ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТІ МАТРИЦАЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНЫП ШЕШУ

Даркенбаев Д.К., Жумагазина К.Ж.

      Күнделікті тәжірибемізден көріп жүргеніміздей, заманауи қаржыгер маманға тереңдетіліп оқытылған математикалық білім керек. Ең маңызды математикалық қажетті пәннің біреуі ол сызықты алгебра, нақтырақ айтсақ матрицалық алгебра. Бұл сөзімізге дәлел ретінде экономикалық – математикалық модельдердің жоспарлы – зерттеу жұмыстарында, экономикалық құрылымдар арасында байланыс орнатуда қолданылып жүргенін айтуымызға болады. Қолдануға  ыңғайлы, алға қойған тапсырмаларды шешуде қолданылатын тәсілдердің бірі матрицалық бейнелеу болып табылады. Көпшілігіміз білетіндей матрица дегеніміз   жолмен,  бағаннан, сандардан тұратын тікбұрышты таблица. Қарапайым тілмен айтқанда матрица деп тікбұрышты таблица түрінде жазылатын математикалық нысан.  Бізге матрицаны матрицаға көбейту, транспонирлеу, қосу, матрицаны санға көбейту секілді негізгі операциялар белгілі. Матрица туралы ұғым алғашында  ғасыр ортасында ағылшын математиктері А.Кэли мен У.Р.Гамильтон жұмыстарында кездесті. Одан кейін матрицаның жалпы теориясын жазуда орыс математиктері А.Н.Крылов, Лапло – Данилевский көптеген еңбек сіңірді. Қарапайым тұрпаты мен бай экономикалық мазмұны бар матрицалық әдіс экономикалық тәжірибеде көп қолданыс тапты, мысалы: статистикалық есеп, документтік айналым жұмыстарынын қысқаруы, ішкі шаруашылық жұмыстарының есебі, экономикалық анализ жүргізуде т.б. Матрицалық әдісті халық шаруашылығы, мемлекет экономикаларын модельдеуде кеңінен қолдануға болады. Ондай типтегі матрицалар салааралық баланс деген атқа ие болып, жоспарлау және статистика жұмыстарында кеңінен қолданылады. Осыдан кейін экономикалық қызметте жоғарғы дәрежеде талдау әдісі қолданылады деген тұжырымға келеміз. Мұндай әдіс экономикалық жайттарды талдау мақсатында қолданылып отыр. Бұл тәсілдер көбіне салыстырмалы бағалау, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс істеу функцияларын ретке келтіру мақсатында қолданыс тауып отыр. Экономикада матрицалық әдіс бұл – матрицаларды қолдану ережелерінің теориясы негізіне сүйеніп, нысан құрылымын ғылыми зерттеу әдісі. Бұл жерде модель элементтерінің мақсаты анықталып, экономикалық нысандардың өзара байланысын айқындайды. Басты зерттеу нысаны  өндірістік – шаруашылық қызметтер нәтижелері, шығындардың және шығарған өнім нормативтері арасында баланстық шығын арақатынасы болған кезде кеңінен қолданылады. Матрицалық әдіс қолданып шығарылатын экономикалық есептер кез келген кәсіпорын мен экономикалық саланың басты есептерін шешуге жол ашты. Матрицаны қолданып экономикалық есепті шешуді қарастырайық: Кәсіпорын өнімнің үш түрін өндіріп , ал оны өндіру үшін екі түрлі  шикізат қолдансын.Шикізат шығыны нормасы мына матрицамен берілcін:

   әрбір элементі өнімнің  түрін өндіруге шикізат бірлігінің қанша  түрі жұмсалатынын көрсетеді. Өнім өндіру жоспары  матрицамен жол түрінде берілсін. Әр шикізат құны (ақша бірлігі) матрицамен баған түрінде берілсін делік. Шикізаттың ортақ құнын есептеу керек. Енді осы берілген есепті шешейік: Бірінші шикізатқа кеткен шығын құны,

 , ал екінші шикізатқа кеткен шығын құны . Демек, шикізат шығыны  матрицамен мына түрде жазылады .

Шикізаттың ортақ құны  (ақша бірлігі) мына түрде жазылады: . Жауабы: шикізаттың ортақ бағасы 228800 теңгені құрайды. Міне осылай біздің экономикалық есебіміз шешілді. Матрицаларды қолдану тәсілінің ыңғайлылығы ғылымда және өмірлік тәжірибемізде экономикалық есепті шешуде өте маңызды рөл атқарады. Матрицалық әдіс өте қолайлы және көптеген экономикалық есептерді шешкенде таптырмас әдіс екенін түсіндік. Матрицалық әдіс көмегімен адам дайын, нақты жауап алады. Осы әдісті қолданып есептің дұрыстығын тексеруге көптеген мүмкіндіктері бар.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.     Кремер Н.Ш., Путко Б.А., Тришин И.М. Математика для экономистов: от Арифметики до Эконометрики, М.2007г.

2.     Сирл С., Госман У. Матричная алгебра в экономике, М.1974г.

3.     Голик В.С. Решение задач интермарткетинга матричным методом экспертного оценивания, Экономика и управления . М.2007г.