Құрманбек
Байқуатұлы
ҚР Мәдениет
қайраткері,
Т.Жүргенов ат.
ҚазҰӨА
профессоры kaznai_nauka@mail.ru
«Қазақтың классикалық ән орындау мектебі»
Әрбір
ұлттың халық ретінде өзіне тән
музыкасы,ән-әуені бар. Батыс Еуропа мен Шығыс ән-әуендерінің
айырмашылықтары бөлек. Қазақ халық
әндерінің өте бай, поэтикалық өресі биік, диапозоны кең, тәрбиелік мәні
зор. Әуелі Алладан һәм өткен
заманнан бізге жеткен рухани ғажайып сый болып саналады. М.Горький,
А.В.Затаевичтің «Қазақтың 500 әні» атты
жинағына байланысты «Бұл келешек
ұрпақтың музыка дамуына үлкен қор негіз
болады»- деп болжап айтқанды. Солай болды да. Е.Брусиловскийдің
«Қыз Жібек», «Ертарғын» операларының дені түгелдей
қазақ халық әндерінен , ал М.Төлебаевтың
«Біржан-Сара», С.Мұхаммеджановтың «Ақан -сері»т.б. Ұлы
композитрларымыздың оперларына арқау болғанда аталмыш
халық композиторларының әндері болатын. Қазіргі кезде
5000-нан астам қазақ әндерінің бар екені белгілі.
Осынау ерен халық
музыкасының төл жалғастырушылары, мұрагерлері
Қазақстан композиторлары шығармаларының заманауи
әлемге ортақ академиялық, воколдық тұрғыдан
орындалуы қалай қалыптасып, қай бағытпен өріс
алуда. Жалпы қазақтың классикалық ән
орындаушылық (вокалдық) мектебінің негізіне арқау болып
табылатын қандай ерекшеліктерді айта аламыз.
Қазақтың
дәстүрлі ән орындау үрдісімен академиялық
орындаудың ұштасуы, біте қайнасып үндесуіндегі,
соған лайықты талғам-талап
процессі қандай өреде? Осындай ауқымды, өзекті
мәселелердің бағыт-бағдары қай тұста?
Ғасырлардан
өзінің жалғасын тауып, уақыт тезімен бүгінгі
таңға астасып отырған бұл мәселені ғылыми
тұрғыдан бағалаудың рөлі мен маңызы
жеткілікті дәрежеде айғақталған ба? Классикалық
қазақ әнін орындау мектебінің бастауы,
қазақ әнін дұрыс, толыққанды
шырқаудың діттеген жерден шығатын көзі, яғни
Еуропалық дауыс академиялық орындау мектебімен дәстүрлі қазақ ән
орындау үрдісінің біте қайнаса ұштасуы(синтез)
дәл осы арада деп айта аламыз ба?Сонымен өзінің тарихи
тұрғыдан даму жолындағы негізгі белеңдерін ғылыми
көзқарастан бағалау, оның маңызын негіздемеге
жүйелеу болып табылатын кезеңдер:
- Жалпы
қазақтың халық ән-орындау мектебі.
-
Дәстүрлі ән орындау үрдістері, Арқа, Батыс,
Жетісу, Сыр өңірі.
- Академиялық,
вокалдық тұрғыдан дауыс тембрі қазақи,
қазақ әнінің төл өрнегін, табиғи
болмысын ашудағы қолайлы, тыңдаушылардың
құлағына етене жақын болған мектеп үлгісі.
- Еуропалық
классикалық үлгімен орындау мектебі.
Ендігі сөз осы
аталмыш қазақ халық әндерін "жеріне жеткізе,
құлақтың құршын қандыра"
орындаудың айта, білудің маңызы мен мәнісі турасында
және оны жүзеге асыра білудің нақылы оқу
–әдістемелік жолдарын талдап, саралап беру мақсаты болып отыр.
Жалпы өнерде болсадағы вокалдық ән өнері
болмысында, оның шығармашылық даму процесі салиқалы
тәжірибеге байланысты қалыптасады. Ал теория, ғылыми
тұжырым сол тәжірибеге негізделіп сабақталмаса,
құнары жоқ құнсыз, фәлсафадан аспақ
емес."Даналық дегеніміз –
тәжірибенің қызы" (Леонардо да Винчи).
Көптеген қазақ әндерін, тек нотамен көрсетілген
жобасы бойынша ғана сауатты орындап қоюдан сол әннің
толыққанды, білікті, шебер орындалды деген түсініктен
әлде қайда алшақ екенін, талғамы өскелең
бүгінгі таңдағы тыңдаушыларымыз, өнер
жанкүйерлерінің жақсы білетіні ешкімге құпия
емес. Вокалды көпшілік түсінбейді немесе академиялық
мәнермен халық орындаушылық мектебінің қандай
қатысы бар деген уәжге бұл күнде ешкім де иланбайды. Керісінше "осы
сендер неге халық әнін бұрмалап айтасындар?" – деген
сөздің астарында үлкен реніштің сызы бар ма деп
қаласың...
Тегінде
вокалдық мәнермен ән салу тәжірибесі жалпыға
ортақ, яғни негіз бір. Ал бізге керегі сол Еуропалық дауыс
мәнерімен қазақ
әндерін орындау тұрғысында, оның төл
даусына айналып, қазақ ән-орындаушылық,
шығармашылық барысында қызмет етуі. (әзірге
дауысқа байланысты ғана репертуар таңдап, соған
бағынышты күйді кешіп келе жатырмыз ғой...)Қазақ
халық әндерін күйсандықпен, оркестрмен, жалпы нотамен
орындаудың өзгешелігі мен күрделілігі – белгіленген
ырғақ, нақтылы мөлшерленген әуенді кәсіби
біліктілікпен таза орындау керек. Олай болса, неге өзгертіп айту керек
деген сауалға, міне сол берілген мөлшер көлемінде ғана
орындаумен шектелудің кесірінен қазақ әндерінің
академиялық орындаудағы әрсіз, солғын естілуі жауап
бола алады. Себебі, қазақтың классикалық
әндерінің өзіндік ерекшеліктері мол, оның тек
вокалдық шеберлікпен және музыкалық сауаттылықпен ашыла
бермейтіндігін ескерген жөн. Ұлы орыс әншісі Ф.И. Шаляпин
былай деген екен: "Нағыз әнші контиленалық ән айту
шеберлігімен ғана шектеліп қоймақ емес" [2, 45б].
Ән айту өнері мақамды өзгерту, дыбысқа турлі
бояу, әр беру (импровизация) қабілетін керек етеді.
Мұның бәрі ән мәтінінің мағынасын
зерделеп айту, тіл, әндегі
орфоэпия, т.б кәсіби өнердің негізгі арқауына
байланысты болатын нәрсе.
Ал бұған
вокалдық шеберлікпен бірге табиғи, туа біткен дарындылық,
арқалы әншілік қасиет қажет. Тіпті көптеген
қазақ әндерінің қайбір интонациялық
құбылыстарының нотаға түсе бермейтінін, орындау
кезінде әуеннің өңі солғындау тартып, діттеген жерден шықпай
тұратыны бар. Сондықтан әлемге ортақ академиялық
орындау мектебімен, қазақтың ғасырлар бойы
қалыптасып, дамып келген дәстүрі ән орындаушылық
мектептерінің озық үлгілерімен ұштастыра, біте
қайнастыра білудің мәні зор және бұл басты
мәселе. Осы екі тізгінді бірдей ұстай алмайынша қазақ
халық әндерінің "Қиюадан шауып, қисынын
тауып, тағына жетіп қайырған" (Абай) [1, 30б] - дейтін
жеріне жетпейтіні хақ. Осы екі тізгінді қалай ұстаудың
мәнісін дұрыс игермеген, түсінбеген әншілерге
қазақтың классикалық әндерінің
ауыздықсыз тұлпардай ие бермей жүргендігін несіне
жасырайық. Тіпті кезінде пендешілікпен сол қазақ
әндерін орындауға онша "зауқы" болмаған
ірілердің кейпі әлі де ұмтыла қойған жоқ...
Бүгінгі
таңда батыс Еуропа, шетел, және орыс композиторларының
шығармаларын орындауды едәуір шебер меңгерген яғни
дәріптеуде жақсы ат салысып жүрген әншілерге кенде
емеспіз, керісінше солардың көбі-ақ қазақ
әндерін орындауда шорқақ, шабан. Әйтседе, италиян
әндерін италияндық ұлы әншілерден немесе неміс,
француз, орыс композиторларының шығармаларын осы елдердің
өз әншілерінен басқа елдің әншісі артық
айтады дегенге кім сенеді!? Әлбетте, әлемдік өнерді игере
білу жалпы адами қасиет және кәсіби міндет болып саналады. Ал
өз халқыңның, еліңнің өнерін сол
білім тәжірибеңмен дамыта, байыта білуге ат салысу парыз іс деп
түсіну ләзім. Әрбір нәрседе өзінің асылына
тартады. Демек, вокалдық әншілеріміздің қазақ
халқының ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келген бай
ән орындаушылық дәстүріне терең
қанығып, мектебін пайымдап, зерделеп меңгеру парыз. Сонда
ғана әнші өзінің көздеген жерінен шыға
алмақ. Онсыз әуелеген әуеннің сағынышты сезімімен
тұл бойында тебірентіп, ғажайып бір тылсым әлемнен шыға
келетін күйге душар қылар тамаша суреткер-әншіні аңсау
қияли сағымдай... Ұлы Абайдың «Талайғы кәрі
дүниенің бір кетігін ұстап бақ» [1, 67б] - деген
философиялық ойлы жолдары, көкірегінде саңылауы бар кейінгі
буынға арналған абзал аманатындай көрінеді. Мәселе
қазақтың классикалық әндерінің
классикалық дауыспен шырқалуы жайлы ұғым,
түсініктің орны және маңызы мен рөлі турасында.
Интеллектуалды кәсіби тұрғыдан дәрежесі биік
академиялық орындау ілім-тәжірибесін саралай отырып, іс
жүзінде асыра білу процесін кәсіби біліктілікпен орнықтыру,
дамытуда белсенділікпен ат салысу. Классикалық дауыспен акдемиялық
талғаммен берілген шығарманы музыкалық тұрғыда
сауатты орындап шығу алғышарттардың бірі. Ендігісі аталмыш
шығарманы қазақтың халық ән орындау
мектебінің озық үлгілерімен үндестіріп, ұштастыра
орындау біте қайнастыра (синтез) шырқау тұғырына жете
білу.
Бұған
қазақ әндеріндегі интонация өзгешелігі,
әшекейлеу, әрлеу үлгісі, әндегі орфоэпия, орынды
мелизм, мәтін сөзінің нота реті бойынша дұрыс ретімен
жіктелуі, әріптің құбылмалы айтылуы, вокалдық дауыстың
Еуропалық үлгісін сақтай отырып(қазақ
әнінің вокалмен орындауда өте қолайлы екені
белгілі)т.б. әннің ішкі дүниесін ашудағы
қазақи ән айту болмысына табиғатына лайық,
интонациямен әрлеу сияқты алғышарттар ауадай қажет.
Онсыз шығарманың толыққанды ашылуы екіталай. Жалпы
қазақтың классикалық халық әндерінің
әуелеп шырқалу, көкжиекке көсіле арындауы, әлемге
ортақ вокалдық тұрғыдан орындалған
тұғыры әрине бөлек қой! Бұл жерде
қатал ескеретін нәрсе, керексіз жерде талғамсыз
әшекейлеу, орынсыз бұрмалау, әрсіз, дәмсіз бірдемені
қолдана салудан сақ болу керек. Гәп, шығарманың
ішкі сырын, аса жоғары талғамдықпен аша білу
тұрғысындағы зергерлік
пен хас шеберлікте. Қазақтың халық әндерін
Қазақстан композиторларының вокалдық
шығармаларының әлемге ортақ классикалық үн,
дауыспен академиялық үрдіде бұлайша шырқалып
дәріптелуі, әлемдік ән өнеріне өзгеше бітім-
келбеті, өз арнасымен келіп қосылған өміршең
ән мектебін негіздеп, қалап отыр. Ол – «Қазақтың классикалық ән орындау мектебі».
Осы мақсатта
қазақтың классикалық әндерін саралап, сомдап
шығару яғни орындау үшін ең алдымен:
-
Вокалдық өредегі дауыс.
-
Вокалдық музыкалық жоғарғы
деңгейдегі кәсіби шеберлік.
-
Қазақ әндерін орындаудағы
біліктілікпен, табиғи туа біткен дарын қасиеті керек.
-
Қазақтың халық
ән орындау (дәстүрлі) мектебінің озық
үлгілерімен, академиялық орындау мектебінің арасындағы
ұштасудың(синтез) негізгі ілімдері.
- Қазақ
классикалық (воколдық) ән орындау мектебі.
- Қазақ
тілі, Әндегі орфоэпия.
-
Қазақтың классикалық әндерін негіздеуде кейінгі
буынға, толқынға дұрыс бағыт беру.
- Өз кезегінде
жас ұрпақты өзіндік ерекшеліктерімен мәдениетіне
тәрбиелеу барысында «Аға буын қайраткерлердің
орындауларындағы таспаларды (запистерді) электрондық жүйеге
келтірудің маңызы».
- «Мектеп
қабырғасында ән-музыка сабағы бойынша,
қазақтың ән орындаушылық мектебі, воколдық
классикалық шығармаларымен оның дәріптелуі турасында
тарихи негізделген мағұлмат енгізу».
- Қазақ
әндерін орындаудағы әртүрлі өткінші
ағымдардан қорғау, дұрыс бағытқа жолдау.
Жалпы қандай
музыканы да жастайынан тындап құлағына құйып
өскен біліктіліктің орны бір басқа. Қазақи
ән, күй саздарын көңілге неғұрлым ертерек
ұялатса, одан шығар өнердің де тамыры терең
орнықтырақ болмақ.
Келешек
ұрпаққа артар үміт аманаты,
мұрат-мақсаты болмақ. Сонымен бірге бүгінгі
таңдағы вокалдық педагогикалық ілімнің алдында
тұрған өзекті мәселе. Бұл қазақ
әндерін, Қазақстан сазгерлерінің вокалдық
шығармаларының өзіндік табиғи болмысын бұзбай,
негізгі түбірін сақтай отырып орындау мақсатындағы, игілікті
жұмыстар болмақ. Міне осы
тұрғыдан қарағанда жасөспірім талантты
шәкірттерімізді, жастарымызды тәрбиелеу барысындағы келелі
мәселелердің де негізгі құпиясы дәл осында жатыр.
Өскелең ұрпаққа тарихи ән мектебінің,
өткені мен бүгінгі жағдайын санасына
құюдың, баптап – баулудың дәйекті бір жол-жобасы.
Ол өткен аға толқынның орындауындағы
таспаға жазылып қалған мол дүние мұраны «видео,
аудио», электрондық жүйе арқылы ұрпаққа
қауыштыру. Онсыз өнер, мәдениет, сөз болып
отырған ән мектебі замана діңгегінің өнегесі,
ұрпақ жадынан жойылып кетуі әбден мүмкін... Бұл
өз кезегінде мемлекет тарапынан қамқорлыққа ие болып,
жүйелі түрде өзінің баянды жалғасын тауып отырар
ауқымды мәселе.
Кез келген
көлденең соққан желдің, дауылдың
ықпалына көнбей төтеп берер биік шынарды өсіре білу,
баптап баули білу – педагогикалық бай тәжірибеден туатын ілім
және парызды міндет!
Атаулы
факторлардың негізінде, яғни бүгінгі таңдағы іс
жүзіндегі қалыптасқан ән орындаушылық
үрдісін теориялық, ғылыми тұрғыдан зерттеп,
зерделенген тәлім – тәрбиенің мәліметін
астастыруға ұмтылған ақиқатты тұжырым
демекпіз.
Жалпы
академиялық ән орындау мектебі.
Қазақ
композиторларының вокалдық шығармаларын осы академиялық
мәнерде орындаудың ерекшеліктері.
Қазақ
халық ән орындаушылық мектептерінің ұлттық
дәстүрі мен тартымды үлгілері. Осындай іргелі ән
орындау мектептер негізінде, қазақтың классикалық
шығармаларын орындау барысындағы озық үлгілерінің
нәтижесінде туып қалыптасқан
"Қазақтың
класикалық ән орындау мектебі" айғақ.
Сондықтан да,
қазақ әндерін академиялық жоғарғы
деңгейде орындау мектебі, өнерпаз талапкер жастан бастап, кемел
өнер тарландарына бірдей ортақ талап!
Ал осынау ерен,
өрелі өнеріміздің "қалықтай самғап
әуені көркем құшуына", қарқынды
өріс алып дамуына ат салысу, өркениеттілікке қанат жайып
отырған, егемен еліміздің елдігіне сын болып отырған
ауқымды мәселе. Жалпы өнер сүйер қауым, осы саладағы
қайраткерлеріміздің алдында тұрған замана талабы.
Әдебиеттер:
1. Абай Құнанбаев. Таңдамалы өлеңдер. А., 1985.
«Жазушы» баспасы.
2. Федор Шаляпин. Виталий и Екатерина Дмитриевские. М.
Курманбек Байкуатулы
Деятель культуры Республики Казахстан,
профессор Казахской Национальной академии искусств Т.Жүргенов
kaznai_nauka@mail.ru
«Классическая исполнительская школа казахской вокальной музыки»
В статье подробно
рассматриваются проблемы подготовки исполнителя казахской вокальной музыки:
особенности специфики исполнения, соблюдение особенностей казахской орфоэпии,
передача национального колорита, интонации при сохранении природных вокальных
данных исполнителя в академической школе пения в синтезе школы народного
традиционного пения.
Цель данной статьи
раскрытие и формирование казахской вокальной школы на основе существующих
передовых методических примеров и обоснование классической исполнительской
школы пения.
Kurmanbek Baikuatuly
Worker of Culture of the Republic of Kazakhstan,
Professor on Kazakh National Academy of Art T.Zhurgenov
kaznai_nauka@mail.ru
Classical performing school Kazakh vocal music
In
this article there are detail considered about problems kazakh vocal music
performance training: features of
performance specifics, Kazakh spelling observance features, and transfer of national color.
The
purpose of this article is disclosure and formation in the Kazakh vocal school.
Based on the existing advanced examples