
|
4 категориядағы
күмәнділер |
467 200 |
0,47 |
116 801 |
25,00 |
|
5 категориядағы
күмәнділер |
1 284 685 |
1,28 |
642 342 |
50,00 |
|
Үмітсіз
|
1 713
127 |
1,71 |
1 713
127 |
2,87 |
|
Барлығы
|
100 224
301 |
100,0 |
2 873
822 |
100,0 |
Қаражатты орналастырудың негізгі бағыты несиелендіру
болып табылады. 2014 жылғы 1
қаңтарда Банктің қарыз портфелі 98.9 млрд.
теңгені, немесе 66,3 % активті
құрады. Қарыз портфелінің өсу қарқыны
өткен мерзім бойынша 160 %
құрады.
2014 жылдың 1 қаңтарында 98,9 млрд. теңгеге несие
берді, соның ішінде: заңды тұлғаларға - 57,8 млрд. теңге және жеке
тұлғаларға – 43,4 млрд. теңге (бағаның
түсуіне арналған 2,3 млрд. теңге резервті ескергенде).
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Цесна
Банк»АҚ қарыз портфелінің басым бөлігін стандартты
займдар құрады (81,5 %),
«күдікті» займдардың бөлігі – 16,8 %,
«үмітсіздердің» бөлігі
- 1,7 % қарыз портфелін құрады. Қарыз
портфелінде жасалған провизиялардың көлемі 2,9 %
құрады.
Банктер үшін
маңыздылығы жағынан
мерзімді салымдар болады, себебі олар тұрақты және
ұзақ уақыт бойы клиенттердің қаражаттарын
пайдалануға мүмкіндік береді. Цесна
Банкі көптеген жылдар бойына жеке тұлғаларға
арналған депозиттер нарығындағы көшбасшылардың
бірі болып әрекет етеді.
Ақшалай қаражаттарды
орналастыру мерзімдерінің кең таңдауы Сіздерге нақты
таңдалған мерзімге ақшалай қаражаттар
қозғалысын жоспарлауға мүмкіндік береді.
8-кесте-Банктің салымдар субъектісі бойынша несиелік
операцияларды талдау
|
|
2012 жыл |
2013 жыл |
Ауытқуы (+; -) |
|||
|
Сомасы, мың теңге |
Үлес сал
% |
Сомасы, мың теңге |
Үлес
сал % |
Сомасы,
мың теңге |
Үлес
сал % |
|
|
Банктерге |
5998804 |
2,8 |
3700000 |
0,9 |
-2298804 |
-1,9 |
|
Занды
тұлғаларға |
180861142 |
85,7 |
353553390 |
90,7 |
172692248 |
5 |
|
Жеке
тұлғаларға |
24166494 |
11,5 |
32713701 |
8,4 |
8547207 |
-3,1 |
|
Барлыгы |
211026440 |
100,0 |
389967091 |
100,0 |
178940651 |
- |
Банктің салымдар субъектісі бойынша несие құрылымына келсек, банк
несиені заңды және жеке тұлғалар мен өзге
банктерге берумен айналысады. Банктің басқа да банктерге несие беру
үрдісі 2013 жылы 2012 мен салыстырғанда 2298804 мың
теңгеге кеміген. Банктің заңды тұлғаларға
тұлғаларға несие беруі 2013 жылы 353553390 мың
теңге, ал 2012 жылы 180861142 мың теңге құрап,
2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 172692248 мың теңгеге
өскен, үлес салмағы 5% болды. Банктің жеке
тұлғаларға несие беруі 2013 жылы 32713701мың
теңге, ал 2012 жылы 24166494 мың теңге құрап,
2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 8547207 мың теңгеге
өскен, өсу қарқыны 3,1%-ға кеміген. Жалпы
банктің салымдар субъектілерінің несие операциялары 2013 жылы
389967091 мың теңгені құраған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Молдабекова А.Ш., Қаржы,
ақша айналымы және несие: Оқу құралы.-Алматы:
«Үш Қиян» 2012.-516 б
2.Мақыш С.Б., Банк ісі:
Оқулық.- Алматы: «ИздатМаркет» 2007.-467 б