Э.ғ.к Ерниязова Жанат Нурахметовна

 

Э.ғ.к Талапбаева Гульнар Едиловна

 

Магистрант Дулибаева Жанар

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы электр энергетика саласының даму жағдайы

 

Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді де сапалы энергиямен қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілерінің және қосалқы станцияларының жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторларды қамтиды:

- электр энергиясын өндіру;

- электр энергиясын беру;

- электр энергиясымен жабдықтау;

- электр энергиясын тұтыну;

- электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

Қазақстанның электр қуатының резервтер пулы мекемесін (бұдан әрі - ЭҚРПУЛ) Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектілері құрған, оның негізгі мақсаты шарттық негізде тұтынушы-құрылтайшыларды өндіруші қуаттардың немесе Қазақстан Республикасының электр беру желілері істен шыққан жағдайда үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге арналған қуаттар резервін ұсыну.

ЭҚРПУЛ қатысушылары мыналар болып табылады:

- өндіруші компаниялар;

- ҰЭК;

- «KEGOC» АҚ;

- көтерме тұтынушылар.

Электр энергиясының нарығы екі деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарынан, жылу энергиясы нарығы бір деңгейден - бөлшек нарықтан тұрады.

Қуаты 1 МВт төмен электр энергиясын тұтынушылар мен оларға бәсекелестік жағдайда электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен қамтамасыз ететін компаниялар электр энергиясының бөлшек нарығының қатысушылары болып табылады.

ҚР БЭЭЖ-дің жүйелік операторы мынадай негізгі функцияларды орындайды:

- шартқа сәйкес Қазақстанның ҰЭЖ-і бойынша электр энергиясын беру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетеді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалануға әзірлікте ұстауды қамтамасыз етеді;

- ҚР БЭЭЖ жұмыс режимдеріне орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;

- ҚР БЭЭЖ жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді;

- электр энергиясын өндіру-тұтынуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелі қызметтер көрсетеді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді жүзеге асырады;

- энергия өндіруші ұйымдар арасындағы қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, таралуын және Қазақстанның БЭЭЖ-де қуат резервтерінің пайдаланылуын айқындайды;

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы мен жүйелік және қосалқы қызметтер нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- қосарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара әрекет етеді;

- бірыңғай ақпараттық жүйе, электр энергиясының коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесін жасау, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерін релелік қорғау және аварияға қарсы автоматиканың ұштасқан құрылғыларын жасау бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

- электр энергиясы теңгерімінің ұзақ мерзімді болжамын әзірлеуді жүзеге асырады.
      2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы іске қосылады.

ҚР БЭЭЖ орталықтандырылған диспетчерлік басқаруды Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы жүзеге асырады.

Субъектілердің электр энергиясы нарығына ашық кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ету және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағаның объективті индикаторын қалыптастыру мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы жұмыс істейді.       2010 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда электр станцияларының белгіленген қуаты 19,1 мың МВт, қолдағы қуат — 14,8 мың МВт. құрады.

Қуаттың алшақтығы мен шектеу - 4,3 мың МВт. құрады, оның ішінде:
      1,1 мың МВт - су шығыны бойынша шектеуге және төменгі бьефтің жоғары тіреуіне, сондай-ақ су ағысы бойымен шағын СЭС жұмыс істеуіне байланысты ГЭС-те;
      1,5 мың МВт - жұмыс істеуге қабілетсіз жағдайдағы № 1, 2, 8 энергия блоктарды консервациялауға байланысты ЕМАЭС-1-де;

1,7 мың МВт — жылу электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының қанағаттандырғысыз жай-күйде болуы мен жылу тұтынудың жетіспеушілігіне және жобалық емес отынды жаққандықтан.

Бүгінгі күні өндіруші қуаттардың 41% жуығы 30 жылдан астам пайдаланылды.

 Электр қуаты және энергиясына перспективті қажеттіліктің өсуін жабу үшін электр станцияларын дамыту мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру көзделуде:

- жұмыс істеп тұрған электр станцияларының жабдықтарын техникалық қайта жарақтандыру мен қайта жаңғырту;

- жұмыс істеп тұрған электр станцияларында жаңа қуаттарды іске қосу;

- жаңа электр станцияларын салу (ЖЭО, КнЭС, СЭС, ГТЭС)
      - теңгерімге дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көздерін енгізу (ЖЭС, КЭС).

2017 жылға қарай электр жүктемесінің 15,4 мың МВт дейін артуы күтілуде. Электр жүктемесінің артуын жабу үшін жұмыс істеп тұрған электр станцияларын кеңейту мен техникалық қайта жарақтандыру, сондай-ақ жаңасын салу жөніндегі іс-шаралар қажет.

Саланың жүйе құрушы инфрақұрылымы ретінде Ұлттық электр желісін оңалту жөніндегі шаралар қажет. Бұдан басқа, ҚР БЭЭЖ маңызды торабы болып табылатын және алдыңғы кезеңдегі салымның болмауы себепті қанағаттандырғысыз жағдайдағы Екібастұз МАЭК-1 500 кВ АТҚ оңалту қажет [5].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

2 Дукенбаев К.Д.  О повышении эффективности энергетической отрасли // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана. - 2000. - №1. – С.3-8.

3 Гительман Л.Д., Ратников Б.Е. Эффективная энергокомпания: Экономика. Менеджмент. Реформирование –М. ЗАО «Олимп-Бизнес», 2002 . -544 с.

4 Тузелбаев Б.И. Регулирование деятельности электросетевых компаний в условиях рынка// Вестник КазНУ им. Аль-Фараби, 2003. - №6.-С.123-125.

5 Тукенов А.А. Рынок электрической энергии в Казахстане // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана. - 2002. - №6. –С.36-41.